Қаржының мәні, функциялар мен рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 10:56, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық қаржы секторының жоғары қарқынмен дамуы әрбір елдің алдына қойған басты мақсаттарының бірі. Біздің елімізде де қаржы секторын дамыту және қаржы институттарына деген халық сенімін арттыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жұмыстар жоспары айқындалып, іс-жүзінде әрекет етуде. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда әлемдік экономикалық бірлестікке кіруіне толық сенім де және қаржы секторының дамуы ТМД елдерінің алында екенін және Шығыс Еуропа елдерінің даму деңгейіне жетуге жақын қалғанын айта кетпеу керек.

Содержание работы

Кіріспе
1. Қаржының мәні, функциялар мен рөлі
2. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері , мақсаттары мен қағидалары
3. Қаржы механизмі - қаржы саясатын жүргізу тетігі
4. Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму болашағы
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Қаржы саясаты.doc

— 105.50 Кб (Скачать файл)

     Жоспары

Кіріспе

1. Қаржының мәні, функциялар мен рөлі

2. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері , мақсаттары мен қағидалары

3. Қаржы механизмі - қаржы саясатын жүргізу тетігі

4. Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму болашағы 

Қорытынды 

Пайданылған әдебиеттер  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Экономикалық  қаржы секторының жоғары қарқынмен  дамуы әрбір елдің алдына қойған басты мақсаттарының бірі. Біздің елімізде де қаржы секторын дамыту және қаржы институттарына деген халық сенімін арттыру,  қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жұмыстар жоспары айқындалып,  іс-жүзінде әрекет етуде. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда әлемдік экономикалық бірлестікке кіруіне толық сенім де және қаржы секторының дамуы ТМД елдерінің алында екенін және Шығыс Еуропа елдерінің даму  деңгейіне жетуге жақын қалғанын айта кетпеу керек.

     Саясат  мемлекет қызметітің барлық бағыттарын қамтиды.Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың  сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.Экономикалық және әлеуметтік даму  қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

     Қаржы саясаты – бұл қоғамнаң элеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі  міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану  жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды  бөлігі болып табылады.Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, бага және  кеден саясаты қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтіқ  саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.Қазіргі таңда қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап,  қайта құрылды. Осыған байланысты оның қазақстандық әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандарып одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттың табыстық үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

     Курстық жұмыстың мақсаты – еліміздің қаржы секторының ағымдағы жағдайын бағалау және қаржы жүйесінің экономикалық басқа секторларға әсеріне талдау жасау.

     Жұмыстың  құрылымы: жұмыстың негізгі бөлігі үш тараудан тұрады. Бірінші бөлімде: қаржы және саясатының мәні,  функциялары,  мазмұны,  міндеттері мен мақсаттары,  жеке қағидалары қарастырылып,  қаржы механизмін қалыптастыру жолдары көрсетілген.

     Екінші  бөлімде: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жағдайына талдау жасалды. Оның екінші деңгейі банктердің тәуекел рейтінін бағалу жүйесі, 2005-2006 жылдардағы, ағымдағы жағдайы кеңінен талданып,  олардың шағын және орта бизесті несиелеу жағдайы қарастырылды.

     Үшінші  бөлімде: Еліміздің қаржы жүйесінің бірінші даму мүмкіндіктерімен болашағы қарастырылып, оның ішінде ҚР-ң қаржы секторының даму болашағы, банк аясында инвестициялау мәселелрі: Чехияның банк жүйесінің даму тәжірбиесі, еліміздегі банк секторына қолдану шаралары қарастырылып, тереңінен талқыланды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Қаржының мәні, функциялар мен рөлі 

     Саясат  мемлекет қызметітің барлық бағыттарын қамтиды.Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың  сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

     Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды.Оңы жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орыңдаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалықмүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

     Қаржы саясаты – бұл қоғамнаң элеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады.

     Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, бага және кеден саясаты қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтіқ саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.

     Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік  саясатты жүргізудің негізгі құралы долып табылатын қаржы саясатын анықтайды.

     Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің  қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және коғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

     Мезгілінінң ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

     Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезендері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.

     Қаржы тактикасы қаржы байланыстарды  ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта  топтастыру арқылы қоғамды дамытудың  нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды.Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен ( икемділігімен ) еркшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.

     Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады :

     1). Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;

     2). Дағдарысты жай – күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;

     3). Халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу  

2. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен қағидалары 

     Қаржы саясаты – бұл қоғамнаң элеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі  міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану  жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады.

     Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны айтарлықтай  күрделі,өйткені ол шаралардың ауқымды  кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру  стадияларын қамтиды, олар:

1)  экономикалық зандардың әрекеті, экономиканың жай – күйі, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген  тұжырымдамасын әзірлеу;

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттарды мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және  тактикалық шараларын тұжырымдау;

3) белгіленген іс - әрекеттерді қаржы механизмі арқылы ( экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай жаңғырта және түзете отырып) іс жүзеге асыру.

     Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық зандардың іс - әрекетін есепке ала отырып, қоғамды  дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

     Қазіргі кезенде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

     а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің  ерекшеліктері негізінде қаржы  ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын  көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

     ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық  сеторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

     б) экономикалық дамудың белгіленген  бағыттарын  орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

     Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған  байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті  жандандыра түсүге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі. 

3. Қаржы механизмі қаржы саясатын жүргізу тетігі 

     Қаржы саясвты нақты шаруашылық өмірде қаржы маханизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық жәнеәлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

     Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

     Қоғамдық  шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілелерінің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес ресрубликаның, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

      Жалпышараушылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрылымы бар  және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардың көптігі қаржыны  ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы мехнизмінің құрылымы қаржы қатынастарын топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.

      Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), болгы, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды

     Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары,  ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің режімі, қаржыны ұйымдастыру.

     Қаржы механизмінің блогы (буыны) – бұл  жалпы мақсатты бағыттылық белгісі  бойынша біріккен біркелкі өзара  байланысты элементтердің жиынтығы.

Информация о работе Қаржының мәні, функциялар мен рөлі