Дактилогироз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 13:06, реферат

Краткое описание

Дактилогироз – моногенетикалық тоғышар тудырған гельминтозы. Желбезектерінің тоғышары. Тұщы су балықтарында 150 сорғыш құрттарының түрі белгілі. Ең зардаптысы келесі түрлері: Daktylogyrus vastator, D.extens.

Содержимое работы - 1 файл

Дактилогироз.doc

— 37.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі

 Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық−техникалық университеті. 

«Эпизоотология  паразитология және ВСС»

Кафедрасы 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Балықтың дактилогироз ауруы.

                                            

                                                Орындаған: ВС-41 топ студенті

                                                                             Шалкарова Д.Ж.

                                                                       Тексерген: оқытушы

                                                                             Баянтасова С.М. 
 

Орал, 2011 
 
 

      ЖОСПАР

      І. Кіріспе

      ІІ. Негізгі бөлім.

      2.1. Дактилогироздың дамуы және эпизоотологиялық мәліметтер.

      2.2.Клиникалық белгілері, диагноз, алдын алу шаралары.

      ІІІ. Қорытынды

      Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 

       І. Кіріспе

       Дактилогироз  – моногенетикалық тоғышар тудырған гельминтозы. Желбезектерінің тоғышары. Тұщы су балықтарында 150 сорғыш құрттарының түрі белгілі. Ең зардаптысы келесі түрлері: Daktylogyrus vastator, D.extens.

       Қоздырушысы тұқы балықтарды және өсімдіктермен  қоректенетін балықтардың, көбінесе жас  балықтардың, желбезектерін зақымдайды. Алғаг рет бұл ауру жөнінде  Батыс Европада 1924 жылы деректер келтірілген.

       Қоздырушысы - Daktylogyrus vastator, D.extens. Құрттың денесі жалпақ, созылыңқы, қара-сұрғылт. Ұзындаға 0,57-1 мм, ені 0,15-0,38. Алдыңғы жағында 4 қалпақшасы болады, олар тоғышар қимылдағанда біресе созылып, біресе қайта жиырылады.  
 
 
 
 
 
 

       ІІ.Негізгі  бөлім.

       2.1. Триенфороз дамуы

       Дамуы.

       Дактилогирустер жұмыртқаларын суға не желбезекке салады. Жұмыртқалардан балаңқұрттар шығады. Олардың денесінде кірпікшелер  болады, сол арқылы олар суда жылжиды. Даму мерзімі судың температурасына  байланысты 22-24ºС личинкалар жұмыртқада 3-4 күнде дамиды, ал ересек сатысына 5-7 күнде жетеді. Егер судың температурасы 5 ºС болса, ересек құрттар жұмыртқа салуын тоқтатады. Жұмыртқадан шыққан личинка суда жүзеді, балықтың желбезегіне жабысады, ересек сатысына дейін дамиды. Суда балаң құрттар тірі түрінде 1-1,5 күнге дейін сақталады.

       Паразитологиялық  мәліметтер.

       Ауру ТМД елдерінің оңтүстік аймақтарында кең таралған. Ауруға көбінесе тұқы, сазан, мөңке және олардың гибридтері бейім болады. Ауру көбінесе жазда кездеседі, күзге қарай инвазия интенсивтілігі төмендейді. Тұқы балықтардың 2-5 см жететін шабақтарына қауіпті. Ересек балықтарда ауру жұқтыру қаупі төмен болады, олар көбінесе тоғышар алып жүрушілер болады. Ауру тұқы балықтардың жас шабақтары өсіретін тоғандарға қауіпті. Бір судан екіншіге ауру балықтардың миграциясы не көшіру арқылы тарйды.

 

        2.2.Клиникалық белгілері.

      Клиникалық  белгілері. Ауру тез өршиді. Алғашында бірен-саран шабақтар байқалады, кейіннен бірнеше күннен кейін олар жаппай ауруға шалдығады. Ауру балықтар судың бетіне жиналып, ауа жұта береді. Адамның жақындағанына назар аудармайды, олар жылдам қармаққа түседі. Ауру балықтардың желбезектері бозғылт, кілегей затпен жабылады. Зақымданған желбезек ошақтарында сапролегния саңырауқұлақтары не болмаса бактерия жиналады, олар желбезек ұлпаларын ыдыратады.

      Диагноз. Микроскопия әдісіне желбезектерді алып екі төсеніш шыны арасына салып, бірнеше тамшы су тамызып, қысып микраскоптың кіші не орташа ұлғаю алаңында зерттейді. Дактиловирустар санын дәлелдеп, олардың түрін анықтайды.

      Алдын-алу шаралары. Дактилогироз, көбінесе балық шабақтарында кездесетін себебінене, балықтарды өсіретін тоғандарды дайындайды: тоғанның түбін жыртып дезинфекциялайды, жақсы қоректік база дайындайды. Шабақтардың ауруын алдын алу үшін, аналық тобын уылдырық шашу алдынан домдайды, оларды 0,2%-тік аммиак су ерітіндісінде температурасы 6-12 ºС  не болмаса 0,1%-тік температурасы 12 ºС  асқан ұстайды. 5%-тік кәдімгі ас тұзының су ерітіндісін (экспозициясы 5 мин.) қолдануға болады. Диптерекс, негувон ерітінділерін де қолдануға болады 0,6-1,0 г/м3 уды 48 с,ат ауыстырмайды. Аурудың көзі болып ересек тұқы балықтар болғандықтан әр түрлі жастағы балықтар бөлек күтіледі.  
 
 
 
 

       ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Балық аурулары, С.Т. Ысқақов, 2009 жыл
  2. Ғаламтортордан алынған мәліметтер

Информация о работе Дактилогироз