Инвестиция – ел экономикасы дамуының кепілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 19:08, курсовая работа

Краткое описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін , объективті сипатымен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстарды мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категорияның бірі болып табылады.Ол натуралды шаруашылықтан – жүйелі тауарақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды, мемлекеттік және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байланысты болды.

Содержание работы

КІРІСПЕ.

I.ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ.
1.1.Нақты және қаржы инвестициялар.
1.2.Тікелей және жанама инвестициялар.
1.3.Инвестициялық іс-әрекет және жоба.

II. ИНВЕСТИЦИЯ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
2.1 ҚР- ғы инвестициялық саясаттың мәні
2.2.ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі.
2.3.Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері. 2.4.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу.

III.ҚР-ҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1. Инвестициялық климат.
3.2.Шетел инвестицияларының ролі.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Содержимое работы - 1 файл

« Инвестиция – ел экономикасы дамуының кепілі.doc

— 331.50 Кб (Скачать файл)

 

 

  Тақырыбы : « Инвестиция – ел экономикасы дамуының кепілі »

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ.

 

I.ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ.         

1.1.Нақты және қаржы  инвестициялар.

1.2.Тікелей және жанама инвестициялар.

1.3.Инвестициялық іс-әрекет және жоба.

 

II. Инвестиция – ел экономикасы дамуының кепілі

2.1 ҚР- ғы инвестициялық саясаттың мәні

2.2.ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі.

2.3.Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері. 2.4.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу.

 

III.ҚР-ҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

3.1. Инвестициялық климат.

3.2.Шетел инвестицияларының ролі.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін , объективті сипатымен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстарды мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категорияның бірі болып табылады.Ол натуралды шаруашылықтан – жүйелі тауарақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды, мемлекеттік және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байланысты болды.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және фунцияларымен айқындалады. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін түпкілікті ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі  - оның тұлғалануының  ақша нысаны және ақшаның нақты қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі . Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.

Нарықтық қатынас жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңыздылығын талдаудың маңызы зор. Кәсіпкерліктің тәуелсіздікке ие болуымен және олардың меншік иелері , коммерциялық серіктестер, жұмысшылар және тағы да басқа контрагенттер алдында өзінің өндірісітк кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.  Қаржылық жағдай дегеніміз бұл қаржы ресурстарының қолда барын үлестіріп, таратылуын, пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы , ал, кәсіпорынның қаржылық жағдайы – осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және  оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуді , қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарын қамтамасыз етілуін көрсетеді.  Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз тәуелдіктің мүмкін болатын деңгейде төлем қабілеті мен несие қабілетін сақтай отырып, табыс не пайданы өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жағдайына төмендегі факторлар әсерін тигізеді:

1.   Пайда болу орнына байланысты : ішкі және сыртқы;

2.   Нәтижесінің маңыздылығына байланысты :негізгі және негізгі емес;

3.   Құрылысы бойынша: қарапайым және күрделі;

4.   Әрекет ету бағыты бойынша : тұрақты , уақытша деп бөлінеді.

 

 

 

 

 

Бөлім Ι.               ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ

1.1.                        Нақты және қаржы  инвестициялар

 

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономикасының тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы  әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға  негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы  инвестор елдің  тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан  алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың  жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін  атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы  бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:

-       инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;

-       кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мемлекетке әсерін қарастыру, кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу;

-       ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;

-       шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру,талдау

-       ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;

-       инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына  өз әсерін тигізеді.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интеллектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.              Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға жұмсалымы. Қаржы инвестициялары-мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда, инвестор,өзінің өндірістік капиталының көлеміне-өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда,инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

 

1.2.Тікелей және жанама инвестициялар

 

Инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы  «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар,басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін,яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері:

   Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың,мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады;

   инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелдік деңгеймен байланысты - венчурлық инвестициялар.

Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту.

Кәсіпорынның бұл саладағы  іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы заңы

бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.

 

1.3.Инвестициялық іс-әрекет және жоба

 

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар,тапсырыс берушілер,жұмысты орындаушылар,инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған - жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:

1.        инвестициялық ұғымды қалыптастыру;

2.        инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;

3.        жобаны техникалық экономикалық негіздеу;

4.        жер учаскесін алу немесе жалға алу;

5.        келісім құжаттарын дайындау;

6.        құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;

7.        объектіні қолдану,экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары,кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.                                          Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:

- табиғи активтерге инвестициялар;

- ақша активтеріне инвестициялар;

- материалдық емес активтерге инвестициялар.

Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне - басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде-депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер,қарыздар,кепілдер.

Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы,сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнімге сертификат алу,жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:

   Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын, өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау;

   Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты-өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту;

   Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.

Жалпы инвестициялардың ішкі және сыртқы көздері болады. Инвестицияның ішкі көздерін жинақтар құрайды, яғни алынған табыстардың тұтынылмаған көздері жатады.

Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп,ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық субъектілері жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе

инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда «жинақшы» мен инвестор сәйкес.

Инвестицияның сыртқы көздері:

1.Шетелдік тікелей инвестициялар - ҚР-ның дербес кепілдіктеріне байланысты және ҚР-на берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.

Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны:

а)Халықаралық валюта қоры

б)Халықаралық қайта құру және даму банкі

2.Шетелдік портфельдік инвестициялар.Жалпы шикізатқа байланысты компанияның акциясын сатып алу.

3.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның гранттары.

4.Шетелдік несиелер мен қарыздар. Олар көбінесе Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды  5-7 жылға дейін береді. Олрдың қатарына Ислам даму банкін, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім II. Инвестиция – ел экономикасы дамуының кепілі

2.1. ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі, инвестициялық саясат

Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамуына негіз болады.

Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары. Тапсырыс берушілер инвесторлар және инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы практикалық түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық сферада іс-әрект жасайды.  Инвестициялық сфера құрамына қосылады:

                  Капиталды құрылыс сферасы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;

                  Инновациялық сфера, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуалдық потенциялдың жүзеге асырылуы;

                  Қаржылық капиталды айналдыру сферасы.

Инвестициялық қызмет «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң, «ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары

туралы» Заң күшіне ие, «Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заң және «Банкроттық туралы», «Коннцессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР –ның инвестициялық қорлары туралы» және де басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары:

1.                  экокномиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету,өзінің ішкі ресурстарының жеткіліксіздігінен;

2.                  үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу және өндірісті басқару, «ноу-хау»;

3.                  Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін жандандыру;

4.                  серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру процесінде шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешу қажет:

   экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына  жәрдемдесу;

   өндірісте бәсекелік сфераны дамыту;

   экспорттық потенциялдың өсуі мен дамуы, шикізат бағытын жеңу, экспорттық экспасияны күшейту, өз позициясын ішкі нарықта нығайту;

   ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту;

   өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың жасалуы;

   депрессивті,алыстағы,экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу;

   жаңа жұмыс орындарын жасау.

Қойылған мәселелерді шешу келесі шарттарды қажет етеді:

   Алдағы 10 жылдағы Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының қажеттілігінің болжамын жасау және нақты құйылуын жүзеге асыру;

   Шетел инвесторлары үшін инвестициялық тәуекелдің минимизациясына бағытталған тұрақты режимді құру және заң арқылы бекіту;

   Тікелей және қоржындық инвестициялардың құйылуына тиімді стимул жасау;

   Шетел инвестицияларын реттеуге бағытталған қажетті және тұрақты құқық негіздерін жасау;

   Жүзеге асырудың ұйымдастырушылық механизімін жасау, бағдарламалық іс-шараларды іздеу және жетілдіру.

Осы мәселелерді шешу, менің ойымша, елімізде тартымды инвестициялық климатты жасауға және шетел инвесторларының инвестициялық қызметін күтуге мүмкіндік береді. Егер де инфляцияның төмендеуі, макроэкономикалық тұрақтылық жүзеге асырылса ғана бұл нақты факт болады.

Негізгі капиталға инвестициялар.Төмен  инвестициялық белсенділік салдарынан экономиканың нақты секторының негізгі капиталы әбден ескірді, іс жүзінде экономиканың барлық салалары техникалық жағынан кері кетуде. Негізгі капиталға инвестицияның қазіргі ІЖӨ-нің  18-19 % мөлшеріндегі деңгейі таяу жылдары негізгі капиталды оның табиғи тозу салдарынан толық шығарып тастауы мүмкін. Кәсіпорындардың амортизациялық аударымдарыны негізгі өндірістік құралдарды ұдайы өндіру функциясын орындамайды және нысаналы пайдаланылмайды. Көптеген кәсіпорындарды шетелдік инвесторлар өндіріс қуаттарының қалдық құнынан едәуір төмен баға бойынша сатып алды. Алайда бұл ретте кәсіпорындардың  жаңа меншік иелері салық салынатын пайдадан амортизациялық шегерім  жүргізу мүмкіндгін басқа кәсіпорындармен бірдей пайдаланады.

                                                                                      

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында 2006 жылы «Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты шоғырлануы – мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі» атты бірінші бағыттарының бірі – Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтары қорғалған және сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасуы болып табылады.Оны жүзеге асыру үшін жоғары  техникалық және ғылыми әлемдік өндірушілердің мақұлдауы мен қолдауына ие болуға және жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануға тиіс.

       « Республиканың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына» сәйкес , индустриялық-инновациялық саясат артықшылықтарын анықтауда , өнеркәсіпті жаңартудың басым бағыттарын анықтау үшін отын-энергетикалық кешеннің және экономиканың басқа да базалық салаларының инвестициялық және өндіру әлеуетін пайдалану белгіленген.  2005 жылы өнеркәсіп бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2004жылмен салыстырғанда 3,4% көбейді.

Инвестициялардың едәуір бөлігін (өнеркәсіпке салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 59-77%-ы ) 1998-2005жылдар аралығындағы кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары игерген . Олардан негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 54-71  %-ы өңделмеген мұнай мен табиғи газды шығару және осы салаларда қызмет көрсету кәсіпорындарының үлесінде . Өңдеу өнеркәсібі  осы кезең ішінде  негізгі капиталға салынған инвестициялардың аздаған көлемін металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары (42-59%), сусындарды қоса , тамақ өнімдерін (13-21%), кокс , мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндіру (3-12%), химия өнеркәсібі (2-8% ) кәсіпорындары игерген.

Табиғи ресурстарға бай ел ретінле ,Қазақстан үшін экономканың дамуының басым бағыттарының бірі , отын-энергетика кешеніне инвестициялық ресурстарды жұмылдыру болып табылады. Нақ соның дамуының арқасында республика үлкен инвестициялық тартымдылыққа ие болып жүр. 2005 жылы  отын-энергетикалық  кешен саласындағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 516,6 млрд теңгеге жетті, ал бұл көрсеткіш өнеркәсіпке салынған инвестициялар көлемінің 23,4 %-ын құрайды .(1998 жылы – тиісінше 69,1% және 41,2  % ). Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасында , отын-энергетикалық  кешен салалары арасында Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қазіргі уақытта генерациялық қуат тапшылығын бастан кешіріп отырған, электр энергетикасының дамуына көп бөлігін бөлінген. Осы салаға жұмсалатын инвестициялар көлемінің әрі қарай өсуіне , 2004жылы басталған жалпы ұзақтығы  1115 км Қазақстанның Сотүстік- Оңтүстік 500 кВ электр берудің екінші желісін құрудың ең ірі жобасы мүмкіндік туғызады.Ол құрылыс аяқталған соң, 20008жылы Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында электрмен жабдықтау сенімді қамтамасыз етіледі.

 

Тәуелсіздік жылдарында, өнеркәсіп салаларындағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың едәуір көлемін Атырау,Ақтөбе, Маңғыстау,Қарағанды облыстарының кәсіпорындары игерген.Қарашығанақ кен орындарындағы жұмыстардың аяқталуына байланысты, БҚО-да 2000 жылмен салыстырғанда 2005 жылы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 27,6 пайыздық пунктке төмендеген.

Негізгі капиталға жиналған инвестициялар және олардың өңірлер бойынша «Өнеркәсіп» салаларындағы құрылымы   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1998

 

              2000

            

               2005

 

млн тг

 

қоры-тындыға

%-бен

млн тг

 

қоры-

тындыға

%-бен

млн тг

 

қоры-

тындыға

%-бен

Қазақстан

Республикасы

157661

100,0

385940

100,0

754172

100,0

Ақмола

314

0,2

975

0,3

9297

1,2

Ақтөбе

14442

9,2

33862

8,8

99372

3,2

Алматы

4524

2,9

4912

1,3

18652

2,5

Атырау

44758

28,4

91700

23,8

226513

30,0

Шығыс Қазақстан

7917

5,0

21527

5,6

28263

3,7

Батыс Қазақстан

17097

10,8

125909

32,6

37605

5,0

Қарағанды

19118

12,1

25927

6,7

73765

9,8

Қызылорда

11195

7,1

7469

1,9

31070

4,1

Маңғыстау

6451

4,1

28917

7,5

97138

12,9

Павлодар

12873

8,2

16450

4,3

29500

3,9

Солтүстік Қазақстан

1756

1,1

1240

0,3

8567

1,1

ОңтүстікҚазақстан

3791

2,4

8204

2,1

24668

3,3

Астана қаласы

1913

1,2

3089

0,8

14251

1,9

Алматы қаласы

6237

3,9

7895

2,0

39980

4,5

                                                       

2.2. Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері.

 

Инвестициялық саясаттың мәні өте зор. Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып,елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру - шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Сол арқылы экономиканың,оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар еді.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

   Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

   Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

   Шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизімі арқылы.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету-мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР Президенті бекіткен күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттілігі де ескеріледі.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды,мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды.Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды,инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы,қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды

1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа ел орданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.

Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие рейтингі берілген.

Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі  туралы түсінігінің болмауынан  күрделі күйде тұрды.1993 жылы «Шеврон»корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

Шетелдік инвестициялар негізінен өнеркәсіптің өндіруші саласына көңіл бөлуде,ол республика халық шаруашылығы құрылымының бір жақты дамуын сақтайды,әсіресе Қазақстанның басқа елдер алдында ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелділігін қалыптастырады. Сондықтан,шетелдік инвестициялардың қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға дайын сапалы өнімдер шығару негізінде, елдің экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату және импортты алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалануы тиіс. Түптеп келгенде, республика аумағын шетелдерде экологиялық таза өндірістерді ұйымдастыруға қажетті шикізат өнімдерін беретін салалардың даму полигонына айналдырмау керек.

Қорыта келе мемлекеттегі инвестициялық саясатты жүргізудегі мәні өте жоғары екеніне көзіміз жетті. Әсіресе біздің елде,себебі осы инвестициялық саясатты жүргізе отырып,біз өз мемлекетіміздің экономикасын әрі қарай дамытып,тиімді пайдалана білдік.

Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ,біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет,ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет,себебі:

   Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;

   Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;

   Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;

   Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интеллектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;

   Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;

   Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;

   Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.

Мемлекеттегі инвестициялық саясаттың өткізу кедергілеріне тоқталар болсақ, біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық қорларды пайдаланудың маңызды қағидасы елдің экономикалық (саяси) және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту болып табылады.Осыған байланысты,экономика салаларының негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға болмас. Практика көрсеткендей,олардың барлығы дерлік инвестициялау жағдайларын сақтап және біздің мүдделерімізді,әсіресе экологиялық қауіпсіздікті ескеріп отырған жоқ. Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып табылады,бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады.

Түптеп келгенде, шетелдік инвестициялық несиелер,елдің өз несие қорымен салыстырғанда 2-3 есе қымбатқа түсуі мүмкін.

Шетелдік инвестицияларды тартудың бір нысаны - концессиялық келісімдер. Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі,концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау  және табиғи  ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелерді,жергілікті жұмыс күшін пайдалану жағдайлары және тағы басқалары көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісімшарттарын бұзуға мүмкіндік алатын болса, онда қабылдаушы елге экономикалық тәуелсіздігінен айрылу қаупі туындайды.

Шетелдік инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы-ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей,бір жақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады,нәтижесінде екі жақта ұтылып қалуы мүмкін.

Шетел инвестицияларында жетекші орындарда Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея алып отыр. Айта кететін бір жайт,инвестициялық белсенділікті жоғарлатуға  ұйымдастырушылық-құқықтық және салық жүйесіндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық  кедергі болды.

Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің,оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы негізгі болып табылады.

 

2.3.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

 

Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын

және қозғалмайтын мүліктерден жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан тағы басқалардан тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларда көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса,онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қызмет - «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:

   Күрделі инвестиция;

   Инвестициялық сфера;

   Қаржы капиталын пайдалану сферасы;

   Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасы.

Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтерінде де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы,айналым сферасындағы айналым қорларынан тұрады.

Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Бұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша

құнымен қайта есептелуі тиіс.

Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі.

                  FV = PV x (1 + i ) n

және

                  PV =  _FV_ =  FV x  (дисконттау мөлшерлемесі)

                    (1 + i) n

Бұл жерде:

-       ақшаның келешектегі құны (FV);

-       пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны (PV);

-       ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны (n);

-       дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны (i).

Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабелділік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланылады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни,инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін,есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.

Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру,осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын-ала дайындауды талап етеді.

Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылданған моделінің логикасын макроэкономикалық деңгейде де қолдануға болады.

Түптеп келгенде, бұл модель төмендегі кестеде көрсетілген.

                                    Стратегиялық жоспарлау.

Идеяны іздестіру.

Жобаларды анықтау және алғашқы талдау.

Қаржылық талдау және шешім қабылдау.

Жобаны жүзеге асыру.

Мониторинг және инвестициялық бақылау.

                                                   Бақылау

                                          Еңбек  ресурстары.

   

Кесте де көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің

сыртқы жағдайлары және сонымен қатар «шектеушілер» түрінде көрініп тұр.

Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған (бюджеттік) қорлар есебінен жүргізіледі,ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға жұмсалған өз қаржыларының есебінен толтырылады. Осы көрсеткіштердің динамикасын Қазақстан бойынша төменде келтірілген мәліметтер арқылы байқауға болады.

   Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар нақты бағамен,млн.теңге.

Жылдар

Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестиция

                      Оның  ішінде

 

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға

Мемлекеттік емес

кәсіпорындар мен ұйымдарға

Тұрғындарға жеке меншікті үйлер мен пәтерлер салуға.

 

млн теңге.

%

млн теңге

%

млн.теңге

%

млн.теңге

%

1995

2000

2005

13059

148590

404175

100

100

100

12541

66780

53755

95,3

44,9

13,3

383

80029

342188

2,9

53,8

84,6

225

1781

8232

1,7

1,2

2,0

 

                                                                                     

Кесте мәліметтерінен байқайтынымыз, соңғы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине ,жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.

Енді қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу көрсеткішін талдайық.

Қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу.

 

1995

2000

2006

Күрделі құрылысқа инвестициялар,барлығы

Бюджеттік қаржылар

Соның ішінде:

   Республикалық бюджеттің

   Жергілікті бюджеттің

   Бюджеттен тыс қаржылардың есебінен

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары

Жеке құрылыс салушылар

Шет ел инвестициялары.

100,0

38,9

 

...

...

...

59,5

1,7

...

100,0

5,0

 

3,5

1,1

0,4

92,3

1,2

1,5

100,0

10,0

 

3,2

6,8

...

49,4

2,0

38,6

  

Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың көлемінде бюджеттік қаржылардың үлесі жылдан -жылға төмендеуде. Егер бұл көрсеткіш 1995 жылы 38,9% -ке тең болса, 2000 жылы 5% -ке, ал 2006 жылы – 10%-ке тең. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларының үлесі, тиісінше, 59,4%, 92,3%, 49,4% болып отыр. 10 жыл ішінде жеке құрылыс салушылардың қаржыларының үлесі айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеу шетел инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рөл атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек,олардың үлесі 2000 жылға 1,5 % -тен 2006 жылы 38,6%-ке дейін өскен. Шетел инвестицияларында жетекші орындарды АҚШ, Жапония, Ұлыбритания,

Оңтүстік Корея сияқты елдер алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарлатуға ұйымдастырушылық-құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық тағы басқа кедергі болуы мүмкін.

Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметті тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы

басшылыққа алу – яғни инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен,тікелей инвестициялар мен инвестициялық несие берудің қолайлы жағдайларымен ,жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі. Шетел инвестицияларды тартудың тағы бір негізгі қағидасы –ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықарлық тәжірибеде көрсеткендей,біржақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады,нәтижесінде екі жақта ұтылып қалуы мүмкін.

Шетелдің инвестициялық қорларды пайдаланудың маңызды қағидасы елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту болып табылады. Осыған байланысты,экономика салаларының негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға болмас. Практика көрсеткендей, олардың барлығы дерлік инвестициялық жағдайларын сақтап және біздің мүдделерімізді,әсіресе экологиялық қауіпсіздікті ескеріп отырған жөн. Және де, шетелдік инвесторлар негізінен өнеркәсіптің өндіруші салаларына көңіл бөлуде, ол республика халық шаруашылығы  құрылымының  біржақты дамуын сақтайды, әсіресе Қазақстанның басқа елдер алдында ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелділігін қалыптастырады.Сондықтан,шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға дайын сапалы өнімдер шығару негізінде, елдің экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату және импортты алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалануы тиіс. Түптеп келгенде, республика аумағын шетелдерде экологиялық таза өндірістерді ұйымдастыруға қажетті шикізат өнімдерін

беретін салалардың даму полигонына айналдырмау керек.

Маңызды қағидалардың инвестициялық келісімдері мен инвестициялық жобалардың ашық - жариялық негізде болуы.

Инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштері жене жүзеге асыру механизмдері келісуші жақтарға алдын-ала белгілі болуы шарт. Және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануы тиіс. Бұл жерде сөз мемлекеттік құпияны құрайтын нысандар туралы болып отырған жоқ. Егер қағидалар

инвестициялық қызметті дұрыс басқару үшін қажет болса, шетелдік инвестицияларды тарту формалары нақты жағдайды ескере отырып,оладың қолайлысын таңдап алу қажет. Тікелей инвестициялау - шетел инвестицияларын тартудың тиімді және нәтижелі түрі болып есептеледі. Ол адресітілігімен және өндірістік сфераға бағытталумен ерекшеленеді. Ол халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық интеграция үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді,біріккен кәсіпорындар құру негізінде екіжақты интелектуалдық потенциялын өзара байытады. Қабылдаушы елдер жаңа құрылыс,болмаса жекешелендіру негізінде шетелдік кәсіпорын құру – осы фирманың бір түрі. Бірақ,шетелдік инвестицияларды тартудың бұл формасы халық шаруашылығының аумақтық,салалық құрылымының тиімді өзгерту,оның шикізаттық бағытын жою және экономика мен өнеркәсіптің негізгі саласын техникалық қайта жарықтандыру үшін қолданылуы тиіс.

Соңғы кездері, өндіргіш қондырғыларды және экологиялық таза технологияларды жалға алу лизингтік операциялар,жекелеген жұмыс түрлерін атқару жөнінде келісім жасау сияқты халықаралық экономикалық қатынастардың аса күрделі емес формасы да қолданылуы. Бұндай лизингтік келісімдер қабылдаушы жақ үшін экономикалық және әлеуметтік пайда ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық үрдісті жеделдетуге мүмкіндік береді.

Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып табылады,бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Түптеп келгенде, шетелдік инвестициялық несиелер,елдің өз несие қорымен

салыстырғанда  2-3 есе  қымбатқа түсуі мүмкін.

Шетелдік инвестицияларды тартудың келесі бір формасы- концессиялық келісімдер. Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі, концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелері,жергілікті жұмыс күшін пайдалану жағдайлары және тағы басқа көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісім-шартын бұзуға мүмкіндік алатын болса, онда қабылдаушы елге экономикалық тәуелсіздігінен айырылу қауіпі туындайды.

Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей,мемлекеттің инвестициялық жобаларды бағалауы ғана емес, сонымен бірге, шетелдік инвестицияларды  тарту формаларын таңдауы да  стратегиялық мақсаттар мен  жоспарлардың шеңберінде жатыр.

Бұл шетел капиталының құйылымын ынталандыру мен тиімді пайдалану – ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың тактикалық жолдары екенін көрсетеді. Осы стратегияға сәйкес, барлық каналдар бойынша тартылатын шетел инвестициялары көбінесе төменгі екі бағытта пайдаланылуы тиіс:

1.   алдымен-капиталды,содан кейін-еңбекті,содан соң-ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту;

2.   шетелдік инвесторлардың қаржыларын экономиканың жеке меншік секторына бағдарлау.

Шетелдік инвесторлардың қызметі мен тартылған инвестициялық қорларды тиімді пайдалануға ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси,институционалды жағдайлар жасағанда ғана мемлекет жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше алады. Әзірге,осы жағдайлардың жетіспеушілігі, құқықтық негіздердің жиі өзгертіліуіне, инвестициялық қорларды пайдалану үрдісінің жариялы болмауына,экономикалық басқару органдарының тізімі мен құзырының жиі өзгертіліуіне, билік құрылымдарының сыбайлас жемқорлығына байланысты шетелдік инвесторлар сақтық танытуға

немесе бекітілген келісім шарттардан біржақты пайда көздеуіне мәжбүр.

Сол себептен, мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізігі бағыттары төмендегідей болғаны жөн:

   шетел инвесторларына кепілдік беретін сақтандырушылық құқықтық,қаржылық механизмдердің жетілдірілуі;

   олардың инвестициялық келісімдерде көрсетілген міндеттемелерін толық орындауын бақылау;

   басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылықпен дамыту үшін

инвестицияларды тартудың әр түрлі әдістері мен жолдарын кеңінен қолдану;

   отандық және шетелдік инвесторлардың импортты алмастыратын өнімді дайындаушы өндірістерге, экспорттық әлеуетті жоғарлатуға қаржы жұмсауын ынталандыратын  механизмдерді әзірлеу және іс жүзінде қолдану;

   басыңқы салалардың,әлеуметтік және экономикалық жағынан артта қалған аудандардың дамуына қаржы жасайтын инвесторларға жеңілдетілген салық тәртібін орнату,несие беру;

   экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы жұмсайтын заңды және жеке тұлғаларға материалдық-техникалық, қаржы-бюджеттік, салықтық,несиелік қолдау.

Жоғарыда айтылған мемлекеттің инвестициялық қызметінің бағыттары тек негізгі болып саналады, олардың нақты құрамы экономика дамуының тиісті кезеңіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім III. ҚР-ҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Инвестициялық климат

 

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.

Жалпы еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз

түсініп емес,керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт,бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық,өндірістік комплексін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республикалар салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді.Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол-ұлттық экономиканың  даму деңгейі болып саналады.

  Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

Негізгі әсер(0-ден 7-ге дейін)

әсер ету белгісі.

1.Бюрократия.

2.Елдегі қаржы-салық режимі.

3.Құқықтық инфрақұрылым.

4.Қаржы нарығы.

5.Бөлу арнасының жетіспеушілігі.

6.Саяси тұрақсыздық.

7.Айырбастау бағамын реттеу.

8.Заң шығару тұрақсыздығы.

9.Бұқаралық ақпарт құралдары.

10.Коррупция.

6,7

3,6

3,1

4,6

1,3

3

2,8

3,9

2,9

6,1

-

+

+

+

-

-

-

-

+

-

 

Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:

   1. мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;

   2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

   3. экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

   4. инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;

   5. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;

   6. банктік жүйенің тұрақтылығы;

   7. саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы

Шетелдің инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.

Инвестициялық климат пен инвестициялық тәуекел бір бірімен тығыз байланысты. Егер инвестициялық жағдай қолайлы болса,онда инвестициялық

тәуекел аз болады. Ал егер инвестициялық жағдайы нашар болса, онда инвестициялық тәуекел жоғары болады.

Мемлекеттің әлеуетті нарықты сипаттайтын көрсеткіш-жалпы ұлттық өнім. КСРО кезінде біртұтас нарықтың әлеуетін көп уақыт өте қарастырды және ол инвесторларға негізгі түрткі болып отырды.КСРО ыдырағаннан  кейін әлеуетті инвестор жеке  мемлекеттердің  нарығында жаңа бағыт жасау керек болды. ЖҰӨ көлемі бойынша - Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Түркіменстан алда болды.Демек, әлеуетті инвестор үшін Қазақстан нарығы сипаты бойынша тартымды болды.

Инвесторлың көбі Қазақстанның азияттық өнім нарығына жақын болғанын маңызды артықшылығы дейді.

Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн.шаршы км) ЕЭО (2,3 млн.шаршы км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз.

Қазақстан әлемдегі шикі мұнай мен газдың ең ірі өндірушілердің бірі,бірақ үлкен иеленбеген территориялар бар және керекті инвестициялар болған кезде оның барлығы қолданылуы мүмкін. Біздің мемлекетіміз дүние жүзінде қоңыр көмір шығару бойынша екінші, тас көмір шығару бойынша үшінші болып тұр.

Асыл түсті және қара металдардың кен орны алдыңғы 15-20 жылда шығарылатынның потенциалды бағасы 245,7 млрд. АҚШ доллар немесе жылына 2,4 млрд.АҚШ доллар. Сонымен қатар эксплутациондық шығындар 160-180 млрд.доллар болып табылады.

Отын-энергетика кешені кен орнының потенциалды бағасы: көмір бойынша- 685,5 млрд., мұнай- 222,5 млрд. АҚШ доллар.

ҚР-ның экономикалық жүйесі орталықтандырылған әкімшіліктен нарыққа өтуі кезеңінің қиыншылықтарын көріп отыр.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден

2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті. Сөйтіп, инвестицияның 8,4%-і өңдеуге, 11,1%-і көлік және байланысқа, 56,6%-і тау-кен өндірісіне жұмсалды. Мұның ішінде шетел инвестициясы 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 25,1% болып,  299,5 млрд.теңгені құрап отыр.

Инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына,жекелеген кәсіпкерлерге көп жылға берілетін капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте де экономикалық реформалауды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. ҚР-да 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң жұмыс істейді.Ол ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден бір құқықтық-экономикалық негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер жүйесіне жол ашқан,кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген «Шетелдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы»Заң 1997 жылы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да өзге төлемдер туралы» Заңға өзгертулер енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық бағасын жетілдіре түсуде.

Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді

инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз»кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды  қаржыландыру  көздері анықталып, іске асырылды.

Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп,қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мекетеп салынды.

Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының басты

элементі бола отырып, оның мақсаттарымен, міндеттерімен сиптталады. Шетел инвестицияларын тарту мынандай мақсаттарға жетудің негізгі шарты болып табылады:

   Мұнай саласын жабдықтаудың базасымен қамту,оны өңдеу мен өндіруді алдыңғы қатарлы технологины қолдану;

   Мұнай-газ кешенінің мекемелерінің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жобаларының жүзеге асуы;

   Мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаудан валюталық түсімдерді дамытуды қамтамасыз ету.

Шетелдік қаражаттар есебінен негізгі капиталға салынған инвестициялар және    инвестор-кәсіпорындардың экономикалық қызметтері   түрлері бойынша  құрылымы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1999

           2002

         2005

млн тг

қоры-

тындыға

%-бен

млн тг

қоры-

тындыға

%-бен

млн тг

қоры-

тындыға

%-бен

Шетел инвест-ң барлығы

121952

100

311825

100

561887

100

Соның ішінде экон-қ қызмет түрлері бойынша

 

 

 

 

 

 

Өнеркәсіп

89989

73,8

194853

62,5

81427

14,6

Ауыл шар-ғы,аңшылық орман шаруаш.

21

0,0

650

0,2

1211

0,2

Кен өндіру өнеркәсібі

72085

59,1

185974

59,6

47428

8,5

өңдеу өнеркәсібі

13048

10,7

8629

2,8

31877

5,7

Электр энергиясын,газ бен суды өндіру ,бөлу

4856

4,0

250

0,1

2122

0,4

құрылыс

3929

3,2

208

0,1

70365

12,5

Сауда:автомобильдерді,

тұрмыстық бұйымдарды, жеке пайдалану заттарын жөндеу

2677

2,2

2973

0,9

590

0,1

қонақ үйлер мен мейрамханалар

3700

3,1

 

 

21

0,0

Көлік және байланыс

6973

5,7

8022

2,6

5425

1,0

Қаржы қызметі

 

 

 

 

 

 

Жылжым.мүлікке байл.операциялар,жалға

алу және тұтынушыларға қызмет көрсету

6078

5,0

88506

28,4

386741

68,8

Мемлекттік басқару

5487

4,5

14949

4,8

13968

2,

Білім беру

3058

2,5

1318

0,4

826

0,1

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

 

 

148

0,0

 

 

Коммуналдық,әлеуметтік

және дербес қызмет көрсету

40

0,0

198

0,1

1313

0,2

 

               

 

 

 

 

Пайдалану бағыттары бойынша шетелдік қаражаттар есебінен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 

 

 

         2003

2004

         2005

млн тг

қоры-

тындыға

%-бен

млн тг

қоры-

тындыға %-бен

млн тг

қоры-

тындыға

%-бен

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар-барлығы

287745

100,0

301388

100,0

561887

100,0

Соның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша

 

 

 

 

 

 

Өнеркәсіп

219685

76,4

178650

59,3

337315

60,0

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

3421

1,2

4973

1,7

4453

0,8

Кен өндіру өнеркәсібі

206532

71,8

146485

48,6

290006

51,6

өңдеу өнеркәсібі

11442

4,0

28977

9,6

44287

7,9

Электр энергиясын,газ бен суды өндіру және бөлу

1711

0,6

3188

1,1

3022

0,5

құрылыс

452

0,1

30

0,0

18537

3,3

Сауда:автомобильдерді,

тұрмыстық бұйымдарды, жеке пайдалану заттарын жөндеу

210

0,1

707

0,2

590

0,1

қонақ үйлер мен мейрамханалар

9

0,0

3

0,0

21

0,0

Көлік және байланыс

38521

13,4

32344

10,7

74361

13,2

Қаржы қызметі

 

Жылжым.мүлікке байл. операциялар,жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету

163386

 

 

 

5,7

 

 

 

77609

25,8

123045

 

21,9

Мемл.басқару

5159

1,8

2625

0,9

1484

0,3

Білім беру

101

0,0

739

0,2

185

0,0

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

1232

0,4

928

0,3

1333

0,3

Коммуналдық,әлеуметтік

және дербес қызмет көрсету

2569

0,9

2730

0,9

563

0,1

 

 

 

 

                  

Өңірлер бойынша шетелдік қаражаттар есебінен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар

 

 

 

 

 

 

  1999

 

     2002

            

              2005

 

млн тг

 

қоры-

тындыға

%-бен

млн тг

қоры-

тындыға

%-бен

млн тг

 

қоры-

тындыға

%-бен

Қазақстан

Республикасы

121952

100,0

311825

100,07

561887

100,0

Ақмола

57

0,0

196

0,1

453

0,1

Ақтөбе

111657

9,2

125531

4,0

25154

4,5

Алматы

4883

4,0

6065

2,0

22918

4,1

Атырау

1223

1,0

80193

25,7

376460

67,0

Шығыс Қазақстан

85,04

7,0

1348

0,4

13742

2,4

Жамбыл

499

0,4

225

0,1

9

0,0

Батыс Қазақстан

57299

47,0

181253

58,1

36372

6,5

Қарағанды

5197

4,3

12816

4,1

57405

10,2

Қостанай

 

 

 

 

 

 

Қызылорда

8752

7,2

1008

0,3

2215

0,4

Маңғыстау

4771

3,9

3179

1,0

7552

1,3

Павлодар

760

0,6

366

0,1

 

 

СолтүстікҚазақстан

1722

1,4

 

 

1561

0,3

Оңтүстік Қазақстан

309

0,3

3345

1,1

9011

1,6

Астана қаласы

11035

9,0

4731

1,5

8460

1,5

Алматы қаласы

5774

4,7

4569

1,5

575

0,1

 

2005 жылы негізгі капиталға жұмсалған шетелдік  инвестициялардың өңірлік құрылымында негізгі көлем (67%) Атырау облысына тиесілі болды.

1999 жылдан 2002 жылға дейін ең үлкен үлес Батыс Қазақстан облысы ие болды.

1998-2003 жылдар бойынша шетелдік инвестицияның үлестік салмағының артуы Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында байқалып отыр. Негізгі капиталға инвестиция салу мұнай-газ секторының объектілері шоғырланған облыстарда байқалады: Қызылорда-69%, Маңғыстау-64%, Павлодар-64%.

Бес жыл ішіндегі қаржылық-экономикалық аймақтар шетелдік инвестициялардың негізіне Маңғыстау (82%) мен Ақтөбе (94%) облыстарындағы шикі мұнай мен табиғи газды өндіру бойынша объектілердің  құрылымына шығындалғанын көрсетеді. Батыс Қазақстан облысындағы мұнайды өңдеу бойынша объектілердің құрылысына шығындалғанын  көрсетеді.

Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен .

 

3.2.Шетел инвестицияларының ролі

 

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру мәселесіне тоқталар болсақ, жалпы шетел капиталының ағымы және оны тиімді мемлеткеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы  орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға

мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі.

Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге  “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы.

Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тура шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екенін көрсетті,ал маңыздылары келесілер табылады:

                  саяси тұрақтылық;

                  елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;

                  қолайлы инвестициялық климат;

                  басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі мен мүмкін табыс көлемі;

                  құқықтық қорғалуы,ашықтығы және тұрақтылығы;

                  жарамды, қолайлы өндірістік және нарықтық инфрақұрылым;

                  табиғи ресурстардың баршылығы мен құны;

                  валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі.

Теріс тенденциядан құтылып және тура шетел инвестицияларының өсуіне қол жеткізу үшін шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды. Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан үшін енуі қажет шаралар:

   қызмет етуші шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін жеке салалар мен аймақтарда құру (жеке жағдайда өнім бөлу механизмін шыңдау және нақты жұмыс істеуші еркін экономикалық аймақтар құру);

   жергілікті билік пен шаруашылық субъектілер арасында меншікті нақты айқын бөлу;

   тұрақты экономикалық және сыртқы сауда заңнамасын құру, концессия және өнімді бөлу бойынша нормативті базаны қоса алғанда;

   салық ауыртпалығын төмендету мен салық құрылымын оңайлату;

   жерге жеке меншік енгізу;

   шетел инвестицияларын сақтандыру механизмдерін құру;

Инвестициялау процесінің негізін салымның басымды бағытын анықтау мен сәйкес қаржыландыру көзін табу құрайды.

Приоритетті бағытты және бағдарламалық шараларды таңдау барысында мыналарды есте ұстаған жөн:

1.   бұрын құрылған материалды-техникалық базаны, өндірістік қуатты және жабдықты тиім қолдану мүмкіндігі;

2.   қызмет етуші жұмыс орындарымен толықтыру және жаңа орындар құру;

3.   экспортты-жарамды өнім үлесін ұлғайту;

4.   инвестиция қайтарымдылығы және ең алдымен,жоғары қор қайтарымдылық есебінен капитал салымының мерзімін қысқарту;

5.   әртүрлі көздерден инвестиция тарту мүмкіндігі.

Бюджеттен тыс инвестициялар үшін мемлекеттік приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын басуы керек. Аталған мәселе бойынша макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады:мынадай жағдай қалыптасқан, инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатқанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде. Инвестиция салу туралы шешім қабылдануының негізгі шарты инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау.Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де,жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды экономикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:

   республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу

 

   жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

   халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру;

   инвестициялық климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін

   орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;

   үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;

   әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

   инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;

   есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;

   аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру.

Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік ынталандыру: АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия тәжірибесі. Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты – қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді. Оңтүстік Шығыс Азия елдері мемлекеттің инвестициялық үрдіс қарқынына әсер етудің келесі тетіктерін белсенді пайдаланды: мемлекеттік инвестициялар, тек инфрақұрылымға ғана емес,сонымен қатар басқа да салаларға; инвестициялардың салықтық ынталандырушылары; құрал-жабдықтың импортына кедендік баж жеңілдіктері арқылы бағаны түсіру; пайыздық мөлшерлемеге әсер ету және оларды нарықтық   деңгейден төмен ұстау.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келе жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып,елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерін ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар   жаңа  жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды  және сонымен қатар капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынта білдіреді,қуаттылығын көбейту,өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты,ауқымы және мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады. Сонымен қатар,бұл саясат республиканың экспорттық әлеуетін арттыру,яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Сол арқылы экономиканың,оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар еді.Ғарыш, астық және туризм саласына да инвестициялық салым көптеп салынса, біздің мемлекетіміз экономика сахнасында әлем мойындаған , ғарыштық жылдамықпен дамып келе жатқан ел ретінде танылатынына кәміл сенемін. Болашағы бар салаларға , яғни жоғарыда айтып кеткендей, қолда бар байлықтарымызды тиімді ,орнымен пайдалана білсек, біз қазіргі деңгейден де жоғары болып, болашақта да инвестициялық саясат ҚР-ның экономикасын әрі қарай дамытып,халқымыздың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсартуға өз әсерін тигізеді деп ойлаймын.

 

 

                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында:Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»

2006 жыл 1-наурыз «Егемен Қазақстан»

2.Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы- Алматы: Атамұра, 2005.

3.Назарбаев. Н. Ә.   Қазақстан-2030, 11 қазан 1998 жыл.

4.Назарбаев.Н.Ә./Жаңа кезең-жаңа экономика/Г.Орталық Қазақстан, 2005.4-қаңтар,2-5 бет.

5.Инвестиция туралы заң. /Г.Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар, 2003 жыл.

6.Болтай.Е. «Жаман үйді»билемек ниеттегі «Жақсы»мейман.//Ақжол Қазақстан №23 (145), 24 маусым, 2005 жыл,10 бет.

7.Ихданов.Ж.О, Орманбеков.Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы:экономика,2002,136-172 бет.

8.Каренов.Р.С. Основы государственного регулирования - Алматы: Білім,1999,148 бет.

9.Мамырова.М.К. Эффективности инвестиций в промышленном производстве.: Монография.-Алматы: экономика, 2001.

10.Мейірбеков.А.Қ, Әлімбеков.Қ.Ә   Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы: Экономика,2003.

11.Оразалы.С.  Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы  //Егемен Қазақстан,18 сәуір, 2006 жыл, 2 бет.

12.Сейітказиева.А.М. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие. -Алматы: Экономика, 1998.

13.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет: статистикалық жинақ /ҚР статистика агенттігі.Ред. Қарағанды. Б.Тортаев. -Алматы, 2005-316 бет.

14.Тоқсейітов Н.А. Еліміздегі инвестицияларды мемлекеттік тиімді қолдану жүйесі туралы//Қазақ елі 9.10,8 наурыз, 2006 жыл, 5 бет

                                                                                   

 

 

Информация о работе Инвестиция – ел экономикасы дамуының кепілі