“Кассадағы ақша қаражаттарының есебі”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:41, курсовая работа

Краткое описание

бухгалтерлік есеп жайлы

Содержимое работы - 1 файл

курс_Кассадагы акша.doc

— 329.50 Кб (Скачать файл)
 

    Қаржылық  есеп мәліметтері бойынша қаржылық талдаудың басты мақсаты шаруашылық субьектінің қаржы-шаруашылық іс-әрекетін терең, кешенді зерттеу және соның  негізінде келесі сұрақтарға жауап  алу: оның тиімділігі қандай, шаруашылық субьектінің қаржы тұрақтылығын бекіту және жетілдіру жолдары қандай, іскерлік белсенділік көрсету. Сол мақсатта жойылу коэфиценті бойынша қоғамның қаржылық жағдайын талдаймыз. Жойылу кәсіпорынның міндеттемелерін активтермен өтеу деңгейі ретінде анықталады. Активтің ликвидтілігіне байланысты оның төлем қабілеттілігі анықталады.

    Сонымен, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын жоғарлату мақсатында дебиторлық және кредиторлық қарызды минимумға келтіру бойынша шараларды ұйымдастыру керек. Мұнда үлкен ролді «Қазпошта» АҚ есеп және қаржы жұмыстары ұйымы атқарады.

 

    4. Кассадағы  ақша  қаражаттарының синтетикалық және  талдау есебі

 
 

    Кәсіпорындар  банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

    1060 " Өзге ақша қаражаты" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша  қаржыларының қозғалысы есепке  алынады. Аккредитив – клиенттің  тапсыруымен өзі келісімге отырған  контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

    Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:

    Жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

    Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан  кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

    Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

    Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған  кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

    Бенефициар  аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

    Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив. [14, 13б]

    Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың  өзінен басқа (екінші бенефициар болып  саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

    Аккредитив  тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі  және оның мерзімі бенефициар мен  төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

    Егер  аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары"  шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.

    Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға  қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны  жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі.

    Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке  хабарлама жіберіледі.

    1060" Өзге ақша қаражаты " шоты  бойынша  есеп айырысу чек кітапшаларындағы  чектер арқылы есепке алынады.  

    Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты  алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

    1060"Өзге  ақша қаражаты" шотында айрықша  сақтауды талап ететін қаражаттар  есепке алынады. Бұлар үкіметтің  жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

    1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары  " шотында субъектінің құрамына  кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

    Ақша  қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін   түгендеу. [10, 29б]

    Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері  мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

    Түгелдеу  актісінде ақша қаржысының бар болуы  түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

    Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен  жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың  жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы  бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

    Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге  түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама  тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

    Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық  және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

    Сонымен, ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша  есеп беру әдістері жоғарыда айтылған шоттарда ашылып көрсетілген. Осыдан соң  «Қазпошта» АҚ ақша қаражаттарының опрациялары  қойылған талаптарға толығымен сай  жүргізілуде деген пікірге келуге болады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп принциптері мен бухгалтерлік есеп анықтамаларын қолдануда.

    Кассадағы операциялар есебі активті синтетикалық шоттардың  бөлімдерінде жүргізіледі:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” 

    1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты”

    Ақшалардың  ұлттық валюта түрінде түсуі кезінде 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шоты дебеттеледі, сәйкесінше шоттардың  кредитіне.

    Қолма-қол  есептесу мен дайын өнімдерді, материалдарды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу кезінде:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”   шотының дебеті,

    6010 “Өнімдерді сатудан және қызмет  көрсетуден алынатын кірістер”  шотының кредиті. 

    Есеп  беруге тиісті сомалар бойынша жұмыскердің (қызметкерлердің) кассаға тапсырылған  берешегі:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті.

    2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді  дебиторлық берешегі” шотының  кредиті.

    Банктен қысқа мерзімді қарыз қолма-қол  ақшамен алынды:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”   шотының дебеті.

    3010 “Қысқа мерзімді банктік қарыз” шотының кредиті.

    Банктегі  есепшоттан кассаға түскен ақша қаражаты (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындар, т.б)

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының дебеті;

    1030 “Ағымдағы банктік шоттардағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті;

    Өнім  өткізіп, қолма-қол есеп айрысудан  түскен түсім:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының дебеті;

    6010 “Өнімдерді сатудан және қызмет  көрсетуден алынатын кіріс” шотының  кредиті; 

    Жолда деп саналатын ақшалай қаражат  кассаға келіп түсті:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

    1020 “Жолдағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті; 

    Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға қайтарылды:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының дебеті;

    2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті;

    Алдағы  кезеңдер табысы шотына әр түрлі төлемдер кассаға түсті:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының дебеті;

    3520 “Алдағы кезең кірістері” шотының  кредиті; 

    Жабдықтағаны, орындаған қызмет үшін аванс түскенде:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының дебеті;

    3510 “Алынған қысқа мерзімді аванстар”, 

    4410 “Алынған ұзақ мерзімді аванстар”  шоттарының кредиті; 

    Еншілес серіктестіктерден қайтқан берешектер (тәуелді, бірлесіп бақыланатын):

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

    2120 “Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді  дебиторлық берешегі”, 

    2130 “Қауымдастырылған және бірлескен  ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық  берешегі” шоттарының кредиті; 

Информация о работе “Кассадағы ақша қаражаттарының есебі”