Көмекші өндіріс шығындарының есебі

Автор работы: v*********@bk.ru, 27 Ноября 2011 в 15:33, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Төлем балансы және оның мәні, төлем айналым түсінігі...............................7
1.1. Төлем айналымы түсінігі................................................................................7
1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу.................10
1.3. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері.............................13
2. Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы...............................................19
2.1. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары.................19
2.2. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны...................24
Қорытынды...........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................34

Содержимое работы - 1 файл

ҚР ақша-несие несие саясатынын ерекшеліктері.doc

— 176.00 Кб (Скачать файл)

    Несиелік мекемелердің әмбебаптануы  екі бағыт бойынша жүргізіледі.  Біріншісі - дәстүрлі емес банктік  операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық  банктер сақтандыру бизнесіне,  факторингке, ақпараттық кеңістік  принципке және т.б. енуге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс салаларына қатыса отырып, несиелік мекемелердің басқа топтарымен тікелей конфронтацияға шығады.

    Екінші - банктік емес мекемелердің  банктік нарықтағы енуі арқылы. Банктік емес мекемелер қазіргі таңда банктермен инвестициялық салада депозиттік саудалық операцияларды барынша бәсекелес келеді.

    Соңғы жылдары банктік жіне  басқа арналардағы қаржы несие  мекемелері арасындағы қаржы,  халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес өткір сипат алады . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  2. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары.

  2.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.

    Халықаралық ақша-несие саясаты  - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.

    Халықаралық несиелік қарым қатынастардың  негізгі формалары әр түрлі.  Олар заемдық қаражаттарды пайдалануда  дүниежүзілік шаруашылықтың қажеттіліктерінің өсуін керек етеді. Халықаралық ақша - несие саясаты олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздерін қамтамассыз етеді. Халықаралық ақша-несие саясаты көбінесе сыртқы сауда ағымдарына әсер етумен, инвестициялық обьектілердің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, оның маңызды бір бөлігі тек қана сыртқы экономикалық несиелерді қаржыландыру үшін ғана емес, сол сияқты барлық несиелер беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу саясатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер бір жағынан, экспорттық және қаржы несие зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және халықаралық несие түрінде қарастырылған.

    Несиенің бағасына несиеге сатылатын  тауарлар бағасына жасырын түрде  болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық  және басқа да мезгілдік ақылар, сыйақылар береді. Бағаның негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі заңдылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық нарық конъюктураларының өзгерісін шұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттағы дамуына қорытынды беруге мүмкіндік жасайды. Халықаралық ақша несие нарығының жекелеген сфераларындағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары саудаға ықпал етеді.

    Халықаралық несие нарығындағы  пайыз мөлшерлемелерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлемелерінің қозғалыс ерекшеліктерін қарастыру қызығушылық тудырады.

    Орташа пайда нормасына қарағанда  дүниежүзілік нарықтағы сұраныс  пен ұсыныстың арақатынасы өзгеріп  отырады. Дегенмен өндіріс пен  айырбастан және несиелік жүйелермен  жинақталған несие капиталының  өсуі, халықаралық сауда және  батыс елдері арасындағы төлем есеп айырысу қатынастарының нығаюына әкеліп отыр. Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында болған.

    Экспорттық несиелер бойынша  пайыз нормасының қозғалысына  ортақ заңдылықтар белгілеу өте қиын. Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несие бағасының қалыптасуына дүниежұзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын факторлар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесінің негізгі аспектілері: атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, нарықтың шарттары мен тәртібі т.б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құрылымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандайда бір тенденцияны айқындау мүмкін емес.

    Тікелей мемлекеттік несиелер  бойынша халықаралық несие саласындағы  пайыздар төмен болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер мемлекеттік  бюджет немесе арнайы қордағы  қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай  несие бойынша пайыз мөлшері  экономикалық емес, саяси формаларға байланысты анықталады. Батыс елдері бюджет есебінен арзан несие беруді және инвестициялар мен тауар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және нәтижесінде сыртқы экономикалық экспансияға тиімділік жасайды.

    Евровалюта нарығындағы қаржы несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерін қалыптастырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты элементі - «либор» мөлшерлемесі. Ол нарық конъюктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағындағы өтімділік жағдайын көрсетеді.

    Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несие мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты. Контракт қаншалықты ірі сомаға жасалса, несие соғұрлым ұзақ мерзімді болуы мүмкін.

    Инфляциялық процестердің ұлғаюы  барысында ақша-несие саясатының маңызы арта түсуеді. Сондықтан валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың несие мерзімін таңдауы нарықты тауарда маңызды роль ойнайды.

    Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

  Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді  шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету,  тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

  Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.

  Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына  әкелуі мүмкін.

  Ақша-несие  саясатының басқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.

  Валюталық режимін либерализациясын реттеудің  негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық  операцияларды жүргізуге шек  қою мен ұлттық валютаның толық  конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық  операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.

  Орталық Банк "қалқып жүретін айырбас  бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

  Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем  жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау  бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  2.2. Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары.

  Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық Банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып – сатумен де айналысады.

  Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мелекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпал тигізеді.

  Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультиликаторға әсер ету арқылы қалағалайды. Ақша ұсынысының нақты  көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

  Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие  саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан  Ұлттық банкі ақша-несие саясатынан басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеді.

  Ақша-несие-бұл  айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы  банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

  Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

  1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
  2. экспанциялық ақша-несие саясаты.

  Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін  шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

  Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие  беру көлемін кенейтумен, айналымдағы  ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне  байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

  Ақша  саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

  Ақырғы  мақсат:

  а)экономиканың өсуі;

  ә)толық  жұмысбастылық;

  б)бағаны тұрақтандыру;

  в)төлем  балансын тұрақтандыру.

  Ақырғы  мақсат:

  а)ақша жиыны;

  ә)пайыз  мөлшерлемесі;

  б)айырбас  курсы.

  Құралдары:

  а)несие  берудің лимиті,пайыз мөлшерлемесін  тікелей реттеу;

  ә)міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

  б)есептеу  мөлшерлемесінің өзгересі;

  в)ашық нарықтағы операциялар.

  Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасанда айырмашылықтар бар.Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының  дамуымен тығыз байланысты.Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы  өзгерестер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады,соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

  Соңғы мақсатар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа  да саясатарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

  Аралық  мақсаттар жағдайда тікелей орталық  банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

  Бұл мақсатарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие  саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

Информация о работе Көмекші өндіріс шығындарының есебі