Ақша қаражатының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 09:45, реферат

Краткое описание

Кәсіпорын күнделікті ағымды шаруашылық іс-әрекетінде нақты ақша қаражаттары қажет болып тұрады. Кәсіпорынның ақша қаражатттары кәсіпорынның кассасында сақталып, керекті бағытта жұмсалып отырады. Касса ақша қаражаттарының сақтығын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған орын. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің талаптарына сәйкес касса арнайы тәртіпке сәйкес жабдықталуы қажет, яғни ол бөлек бөлмеде орналасуы қажет, есігі темірленіп, терезелеріне темір тор салынуы тиіс.

Содержимое работы - 1 файл

акша каражаты.docx

— 41.94 Кб (Скачать файл)

Ақша қаражаттарының есебі

Кәсіпорын күнделікті ағымды шаруашылық іс-әрекетінде нақты ақша қаражаттары қажет болып тұрады. Кәсіпорынның ақша қаражатттары кәсіпорынның кассасында сақталып, керекті бағытта  жұмсалып отырады. Касса ақша қаражаттарының сақтығын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған орын. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің талаптарына сәйкес касса арнайы тәртіпке сәйкес жабдықталуы қажет, яғни ол бөлек бөлмеде орналасуы қажет, есігі темірленіп, терезелеріне темір тор салынуы тиіс. Кассалық операцияларды кассир жүргізеді. Кассирмен кәсіпорын материалдық жауапкершілік жөнінде арнайы келісім шартқа отырады. Кассир өз қарауындағы ақша қаражаттарының сақтығына жауапты тұлға болып табылады және жұмысқа қабылданған кезде кассирдің міндеттерін толтырады. Кәсіпорында кассалық операциялар дер кезінде алғашқы құжаттармен куәландырылып отырады. Кассаға ақша қаражаттар кіріс кассалық ордер негізінде кіріске алынады (приходно кассовый ордар ПКО). Бұл құжатты кассир толтырады. Бұл құжатта міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетіледі: кәсіпорынның аты, құжаттың аты, толтырылған күні, қабылданған ақша қаражатттарының соммасы, корреспонденцияланатын шоттар, кімнен және не үшін ақша қабылданды, қабылданған ақша қаражаттарының соммасы жазбаша түрде, кассирдің қолы.

Кіріс кассалық ордердің түбіртегі ақша қаражаттарын төленген тұлғаның қолына беріледі. Кассадан шығындалған ақша қаражаттар шығыс кассалық ордермен куәландырылады. Бұл құжатта міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетіледі: кәсіпорынның аталуы, құжаттың аты, құжаттың толтырылған күні, корреспонденцияланатын шоттар, кімге және қандай мақсатқа берілгені, берілген соманың саны мен кейін жазбаша түрдегі үлгісі, ақша қаражаттарды алған тұлғаның қолы, бас бухгалтер және кассирдің қолы.

Кіріс және шығыс кассалық ордерлер міндетті түрде кіріс және шығыс құжаттардың тіркеу ктіабында тіркеледі. Күнделікті кассир кассалық операцияларды кассалық кітапта жүргізеді. Күнделікті кассир кассалық кітаптың кіріс және шығыс графаларына жазуларды енгізіп отырады. Кассалық кітапта кассир келесі мәліметтерді көрсетіп отырады: кіріс және шығыс кассалық ордарі, ақша қаражаттар кімнен және кімге берілгені, корреспонденцияланатын шоты, кіріске алынатын және шығысқа алынатын сома. Әр күннің соңында кассир кіріс және шығыс графалары бойынша сомаларды есептеп, соңғы қалдықты анықтайды. Кассир әр 5-10 күн сайын бухгалтерияға есеп өткізеді. Кассирдің есеп беруі болып кассалық кітаптың екінші данасы және оған түптелген кіріс және шығыс ордерлері табылады. Кәсіпорын бухгалтериясында кассалық операциялардың есебіне номері 1010 синтетикалық шот арналған. Бұл шот активті, ақшалай шот болып табылады. Дебетінде ақша қаражаттарының ұлғаюы, кредитінде ақша қаражаттарының азаюы көрсетіледі. Кәсіпорынның кассасына ақша қаражаттар келіп түскенде келесі бухгалтериялық өткізбелер құрылады:

  1. Кассаға банктегі ағымдағы  шоттан ақша қаражаттары келіп түссе

Дт. 1010  Кт.1030

  1. Кәсіпорын кассасына сатып алушылардан төлемдер түссе

Дт. 1010  Кт.1210

  1. Кәсіпорын кассасына есеп беруші тұлғадан ақша қабылданды

Дт. 1010  Кт.1250

Кәсіпорынның  кассасынан ақша қаражаттары шығындалғанда  бухгалтерияда келесі бухгалтериялық өткізбелер құрылады:

  1. Кәсіпорын кассасынан банктегі ағымдағы шотқа ақша қаражаттары аударылса

Дт. 1030  Кт.1010

  1. Кассадан жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төленсе

Дт.3350  Кт.1010 (төлем тізімдеме)

  1. Кассадан жабдықтаушыларға төлемдер төленсе

Дт. 3310  Кт.1010

  1. Кассадан есеп беруші тұлғаға ақша берілсе

Дт. 1250  Кт.1010

Кассадағы ақша қаражаттарының нақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен жоспалы және кездейсоқ түгелдеу  жүргізіледі.Түгелдеу нәтижесінде кассадағы ақша қаражаттарының жетіспеушілігі анықталса келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады: 

Дт. 1250/2; 1280  Кт. 1010

  1. Кассир материалдық зиянның орнын толықтырса

Дт. 1010  Кт. 1250/2; 1280

  1. Материалдық зиян бойынша ұсталым кассирдің еңбек ақысына өтелетін болса

Дт. 3350  Кт. 1250/2; 1280

  1. Түгелдеу нәтижесінде кассада ақша қаражатының артық шыққаны анықталса
  2. Дт. 1010  Кт. 1250/2; 1280

Кәсіпорындар мен ұйымдар  өздерінің ақша қаражаттарын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерден ағымды шотты ашуы тиіс. Банк арқылы кәсіпорын өздерінің барлық есеп айырысуларын жүзеге асырады. Банкте ағымды шотты ашу үшін кәсіпорындар мен  ұйымдар банкке келесі құжаттарды өткізеді:

  1. Банкте ағымды есеп айырысу жөнінде өтініш;
  2. Кәсіпорынның бекітілген жарғылық капиталының көшірмесі (нотариалды түрде расталған);
  3. Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі. Саылқ органынан салық төлеуші ретінде тіркеу өткен анықтама;
  4. Зейнетақы қорынан анықтама;
  5. Кәсіпорынның басшысының, бас бухгалтерінің қолтаңбасы қойылған, сондай-ақ ксәпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка.

Банктегі ағымдағы шот  бойынша операциялар Ұлттық банк ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Әдетте төлемдердің барлығы қолма-қол  ақшасыз тәртібімен жүзеге асырылады. Қандайда болмасын заңды тұлғалар, яғни кәсіпорындар мен ұйымдар басқа  кәсіпорындармен банктегі ағымдағы есеп айырысу шоты арқылы алынған  тауарлар мен материалдық құндылықтар және көрсеткен қызметтері үшін төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Қандайда болмасын заңды тұлғалар, яғни кәсіпорындар мен ұйымдар басқа кәсіпорындармен банктегі ағымдағы есеп айырысу шоты арқылы алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және кқрсеткен қызметтері үшін төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Кәсіпорынның банктегі ағымдағы шот бойынша нақты ақшасыз есеп айырысу операциялары ҚР-ң ақша төлемімен аударылу туралы заңына сәйкес жүргізіледі. Аталған заң бойынша банк кәсіпорын ақша қаражаттарын ағымдағы шоттарда сақтайды. Сол шотқа келіп түскен ақшаны қабылдайды. Оларды аудару, беру және басқа да операциялар жүргізу жөнінде бұйрығын орындайды. Ксіпорындар банктегі ағымдағы шоттарда нақты ақшаның қабылдануы және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп ауырысуын банктердің өзі бекіткен құжаттар негізінде орындайды:

  1. Қолма-қол ақша салуға хабарлама;
  2. Төлем тапсырма;
  3. Төлем талап тапсырма;
  4. Чек.

Әр ай сайын банк кәсіпорынға  есеп айырысу шотының көшірмесін беріп отырады (выписка с текущего расчетного счета).

Кәсіпорын бухгалтериясында ағымды шоттағы ақша қаражаттарының есебіне активті 1030 шоты жүргізіледі. Ағымды шотқа ақша қаражаты келіп  түскенде келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

  1. Ағымдағы шотқа кәсіпорынның кассасынан ақша түскенде

Дт. 1030  Кт. 1010

  1. Ағымдағы шотқа үлес қосушылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде ақша қаражаттары қабылданса

Дт. 1030  Кт. 5110

  1. Ағымды шотқа сатып алушылардан ақша түскенде

Дт. 1030  Кт. 1210

  1. Ағымдағы шотқа банк несиелері кірістірілгенде

Дт. 1030  Кт. 3010

  1. Ағымды шотқа есептелінген проценттер, дивиденттер түскенде

Дт. 1030  Кт. 1270

  1. Ағымды шотқа желгерлік төлемдер қабылданса

Дт. 1030  Кт. 1260

  1. Ағымды шотқа еншілес серіктестіктен ақша қаражаттары қабылданса

Дт. 1030  Кт. 1220

Ағымды шоттан ақша қаражаттары  шығындалғанда келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

  1. Ағымды шоттан ақша қаражаттары кассаға аударылғанда

Дт. 1010  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке корпорациялық табыс салығы төленсе

Дт. 3110  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығы төленсе

Дт. 3130  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан жеке табыс салығы төленсе

Дт. 3120  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан бюджетке акциздер төленсе

Дт. 3140  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке әлеуметтік салық төленсе

Дт. 3150  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан жер салығы төленсе

Дт. 3160  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан мүлікке салық төленсе

Дт. 3180  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан көлік құралдарына салық төленсе

Дт. 3170  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан өзге де салықтар төленсе

Дт. 3190  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан әлеуметтік сақтандыруға міндеттемелер төленсе

Дт. 3210  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан зейнетақы қорына алымдар жасалынса

Дт. 3220  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан еншілес серіктестікке кредиторлық берешек төленсе

Дт. 3320  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан жалгерлік төлемдер төленсе

Дт. 3360  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан төленуге тиісті пайыздар өтелінсе

Дт. 3380  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан өзге де есептелінген шығындар өтелінсе

Дт. 3390  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан банк несиелері өтелінсе

Дт. 3010,4010  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан банк коммиссиясы төленсе

Дт. 7210  Кт. 1030

  1. Ағымды шотта ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне байланысты банкке шағым талап қойылса (соммалар қате шығысқа жатқызылса)

Дт. 1280  Кт. 1030

  1. Ағымды шотқа шағым талап бойынша төлемдер түскенде

Дт. 1030  Кт. 1280

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикамыздың нарықтық қатынастарының дамуына байланысты кәсіпорындар өзінің сыртқы экономикалық байланысын нығайтуы мүмкін. Валюталық  операциялар кәсіпорындар мен ұйымдар  ҚР-да валюталық реттеу заңына сәйкес жүргізеді. Банкте валюталық шот  ашу тәртібі ағымды шотты ашу  тәртібімен бірдей (ағымды шотты ашқан  кезде өткізілетін құжаттар өткізіледі). Калюталық шот бойынша операциялар  кіріс валюталық және шығыс валюталық  ордер, шетел валютасын аударуға өтініш және валюталық шоттың көшірмесі  негізінде жүргізіледі. Валюталық  шот бойынша операциялар есебі  активті 1030 (1031) шотта жүргізіледі. Бұл  шоттың дебетінде валюталық ақша қаражатының ұлғаюы, ал кредитінде азаюы. Валюталық шот бойынша  жүргізілетін операциялар кәсіпоырн  бухгалтериясында келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

  1. Валюталық шотқа ағымды есеп айырысу шотынан ақша аударылса

Дт. 1031  Кт. 1030

  1. Валюталық шотқа банк ниесиелері кірістірілсе

Дт. 1031  Кт. 3010,4010

  1. Валюталық шотқа сатып алушылардан төлемдер түссе

Дт. 1031  Кт. 1210

  1. Валюталық шотқа үлес қосушылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде ақша қаражаттары қабылданса

Дт. 1031  Кт. 5110

  1. Валюталық шотқа кәсіпорынның кассасынан ақша қабылданса

Дт. 1030/1  Кт. 1010

  1. Валюталық шоттан жабдықтаушылардың қарызы өтелсе

Дт. 3310  Кт. 1031

  1. Валюталық шоттан банк несиелері бойынша қарыздар өтелінсе

Дт. 3010,4010 Кт. 1031

  1. Валюталық шоттан ағымдағы есеп айырысу шотына ақша қаражаттары аударылса

Дт. 1030  Кт. 1030/1

Информация о работе Ақша қаражатының есебі