Баға құралуының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 12:19, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;

Содержимое работы - 1 файл

Өнімнің сапасы.doc

— 151.00 Кб (Скачать файл)

 
 
2.2 Стандарт және стандарттау  ұғымы 
Стандарт — бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік негізінде әзірленетіи және танылған органдардың бөкітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады. 
Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:  
Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.  
Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.  
Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді. 
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамысыз етеді. 
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады. 
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар: 
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост); 
• салалық стандарттар (ССТ); 
• техникалық жағдайлар (ТЖ); 
• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары; 
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары. 
 
 
 

 
2.3 Сапаға қойылатын талаптар 
Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.  
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет. 
А.Жағдайлар. 
тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы
- ретінде қарау; 
басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу
- жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы; 
кемелге келу шексіз
- деген сенім; 
олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған
- жөн; 
мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;
- 
ең аз
- шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы ( стандаоттары); 
- фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы; 
- адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару; 
жабдықтаушылар
- сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл сенім; 
еңбекті мойындап,
- қадірлеу; 
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол – бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі.)  
Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ». 
Б.Талаптар мынаған қойылады: 
бақылау мен өнімді сынау жүйесіне –
- сенімділік сертификаты; 
өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;
- 
сапалы
- жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі; 
сапаны технологиялық
- процесте қамтамасыз ету; 
сапаны қолдау жүйесін фирмашілік
- бақылау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру 
 
Бизнес жүйесінің интегративтік сапалары. Іскерлік қатынастың кез келген табиғатын, өндірістің ғылыми жүйелері сияқты өзіне тән бизнестік жүйелік қасиеттері болады. Әдетте, бизнестің осы қасиеттерін бизнес жүйесінің интегративтік сапалары дейміз. Өзіне тән қасиетіне байланысты осы сапа аталған жүйенің біртүтас құрамы болып қалыптасады. Бизнес жүйесінің негізгі интегративтік жүйелеріне төмендегілер жатады: 
— бизнес жүйесінде атқаратын функционалдық қызметіне қарамай-ақ барлық субъектілердің әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігі сақталады; 
— іскерлік қатыс барлық субъектілер ықыластарының консенсусы болып табылады. 
Бизнестегі қатыс барлық субъектілердің бір-бірінен тәуелсіз болулары шартты жағдай. Бұл қағиданы сақтау кәсіпкерлерден, жалдамалы қызметкерлерден, тұтынушылардан, мемлекет мекемелерінен келісімнің жаңа түрін іздеуде, өз қимыл-әрекеттерін іске асыру жолында, керек болса, өздерінің мүлкімен заң алдында жауап беруді талап етеді. Бұл субъектілер бір-бірінің мүддесіне карама-қарсы келмеулері керек. 
Іскерлік қатыс субъектілерінің тәуелсіздіктерін бір мағынада түсінуге болмайды. Экономикалық субъектінің бостандығы керісінше — өз серіктестерінің мүдделерімен санаспай, өз бетінше әрекет жүргізу принципі. Бұл принцип экономиканың талаптарына сай келмейді. Себебі, рыноктың толық іске асуы үшін кәсіпкерлердің шығаратын өнімдері тұтынушыларды толық қанағаттандырулары керек. Жалдамалы қызметкерлер де, егер өз жұмысшы күшінің бағасы, жұмыс орнының саны мен сапасы, қажетті мамандарының саны мен сапасы, тағы басқалары жайынан ақпараттары болмаса, кәсіпкерлерге тең құқықты жағдайда жалдана алмайды. 
Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі дел келісім жүргізген кезде олардың бір-біріне ықыласымен, саналы қатыстардың шарттарының толык сақталуымен қоса, субъектілер іс-әрекеттерін үкімет орындары мен оның басқару буындарының қорғауында болуы айтылады. 
Бизнес жүйесінде өзара байланыстары бар субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау. 
Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық жолмен дамуының нәтижесі. 
Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі мен олардың арасындағы мүдделерінің консенсусы бірін-бірі қамтамасыз етеді. "Іскерлік" адамдардың өзара қатынастарындағы қайшылықтар қоғамдық консенсустың шегінен шықпауы керек және жалпы мемлекеттік мәселеге айиалып шешілмесе, тұйыққа тірелмеуі керек. 
Бизнес өзін-өзі реттеуші жүйе. Бірақ та іскерлік қатыстардың заң шығарушылық және бағдарлаушылық реттеушілері бар. Заң шығарушылық — реттеуші заңды және заңсыз бизнестерді бірінен бірі ажыратып, заңды бизнесті қолдап, көлеңке бизнеске тыйым салады. Сонымен қатар, бизнеске қатысушылардың бір-бірінің алдында жауапкершілігінің заңдылық жағын анықтайды. Бизнестің мөлшерін бағдарлаушы, реттеуші, көтермелеуші сияқты экономикалық тетіктер заңды бизнесті кепілдікке алу, қолдау және қорғау жолдарын анықтайды. 
Бүгінгі Қазақстан экономикасында бизнестің жүйелі түрі қалыптасуда. Бұрынғы Совет Одағында жеке кәсіпкершілікке ресми түрде тыйым салынды, тіпті, ол әрекет заң алдында жауап беретін іс болды. Жоспарлы экономикада қосымша шаруашылыққада еңбек ететін және ұсақ қолөнер кәсіпкершілігімен шұғылданатын адамдар тысқары қалды. "Бизнесті" айтпағанда, "кәсіпкер", "кәсіпкершілік" деген сөздер қолданбақ түгілі, ол аталмаушы еді. 
Кәсіпкерлік фирмалардың түрлері. Кәсіпкерлік фирма дегеніміз — азаматтардың және ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметінің түрі. "Кәсіпкерлік фирма" — заңды экономикалық термин. Қазақстан Республикасындағы барлық кәсіпкерлік фирмалар қызметтерінің іс жүйесін Қазақстан Республикасының заңы реттейді. 
Қазақстан Республикасы бекіткен ереже бойынша жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын ұжымдар жеке еңбек әрекеті, ал жалдамалы еңбекті пайдалану арқылы жүргізілетін кәсіпкерлік әрекет өнеркәсіп ұжымы болып тіркеледі. 
Сөйтіп, кәсіпкерлік фирма — жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерліктің бір түрі. Рыноктық экономика дамыған елдердің бәрінде де саны және сапасы жағынан әртүрлі кәсіпкерлік фирмалар бар.  
Фирмалардың әр түрлі болуы олардың меншік түріне тікелей байланысты. Сонымен қоса кәсіпкерлік фирмалар өнім ассортименттерінің әртүрлілігімен, одақтарға кіру тәсілімен, бәсеке жүргізу жағдайы және бәсекелестік жолы жағынан ажыратылады. 
Сапалық көрсеткіштер негізіне меншік түрлері жатады. Олардың ішіндегі жиі кездесетін түрлерін атап өтелік: 
- жеке меншіктегі фирмалар; 
- жауапкершілігі шектелген ұжымдық кәсіпорындар; 
- мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар (Батыс елдеріне бұған мемлекеттік ұжымдық не мемлекеттік және меншіктік аралас меншіктегі капиталдары бар өнеркәсіптер де жатқызылады); 
- фирмалардың филиалдары мен өкілдіктері. 
Сонымен қоса фирмалардың сапалық және сандық сипаттамалары бар. Кәсіпкерлік фирмалар сапалық жағынан меншік түрлеріне байланысты болса, сандық жағын жұмыскерлер саны мен капиталдың жылдық айналым мөлшеріне қарай ажыратуға болады. 
Өнеркәсіптердің сандық параметрі кызметкерлердің санына сәйкес мына төмендегідей бөлінеді (мысалы АКД): 
- ең шағын өнеркәсіптер (қызметкерлер саны оннан аспайды); 
- өте ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 20-дан аспайды); 
- ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 99-дан аспайды); 
- ірі өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 500-ден астам).  
Басқа елдердегі кәсіпкерлік фирмалардың түрлерін ажырату сандық параметрлері жағынан осыған ұқсас. 
Өнеркәсіптер капиталдың жылдық айналым мөлшеріне сай мына төмендегідей бөлінеді (Германия): 
- ұсақ өнеркәсіптер (капиталдың жылдық айналымы 25 мың маркадан аспайды), 
- орта және ірі өнеркәсіптер (25 мың маркадан жоғары). Фирманың сандық параметріне қарай олардың жауапкершілігі де өзгереді. Мысалы: ұсак және өте ұсақ өнеркәсіптер, жауапкершіліктері шектелмеген жеке меншіктегі фирмалар немесе ұжымдық кәсіпорындары тобын айтуға болады. Орта және ірі фирмаларға көбіне жауапкершілігі шектелген акционерлік қоғамдар жатады. 
Рынок экономикасы дамыған елдердің бәрінде де кәсіпкерлік фирмалардың әрекеттерін заң қорғайды және олардың өнімдері қоғам үшін аса қажетті деп саналады. 
Қазақстан Республикасы экономикасындағы кәсіпкершілік фирмалардың қалыптасуы төмендегідей өтуде: жеке меншіктегі жауапкершіліктері шектелген ұжымдар, кәсіпорындар азаматтардың мемлекеттік, муниципалдық және басқадай меншіктегі кәсіпорындарды сатып алу арқылы немесе жаңа кәсіпорындар ұйымдастыру арқылы пайда болуда.  
Әрбір меншік иесі фирманың барлық алған міндеттемелері үшін толық жауап береді. Ол фирманың капиталын алған, алынған кірістен немесе пайдадан, табыстардан не болмаса меншік иесінің жеке жарнасынан пайда болады. 
Рыноктық экономика қалыптасқан елдерде меншік классикалық жеке меншік емес, яғни бір-ақ адамның меншігі сирек кездеседі. Мұнда меншіктер көбіне ұсақ кәсіпкершілік түрінде болады. Мысалы, Американың ауылшаруашылық секторында орта жылдық кірістері 50 мың долларға жететін 11 миллион дербес фирмалар бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қорытынды 
Берілген курстық жұмыстың 1 – тарауында: Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі. 
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет. 
Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады. 
2 – тарауында: Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу; 
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру; 
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу. 
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады. 
3 – тарауында: Бизнес жүйесінде өзара байланыстары бар субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау. 
Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық жолмен дамуының нәтижесі. 
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы нарықтың жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жандандыруды, иайданың артуын қамтамасыз етеді. 
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін. 
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады. 
Дайындалған өнімнің сапасының
§ түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сынауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегімен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді. 
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапасын және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
1. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».  
Алматы -2001 ж. 
2. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж. 
3. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж 
4. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001 
5. Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы –  
2002 ж  
6. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж. 
7. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы – 2002 ж. 
8. «Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2002 ж 
9. Менеджмент негіздері, 2005 
10. Экономика предприятия. Учебник, 2000 
11. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2003 ж. 
12. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар» 
13. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж 
14. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы - 2005 
15. Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы –  
2002 ж  
16. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж. 
17. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы – 2002 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Баға құралуының теориялық аспектілері