Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:26, реферат
Бұл шығармашылық жұмыста бухгалтерлік есептің негізгі құрауыштардың бірі –дайын өнімнің мәні, есептелуі, ұйымдастылуы және аудиті қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты – дайын өнім мен оны есептеу, түгендеу тәсілдері туралы мәлімет беру.
Кіріспе.
Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі.
Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.
Дайын өнім аудиті.
Қорытынды.
Дайын өнім туралы ақпаратты компьютерлік өндеу жағдайында алғышарттары техникалық тасымалдаушыларға нормативті-анықтамалық мәліметтерді салу болып табылады, оларды ыңғайлы тәртіппен ұйымдастыру және өзгерістер және толықтырулар қажет болған жағдайларда уақытылы жаңартып отыру жүйесін жасау.
Дайын
өнім аудитінің басты міндеті - оларды
есептеудің дұрыс жүргізілуі, олардың
сақталу орындарындағы бар
Жүргізу
толықтығына қарай аудит кешенд
Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:
Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
Қалыптасқан тауарлык-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
Тауарлық-материалдық
қорлармен жасалатын
Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зертгеу.
Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық кұндылықтарға деген кажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.
Арнайы
әдебиеттерді оқып білу және озық тәжірибені
жинақтап қорыту негізінде шаруашылық
жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорлары
есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды
аудиті бағдарламасы
ұсынылады.
Дайын өнімді аудиторлық тексеру бағдарламасы
Аудит процедуралары | Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері |
1 | 2 |
1. Материалдык-техникалық қамтамасыз ету мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды талдау | Жылдык, тоқсандық және ағымдағы есеп, сонымен қатар жедел мәліметтер |
2. Бастапқы есепті, бухгалтерлік регистрді және қорлардың қозғалысы туралы есеп беру жағдайын тексеру | 2, 7, 16, 18 ҚЕХС, қойма есебі карточкалары, кірістік ордерлер, материалды қабылдау туралы актілер, кем шығу, ТМҚ жоғалту туралы және т.с.с. актілер |
3. ТМҚ синтетикалык және аналитикалық есебінің дұрыстығын тексеру | Бас кітап, 6,7,10 журнал-ордерлер есеп регистрлері, 2, 7, 16, 18, 27, 31 ҚЕХС, шоттардың үлгі жоспары |
4. Баланстағы ТМҚ бағалаудың дұрыстығын тексеру | 1, 2, 7, 16, 18 ҚЕХС, материалдық кұндылықтарды түгендеу актілері |
5. ТМҚ бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жургізудің уақтылығы мен дұрыстығын талдау | Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері |
6. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың дұрыстыгын зерттеу | Техникалык кұжаттама, қойма шаруашылығын ұйымдастырудын стандарттары мен нормативтері |
7. Қойма есебін, ТМҚ козғалысы бойынша бастапқы күжаттарды ресімдеудің дұрыстыгын тексеру | Бастапқы кұжаттар, қойма есебінің карточкалары, материалдардың козғалыс есебі (2-ҚЕХС) бойынша тізімдеме (ведомость) |
8. Кәсіпорынның өндірістік корлармен соңғы есеп беру күндерінің камтамасыз етілуін бағалау | Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалык шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама кұжаттар |
9. Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзактылығын тексеру | Бастапқы кұжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүккұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с. |
10. Өніммен жабдықтау, жұмыс пен кызметті орындау жөніндегі шарттардың сақталуын бақылау (кадағалау) | Қойма есебінің карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі (ведомосі), 6 журнал-ордер, Бас кітап, шарттар, нарядтар, сертификаттар, шот-фактуралар және т.с.с. |
11. ТМҚ-ны өндіріске босату жөніндегі операциялардың негізділігі мен оларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын талдау | Бастапқы құжаттар (лимиттік-заборлық (алу) карталары, талаптар, жүк-құжаттар), материалдар қозғалысы есебі бойынша тізімдеме (ведомость) 10 журнал-ордер, Бас кітап |
12. ТМҚ бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын аныктау | Есеп саясаты жөніндегі материалдардың қозғалыс есебі бойынша тізімдеме (ведомость), 6,10 журнал-ордерлер |
13. Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру | Ішкі тәртіп, қызметтік нұскаулар және 1, 2, 7, 16, 18, 24 ҚЕХС |
14. Басқа жақтағы тысқары ұйымдарға ТМҚ өткізу мен қайта өңдеуге беруге байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрысытығын тексеру | Шарттар, калькуляциялар, сенімхаттар, тауарлық-көліктік жүккұжаттар, қабылдау туралы акт. Кірістік ордерлер және т.б. 1, 2, 7, 12, 16, 18, 24 ҚЕХС. Шоттардың үлгілік корреспонденциясы. |
15. ТМҚ табиғи кему, бүліну және оларды арзандатудағы белгіленген нормадан тыс кем шығуын есептен шығаруға арналған кұжаттар мен әкімшіліктің шешімдерін талдау. | Әкімшіліктің материалдарды есептен шығаруға арналған актілері мен шешімдері, түгендеу актілері, нарықтық баға мен сатып алу бағалары туралы мәліметтер және т.б. |
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық
қорларының құрамдас бөліктерінің бірі - дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.
Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.
Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.
Тексеру
материалдарында ескерілмеген дайын
өнімнің шығарылуы мен
Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жүмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі тапдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.
Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:
Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды ресімдеу дұрыстығы.
Өнімді тиеуге арнапған кұжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.
Тиелген өнімнің бағасын ресімдеудің дұрыстығы.
Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.
Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.
Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.
Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.
Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 6010 «өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоттары бойынша сәйкестігі.
Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды
өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында әкспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.
Ұтымды бағамдық айырмада мынадай жазу жазылады:
Д-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты К-т 6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс».
Теріс бағамдық айырмада:
Д-т 7410 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шотына К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына.
Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама-қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапкы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалык есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.
ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлык құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар-жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.
Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне (актісіне) жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізуге тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость (тізімдеме) жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.
Артық
шығу сомаларына 1310 «Шикізат және материалдар»,
1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар» және 1350
«Өзгеде қорлар» шоттары
Кәсіпорын қорларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін қарағанда, өндіріс пен қоймалардағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай-ақ бұрын пайда болған жасыру, соның ішінде тауарсыз құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен байланысты туындаған кем шығуларды жасыру оларды заттай алу, олардан ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізаттар мен материалдардың артық шығуы кәсіпорында бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылдағанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беру-де, өндіріске есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.