Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 09:14, реферат
Басқару есебі кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің құрамдық бөліміне кіреді.Өндірістік қызметті басқарудың тиімділігі кәсіпорынның бөлімдерімен құрылымдық бөлімшелерінің қызметі жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етілуінен байқалады.Басқару есебі кәсіпорын ішінде басқарудың түрлі деңгейіндегі басшылар үшін дұрыс басқару шешімдерін қабылдау мақсатымен осындай ақпараттар жасайды.Басқару есебінің мазмұны басқару мақсаттарымен анықталады, ол ішкі бөлімшелер басшыларының алдына қойған мақсаттары мен қалауларына байланысты әкімшілік шешімі бойынша өзгеруі мүмкін.