Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 11:07, реферат
1. Ақша айналымы, оның мазмұны мен құрлымы. Төлем айналымы
2. Қолма – қолсыз ақша айналымы. Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары.
3. Қолма – қол айналымының мазмұны
АҚША АЙНАЛЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Ақша айналымы, оның мазмұны мен құрлымы. Төлем айналымы
2. Қолма – қолсыз ақша айналымы. Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары.
3. Қолма – қол айналымының мазмұны
Ақша айналымы дегеніміз — ақшаның бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы.
Ақша айналымы төлем айналымының бір белгісі болып табылады. Төлем айналымының құрамына ақша айналымынан басқа төлем құралдарының айналымы кіреді.
Ақша айналымының құрылысы бірнеше белгілермен сипатталады, оның ішінде ең маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін қарым-қатынастарының түрі. Осы белгі бойынша айналымы 3-ке бөлінеді.
Ақшаның есеп айырысудағы айналымы - бұл айналым тауар немесе қызметтерді пайдалану кезінде есеп айырысуға көмектеседі.
Ақшаның несиелік айналымы — бұл айналым несие беру және оны қайтару процесіне қызмет көрсетеді.
Ақшаның аржылық айналымы - бұл айналым шаруашылықтың қаржылық қарым-қатынастарына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымы оған қатынасатын субъектілерге байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1. Банкаралық айналым
2. Тек жеке тұлғалар арасындағы айналым.
3. Тек заңды тұлғалар арасындағы айналым.
4. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың арасындағы айналым
5. Банктер. заңды тұлғалар және жеке тұлғалар арасындағы айналым
Ұлттық банк 2006 жылы Қазақстанның төлем жүйелерін ғылыми және техникалық прогресс саласындағы соңғы жетістіктерге сәйкес одан әрі жетілдіру мен дамыту, төлемдер және ақша аударымдары саласындағы нормативтік- құқықтық актілерді жетілдіру жұмысын жалғастырды. Төлем жүйелерінің техникалық инфрақұрылымын жетілдіру, төлемдер мониторингі және тәуекелдерді басқару төтіктерін жетілдіру жұмысы үнемі жүргізіледі.
Халықаралық қаржы ұйымдарымен және шетелдік орталық банктермен өзара іс- әрекет шеңберінде 2006 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында Ұлттық банк орталық (ұлттық) банктер өкілдерінің төлем жүйелері жөнінде алтыншы кездесуін ұйымдастырып өткізді. Төлем жүйелері жөніндегі кездесуге ТМД, Чехия, Польша, Латвия, Түркия, Австрия, Германия, Италия, Жапония елдерінің орталық банктерінің сондай-ақ Мемлекетаралық банктің және Халықаралық есеп айырысу Банкінің төлемдік және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитетінің өкілдері катысты. Осындай кездесулер өткізудің мақсаты тәжірибе алмасу және төлем жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету саласындағы өзекті проблемаларды және қазіргі заманғы үрдістерді, сондай-ақ орталык (ұлттық) банктер қызметінің басым бағыттарын бірлесіп талқылау болып табылады Сондай-ақ Ұлттық банктін өкілдері Дүниежүзілік Банк (Австралия, Сидней қаласы) ұйымдастырған «ТМД елдеріндеп төлем жүйелері және бағалы қағаздарды есептеу жүйесі саласындағы - бастама» деп аталған III форумға қатысты.
2006 жылы Ұлттық банк банктердің клиенттеріне тағайындайтын банк шоттарының құрылымын қайта қалыптастыру жұмысын жалғастырды. Клиенттін банк шотын халықаралық стандарттарға сәйкес бірыңғай құрылымға көшіру мақсатында «клиенттің шоттын ашу «жабу» кезінде банк тағайындаған банк шотының бірыңғай құрылымы туралы» Ұлттық Банк басқармасы қаулысының жобасы сондай-ақ банк клиентінің банк шотының бірыңғай құрылымға көшуіне байланысты дайындық іс-шараларын өткізуді
көздейтін мемлекеттік органдардың тиісті бірлескен нормативттік құқықттық актісінің жобасы өзірленді.
ЕурАз Эқ-на қатысушы мемлекеттердің жалпы төлемдік –есеп айырысу жүйесін құру саласында 2006 жылы Мемлекетаралық банкпен өзара іс-әрекет жөніндегі жұмыс жалғасыт. Мемлекетаралық банкпен жалпы төлемдік-есеп айырылысу жүйесіне қатысу мәселелері жөнінде келісім жасау мүмкіндігі айқындау мәніне ұлттық нормативтік-құқықтық базаға талдау жүргізшді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы мемлекеттердің төлемдік-есеп айырысу жүйесінде пайдалану үшін валюта бағамдарын белбелгілеу тетігіне қатысты құжаттар қаралды.
Төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде функцияларды, елдің алтын валюта активтерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруды тиімді орындау мақсатында Астана каласында негізгі орталықтұрған ауданда штаттан тыс және апат ахуалдар туындаған жағдайда банктің және төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік беретін ¥лттық банктің резервтік орталығын құру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Осы жұмыс жүргізу шеңберінде Ұлттық банктің жаңа резерв орталығын құру тұжырымдамасы әзірленіп қабылданды,ол резервттік орталықты құру және пайдалану қызметінің негізгі бағыттары сондай-ақ осы орталықтың үйін салуға қойатын жалпы таптарды айқындайды.
Ұлттық банк жоғарыда аталған жобалармен жұмыс істеуден басқа 2007 жылы «Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметін» құру шеңберінде «төлем шлюзін» құруға ерекше көңіл бөлді «Төлем шлюзі» жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және қажетті іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттін, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «¥лттық процессинг орталығы» АҚ және «Ұлттық банктің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК өкілдерінен жұмыс тобы құрылды. Көрсетілген жұмыс тобының қызметі шеңберінде бірлескен іс- шаралар жоспарын дайындау, сондай-ақ «төлем шлюзі» автоматтандырылған жүйесін құру жөніндегі алдын ала жобалау жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық ерекше нұсқаманың жобасын әзірлеу бойынша ұйымдастыру жұмысы жүргізілді.
Тұтастай алғанда 2006 жылы ел экономикасының одан әрі даму жағдайларында Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг) арқылы жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және көлемінің тиісті ұлғаюы байқалды Мәселен 2006 жылы ұлттық төлем жүйелері арқылы 94 707,1 млрд теңге (751,1 млрд долл)24,1 млн транзакция жүргізілді.
2005 жылмен салыстырғанда қолма-қол жасалмайтын төлемдер сомасы 83.2% (немесе 43 001,4 млрд, теңге) өсті, ал төлемдер саны 3.8% (немесе 878,9 мың транзакцияға) ұлғайды.
Қолма-қолсыз ақша айналымы. Қолма- қолсыз есеп айырысудың нысандары
Біртұтас ақша айналымының құрамына қолма-қол ақшасын айналым кіреді. Қолма-қол ақшасыз айналым барлық ақша айналымының үштен екі бөлігін құрайды. Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз - бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жиынтығы. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу дегеніміз - қолма-қол ақшаның қатынасынсыз, тек банкідегі есеп шоттарға жазу арқылы немесе өзара талаптарды есепке алу арқылы есеп айырысуды айтамыз.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың келесі нысандары бар.
Төлем-тапсырмалық нысаны
Аккредитивтж нысан ;
Чекппен есеп айырысу
Төлем-талап тапсырмалық нысаны.
Төлем-тапсырмалық нысаны. Төлем тапсырмасы дегеніміз- төлеушінің өзіне қызмет көрсететін банкіге өз есеп шотынан тиісті. Соманы ақша алушының есеп шотына аударуға беретін бұйырғы. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі.
Тауар жеткізуіші келісім шартқа сәйкес тауарын жөн- елкеннен кейін төлеушінің атына фактура-шотын ұсынады.
Сатыа алушы тауарды алғаннан кейін төлем-тапсырмасыны жинақтамасын толтырып, оған фактура-шотын қосып қызмет көрсететін банкіге тапсырады;
Құжаттарды тиісті тексеруден өткізгеннен соң банк көрсетілген соманы сатып алушының есепшотынан шығарып, тауар жеткізушінің банкісіне аударады.
Тауар жеткізушінің банкісі алған ақшаны оның жеке шотына қондырып, акшаның түскенін хабарлайды.
Аккредитивтік нысан. Аккредитивтік нысанды қолданғанда құжаттардың айналысы төмендегідей жүргізіледі:
1. Жасалған шартқа сәйкес тауар өндіруші өндірілген тауарының жөнелтуге дайын екенін сатып алушыға хабарлайды және одан аккредитив ұсынуын талап етеді.
2. Сатып алушы мұндай хабарды алғаннан кейін өзінің банкісіне аккредитивтік өтінішті толтырып жібереді.
3. Тауар алушының банкісі өтініште көрсетілген соманы тауар сатушының банкісіне аударады.
4. Тауар сатушының банкісі алған ақшаны аккредитивтер деген шотқа қалдырып, тауар сатушыға елеулі түрде хабарлайды.
5 Тауар сатушы мұндай хабарды алғаннан кейін, тауар алушыға тауарды жеткізеді және оны дәлелдейтін құжаттарды өзінің банкісіне жібереді.
6. Тауар сатушының банкісі құжаттарды алғаннан кейін аккредитивтер деген шоттағы ақшаны тауар сатушының жеке шотына аударады және оған ақшаның түскенін хабарлайды.
Чекпен есеп айырысу. Бұл қай жағынан алып қарағанда да өте қолайлы нысан. Бұл нысан бойынша есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі:
1. Сатып алушы алмақшы болған тауарын іріктеп алады да, оның сомасына чек жазып береді.
2. Чек ұстаушы сол чекті келесі күні сатып алушының банкісіне төлеуге ұсынады.
3. Сатып алушының банкісі бұл чектің сомасын тауар сатушының есепшотына аударады немесе қолма-қол түрінде оған ұсынады.
Төлем-талап тапсырмалық нысаны. Бұл нысан бойынша есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі:
1. Тауар сатушы тауарды алушыға жеткізеді де, оның жеткізгенін дәлелдейтін құжаттарды тауар алушысының банкісіне жібереді;
2. Тауар алушының банкісі бұл құжаттарды тауар алушыға төлеуге келісім беру үшін жібереді (акцепт төлеуге келісім беру).
3. Тауар алушы 3 күн аралығында алған құжаттармен танысып, келісімін беріп, өз банкісіне қайтадан жібереді;
4. Тауар алушының банкісі құжатта көрсетілген соманы, тауар алушының есепшотынан шығарып, тауар сатушысының банкісіне аударады;
5. Тауар сатушысының банкісі алған ақшаны тауар сатушының есепшотына қондырып, оған ақшаның түскенін хабарлайды.
2006 жылы екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ 4-кестеде берілген төлем құралдарын пайдалана отырып, 71038,8 млрд. теңге ( 563,4 млрд. долл.) сомаға 106,0 млн. транзакция жүргізді.
Тұтастай алғанда төлем құралдарын пайдаланудың ұлғайғаны байқалады. Мәселен, 2005 жылмен салыстырғанда 4-кестеде көрсетілген төлем құралдарын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер саны 21,0 млн. транзакцияға немесе 24,7 %, ал төлемдер сомасы 23404,1 млрд. теңгеге немесе 49,1% ұлғайды.
4-кесте. Толем құралдарын пайдалану туралы мәліметтер
/\ii_Tij тчлотлсі viTijra м/^uf Ічлтгтлп ТРЧІТР^
| 2005 жыл | 2006 жыл | Өзгеруі | |||
| Саны | Сомасы | Саны | Сомасы | Саны | Сомасы |
Tөлем тапсырмасы | 30453,6 | 44929,3 | 30870,4 | 67904,0 | 1,4% | 51.1% |
Tөлемдік талап-таптапсырма | 120,1 | 2172 | 135,5 | 42,1 | 12,8% | -80,6% |
Инкассатық өкімдер | 3012 | 140,7 | 341,9 | 317,9 | 13,5% | 2,3 есе |
Орыналған аккредитивтер | 52 | 906,8 | 14,2 | 350,1 | 2,7 есе | -61,4 |
Төлем карточкалары | 49820,4 | 848,7 | 66826,5 | 1241,8 | 34,1% | 46 3% |
Басқа құралдары | 4330,1 | 592,0 | 7853,7 | 1182,9 | 81,4% | 99,8% |
Жалпы қорытынды | 85030,6 | 47634,7 | 106042,2 | 71038,8 | 24,7% | 49,1% |
Қолма-қол ақша айнадымының мазмұны
Қағаз ақша белгілерінің және ұсақ монеталардың үздіксіз қозғалысын қолма-қол ақша айналымы деп аталады. Қолма-қол ақша айналымының біртұтас ақша айналымының ішінде үлесі аз болғанымен оның мәні өте зор, өйткені қолма-қол ақша арқылы еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы. т.с.с. төлемдер төленеді. Ал олар өз кезегінде халықтың тұрмыс деңгейіне тікелей әсер етеді және нарықта төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастырады. Қолма-қол ақша айналымын 6-суреттен көруге болады.
2006 жыл 2005 жылмен салыстырғанда экономика субъектілерінің қолма-қол ақшаға қажеттіліктерінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталды. 2006 жылы Ұлттық банктің резервтік қорларынан 1081,9 млрд.теңге сомасында қолма-қол ақша айналысқа шығарылды. Осы уақыт кезеңінде айналыстан алынған ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарының көлемі 853,1 млрд. теңге болды. Осылайша, эмиссиялық нәтиже оң, 228,8 млрд, теңге мөлшерінде қалыптасты және 2005 жылғы осы көрсеткіштен 4,8 есе 2006 жылғы қаңтарда қолма-қол ақшаны алу 2005 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге азайды және (-) 32 млрд, теңге болды. 2006 жылғы акпан-шілдеде банкноталар мен монеталар эмиссиясының көрсеткіші 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,6 есе ұлғайды.
2006 жылдың тамыз-қазанында эмиссиялық нәтиже 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58,8 млрд, тенгеге азайды және (-) 28,0 млрд, тенге болып қалыптасты. 2006 жылғы қараша-желтоқсанда ұлттық валютаның жаңа дизайндағы банкноталарының айналысқа шығарылуынан эмиссиялық көрсеткіштің көлемі біршама айтарлықтай (89,4 млрд, теңге) болды.
2006 жылғы 15 қарашадан 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңде 413,4 млрд, теңге сомасына жаңа дизайндағы банкноталар айналысқа шығарылды, 318,0 млрд.теңге ескі дизайндағы банкноталар айналыстан алынды, нәтижесінде 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айналыста қолма- қол ақша айналысына қызмет көрсететін барлық банкнота
санының 39,5% көлемшде ескі дизайндағы банкнота қалды.
Осылайша, 2006 жылы эмиссиялык көрсеткіштердің өсуі 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2006 жылғы ақпан-шілдеде (143,8 млрд, теңге) және 2006 жылғы қараша-желтоксанда (94,6 млрд, теңге) айналысқа қолма-қол ақша шығарудың айтарлықтай ұлғаюынан және 2006 жылғы қаңтарда ақша алу сомасының қысқаруынан пайда болды.
Алматы қаласын және Жамбыл облысын қоспағанда, барлық облыста аймақтар бөлігінде оң эмиссиялық нәтижелер белгіленді, 2006 жылы Жамбыл облысында эмиссиялык нәтиженің 2005 жылғы оң нәтижеден теріске өзгеруі ескеретін жағдай. Неғұрлым эмиссияланатын Шығыс Қазақстан (57,2 млрд. теңге), Қарағанды (56,6 млрд. теңге), Алматы (45,5 млрд. теңге), Қызылорда (44,3 млрд. теңге) облыстары және Астана қаласы (45,5 млрд. теңге) болып табылады.