Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:26, реферат
Бұл шығармашылық жұмыста бухгалтерлік есептің негізгі құрауыштардың бірі –дайын өнімнің мәні, есептелуі, ұйымдастылуы және аудиті қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты – дайын өнім мен оны есептеу, түгендеу тәсілдері туралы мәлімет беру.
Кіріспе.
Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі.
Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.
Дайын өнім аудиті.
Қорытынды.
Жоспары:
1.1
Кіріспе
Бұл шығармашылық жұмыста бухгалтерлік есептің негізгі құрауыштардың бірі –дайын өнімнің мәні, есептелуі, ұйымдастылуы және аудиті қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты – дайын өнім мен оны есептеу, түгендеу тәсілдері туралы мәлімет беру.
Шығармашылық жұмыс үш бөліктен құралған. Оның бірінші бөлімінде дайын өнім туралы түсінік пен дайын өнімді құраушы элементтер, өндірудегі талаптар мен міндеттер талқыға салынған.
Екінші бөлімінде дайын өнім есебі мен қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті шарттар мен кеңестер беріледі.
Тақырыптың
соңғы және ең күрделі бөлімінде
дайын өнімнің аудиті, оның басты
міндеттері, түрлері, ерекшеліктері, кезеңдері
жөнінде айтылады, сонымен қатар дайын
өнім аудитін жүзеге асыру бағдарламасының
кестесі келтірілген. Бұл бөлімдегі аса
маңызды мәлімет - аудитордың міндеттері,
тексеру мен қорытынды жасау үшін қажетті
мағлұмат жиыны.
1.2
Дайын өнімнің
мәні және негізгі
түсінігі
Дайын өнімнің бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып табылады: өніммен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және уақытында құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын бақылау; босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып алушылармен уақытында есептесуі; сату мақсатында дайын өнімдердің нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары.
Тауар өнімінің құрамына кіреді:
а) дайын бұйым (өнім), толық өңделген, бекітілген техникалық жағдайлар мен стандарттарға сәйкес, кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылданып, қоймаға тапсырылған немесе осы өнімге белгіленген қабылдау тәртібіне сай тапсырыс берушімен қабылданған;
ә) жартылай фабрикаттар, сатуға арналған және сатылған;
б) өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс, шетте жасалған.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік бірлестіктерде (комбинаттарда) жасалатын өндірістік процестің маңызды материалдық нәтижесі - өнім болып табылады. Оның көлемінің, технико-экономикалық сипатының және тұтынушылық қасиетін артуы экономиканың әріқарай дамуын және халық тұрмысының көтерілуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның негізгі цехтарымен шығарылған және басқа сатып алушыларға, сонымен қатар өзінің өнеркәсіптік шаруашылығына және меншіктік капиталдық құрылысына сатуға арналған дайын бұйымдар өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.
Технологияық процестердің барлық кезеңдерінен өткен бұйымдар дайын өнім болып саналады. Олар барлық тиісті құрал саймандар және бөлшектермен жабдықталған, уәкілетті техникалық бақылау бөлімшесімен тексерілген және қабылданған, бекітілген стандарттарға сай екендігін куәләндыратын сертификат немесе басқа да құжаттармен жабдықталған.
Әдетте, дайын өнім құрамына көрсетілген талаптарға сай болатын бұйымдар кіргізілуі мүмкін, егер оларға жүкқұжат (накладной) толтырып сату бөлімінің қоймасына тапсырылса. Жүкқұжатта: өнімнің аты, өлшем бірлігі, өнімнің саны, бағасы, соммасы жазылады. Бірақта ережеден тыс жағдайлар да болады.
Кейбір химиялық өнімдерді олардың өндірісі аяқталғасын цехтан тыс жекелеген қоймаларға апармағай, оларды сатып алушыларға босатқанға дейін цех қоймаларында сақтаған дұрыс. Өнімнің басқа да ерекшеліктері болады, осы ерекшеліктеріне байланысты оларды жеке қоймаларға босату мүмкін емес болады. Осындай жағдайларда бұйымдар дайын өнімнің құрамына техникалық бақылау бөлімі және сату бөлімі қабылдаған кезден жазылады.
Екінші жағынан, бұйымдарды қоймаға өткізгеннен кейін бұйымдарды әр қашан дайын деп есептей бермейді. Мысалы, егер стандарттар немесе техникалық жағдайлар бұйымдарды қорапта болу керек деп есептсе, онда олар қорапта болғаннан кейін ғана дайын болып есептеледі, тіпті қораптау цехта емес қоймада болсада.
Дайын бұйымдарды өнім құрамына қосу үшін оларды цехтан қоймаға босату уақытыда маңызды. Есепті айда дайын өнім құрамына тек осы айдың соңғы күнінде сағат 24 дейін босатылған бұйымдар ғана жатады. Егер екінші (немесе үшінші) смена графикка сай жұмысын сағат 24 кейін аяқтаса, онда бұйым дайын өнімнің қатарына қосылады оларды келесі күннің таңғы сағат 8 дейін қоймаға тапсырса.
Бұр мерзімдер басқа жағадайларға да қатысты, көрсетілген мерзімдерде бұйымдарды қораптаса немесе сатып алушыларға босатқанда дайын өнім құрамына жатқызылады.
Өнеркәсіптік өнім құрамының екінші элементі жартылай фабрикаттар
және сатып алушыларға, өзіндік өнеркәсіптік шаруашылығына немесе меншіктік капиталдық құрылыс үшін босатылған өнеркәсіптік типтегі көмекші және қосалқы цехтардың (өндіріс) өнімдері болып табылады. Олар дайын өнім қатарына босатылған сәттен уақытына қарамастан қосыа береді.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында дайын өнімнің құрамына осы кәсіпорынның басқа негізгі цехтарында әрі қарай өнделуіне (қайта өнделуіне) арналған өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары да жатады. Тоқыма өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында жуылған жүн осы болып табылады, ол кейіннен жіп өндіруге қолданады, осы жіптен ақырғы өнім болып табылатын дайын мата жасалады.
Өнеркәсіптік өнім құрамының үшінші элементі – бұл өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс.
Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.
Бұл
есептің мақсаты сатып
Өнімді
өндіру, босату және сату бойынша дұрыс
басқару шешімін қабылдау үшін кәсіпорынның
басқару органдары қажетті
кеткен жағдайда қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Қоймадағы өнімнің қалдығы туралы мәлімет кәсіпорынның күнделікті потенциалды мүмкіндігі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Босатылған өнімнің қалдығы туралы мәлімет өнімнің сатылуын болжау үшін, кәсіпорынның пайдасына оның әсерін болжау үшін, және де осы маңызды көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу жолын болжау үшін қажет.
Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру көзі ретінде де есеп ақпараты өте маңызды.
Есеп ақпаратын алуды ұйымдастырушы және оның қалыптасу тәртібін орындаушы кәсіпорын бухгалтериясы болып табылады. Оның өнімді шығару, босату және сатуды бақылау бойынша негізгі міндеттері келесілер:
Өнім қозғалысын уақытылы құжатты толтыруын қамтамасыз ету – оның қоймаға түсуі (өндірістен шығуы) және сатып алушыларға жөнелтуі;
Материалды-жауапты тұлғамен өнімді толық және уақытылы қабылдануын және оның сақталуын, сонымен қатар бекітілген нормативтерге оның запастарының сай болуын бақылау;
Келісім-шарттарды орындаудың нақты тәртібін, сатып алушыларға өнімді жөнелтудің, өнімнің сапасы мен ассортименті, оның босатылу мерзімін ұйымдастыру. (Осы оперативті есепті жүргізуді негізінен сату бөліміне жүктейді);
Өнімді сатып алушылардан төлемнің уақытында түсуін бақылау және төлем құжаттарын толтыру;
Ағымдағы есеп тіркемелерінде және бухгалтерлік шот жүйелерінде өнімді өндіру, босату және сату операцияларын жазу;
Өнімді сатумен байланысты өндірістік шығындарды белгілеу және олардың шамасы мен құрамын бақылау;
Өнімді сату жоспарын орындауды бақылау;
Кәсіпорынның
сыртқы есеп беру көрсеткіштерін дайындау
немесе оларды есептеу ақпараттары;
Осы міндеттерді толық орындау үшін есеп дұрыс жүргізілу қажет.
Дайын
өнім қозғалысын есептеудің алғышарттары
үшін нормативті-анықтамалық
Дайын өнім запасының жағдайын жан-жақты бақылау, оның өндіру және жеткізу жоспарын орындау, әрбір бұйымның атауын, көлемін, сортының қозғалысын қадағалауын қажет тұтады. Есептеуді осылай детальдап қарау дайын өнімді есептеу мен оның қозғалысын ұйымдастырудың міндетті алғышарты болып табылатын номенклатураны жобалау жолымен жасалады.
Номенклатура деп кәсіпорынмен немесе біртекті кәсіпорындар тобымен өндірілетін өнім түрінің қолданыстағы белгілеу жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелендірілген тізімі аталады. Номенклатураның әр позициясына номенклатуралық номер беріледі, ол оның коды болып табылады. Кодтағы белгілер саны минимальды болу қажет, бірақ өндірілетін өнімнің барлық тізіміндегі белгілерді қамту үшін жеткілікті болу қажет.
Өнімнің
осындай түрде жасалған номенклатуралық
тізімі әрбір номенклатуралық
Есепті жеңілдету мақсатында бір номенклатуралық номерге бағасы бірдей немесе бір-біріне жақын бірнеше өнімдердің размерін, сорттарын немесе түрлерін бекітеді, осылайша номенклатураны бекітеді. Бірақта есеп мәліметтерінің ақпараттылығын көтеруін және бақылауын жақсарту мақсатында номенклатураның жайылған түрі тартымдырақ болады.
Көптеген бухгалтериялар есептеу бағасы ретінде кәсіпорынның көтерме бағасын қолдануды қалайды (айналымнан салықсыз) немесе бөлшектеу бағасын қолданады, егер соңғысы болса. Есептеу бағасы үшін өнімнің орташа жылдық жоспарлы өндірістік өзіндік құнын қабылдайтын бухгалтерия бар кәсіпорындарда аз емес.
Нығайтылған топтық ассортименті бойынша кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізетін өнімнің талдамалық есебі болған жағдайда есептік баға осы топ үшін орташа болып есептеледі және бағалау шамасының нормативті-анықтамалық массиві бойынша жеке дара позиция болады. Дайын өнім есебін ұйымдастырудың алғышарттары нормативті-анықтамалық ақпараттың бар болуы ғана емес, сонымен қатар осыған барлық қызығушылығы бар тұлғалардың қол жетуін қамтамасыз етуі екенін ескеру қажет. Көптеген көздер бойынша бөлінген бұл ақпаратты рационалды ұйымдастыру қажет, олардың әрбірі белгілі пайдаланушыға қажетті нақты мәліметтерді массивте біріктіреді.
Материалды-жауапты тұлғалар номенклатуралық парақ ұстау қажет, онда барлық өнімнің түрі, өнімнің позициялық коды, өлшеу бірлігі және есептеу бағасы болады. Нақты осы деректемелерді материалды-жауапты тұлғалар өнімнің қозғалысын көрсететін басқы құжаттарды толтырғанда белгілеу міндетті.
Жедел
жұмыс жасау үшін өткізу бөлімінің
қызметкерлері дәл осындай
Пайдаланушылардың
мүдделеріне сай нормативті-