Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 11:07, реферат
1. Ақша айналымы, оның мазмұны мен құрлымы. Төлем айналымы
2. Қолма – қолсыз ақша айналымы. Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары.
3. Қолма – қол айналымының мазмұны
Эмиссиялық нәтиженің артуы екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы өтетін қолма-қол ақша айналымының көрсеткіштеріне әсер етті.
Банктердің кассаларына қолма-қол акшаның түсу көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 41,7% (1 891 млрд, тенге) ұлғая отырып, 6 430,9 млрд, теңге болды, ал қолма-қол ақшаны беру көлемі 45% (2 098 млрд тенге) ұлғая отырып, 6 755,3 млрд, теңге болды. 5-кестеде көрсетілгендей, айналымдар кассалық айналымдардың барлық баптары бойынша ұлғайды. Қолма-қол ақша беру баптарында өткен жылы да байқалған көлік және байланыс кәсіпорындарына қолма-қол ақша беру азайды.
Банктердің кассасына қолма-қол акшаны қайтару коэффициенті 2005 жылғы 97,5% қарағанда 95,2% болды.
Банктердің кассаларына қолма-қол ақша қаражаты түсімдерінің негізгі үлесін мынадай түсімдер құрайды:
- тауарларды, қызмет көрсетулерді және орындалған жұмыстарды сатудан -1 73 8,2 млрд. теңге (түсімдердің жалпы көлемінің 27%) үлғаюы 2005 жылмен салыстырғанда 39,4% болды;
- шетел валютасын сатудан - 1 236,2 млрд, теңге 19,2%), үлғаюы - 23,5% болды;
- жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шоттарына 1008,4 млрд.теңге (15,7%) болды, үлғаюы - 80,7% болды.
2006 жылғы касса айналымы шығыс бөлігінің көрсеткіштерін 2005 жылғы көрсеткіштермен салыстыру банктердің кассе айналымы шығыс бөлігінің мынадай басым баптарын көрсетеді.
- жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан беру 1351.3 млрд теңге (берудщ жалпы көлемінің 20%) болып 2005 жылмен салыстырғанда 66,3% ұлғайды,
- тахаріар. қызмет көрсетулер және орындалған жұмыстарын ақы төлеуге қолма-қол ақша беру 1 276,3 млрд. теңге (19 %) болып, 28,8% ұлғайды,