“Кассадағы ақша қаражаттарының есебі”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:41, курсовая работа

Краткое описание

бухгалтерлік есеп жайлы

Содержимое работы - 1 файл

курс_Кассадагы акша.doc

— 329.50 Кб (Скачать файл)

    Ақшалардың  ұлттық валюта түрінде кассадан берілуі кезінде 1020 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты кредиттеледі сәйкесінше шоттардың дебеті бойынша:

    Қолма-қол  ақша төленген негізгі құралдар, материалдық  емес активтер сатып алынды және кіріске  алынды:

    2420 “Негізгі құралдар”,

    2700 “Материалдық емес активтер” шоттарының дебеті;

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті; 

    Кассадан  есеп шотқа ақшалай қаражат тапсырылды:

    1030 “Ағымдағы банктік шоттардағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті; 

    Кассадан  еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді:

    3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқа  мерзімді берешек” шотының дебеті;

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті;

    Жабдықтаушылардың шотына кассадан қолма-қол ақша төлеу:

    3310 “Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” шотының дебеті;

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті; 

    ТМҚ жабдықталған, орындалған жұмыспен көрсетілген  қызмет үшін берілетін аванстар сомасы:

    1610 “Берілген қысқа мерзімді аванстар” шотының дебеті;

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті; 

    Алынған аванстың қайтарылуы:

    3510 “Алынған қысқа мерзімді аванстар”,

    4410 “Алынған ұзақ мерзімді аванстар”  шотарының дебеті,

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті; 

    Түгендеу  кезінде анықталған ақшалай қаражаттың кем шығуы:

    2180 “Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық  берешек” шотының дебеті;

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті; 

    Анықталған  кем шығу кінәліге қойылды:

    2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының дебеті;

    2180 “Өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық  берешек” шотының кредиті; 

    Кінәлі  кем шығуды өтеді:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының дебеті;

    2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді  дебиторлық берешегі” шотының кредиті;

    Егер  кінәлі табылмаса, немесе сот өндіруден  бас тартса:

    7470 “Басқа да шығыстар” шотының  дебеті;

    2180 “Өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық  берешек” шотының кредиті; 

    Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылды:

    1020 “Жолдағы ақша қаражаттары” шотының дебеті;

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті; 

    Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдік фирмалардың  және бірлескен  кәсіпорындардың валюталық кассалар ашуына рұқсат етілген. Валюталық кассада  кассир валюталардың әрбір түрі бойынша шетел валютасымен және теңгемен валюта қаражаттарының  аналитикалық есебінің карточкаларын және касса кітабын бөлек жүргізеді. Карточкаларда және касса кітабында  шетел валютасының түсуі мен шығуы және бағамдағы айырмашылықтарды есептеу бойынша барлық операциялар жазылады, бағам айырмашылықтары шетел валюталарының қалдықтарында есептеледі. Қызметкерлердің шетелдерге баратын іс-сапарлары жағдайында Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар қолға берілетін валютамен валюталық операциялар жасауы мүмкін.

    Валютамен операция жасайтын субъектілер 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотын ашады. Валюталық касса есебі субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жргізіледі, бар айырмашылығы, кіріс және шығыс кассалық ордерлерде және касса кітабында қаражаттар сомасы шетелдік валюталарда және теңгемен алғандағы эквивалентінде (баламасында) көрсетіледі. [15, 13б]

    Валюталық касса үшін бөлек касса кітабы ашылады. Валюталық операциялардың көлемі үлкен болған жағдайда бөлек  машинограммалар немесе өзге есеп тізімдері жүргізілуі мүмкін.

    Валюталардың  түсуі кезінде 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты дебеттеледі, келесі шоттардың кредитіне:

    Банктегі  валюта шотынан кассаға түскен қолма-қол  шетелдік валюта сомасына:

    1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

    1032 “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

    Тиісті  шетел валюталарына қатынасы бойынша  теңге бағамының түсуі кезіндегі  бағамдар айырмашылығынан алынған  кіріс:

    1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

    6250 “Бағамдық айырмадан түскен кірістер”  шотының кредиті; 

    Есеп  беруге тиісті тұлғалардың кассаға  тапсырған валюта сомасынан алынатын кіріс:

    1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

    2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді  дебиторлық берешегі” шотының кредиті;

    Валюталардың  шығуы кезінде 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты кредиттеледі келесі шоттардың дебетіне:

    Есеп  берілетін валюталық қаражаттың кассадан берілуі:

    2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді  дебиторлық берешегі” шотының дебеті;

    1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

    Шетелдік  валютамен валюталық шотқа тапсырылған  ақшалай қаражат:

    1032 “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

    1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

    Тиісті  валюталарға қатынасы бойынша теңге  бағамының көтерілуі нәтижесінде  құралған бағамдардың айырмашылық  сомасына:

    7430 “Бағамдық айырма бойынша шығыстар”  шотының дебеті;

    1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

    Кассаға ақша кірістелген кезде 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты», шоты дебеттеледі, онда кассадағы ұлттық және шетел валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады, төмендегі шоттары кредиттеледі:

    1030-«Ағымдағы  банктік шоттардағы теңгемен және шетел валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

    1250-“Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда қызметкерлердің: активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге  ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар, кызметкерлерге берілген карыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу талан таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндеп есеп аиырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі,

    6010-«Өнімді  сатудан және қызметтер керсетуден  түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;

    Ақша  кассаға түскен кезде 1010 - «Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі және келесі шоттар кредиттеледі:

    6010-«Өнімді  сатудан және қызметтер керсетуден  түсетін кіріс» және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

    1210-«Сатып  алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда бір жылға дейін мерзімі  бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

    Кәсіпорынның  кассасына түскен түсімді өткізгенде –1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» субшоты кредиттеледі.   

  

Кесте 5 - «Қазпошта» АҚ кассасына ақша қаражатының кіріске алынуы: 

Шаруашылық  операция мазмұны Д К Сома, тг
1 Өткізілген  өнімнен түскен түсім кассаға келіп түсті 1010 6010 3067200
2 Сатып алушылар мен тапсырушылар берешегін кассаға  тапсырды 1010 1210 6847000
3 Ағымдағы банктік  шоттан келіп түсті 1010 1030 4000000
4 Қызметкер түгендеу кезінде жетпеген немесе пайдаланбаған  соманы кассаға қайтарды 1010 1250 780000
5 Құрылтайшыдан салым ретінде кірістелді 1010 5110 85000
6 Қайтарымсыз заңды  тұлғадан келіп түсті  1010 6220 64000
7 Аванс ретінде  сатыпалушылардан кассаға кірістелді 1010 3510/4410 57500
8 Пошта бөлімінен  жолдағы ақша қаражаты алынды 1010 1020 1000000
9 Өз акцияларының сатылғаннан түскен түсімі кірістелді 1010 5210 3404500
10 Оң бағам  айырмашылығы анықталды 1010 6250 875000
11 Валюталық шоттан кассаға түсті 1010 1012 682000
  Барлығы     29862200
 

    Кассадан  ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және келесі шоттары дебеттеледі:

Кесте 6 - «Қазпошта» АҚ кассасынан ақша қаражатының шығысталуы: 

Шаруашылық  операция мазмұны Д К Сома
1 Жеткізушілер  мен мердігерлерге төленді 3310/4110 1010 2108200
2 Банктік қарыз  қайтарылды 3010/4010 1010 300800
3 Есептелген  сыйақылар аударылды 3380 1010 983400
4 Корпорациялық табыс салығы төленді 3110 1010 300672
5 Бюджетке айып төленді 7210/7470 1010 212000
6 Ағымдағы банктік  шотқа босатылды 1030 1010 2640000
7 Теріс бағам  айырмашылығы анықталды 7430 1010 308000
8 Еңбекақы төленді  – төлем ведомос бойынша 3350 1010 200850
9 Пошта бөліміне тапсырылды 1020 1010 645200
10 Түгендеу барысында  сома кем шықты – кінәлі адам белгісіз 1280 1010 145600
11 Жетпеген сома жауапты тұлғаның мойнына жүктелді 1250 1010 145600
12 Жеткізушілерге  аванс берілді 1610 1010 74320
  Барлығы     7889042

Информация о работе “Кассадағы ақша қаражаттарының есебі”