Өнімнің өзіндік құнын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу объектісі – «АБУ-СЕР» ЖШС-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады. Бұл жобаның міндеті – өнімнің өзіндік құнына талдауын жасап, кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «АБУ – СЕР – дің ұйымдастыру жағдайына сипаттама
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «АБУ-СЕР-дің техника-экономикалық көрсеткішін талдау
2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
2.1 Өнімнің өзіндік құнының экономикалық мәні
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау
2.3 Өзіндік құнды төмендету жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Содержимое работы - 1 файл

өзіндік құұұұн.doc

— 173.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университеті 
 
 
 
 
 

ШАҒЫН ЖОБА 
 
 

Тақырыбы:   Өнімнің өзіндік құнын талдау 
 
 

Орындаған: Даулетбаева.Д  

Қабылдаған: Абіласанқызы.А 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қызылорда, 2011ж

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ

1.1  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «АБУ – СЕР – дің ұйымдастыру жағдайына сипаттама

1.2  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «АБУ-СЕР-дің техника-экономикалық көрсеткішін талдау 

2  ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ

2.1  Өнімнің өзіндік құнының экономикалық мәні

2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау

2.3  Өзіндік  құнды төмендету жолдары  

ҚОРЫТЫНДЫ  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

ҚОСЫМШАЛАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 
 

      Зерттеу тақырыбының өзектілігі: кез-келген  кәсіпорын өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады. Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  талдау  болып  табылады.

      Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

      Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн - кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

      Өзіндік  құн - өнім  өндіруге  жұмсалған  барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр  энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

    Зерттеу жұмысы барсында  қарастырылатын  тақырыптар: өнімнің  өзіндік   құныны түсініктіеріне жалпы  сипаттама; өзіндік   құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын  калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік  құнын  азайту  жолдары.

Зерттеу әдісіне жалпылау, ұйым бойынша жиналған ақпараттарды бағалау, сонымен қоса басқарушылық және қаржылық есеп әдістемелері, үлгілеу, зерттеу объектілерінде алынған нәтижелерді талдау жатады.

    Зерттеу объектісі – «АБУ-СЕР» ЖШС-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады. Бұл жобаның міндеті – өнімнің өзіндік құнына талдауын жасап,  кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.

    Зерттеудің  мақсаты кәсіпорынның қызмет жасау барысында шығындарды азайта отырып табыстылыққа қол жеткізу жолдарын қарастыру және де өзіндік құнды талдау және бір бірлікке кететін шығындарды азайту болып табылады.

    Зерттеу жұмысының құрылымы: шағын жоба кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан, сондай-ақ 4 кестеден тұрады.

    Бірінші бөлімінде кәсіпорын қызметін, оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі.

    Екінші  бөлімінде кәсіпорынның өзіндік құнын талдау, өзіндік құнның экономикалық мәні, шығындардың жіктелуі көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ 

1.1  Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік «АБУ –  СЕР – дің ұйымдастыру жағдайына  сипаттама 
 

    Нарықтық  экономиканың қалыптасуы жағдайында кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі оның есеп беруінің халақаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.

    Есептің халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы мен тиімділігін  едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорындар есептің неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктрін, специфика

сын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдатырудағы техникасы мен технологиясын  көрсету арқылы пайдалануына белгілі  бір дербестік береді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының  1996 жылғы  12  қарашадағы №3 қаулысына   сәйкес барлық кәсіпорыдар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшіп отыр.

    «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының 22.01.1998 жылғы «жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы негізінде заңды тұлға болып саналады және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері негізінде шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін жүзеге асырады. «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы құрылған.

    ˝АБУ-СЕР˝ жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға болып саналады. Серіктестік өз қызметін Азаматтық кодекске / жалпы бөлімі /, 22.04.1998 жылғы ˝Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы˝ Заңына, ˝Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау˝ Заңына және осы жарғыға сәйкес жүргізеді.

    Серіктестіктің  құрылтайшысы: Қазақстан Республикасының азаматы (бұдан әрі - ˝қатысушы˝ немесе ˝құрылтайшы˝):

Абубакыр  Ибраһим Серікұлы, 23.03.1965 жылы туылған, төлқұжат

N007890103,  ҚР IIM берілген, тұрақты жері: Қызылорда  қаласы, Алтынсарин көшесі, 52 үй.

    Кәсіпорынның  орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Алтынсарин көшесі., 52 үй..

    Кәсіпорынның қызметінің мерзімі: шектелмеген.

    Кәсіпорынның атауы: Мемлекеттік тілде: ˝АБУ - СЕР˝ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью ˝АБУ - СЕР˝.

    Мемлекеттік тіркеу алдында 77.500 /жетпіс жеті мың  бес жүз/ теңге жарғылық капиталын  толығымен қосады. Үлесті құрылтайшы ақшалай түрде, мүлкімен, техникамен және негізгі қаражатпен толығымен қосады.

Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарына иеленеді.

    Кәсіпорынның мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары өз атауы жазылған бланкілер болады.

    Кәсіпорын өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

    Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде серіктестіктер мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалардын қатысушысы болуға құқылы.

    Кәсіпорын қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

    Кәсіпорынның  қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар бойынша енгізілген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.

    Кәсіпорынның негізгі қызметі: Жарғыда көрсетілген кәсіпкерлік түрлерімен айналысу мақсатында таза пайда табу.

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы  келмейтін басқада коммерциялық қызметпен айналысу.

    Кәсіпорын табыстылыққа және ойлаған мақсатқа жету үшін білікті мамандармен жұмыс атқарады. «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аз уақыт ішінде мол табыстылыққа, тұтынушылар көзайымына айналды. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік  келесі қызмет түрлерін жүргізеді:

    Кәсіпорынның қызмет түрлері:

    - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру;

    - қамтамасыз ету - өткізу, сауда саттық қызмет;

    - қоғамдық тамақтандыру пунктер, дәріхана, базар, сауда, үйлер, ресторан, фирмалық дүкендер жүйесін ашу;

    - саяхат және қонақ үй бизнесі;

    - автокөлік және экспедициялық қызмет;

    - жағар – жанар май өнімдерін материалдарын сатып алу, сату;

    - халық пен ұйымдарға тұрмыстық қызмет көрсету;

    - жөндеу- құрылыс жұмыстары, күрделі құрылыс, жол жөндеу;

    - халық тұтынатын тауарларды  өндіру және оларды сату;

    - заңға қайшы келмейтін сыртқы экономикалық қызмет;

    - жалпы коммерциялық қызметтер. 
 

    1. Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік «АБУ-СЕР-дің  техника-экономикалық көрсеткішін  талдау
 
 

    «АБУ - СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің материалдық қоры өндіріске қажет құрал-жабдықтар мен техникамен жарақтандырылған. Серіктестік Қызылорда облысының тұрғындары мен кәсіпорындар үшін  құрылыс және басқа да қызмет көрсету сферасында  өз қызметін жүргізуде. Ол нарықта 4 жылдан астам жұмыс атқаруда. Бұл аз уақыт ішінде «АБУ - СЕР» ЖШС өзін дамушы кәсіпорын ретінде дәлелдеген, оның табысты қызмет етуі үшін басты ұстанымы жетістік, сенімділік және сапа болып табылады. Кәсіпорын жұмысшылар құрамы аса білікті мамандар құрайды. Әрқайсысы өз ісін жетік меңгерген. Осы және басқа да жағдайларды анықтау мақсатында кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасаймыз. 

1-кесте «АБУ - СЕР» ЖШС-нің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау 

Көрсеткіштер өлшем бірл. 2009 ж 2010 ж өзгерісі
Өнімді  өткізуден түскен табыс мың тг. 35092015 56705315 +21613300
Өткізілген  өнімнің өзіндік құны мың тг. 27087653 45541315 +18453662
Жалпы табыс мың тг. 8004362 11164000 +3159638
Кезең шығындары мың тг. 4419087 6329150 1910063
Дебиторлық  қарыздар мың тг. 8092052 35970292 +27878240
Кредиторлық қарыздар мың тг. 544515 2463513 +1918998
Негізгі құралдардың құны мың тг. 4496505 7177888 +2681383
Еңбек ресурсы адам 200 220 +20
Еңбекақы  қоры мың тг. 101856 126245 +24389
Орташа  айлық еңбекақы тг. 42440 47820 +5380
Еңбек өнімділігі мың тг. 175460,1 257751,4 +82291,3
Қор қайтарымдылығы тг. 7,8 7,9 +0,1
Қор сыйымдылығы тг. 0,13 0,12 -0,1
Салық төлегенге дейінгі табыс мың тг. 3585275 4834850 +1249575
Корпоративтік табыс салығы мың тг. 717055 966970 +249915
Таза  пайда мың тг. 2868220 3867880 +999660
Рентабельділік деңгейі % 10,6 8,5 -2,1
Ақпарат көзі: Баланс мәліметтері негізінде есептелінді

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын талдау