Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 12:19, реферат
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;
Баға құралуының
теориялық аспектілері.
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға
құралуы экономикалық теория, маркетинг
және менеджмент ғылымдарының бір тарауы
ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны,
өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде
жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың
құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
• Индуктивті;
• Дедуктивті;
• Диалектикалық
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен
оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы
мен оның тәжірибеде қолданылуы болып
табылады.
Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты
нарықтың өте күрделі және нәзік құралы
болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы
өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын
бірінші қарасытуымыз керек.
Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған
баға теориясының бірі шағындық баға теориясы.
Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман
экономикалық теориясының негізін қалаушылар
– А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен
байланысты.
Шығындық баға теориясы бойынша тауар
құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік
жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі
сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске
кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы
нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс
уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық
баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен
орташа шығындар бойынша құралады.Құн
екі жақты сипатталады:
• Сандық;
• Сапалық;
Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы
құндылығын құратын сол тауарға кеткен
еңбек мөлшерімен анықталады.
Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы
тауар алмасуда өндірістік қатынастар
ретінде көрсетілген. Осыған байланысты,
басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі
бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.
Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын
болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде
де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.
Нарықтық экономикада бағаның құрылуы
тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен
ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары
әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:
• Сұраныс және ұсыныс қатынасы /бұл жағдайда
бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың
бірі сұраным икемділігі/;
• Әлеуметтік факторлар /бұл поблемаларды
баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің
араласуы/;
• Мода және тауар болашағы факторлары,
/көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен
сәйкестенеді/;
• Ұлттық және климаттық ерекшеліктер
факторлары /кейбір ұлттардың тағамдық
ерекшеліктеріне байланысты/.
Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат
оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда
жылу энергиясын көп қажет етеді.
Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай,
әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне
әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық
факторлар үшін артықшылық мағынада болатын
болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік
жайлар, ал , үшіншілерге ұлттық және климаттық
ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар
бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер
етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен
жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.
Баға туралы толық түсінікті алу үшін
оның мағынасын тереңдете қарастырумыз
қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан
анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын,
оның функциясы ашып көрсетде -мынадай
жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы
ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни,
ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша
экономикалық мағынаға ие бола алмайды.
Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде
қолданылуына байланысты көптеген экономистер
оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
• Есептік өлшемдік;
• Қайтаүлестіру;
• Ынталандыру;
• Баланыстық / теңестіру;
• Өндірісті орналастыру.
Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын
баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін,
олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның
құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді.
Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай
көлемі (көліктік дайындау шығындарын
қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына
эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе
сатып өткізген тауарлық өнімдерінің
көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің
жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік
функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар
мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына
байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың
салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның
дайын тауарларға деген мұқтаждығының
қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін
баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік
айналым шығындарын және пайда көлемін
анықтайды.
Баға механизімінің көмегімен экономика
секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге
капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады.
Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру
функциясын жүргізеді.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы
(баланыстық), өндірістегі және айналымдағы
келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың
орнын толтыру есебінен немесе бағаның
өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны
бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі
мүмкін.
Бағаның ынталандыру функциясының мәндік
сипаттамасын төмендегідей сипаттауға
болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі
және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген
деңгейі арқылы тұтынылуы.
Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық
прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз
етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс
және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға
немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік
туындайды.
Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда
деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша
баға немесе жеңілдіктер беру жолымен
жүргізледі.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру
функциясы да негізгі орындарға ие. Ол
нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде
бағаның құнынан ауытқуына байланысты.
Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика
салалары арасындағы ұлттық түсімнің,
оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының,
аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының,
әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының
арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады.
Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс)
және беделі имеджі жоғары тауарларға
бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың
бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды
құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі.
Бағаның бұл функциясы нақты бір тауалар
тобының аксизы , ҚҚС және басқа да салықтық
сипаттағы алымдар, мемлекет халқының
әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға
бюджеттік аударымдар арқылы көрініп
отырады.
Баға үлестіру құралы ретінде активті
түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік
немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл
жайлар байқалады. Дегенменде, баға-үлестіру
мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы
емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және
еңбек ақы да үлкен роль атқарады.
Бағаның әр түрлі функцияларының арасында
тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты
нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы
жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның
ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды
теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға
көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін
өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі
ұсыным көлемін төмендетеді.
Бағаның үлестіру функциясы өндірісті
оңтайлы орналастыру функциясымен бірге
іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға
ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың
жинақталуын іс-жүзіне асырады.
Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда
өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы
жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда
баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға
ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын
айта келсе, оның арнайы маркетингтік
зерттеулер құралы болып табылатындығын
ұмытпауымыз тиіс.
Экономикадағы баға жүйесі
Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық
бағалар бір-бірімен байланысты және өз-ара
жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық
фактордың әсерінен әр уақыт қозғалыста
болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты
баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың
байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне
ұқсас байланыстық принципі құрады, бір
жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық
жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі.
Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары
төмендегідей:
• Көтерме сауда бағасы;
• Сатып алу бағасы;
• Бөлшек сауда бағасы;
• Жүк көлік қызмет көрсету тарифі;
Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты
бөліктерден тұрады. Мысалы ретінде: көтерме
сауда бағасы блогы екі блокасты тобына
бөлінеді, кәсіпорындардың көтерме сауда
/босату/ бағасы және өнеркәсіп көтерме
сауда бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы
мынадай блокасты бөліктерінен тұрады:
темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк
көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе жолымен
тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы
жүк көлігі тарифтері.
Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы
және негіздеуші роль атқаратын, бұл –базалық
өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы,
яғни, отын – энергетикалық кешендерінің,
металлургия саласының өнімдері, себебі,
бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында
қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады
немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер
бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен
қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез
арада өзгерістер енгізетіндігі айқын.
Жоғарыда аталып өткендей баға жүйесіндегі
барлық бағалар бір-бірімен тығыз байланысты.
Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы
және өзарар тәуелділігі төмендегідей
екі жағдайға негізделген:
• Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де
басқа экономикалық заңдарды қолданана
отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның
құралуы;
• Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар
мен салалардың шаруашылық қызметінің
байлаыстылығы.
Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік,
орман және басқа да кешендік кәсіпорындар
мен салалар мысалында көруге болады.
Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы өнімнің
бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін
қолданылатын шикізат ретінде бастапқы
кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.
Баға байланысы тек қана кәсіпорындар
арасындағы технологиялық байланыс кезінде
ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы
байқалады. Себебі, жеке салалардағы және
жеке категориялық жұмысшыларға еңбек
ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың,
әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және
т.б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне
әсер етуі ықтимал.
Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде
бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері
қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова,
Н. Пузыния бағаның келесідей жіктемесені
атап көрсетеді.
А. Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы
бойынша:
Көтерме саудаØ бағасы –кәсіпорынның
өндірген тауарын басқа кәсіпорынға немесе
сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын
баға.
Бөлшек сауда бағасы-сауда –саттықØ
ұйымының халыққа өнімдерді сатып өткізуі
үшін қолданылады.
Сатып алуØ бағасы- ауылшаруашылық
өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі
өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен
кәсіпорындарға сату бағасы.
Сметалық құн – құрылысØ өнімдеріне (ғимараттар
мен құрылғылар,) төлеу үшін баға.
Халыққа қызметØ көрсету бағалары мен
тарифтері – бөлшек сауда бағаларының
негізгілерінің бірі.
Б. Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері,
нарықтық бәсекелестікке байланысты:
Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына
сәйкес сұраным менØ ұсыныс негізінде өнімдерге
өндірушілердің қойған бағасы.
Реттелуші баға-Ø арнайы басқару органдарының
қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі
әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар
мен тарифтерге байланысты қойылады.
Ø
Париттетік баға – бағаның бұл түрі АҚШ
–да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық
өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар
және қызмет түрлері бағасының қатынасын
реттеу үшін қолданылады.
В. Бағаның қойылу әдісі бойынша:
ҚатаңØ
(тұрақты) баға - келісім шарттарда қолданылады
және оның аяқталуына дейінгі кезеңде
өзгеріссіз қалады.
Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға
деңгейі.Ø
Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін
және баға жағдайымен айқындалады.
Ø
Қозғалмалы баға – келісімде белгіленген
баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық
бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің
орындалуы кезінде болашақта өзгеріске
ұшырайтын баға.
Сырғымалы баға - бағаның бұл түрі ұзақ
уақытØ
дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге
қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті,
сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының
өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім
бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде
қайта қарастыру жолымен анықталады.
Г. Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша:
ТұрақтыØ
Ø
Маусымдық
Баспалдақты.Ø
Д. Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу
әдісі бойынша:
АнықтамалықØ
ПрейскуранттықØ
Есеп айырысу бағасыØ
Е. Нарық түрлеріне байланысты:
АукциондықØ
Биржалық котировка –биржаØ арқылы сатылатын стандартталған
бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
СаудаØ
бағасы – мамандандырылған сауда бағасының
негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды
жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.
Ж. Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:
Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерініңØ
арасында немесе бір ассоциацияға кіретін
әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді
сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.
З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:
Баға нетто –сатып алу-сату орнындағы
баға.Ø
Баға брутто –Ø сатып алу – сату жайларын
есепке ала отырып анықталады. (Франко)
– бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде
сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт
аралығында бағаға транспорттық шығындардың
енгендігін көрсетеді.
Баға құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше
бөлімнен құралады. Осыған сәйкес ол мақсатты
таңдап алудан басталады. Кез келген фирмалар
үшін негізгі мақсаттар төмендегідей:
СатыпØ
өткізуді қамтамасыз ету;
Пайданы максималдау;Ø
Нарықты ұстапØ тұру.
Бірінші мақсат – нарықта ұқсас тауар
өндірушілер көп жағдайда, қатаң бәсекелестікте
іс-жүзіне асырылады. Бұл мынадай жағдайларда
қажет;
Ø
Тұтынушылардың бағалық сұранымы икемді;
Фирма, бір тауарға шығындардыØ төмендету жолымен,
Пайданың жалпы көлемін жоғарлату және
сату көлемін максималдауға бағыт алуға
талпынуы;
Тұтынушылар нарығының кең көлемдеØ
болуы.
Бұл мақсатқа жету үшін, яғни сатуды қамтамасыз
ету –ену бағасы арқылы жүргізіледі.
Екінші мақсатқа - оның бірнеше вариантары
бар:
ФирманыңØ
бірнеше жылғы бірқалыпты жоғарғы деңгейлі
пайдаға жетуіне талпынуы (сол кезеңде
фирманың нарықтағы деңгейі бірқалыпты
жоғары, дегенмен де өзіне сенімсіз фирманың
ыңғайлы жайларды пайдалануға бағыт алуы)
Пайданың орташа нормасыØ негізінде бірқалыпты
түсімді бекіту. Бұл, өз өнімдеріне ұзақ
уақыттық бірқалыпты және өзгеріске ұшырамайтын
сұранымы бар, өндірісі қалыптастырылған
алдыңғы қатарлы фирмалар үшін қолданылады.
Күрделі жұмсалымның өсуіне байланыстыØ
бағаның өсуі, яғни, жаңашылдық енгізу
сипатында болуы мүмкін. Бұл жоғары немесе
өсіп келе жатқан сұранымға ие өнімдер
өндірісін кеңейтуді іс-жүзіне саырушы
фирмаларға тән.
Баға, бәсекелестік жағдайында ғана жоғары
іс-әрекетке ие бола алады. Бәсекелестіктің
жоғарғы деңгейде болуы бірде-бір кәсіпорынның
баға құралуы үрдісін өз қолында ұстауына
мүмкіндік бермейді, бағаны нарық анықтайды,
яғни сұраным мен ұсыныс әсерлерінен баға
деңгейі анықталады. Бәсекелестік, өндірушілерге
тауардың , өнімнің өзіндік құнын бақылап
отыруды талап етеді.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Бегалиев, Дидар. Баға, қайда барасың?:
[Нарық пен
халық]// Нұр Астана.- 2005.- 30 маусым-7 шілде.-
1 б.
2. Қасен, С.Д., Әсіл, Б.Ґ. Бағалар және баға
ќұралуы
[Мәтін]: Оќу құралы / ЌР білім және ғылым
м-трлігі С.
Сейфуллин атын. Қазқќ аграрлыќ ун-ті.-
Астана: [Б.ж.],
2002.- 143 б.
3. Міржақыпова, Седеп Тоќтамұратқызы.
Банктегі
бухгалтерлік есеп [Мәтін]: оќулық.- Алматы:
Экономика,
2004.- 710 б.
4. Молдағалиева, Р. Ш. Бағалауыштық етістіктердің
коннотациялыќ сипаты /гендерлік көзқарас/
[Мәтін]: [Тіл
мен әдебиетті оќыту әдістемесі.Методика
преподавания
языка]// ЌазГУ-нің хабаршысы. Филология
сериясы.Вестник
КазНУ. серия Филологическая.- 2005.- № 7.-
191-195 б.
Сатыбалдыұлы, Сейтжан. Маркетинг - нарықтану
Мәтін]: оқу құралы.- Алматы: Білім, 2002.-
288 б.:
суретті
5. Табиғи монополиялар туралы [Мәтін]:
Қазақстан
Республикасының Заңы.- Алматы: Юрист,
2002.- 11 б.
6. Тілемісов С. Баға-басты көрсеткіш.- Алматы:
Қазақстан, 1989.- 64бет
7. Шаекина, Жанаит Михаилқызы ж.б. Маркетинг
негіздері
[Мәтін] / Шаекина, Жанаит Михаилқызы, Нәбиева,
Ербоз
Нәбиұлы, Базарова, Сәулегүл Құрманбайқызы.-
Астана:
Парасат әлемі, 2003.- 244 б.
8. Шайынғазы, Сейфолла. Коммуналдыќ ќызмет
құнымен
ќоса нан бағасы да өседі [Мәтін]: [Мәселенің
мәнісі]//
Егемен Қазақстан.- 2006.- 17 ақпан.- 6 б.
9. Шамгонов, А. Ш. Негізгі құралдар және
материалдық
Бўйымдардың себі [Мәтін] оқу құралы.- Орал:
[Б.ж.],
1997.- 56 б.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың
француз экономисті Жан Батист Сәй (1767
-1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық
қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды.
«Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын
азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген
нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай
жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп
фирмаларының шаруашылық қызметтері,
шығарылған өнім ассортименті және өткізу
рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты
болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта
фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі
бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық
мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс
шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін
көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық
экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде
белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне
қарағанда сондай өнімге бағасы төмен
фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғылымы, экономист,
П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар
бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің
пайдасын максимум деңгейге дейін көтере
алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге
дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің
ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол
жеткізіледі» - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке
жағдайында өндірістің шығындары азайту
арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті,
әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда
ерте ме кеш не фирма үшін төлем төлей
алмау әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы
өтпелі экономика ретінде сипатталады:
бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді
қосып алып нарықтық экономикаға өтуде,
дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға
дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге
өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан
ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары
мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық
рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар
мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің
құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса,
мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс:
табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту
арқылы емес, сату көлемін арттыру болса
да.
Зерттеудің мақсаты мен тіндеттері. Жалпы
қабылдағандай, фирма басшысы білімді
және жан – жақты болса да, менеджерлер
мен инженерлердің қандай таланттары
мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес,
қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар
сұраныстарының құрылымында бірінші орынға
жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту
мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі
жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда,
өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін
белгілі бір шекарасынан төмен азайту
мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың
бағалауынша кез – келген фирма үшін кез
– келген экономика үшін шаруашылық қызметтің
бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі
заманға сай кәсіпорындарда өндірісті
ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге
сәйкес келуі тиіс:
1. үлкен икемділігі, өнім ассортиментін
тез өзгертуге және өнімді жиі жаңарту
қабілеттер болуы керек. Стандартталған
өнімнің қатаң стандартқа негізделген
жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін
сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз
және оның салдары төлем төлей алмауға
әкеледі;
2. фирма жаңа технология мен өндірісті
ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге
ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі
екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі
мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын
әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі
туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда
қажет етеді;
3. фирмаға өзінің өнімінің сапасын және
сатудан кейінгі сервистің деңгейіне
көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың
өнім сапасына деген талаптары бүгін тек,
өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын
түбірмен өзгертті. Қазір жақсы өнімді
шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі
сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың
жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына
қосымша фирмалық қызметтерді көрсету
туралы ойлау керек.
Нарықты орта жағдайында және кәсіпорынның
толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік
алуы, оған көптеген қосымша міндеттер
жүктейді. Кәсіпорынның айналысатын қызметі,
шеңбері ұлғаяды. Мемлекеттік экономика
жағдайында негізгі буынның іс - әрекеті
тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды.
Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік
қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық
механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас
әрі әлеуметтік – бағытталған нарықтық
экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға
иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін,
өндірген өнімін және тапқан табыстарын
пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары
арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін
жүктейді.
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік
түріне байланыссыз – ақ экономикалық
қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті
де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық
қызметтің құрылымын қарастырамыз:
− өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды
қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен
қызмет өндірісімен байланысты;
− алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану
қызметі, мұнда өндіріс іс - әрекетінен
алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және
ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;
− жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген
өнімді өткеру қызметімен айналысуға
мәжбүр, мұнда ол нарықтық конъюнктурамен,
бәсекелестік орта жағдайымен сұраным
төлем қабілеттілігімен және нарықтық
ортаның басқа да фактормен есептесуі
керек;
− жаңа жағдайда кәсіпорын иығына мемлекеттік
экономикадағы кәсіпорында кездеспеген
– кәсіпкерлік қызмет жүктеледі. Осы қызмет
бұрындары және қазіргі кезде же дәстүрлі
түрде шағын бизнеспен байланыстырылады.
Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік
жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық бизнес саласындағы кәсіпкер
жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін
ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен
байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер
ретінде мынаны шешуі қажет:
1. нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс
бағалау керек және олардың ішінен табысын
қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың
пайдалылығын да солай арттыру қажет;
2. кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдады
соған қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек.
Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация
құрылады. Сондай – ақ осыдан туындайтын
нарықтық экономиканың жаңа жағдайында
кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді
жүзеге асыруға тура келеді;
3. нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның
бәсекелестік қабілеттілігін қолдау;
4. менеджмент жүйесін қолдана отырып,
ішкі ортаны басқару қызметі және қазіргі
маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы
нарықтық ортына басқару қызметі.
І Сапа және оның теориясы
1.1 Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Қазіргі нарықтық экономика негізінде
шығарылган өнімнің сапасына басқалай
талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген
кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар
нарығындағы және қызмет көрсетудегі
орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық
деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі
көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне
және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші
фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады.
Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық
түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей
орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты
қанағаттандыруға үлкен себепші болатын
өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.
Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар
тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды
экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық
санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз
байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл
жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса,
ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы
нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі
көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері
жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді
анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің
сандық маңызын білу және ұқсастық өнім
көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық
маңызын өзін өзі түсіну болып табылады.
Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне
байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:
өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың
көмегімен);
тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге
негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен,
атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық
стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы
мүмкін;
есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі
көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық
үлгілерді қолдануға негізделеді;
органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру,
есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды.
Табылған маңыздылықтың дәлдігі және
растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына
және қабілеттілігіне байланысты;
социологиялық әдіс — өнім, оны нақты
немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы
пікірлерді талдау және жинау негізінде
жүзеге асырылады;
сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы
іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм
айырушылар.
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау
үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады.
Онда өзіне қорытындылау және өнімнің
сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері
жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім
сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке
жататындар:
• сұрыптылығы;
• маркасы;
• жүктелімі;
• пайдалы заттың мазмұны;
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай
үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі
және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне
байланысты болады.
1.2 Тауар сапасының бәсекеге
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы
тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы
сатын алу сату актісінде көрінеді Мұндай
ерекшеліктің үйлесті өндіруші мен тұтынушының
мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар
және тұтынушылар талабының сипаттамасын,
сол сияқты нарық жағдайында тауардың
толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы
деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше
жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік
беретін тұтыну кешенінің (сапалық және
сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге
жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез
сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке
мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын
тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып
алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық
мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды
сатып алады. Сондықтан, сатып алушының
тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде
жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын
құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу
қарасында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын,
оның сапалың және құндық сипаттамасының
жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып
алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін
тиімділігі ұқсас тауар — бәсекелестер
ерекшеленеді.
Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше
тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына
қысқаша тоқталайық.
Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын
анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну
бағаны болып табылады. Ол мынадай формуламен
анықталады:
Бт = Бс Шт
мұнда, Бт — тұтыну бағасы
Бс — сатылу бағасы
Шт — бұл өнімді тұтынушылардың шығындары
(оның барлық норматавтік мерзім ішіндегі
қызметі)
Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын
анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске
алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды
сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз,
бәсекеге жарамдылығы артытырақ болатын
тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар
ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға
қарағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техниканың деңгейін
және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік
тауарларды қалыптастыруға негізделген.
Бұл тәсілге сәйкес басымда салыстырмалы
сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі
және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен
анықталады:
КК = ККэ ККт ККс
мұнда, КК — тауар деңгейінің кешенді
көрсеткіші;
ККэ — эстетико-аргономикалық деңгейінің
кешенді көрсеткіші;
ККт — техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;
КҚс — көрсеткіш кешенінің сектімділігі.
Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге
жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық,
солай экономикалық параметрге салыстыру
негізінде анықталады. Сонымен, техникалық
параметрден тек сатып алушылар осындай
ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды
таңдайды.
Қорыта айтқанда, біздің республикада
өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және
өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі
мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді.
Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік
нарығының дамуы өнімнің сапалық даму
серпінің және деңгейін арттыруға еріксіз
көндіретін болады.
1.3 Сапа көрсеткіштері
Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі
тобын ажыратқан жөн:
-
әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
нақты позициялар бойынша сапа-
көрсеткіштерінің жүйесі.
А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері.
Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен
байланысты:
-
атқарумен түзетулердің көлемі.
Жұмыс жүктемесіндегі (нарядтағы)-
қателер.
Жарамсыз деп табылған бұйымдар проценті.-
Екінші топ – сапаны қамтамасыз ету.
Қате жасалған партия проценті.-
Құрылымды өзгерту- мөлшері.
Есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі
қателіктер.-
-
Түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің
ұзақтығы.
Үшінші топ – бухгалтерлік есеп:
Мерзімі өткен төлемдер проценті;-
Жаңылыс бухгалтерлік- жазбалар;
Төлем тізімдемесіндегі қателер;-
Ақпарат алу туралы- өтінімдерді қанағаттандыру.
Төртінші топ – маркетинг:
Болжамдық- жорамлдың дәлдігі;
Қате толтырылған тапсырыстар мөлшері;-
Мәмілелердегі- қателер;
Ақпарат алу уақыты.-
Бесінші топ – ақпараттық қызмет көрсету;
- график бойынша шығарылмаған есеп берулер
саны;
- бағдарламадан табылған қателер;
- мәтінде өзгертілгендер саны;
- Ақпаратты алу уақыт
2 Сапаны басқару
2.1 Өнім сапасын басқару жүйесі
Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу,
камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін
қолдау мақсатындағы құру және пайдалану
немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін
іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда
сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық
қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы
техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны
басқару мәселелерімен техникалық бақылау
және сапаны талдау бөлімдері айналысты.
Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін
(белгілер) тексеру, өндірістік процестердің
әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар,
материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары,
өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау
және обоптерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде
отандың өндірушілердің алдына қойылатын
негізгі проблемалар, олар:
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне
маркетинг қызметі механизмін қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік
қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай
бағыттау;
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі
сапаны басқару жүйесіндегі механизм
әсерлерді күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында
мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын
қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын
нарықты (рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту
мүмкінділігін қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және
қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі
проблемаларды шешу.
Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір
кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан
жөн.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің
сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің
негізгі факторы болып табылады, себебі,
нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды
жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз
етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей,
сапалылықты арттыру қызметі жүйелік
басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа
сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық
өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан
бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға
дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға
негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың,
халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі
үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі
талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық
негізі болып табылады.
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті
бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге
асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат
беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі
өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды
және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік
актілерді іске асыру сапаны және өнім
қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде
тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап
етеді. Шетелдік және отандық практиканы
еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын
бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы
Қазақстан Республикасының аумағында
адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының
бұзылуында құқықтарын және мүдделерін
қорғаудан тұрады.