Қаржылық есеп берудің құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 14:58, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық есеп беру заңдар мен принциптер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.
Және де бұл тақырыпқа сай мынадай бөлімдер қарастырылады:
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау
ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау.

Содержание работы

Кіріспе

I Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері

1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы......................................................... 4
1.2 Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар......................... 7
1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары................................................... 8

ІІ Бөлім. Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау және дайындық жұмыстары

2.1. Объектілерді түгендеу жұмыстары................................................... 10
ІІІ Бөлім Қаржылық есеп беруді жасау

3.1. Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу......................... 13
3.2. Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері..... 14
3.3. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі................................ 15
3.4. Қаржылық есеп беру элементтері...................................................... 16
3.5. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру........................ 19
3.6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру....................... 20
3.7. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба........................ 22




Қортынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Қасымшалар

Содержимое работы - 1 файл

Ж О С П А Р .docx

— 66.34 Кб (Скачать файл)

Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін ұйым басшылығы  қаржылық жағдай, оның нтижелері мен  қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы  ақпаратқа сүйене отырып, жауапкершілік  көтереді.

 Қаржылық есеп беру  кәсіпорынның инвестииялық саясатын  жасауға, несиелеу аясын дұрыс  қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының  ағынын бағалауға, кәсіпорынның  міндеттемесі мен ресурстарын  бағалауға және олардың басқарушы  органдарының қызметіне қажет  ақпараттармен қамтамасыз етуге  өз септігін тигізеді.

 Кәсіпорынның қаржылық  есеп беруін әрқилы пайдаланушыларының  әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы  жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан  олардың негізгі талабы кәсіпорынның  алған меншік капиталы мен  басқа инвестииясы туралы ақпараттар  оларды қанағаттандыруы тиіс.

 Бұл ереже барлық  пайдаланушылардың мүддесіне ортақ  әрі сай келетін ақпарат болып  саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар  келесі ақпаратқа мүдделі болып  келеді: Қосамша 1

 

 Қаржылық есеп беру  өзара байланысты, өйткені ондағы  шаруашылықтың бір ғана операциясы  әртүрлі фактімен көрініс табады, әрбір есеп беру әртүрлі ақпартты  береді, ал оны сол немесе басқаша  күйінде ШЖС пайдаланады.

 Қаржылық есеп пайдаланушылар  үшін айқын, түсінікті болуы  және барлық мәнді ақпараттарды  ашуы тиіс. Қажет болған кезде  түсініктеме хаттамасында баптардың  жіктемесі  мен ақша қаражаттары  туралы қосымша мәліметтер арқылы  олардың мазмұнын түсіндіру керек.

 Қаржылық есеп беруде  заңды тұлғалардың атауы, тұрған  жерін, есеп беру кезеңі мен  күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ  ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.

 Қаржылық есеп беру  өткен кезеңдердің мәліметтерімен  салыстырылады. Есеп беру ҚР-ның  валютасында жасалады, өлшем бірлігі  – мың теңге. Жылдқ есеп  берудің есептік кезеңі болып  толық, күнтізбелік жыл саналады, ал жаңадан құрылған субъектілер  үшін – заңд тұлға ретінде  статусын алған күннен бастап  есепті жылдң 31-ші желтоқсанына  дейін саналады. Меншік иесінің  есеп берудің басқа да кезеңдігін  белгілеуге құқығы бар.

 

3.2. Стандарттар  және қаржылық есеп беруді  дайындау ережелері.

 Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп приниптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартары комитеттері (ҚЕХСК) Австралия, Канада, Франия, Германия, Жапония, Мексика, Голландия, Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ-тың ксіби бухгалтерлері арасындағы келісім нтижесінде құрылды. 1983 жылдан бері барлық ксіби бухгалтерлерлік үйымдар Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы мүшелерң ҚЕХСК-ның мүшелері болдыү

 Қаржылық есеп берудің  Халықаралық стандартары комитеті  барлық жерде қабылданып, ұстану  үшін 41 ҚЕХС жете зерттеп, жасап,  жариялады жне ұсынды.

 ҚЕХСК-ның басты мақсаты  – егер мыналар анықталып,  қол жеткізілсе, қаржылық есеп  беруді ұсыну:

  • Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;
  • Ақпараттық жүйе құру приниптері;
  • Осы ақпараттың салалық сипаттамалар;
  • Қаржылық есеп беру элементтері;

1997 жылдан бастап ҚР-да  ҚЕХС негізінде жасалған бухгалтерлік  есептің стандарттары қолданыста  жүр.

 

 

3.3.Бухгалтерлік  есептің тұжырымдамалық негізі

Ол мынандай аспектілерден  тұрады:

    • Қаржылық есеп берудің мақсаттары – пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.

Алайда, қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы  ақпарат жинақтайды:

    • несиелерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
    • субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға;
    • субъектінің ресурстары мен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;
    • басшы органдардың жұмысын бағалауға.

 Экономикалық шешімдерді  қабылдау үшін пайдаланушыға  субъектінің ақшалай қаражатты  генерациялайтын қабілеті, генерациялау  мерзімі мен алынған қорытындыларға  сенімділік туралы ақпарат керек. 

 Бұл үшін оларға  субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін  бейнелеп көрсететін ақпарат  қажет.

 Қаржылық жағдайда  ол бақылайты экономикалық ресурстар,  оның қаржылық құрылымы, өтімділігі, төлем қабілеттілігі мен жұмыс  істейтін орта өзгерістерін қабылдауға  қабілетттілік әсер етеді.

 Өтімділік, төлем қабілеттілігі  – қаржылық міндеттемелерді осы  кезеңде өтегеннен кейінгі жақын  арадағы ақшалай қаражаттың бар  болуы.

 Субъект қызметінің  көрсеткіштері, оның тиімділігіпайдалылығы  туралы ақпарат экономикалық  ресурстарда болатын ықтимал  өзгерістерді бағалау үшін керек.

 Ақшалай қаражаттың  қозғалысы туралы ақпарат субъектінің  ақшалай қаржыны алу қабілеттілігін  бағалаған кезде пайдалы.

 Қаржылық есептер өзара  байланысты, өйткені олар шаруашылық  өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.

 Түсініктеме жазбада  пайдаланушыларға қаржылық есеп  баптары жөніндегі қосымше мәліметтер  болады.

    • Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері

 «Бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есеп беру туралы»  заңда бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есеп берудің негізгі  мақсаттары белгіленген:

    • субъектінің, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толы жне сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;
    • субъектінің шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

 Қойылған міндеттерді  орындау үшін қаржылық есеп  беру негізгі принциптерге және  саналық сипаттамаларға сәйкес  жасалады.

 Кезеңдік қаржылық  есеп беру субъект жөніндегі  бухгалтерлік ақпаратты топтастырудың  негізгі құралы болып табылады.

 

3.4. Қаржылық есеп  берудің элементтері 

 ҚР-ғы бухгалтерлік  есептің стандарттарына сай мынадай  принциптер қабылданған:

    • Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операиялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте мағызды.
    • Үздіксіз қызмет. Субъект өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымынелеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.

 Элементтер – қаржылық  есептерге кіруге тиісті баптар  тобы. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы  жеті элемент (активтер, міндеттемелер,  капитал, кірістері, шығыстар, пайда,  шығындар) белгілейді. Олар ұсынылатын  қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға  пайдалы ақпарат беретін бөлінбес  қасиеттері болып табылады. Қаржылық  есеп беру мәміленің және басқа  да оқиғанық нәтижесін сыныпқа  топтастырып, экономикалық мазмұнына  сәйкес көрсетіледі. Экономикалық  мазмұны қаржылық есеп берудің  элементтері болып табылады:

 Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда боуына соқтырмайды. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.

 Активтердің физикалық  нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар  т.б.) және ондай нысаны болмауы  да мүмкін (лицензия, ноу-хоу, гудвилл  т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық  қарыз ретінде болып келуі  мүмкін.

 ШЖС активтерге меншік  құқығы болуы да болмауы да  мүмкін, бірақ сол активтер кәсіпорынның  өз меншігіне жатпаса да, олардың  сақталуын қаматмасыз етеді және  оларды пайдаланудан алатын олжаны  бақылай алады. Жаңа активтерді  жасау мен оларға жұмсалған  шығыстар арасында тікелей байланыс  болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде  әр уақытта бір-бірімен тура  келе бермейді. Бұл жағдайда шығын  тек болашақ олжаны іздестіру  үшін жасалғандығын көрсетеді,  бірақ бұл активтердің түпкілікті  өз арналымдарына арналғанын  көрсетпейді.

 Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағы және болашақтағы түрі болады. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісімшартқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттмеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

 Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есесте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы,резервтік капиталы және бөлінбеген пайда. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

 Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижені өлщеу элементі табыс пен шығыс болып табылады.

 Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі емес қызмететн алынған табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы, ТМҚ-дан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.

 Шығыстар – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып саналмайды.

 Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:

    • кез келген болашақтағы олжаны осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де шығып кетуі де мүмкін;
    • баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

 Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

  • Бастапқы құны – активтер тараптардың келесімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады, міндеттме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады.
  • Ағымдық құны – активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді, міндеттемелер есеп берудегі дисконтталған бағасы бойынша көрініс табады, тап осы сомада өтелуі талап етіледі.
  • Сату құны – активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін, міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған сомасын білдіеді және олардың өтелуін талап етіледі.
  • Дисконтталған құн – активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын көрсетеді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі.
  • Баланстық құны – актив пен міндеттеме баланстық есеп беоілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.

Информация о работе Қаржылық есеп берудің құрамы