Материалдық емес активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 13:29, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.
Материалдық емес активтер шаруашы

Содержание работы

КІРІСПЕ
1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Материалдық емес активтердің келіп түсуі
Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері
Материалдық емес активтерді жіктеу
Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі
2. ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫС
3. ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Кіріспе

Содержимое работы - 1 файл

Материалдық емес активтердің есебі.doc

— 98.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ 
 

КІРІСПЕ  

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ                                                                                                       

    1. Материалдық емес активтердің келіп түсуі                                                                                               
    2. Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері       
    3. Материалдық емес активтерді жіктеу                                                
    4. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі                                                              

2. ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫС

3. ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                        

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 
                       
Кіріспе

     Жалпы материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

     Материалдық емес активтердің  қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.

     Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің  балансында бастапқы құны бойынша кіріске  алынады. Бұл материалдық  емес активтердің  бастапқы құны былайша  анықталады:

  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
  • Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
  • Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

     Бұл материалдық емес активтердің баланстық  бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып  табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде  соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау»- деген ұғымды келтіруге болады.

     «Ноу-Хау»-  деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында  субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.

     Материалдық емес активтердің  «Лицензиялық келісімдер» - деп аталатын түрі есептеледі. «Лицензиялық келісімдер» - дегеніміз белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір себъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған субъекті оның иесіне яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

     Шаруашылық  субъектісін  «Программамен  жабдықтау» - деп  субъектінің алдағы уақыттарда атқарылатын  жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.

       «Патент» - дегеніміз  жеке адамның немесе  топтың, сондай-ақ  заңды тұлғаның  ашқан, ойлап тапқан  жаңалығын мемлекеттік  тұрғыдан мойындап  және ол жаңалықты  ашқан адамға, топқа  немесе заңды тұлғаға  жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.

 

     

    1.  Материалдық емес активтердің келіп түсуі
 

    Материалдық емес активтерді бағалау:

       1) басқа кәсіпорындар  мен адамдардан  ақыға сатып алынған  материалдық емес  активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;

       2) кәсіпорынға өтеусіз  келіп түскен материалдық  емес активтер  сараптау жолымен  бағаланады;

       3) жарғылық капиталға  салым ретінде  құрылтайшыдан келіп  түскен активтер  есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

       Материалдық емес активтердің  қолда бары мен  қозғалысының есебі 10- бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:

  • лицензиялық келісімдер;
  • бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • патенттер;
  • ұйымдастыру шығындары;
  • гудвилл;
  • басқалар.

     Материалдық емес активтердің  келіп түсуі мен  шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы  «Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісінде» көрсетіледі.

     Актіде  мыналар көрсетіледі:

      1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
      2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
      3. Объектінің сипаттамасы.
      4. Бастапқы құны.
      5. Амортизация нормасы.

     Материалдық емес активтер басқа  кәсіпорынға табыс  етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. Бөлімшенің   шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:

     а) материалдық емес активтердің атауы;

     б) ай басындағы және соңындағы қалдықтар;

     в) ай ішіндегі қозғалысы.

     Есеп  компьютерленген  жағдайда осындай  принциппен машинограмма жасалады.

     Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

  • жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:
  • Кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу – материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен – тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.б.

      Сатып алынған таза активтердің  әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып  алатын субъект үшін бұл – пайдалы  мәміле) артса, сатылым  бағасы мен алынған  активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін  теріс айырма болып  табылады және теріс  гудвилл (бэдвилл) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропорциональды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:

  • мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету).
  • айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.
  • құру – субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері (критерийі) мен анықтамасына материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таратылуы мүмкін. Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары болып танылмайды.

     Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер  сатыларынан құралады.

     Зерттеулер  сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әрекеттенген, талап қуып, алдын – ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.

     Зерттеу сатысындағы шығындар қалай көрсетілетінін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды).

     Әзірлеме  сатысы – ғылыми – зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал – аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жобалау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.

     Субъект кейбір жағдайларда  әзірлеме сатысында  материалдық емес активтерді үйлестіріп, бұл активтің болашақта экономикалық пайда әкелуі ықтимал екендігін жариялап көрсете алады. Мысалы, фирманың экономикалық пайда алуы мақсатымен қайта жарақтануын көздейтін бизнес – жоспар жасалады. 

 

    1.   Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері

     «Материалдық  емес активтер»  және  «Материалдық емес активтер есебі»  сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

     а) анықтауға болады;

     ә) субъект бақылайды;

     б) қолданудан субъект  болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.

     Материалдық емес бап материалдық  емес актив болып  саналады, егер:

     а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;

     ә) белгі - өлшемдерге сай  келеді және мынадай  жағдайда есепте тіркеледі:

     - субъектінің осы  активке тікелей  байланысты болашақта  күтілетін экономикалық  пайда алу ықтималдығы  жоғары болса;

     - актив құнын күмәнсіз  сеніммен анықтауға болса;

     - материалдық емес  активтерді тану  сәтінде олардың  бастапқы құн бойынша  бағаланғанында.

     Материалдық емес активтердің  бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған  оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

 

      

    1.  Материалдық емес активтерді жіктеу

     Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау – тапсыруды  құжатпен ресімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

Информация о работе Материалдық емес активтер