Cактандырудын экономикадагы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:12, реферат

Краткое описание

Сақтандыру мен қайта сақтандыру жүйесі - осы нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты - аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту.

Содержание работы

Кіріспе

1. Сақтандыру жіктелуінің негіздері

2 Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Cактандырудын экономикадагы орны.doc

— 92.50 Кб (Скачать файл)

              Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдарының иелері азаматтық–құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қызметкерлері сақтандырылады.

              Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты және мүлікті, міндетті және ерікті болуы мүмкін.

              Мүлікті және жеке басты сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымы көрінетін оның функциялары сай келеді.

              Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың  болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандаруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

              Бақылау функциясы тараптардың сақтық төлемдерді жұмылдыруды және сақтық қорды қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда көрінеді.

 

             

2 Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары

 

Қазақстандағы нарықтық қатынастар мен сақтандыру нарығының қалыптасып кетуі мен дамуының алдағы проблемалары нарық емес қоғамнан нарыққа өтуі болып көрінеді. Зерттеуді шешуді керек қылатын бұл келесі мәселе қазіргі таңда саясатта да, әлеуметтік –экономикалық жағдайда да, сол секілді ұлттық мемлекеттік бағыт-бағдарымызда да алдынғы шепке шығып тұр. Міне, осылайша таптық-мүліктік қатынастағы бір қоғамдық жүйеден жаңа саяси әрі әлеуметтік-экономикалық жүйеге өту процесі жүруде.

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен дамуы процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп береді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады, бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Әсіресе бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өтуі үшін материалдық жағдайының қандай екендігі өте үлкен рөл атқарады. Бұл проблема теориялық әрі практикалық тұрғыдан да өте маңызды бола түсуде бұның дұрыс шешілуіне тура мағынасында экономикалық ғылымның одан әрі қалыптасуы мен арта түсуі тікелей байланысты. Ғылыми дәлелділік пен тиімділікті арттыру экономиканың сауығуына әлеуметтік бағыт-бағдарының анықталуына тауар ақша қатынасын жақындатуға құнсызданушылық процестерді кідірте тұруға, бюджет тапшылығын қысқартуға әкеледі.

Нарықтық қатынас жағдайында яғни барлық қаржылық механизм түбегейлі түрде өзгерген сәтте халық шаруашылығы кешенін қаржы жағынан сауықтырудың тұрғындардың бұдан кейінгі сұранымдарында барынша қанағатандырудың ықпалды жолын табу керек, мұндай жағдайда сақтандыру көп жағдайда біздің Қазақстанның тағдырын анықтайтын осы және өзге де маңызды міндеттерді шешуден сырт қалмауға тиіс.

Бүгінде біздің мемлекетіміз экономикалық әрі саяси күрделі жағдайда тұр. Сөз жоқ сақтандыру ұйымдарында аталмыш қиындықтарды бастан кешіп әрі құбылмалы жағдайда икемделіп өздері де өзгеріске түсуде.

Расында да соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелі түбегейлі қайта құруларға төтеп береді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен алтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазіргі сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңестік бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларын түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болады бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Бұл процесс біршама өтіп жатыр. Сақтандыру туралы қабылданған заңда бір қатар кемшіліктер мен істеліп бітпеген жайлар бар, әрине бұларды таяу уақыттарда жөнге келтіру керек.

Сақтандырушылардың қызметтері мен ұйымдарының тәртібіне қатысты сауатты жасалған заң шығару актілерінсіз, нарық жоқ. Өйткені заң сақтандыруды қалыптастырудың, дамытудың негізі болып табылады. Мемлекеттің тікелей өзінің қатысуымен немесе мемлекет атынан арнайы орган құрылуға тиіс, ол қабылдау әйтпесе бақылау жолымен біздің еліміздегі сақтандыру қызметіндегі осы процеске басшылық жасар еді.

Егер Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы сақтандыру ісінің құрылуы, мен қалыптасуының тарихына қарасақ, "соғыс коммунизмі" жөніндегі экономикалық саясаттың жарамсыздығы мен НЭП-тің мәңгілік ұзақ еместігін аңғаруға болады. Жалпы халықтық меншікті жариялаған мемлекет өзіміз тауқыметін тартқан саяси әрі шаруашылық демократиясы жағынан өзін-өзі ұзақ жылдар бойына тұйыққа тіреді, осындай жолмен жалпыхалықтық меншік біртіндеп монополисттікке дейін құлдырады. Бұл жұртшылықтың арасында масылдық пиғылы туғызып, бізге осыны ұғындырып, бізді осындай рухта тәрбиелейді. Осындай жағдайға орай, яғни халық шаруашылығына және тұрғындарға күтпеген бақытсыздық, орасан күйреулер, апаттар, өрт, су тасқыны мен өзге де төтенше оқиғалар салдарынан келтірілген зияның айтарлықтай бөлігіне өтем беру туралы қамқорлықты мемлекет өз мойынына алды.

Осы жылдар ішінде объективті түрде қалыптасқан қаржылық-несиелік иеханизм өндіріс күшінің дамуын тежеп келеді, сөйтіп өндірісінің объективті экономикалық заңдарын яғни құн заңын сұраным мен ұсаным заңын ақша айналымы заңы мен өзгелерін ескермеді.

Әриене, қалыптасқан осындай жағдайда сақтандыру қызметінің өрісі кең бола алмады, керісінше шектеулі сипатта болады, ауқымды экономикалық мүдделерді қозғай алмады. Сақтандыру жүйесі арқылы Қазақстан ұлттық табысының болар болмас мөлшері ғана қайта бөлінеді.

Біздің мемлекетіміздегі қоғамдық дамудың таңдауы құн заңына ақша айналымы заңына бәрінен де бұрын сұраным мен ұсыныс заңына әрі өзге де экономикалық заңдарды пайдаланып және де олар жөніндегі білімді игеруге сүйене отырып сақтандыру нарғына өтудің қажеттілігін алдын-ала анықтап болжайды. Өйткен кезең біздің нарыққа көшкен уақытымыздың текке кетпегенін таңдаған жолымыздың дұрыстығын көрсетті, расында да тек практика жүзінде объективті экономикалық заңдарын қолдану арқылы ғана қоғамдық-экономикалық прогресс жолындағы сақтандыру мен интеграцияны өркениетті түрде қамтамасыз етуге болады.

Сақтандыру нарығынсыз бәсекелестік болуы ақылға қонымсыз сондықтан ол шаруашылық өмірінің динамикасы мен сипатына сақтандыру қызметін жаңартып әрі кеңейтуге сақтандыру процесіне соңғы жетістіктер мен жаңалықтарды енгізуге игі әсер етуге тиіс. Мұндай бәсекелестік жаңа клиенттермен белсенді әрі белгілі мақсаттағы жарналар арқылы жаңа клиентураларды тарту жолымен жүргізілетін жұмыстарды қарастырады. Өзара бәсеке сақтандыру ұйымдарын түгел алғанда олардың бәрінің нақты қаржылық мүмкіншілігін жабу мақсатына осындай жолмен қол жетеді.

Бұл сияқты жұмыс сөз жоқ, нағыз әділетті негізде жүргізілу керек. Қазақстан аумағындағы сақтандыру нарығын жүргізуде ешқандай қарапайым шешім жоқ, түбегейлі мақсатқа жету үшін, қажыр қайраты барынша жұмсау талап етеді.

Бұл жерде соңғы уақыттар Үкіметпен, Президент тарапынан халық шаруашылығындағы мемлекет меншігінен алу мен жекешелендіру қаржылық несиелік қатынас саласындағы яғни экономикалық реформаны заң шығару мен ұйымдық жағынан қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар комплексінің барлығы іске жұмылдырады.

Нарықтық қатынастың қалыптасуына орай өзге салалармен қатар, сақтандырудың да қазіргі Қазақстанның экономикасындағы рөлі арта түсуде.

Осы мақсатқа орай экономикалық инфрақұрылым мен сақтандыру ісінің өзінде инфрақұрылым құру үшін сақтандыру механизмы енгізіледі, сөйтіп бұл көп жылдар бойы теориямен практикада қалыптасып қалған сақтандыруды экономикалық категория ретінде пайдаланудан сондай-ақ сақтандыруды болмашы әрі жай ғана нәрсе деп түсінуден құтқарады.

Сақтандыру нарығының қаз тұруына орай, кәсіпорындар мен ұйымдардың сол секілді тұрғындардың мүлкін шын мәнінде сақтандыру мен қорғау үшін қолдан келгенше қуатты сақтандыру қорын құрған жөн болады. Бұл мақсат үшін бірнеше миллиард теңгемен сақтандыру нарығында бірнеше аса мол меншіктің капиталы бар ірі сақтандыру компанияларын иемдену қажет.

Бұған жету үшін ұзақ жылдар қаржылы еңбек етіп осы жұмыстарға қажетті жағдайларды жасау керек. Оның үстіне біздің республикада қайта сақтандыру нарығы әлі жоқ. Сондықтан да шет елдегі ірі қатерлерді қайта сақтандыру әзірге өзекті мәселе болып қалуда, бұл жерде біздегі заңдардың жетілмегендігіде әсер етуде. Мәселен біздің республикада шет ел сақтандыру компанияларын құруға тиым салынған тіпті бірікен сақтандыру ұйымдарын құруға да тиым салынған. Сақтандыру ісіне деген мұндай көзқарас мүлдем ақылға қонбайды.

Нарық экономикасы кезінде мынадай проблемада яғни құнсыздану да пайда болып сақтандыру қорғанысын тақырға отырғызуда. Ендеше кез келген сақтандыру ісін бағалау құнсыздану процесін ескеруге тиіс. Қорлардың нақты құны мен құнсыздануға қарсы қорғанудың арасын сақтауды ымыралы келісім іздеуге тура келеді.

Біздің елімізде кәсіпкерлік қызметтер өздерінің алғашқы қадамдарын имене жасауда, олар ведомстволардың мүддесін қорғайтын әр түрлі дәрежедегі мемлекеттік төрелер тарапынан да сан алуан кедергілерге ұшырауда, кейбір тұрғындар тарапынан да жағымсыз қарсылыққа кездесуде.

Бұл істе сақтандыру мүддесін нығайтып нарықтық қатынасты дамыту жөніндегі сақтандыру ұйымдары іскер қызметкерлерінің бастамасы көп жағдайда жүзеге аспай жоққа шығарылуда.

 

 

 

Қорытынды

 

Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржылық жүйенің маңызды звеноларының бірі болып табылады. Ол адам инстинкті ретінде пайда болып, дамып, қалыптасу арқылы бизнес сферасына өтті.

Сатандырудың шығындарының орнын толтырудың негізгі көзі сақтанушының жарнасынан құрылатын сақтандыру қоры болып табылады.

Сақтандыру операциялары сақтандыру келісімдері арқылы жүзеге асады.

Сақтандыру – сақтандыру объектілері және сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша классификацияланады. Бірінші критерия бойынша салаларға, ішкі салаларға, түрлерге бөлінеді. Ал критерия бойынша сақтандыру қауіп түрлері бойынша бөлінеді міндеттілігіне байланысты еркін және міндетті сақтандыру түрлері бар.

Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі сақтандырудың ұйымдық-құқықтық түрлеріне: мемлекеттік, акционерлік, екі жақты сақтандыру, кооперативті сақтандыруды кіргізеді.

Қоғамға әсер еткен болжанбаған жағдайлар, техногендік факторлар, табиғи апаттар нәтижесінде туындаған шығындарды жабу үшін материалды және ақша түріндегі резервті-сақтандыру қоры қалыптастырылады. Оның көмегімен адам мен табиғат арасында, табиғат пен қоғам арасындағы объективті қарама-қайшылықтардың мәселесі шешіледі.

Сақтандыру маркетингінің міндеттері-сақтандыру нарығын, сақтандыру қызметтеріне сұранысты зертеу, сақтандырушының ұйымдық қызметін және резервтерді анықтау, сақтандыру қызметінің жаңа түрлерін өңдеу болып табылады. 

Сақтандыру нарқы өмірлік қажеттілік оның құрылып қалыптасу, дамуы еліміздің экономикасында жүріп жатыр.

Ұлттық сақтандыру рыногында көптеген сақтандыру ұйымдарының капиталдандыруының  төмен деңгейі ірі тәуекелдерді сақтандыруға мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайдан шығудың  бір амалы қайта сақтандыру жүйесін пайдалану болып табылады. Сондықтан сақтандыру ұйымдары Батыстық сақтандыру компанияларының қызметін пайдалануға мәжбүр. Осының салдарынан сақтандыру төлемдері түсімінің көлемі артуы шетелге берілген сақтандыру төлемдерінің өсуімен қабат жүруде.

Біздің қоғамымыздың экономикалық өмірінде оның ішінде сақтандыру ісін жетілдіру мен дамыту міндеттері алға қойылуда. Алдағы кезде сақтандыру рыногын дамыту бағытында міндетті сақтандыру түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылмақ. Сонымен бірге сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беру қорын құруда көзделінеді. Бұл сақтандырудың жүйесіне деген сенімді күшейтуге қызмет етеді.

Сақтандыру рыногының дамуы айналып келгенде сақтандыру қызметіне төлем жасауға қабілетті сұраныстың болуымен, яғни экономиканың жай-күйімен және халықтың әл-ауқаты деңгейімен байланысты. Ал бұл жағынан ілгерілеулер болып жатыр. Соған қарап сақтандыру рыногының дамуы қарқынды бола түседі деп сенемін. Сақтандыру мемлекеттің әлеуметтік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және экономикаға инвестиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел экономикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады. Сақтандыру нарығын жетілдіру жолдарының негізгі мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, тұрақты қызмет атқаратын ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру болып табылады.

Сақтандырудың дамуы - ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.

Сақтандырудың пайда болуының объективті себебі, адамзаттың табиғатты бұзушы, болжанбаған күштеріне тәуелділігі болып табылады.

         Сақтандырудың шығындарының орнын толықтырудың негізгі көзі сақтанушының жарнасынан құралатын сақтандыру қоры болып табылады. Сақтандыру операциялары сақтандыру келісімдері арқылы іске асады.

Информация о работе Cактандырудын экономикадагы орны