Әлемнің туристік орталықтарына сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:31, реферат

Краткое описание

Дәстүр бойынша Еуропа туристерді көп қабылдайтын аймақтардың бірі болып табылады. Бұған көптеген елдердің экономикалық дамуы, халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік құрылымы әсер етеді, өздерінің елдерінен тыс жерде демалуға мүмкіндіктері жоғары. Жақсы демалысқа деген сұраныс, оның ішінде өз елдерінен тыс аймақтарда, жылдам және тығыз өмір белсенділігімен ерекшелінетін индустриалды және урбандалған еуропа елдерінде өте жоғары. Еуропада 40 жуық мемлекет бар, аумағы бойынша олар аса үлкен емес.

Содержание работы

1.Әлемнің туристік орталықтары
1.Еуропадағы туризм орталықтары
2.Еуропадағы туризм түрлері
3.АҚШ курорттары
2.Емдік сауықтыру курорттардың географиясы

2.1. Іскерлік және инсентив-туризм

2.2.Шопинг

3. Азиялық – Тынық мұхиты аймағы

3.1.Туризм орталықтары

3.2. Туризм түрлері

Содержимое работы - 1 файл

Әлемнің туристік орталықтарына сипаттама.docx

— 40.60 Кб (Скачать файл)

Әл-Фараби   атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы :   Әлемнің  туристік  орталықтарына  сипаттама 

Орындаған :  Бексұлтанов  Даурен

Тексерген : Жылқыбаева   М.І.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2012

 

Мазмұны :

  1. Әлемнің  туристік  орталықтары
    1. Еуропадағы   туризм  орталықтары
    2. Еуропадағы  туризм  түрлері
    3. АҚШ  курорттары
  2. Емдік  сауықтыру  курорттардың  географиясы

  2.1. Іскерлік  және  инсентив-туризм

  2.2.Шопинг

3. Азиялық – Тынық  мұхиты  аймағы

  3.1.Туризм  орталықтары

  3.2. Туризм  түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еуропа

Дәстүр  бойынша  Еуропа  туристерді  көп  қабылдайтын   аймақтардың  бірі  болып табылады. Бұған  көптеген  елдердің  экономикалық  дамуы, халықтың  табыс  деңгейі  мен  әлеуметтік  құрылымы  әсер  етеді, өздерінің  елдерінен  тыс  жерде  демалуға  мүмкіндіктері  жоғары. Жақсы демалысқа деген сұраныс,  оның  ішінде  өз  елдерінен тыс аймақтарда, жылдам  және  тығыз өмір  белсенділігімен   ерекшелінетін индустриалды  және  урбандалған еуропа  елдерінде өте жоғары. Еуропада   
40  жуық  мемлекет  бар, аумағы  бойынша  олар  аса  үлкен  емес. Он  бір    мемлекеттің  аумағы  50 мың. кв. км  қамтиды  : Люксембург, Мальта, Бельгия, Нидерланды, Дания, Швейцария, Словакия, Словения, Македония, Албания, Эстония. Территорияның шектеулілігі — туристік  шығындардың көбеюінің негізгі факторы болып табылады. Тек екі ел  ғана  — Франция   мен Испания   500 мың. кв. км.  территорияны  қамтиды. Еуропаның  халық  саны  — 500 млн адам  шамасында ,   халықтың  75 %   қалалық агломерацияларда  тұрады. Урбанизацияның  жоғары  болуы, халықтың саны  мен білім деңгейі   халықтың  туристік  белсенділігіне  әсер  етеді. Еуропалық  елдер  бір   біріне  ыңғайлы  орналасқан — ортақ шекаралары  бар, олар  көбінесе  оңай  өтілетін  табиғи  шекаралар болып табылады. Географиялық   жақындылық  және   тығыз  коммуникация  жүйелері  бір  елден  екінші  елге   саяхаттауды  ыңғалы  және  қолжетімді етеді.

Еуропадағы  туризмнің  дамуына  аймақтың    табиғи – географиялық   ерекшеліктері  әсер  етеді.  Оның   жағалаулары   тілімденгенімен, ішкі  теңіздердің  санымен, бұғаздар, шығанақтардың  болуымен  ерекшелінеді, оған  өз  кезегінде  порттардың  көптеп  салынуы дәлел  бола  алады.  Еуропаның  көптеген  елдері  теңіз  жағасында  орналасқан, олардың  көбісі  аралдарда  және  жартыаралдарда, Еуропадан  Азияға, Африкаға, Аустралияға  және  Америкаға  баратын  теңіз  жолдарында  орналасқан.   Аумақтың   табиғи- рекреациялық  ресурстары  әртүрлі  болып  келеді. Еуропаның    аумағында  жазықтар, таулы  және   жартасты  аудандар  орналасқан.  Тау  асулары  арқылы  транспорт  магистральдары  өтеді. Еуропаның  көп  бөлігі   аз  көлемдегі  климаттық   белдеуде  орналасқан, тек  Скандинавия  аралдары — арктикалық   белдеуде орналасқан. Аумақтың   оңтүстік    бөлігі  (Пиреней, Апеннин және  Балқан  жартылай  аралдары) —  субтропикалық  белдеуде   орналасқан. Жалпы   табиғи – климаттық   жағдайлар  демалыс  үшін, әсіресе  Еуропаның    оңтүстік   теңіздік  елдері   өзінің   ыстық  күнімен  және  жылуымен  ерекшелінеді. Еуропаның табиғи  ландшафтары   сақталмаған.  Еуропаның барлық  бөлігінен тек 3 % ғана    антропогендік   қол  сұғудан  сақталған,  көбінесе  солтүстік  елдерінде  — Финляндия, Норвегия, Швеция.

Еуропа — әлемнің   негізгі   туристік   орталығы   және  туристік  ағымдардың  азаюына қарамастан  өз  көшбасшылығын сақтайды , шолу  жасайтын  болсақ : 1970 ж. — 68,2 %; 2000 — 57,7 %; 2020 (болжам) — 44,8 %. Бұл  жағдай  туризмнен  түсетін  пайдаға  да  байланысты. Халықаралық  туризмнен  алатын  Еуропа  үлесі : 1970 ж. — 61,5 %; 2001 ж. — 49,8 %. Аумақаралық   туристік  ағымдарда ,  шығу  бойынша   АҚШ   ерекшелінуде. Туристік ағымдардың негізгі бөлігі   Жерорта   теңіздік  бассейнінің  айналасына  бағытталады.  
Халықаралық    туризмнен  жоғары  пайда  түсіретін  10  мемлекет  Еуропада  орналасқан :   Испания , Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания, Австрия, Греция. Және  туристік  көп шығын жұмсайтын елдер арасында  еуропалық елдер орын  алған:   Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Нидерланды, Австрия.

Еуропада    дамыған  туризм    түрлері   бөлінеді : емдік-сауықтыру, іскерлік, діни, оқу, танымдық, круиз (теңіз, өзен , көл). Еуропада  саяхаттаушылардың көбісі демалыстарына әр түрлі көңіл көтеру  мекемелері  мен мейрамдарды қосады.

Емдік - сауықтыру   туризмі. Бұл  туризм  түрі  жақсы  дамыған  елдер  арасында  алдыңғы  орында   Чехия  тұр. Карлови - Вары (Карлсбад) бальнеологиялық  курортын  жыл  сайын 70  елден   50 мыңға  жуық  турист қабылдайды. Сонымен   қатар  танымал  курорттар  ішінде : Теплице , Яхимов (әлемдегі  алғашқы радонды курорт), Марианске – Лазне , Франтишкови – Лазне , Лугацовице , Янске - Лазне. Минералды су  көздердің көп болуы Венгрияны   әлемнің   сумен емдеу орталығына  айналдырды. Қазіргі кезде, елге  келетін әрбір үшінші  турист  суға  барады. Туристер  арасында  немістер, американдықтар, австралиялықтар, венгрліктердің  өздері  көп кездеседі. Польшада  көбінесе  Балтық  жағалауындағы бальнеологиялық және  бальнебалшықтық курорттар әйгілі : Свиноуйсцье, Камень - Поморски, Колобжег. Емдік – сауықтыру туризм  Болгарияда , Румынияда, Словакияда, Словенияда, Хорватияда   дамып  келеді . Ресейде   минералды су  көздерінің  қоры  аз  мөлшерде  және  сапасы  төмен. Негізгі курортты  аудандарға жатады — Кавказ Минералды  Сулары.

Батыс  Еуропа  курорттары  емдік –сауықтыру  нарығында  біршама  ығыстырылғын,  бірақ  ежелден  сақталған  дәстүрлерімен  танымал. Виши (Франция), Баден-Баден және  Висбаден (ФРГ), Бат (Ұлыбритания), Спа (Бельгия), Багдастайн (Австрия), Давос және Санкт-Мориц (Швейцария)  курорттары  ХIХ ғ. танымал болған. 
Еуропаның   оңтүстік – шығыс  бөлігінде   ежелден  климатпен, Өлі  теңздің  суымен  және  балшығымен  емдеу   арқылы  адам  ағзасы  үшін  демалыс пен  ағзаны  емдеу   шаралары  жүзеге  асырылған. Салыстырмалы  түрде  бальнеологиялық  орталық  Түркияда  орналасқан — Паммукале, онда   минералды сулар   тұзды   террасалар  арқылы  ағып   ғажайып ақ   ландшафтты   қалыптастырады.

Іскерлік  туризм. Іскерлік  туризмге   көп  қаржы  бөлетін  елдер  мен  іскерлік  туризмнің  көп  бөлігі  Еуропаға  тиесілі. Іскер  туристердің  негізгі   тасымалдаушысы — Германия  болып табылады. Іскерлік  туризм  ретінде  мына орталықтар  ерекшелінеді : Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария, Бельгия. Іскерлік   мақсатта   Шығыс  және  Орталық  Еуропаға  саяхаттау  өсуде.  Еуропа  әртүрлі    халықаралық   жәрмеңкелер, көрмелер, конгресстерді  ұйымдастыруда  танымал. Халықаралық  көрмелер  мен конгресстерді жиі Лондонда, Парижде, Страсбурде , Ганноверде , Давосте ,  Барселонада және т.б.  елдерінде  өткізіп тұрады.  

Социализм  жүйесінің   құлауына  байланысты    бұл елдер арасында  күшті туристік  ағымдар мен   шопинг  мақсатта   саяхаттау қалыптасты. Осыған  орай  кіру  туризмі Польшада , Венгрияда орын  алды ; шығу  туризмі  Ресейде. Қазіргі  кезде  шоп-туризм  мағынасы төмендеді.

Діни  туризм . Еуропа — бұл  христиан  әлемі, сондықтан   көптеген   орындар арасында  қажылық   жасайтындар үшін  христиан қасиетті  орындар болып табылады . Христиандық  қажылық  орталықтарына  Рим (Ватикан), Иерусалим  жатады. Жыл  сайын  туристердің  көп  ағымы  мына  орталықтарға  бағытталады: Турин, Париж , Лурд (Франция), Брюгге (Бельгия), Фатима (Португалия), Варшава (Польша), Монсеррат (Испания).

Шомылу – жағажайлық  туризм. Еуропа   аймағында бірнеше рекреациялық  аудандар  қалыптасқан. Оның  ішінде  негізгісі — Жерортатеңіздік   болып табылады . Сипаты  бойынша : сызықтық   формадағы   территорияны  рекреациялық қамту (теңіз  жағалауының  бойында), аралдардың  көптігі, жазғы (шомылу)  маусымының  болуы, туристердің  көп  санын  қамтитын   ірі  комплекстерді  салу.  Жерортатеңіздік  елдер  арасында  туристік  іс Испания , Италия , Франция, Грецияларда  дамыған. Халықаралық  туризмнің   негізгі  аудандары  Испанияда  шоғырланған — Жерорта  теңізінің   жағалауы, Канар   және Балеар аралдары . Францияның  негізгі  жерортатеңіз  ауданы — Лазур   жағалауы (Француз Ривьерасы )   танымал теңіз курорттарымен Ницца, Канн , Антиб.  Италияда  негізгі  жерортатеңіздік  туризмнің  орталығы   — Итальян  Ривьерасы , ол француз, Грецияда — Эгей теңізінің  аралдарының  жалғасы  болып  табылады. 
Жерортатеңіздік  аудандардың   біріне  Хорватияның   Адриат  жағалауы  айналды. Мұнда   төмендегі  атақты  теңіз курорттары  орналасқан  Дубровник, Сплит. Жерортатеңіздік курорттар   арасында Түркия  курорттары  танымал.  Ең  атақтысы  Анталия  
Еуропадағы   жерортатеңіздікпен  қатар  тағы  екі  теңіздік  туристік  аудандар  қалыптасқан.  Соның  бірі  — Қара  теңіз  жағалауында. Мұнда  ірі  курортты   комплекстері  соғылған.  Румынияда : Мамайя , Эфория ( Костанца  аймағы);  Болгарияда — Златни Пясыцы , Дружба ,  Албена (Варна  аймағы), Слынчев  Бряг, Несебыр ( Бургас  аймағы); Украинада — Қырым  жағалауы (Евпатория, Ялта), Ресейде — Үлкен  Сочи, Геленджик. Тағы  бір  теңіздік  курортты  аудан — Балтық  теңізі  мен  Солтүстік  теңіздердің  жағалауларында  орналасқан. Мұнда  ондаған  курорттар  қалыптасқан : Сопот (Польша), Кюлунгборн (Германия), Брайтон   және   Борнемут (Ұлыбритания), Сен-Мало (Франция).

Тау  туризмі. Туристік  тау туризмінің  арасында  бірінші орынды  Альпі алады. Жыл  сайын  150 млн.  жуық  туристерді  қабылдайды . Тау – спорттық  және  таулыклиматты  курорттар  арасында : Шамони, Сен-Жерве (Франция), Давос (Швейцария), Кортина-д'Ампеццо (Италия), Инсбрук (Австрия). Екінші  ірі  таулы  туризм  орталығы  Орталық  Еуропада  орналасқан — Карпат  таулары , Судет және  Родоп. Мұндағы  ірі  курорттар  : Оберхоф және Обервизенталь (ФРГ), Закопане (Польша), Штрбскерово (Болгария). 
Еуропада   сонымен    қатар  өзен туризмі да  дамыған —орталық Финляндиядағы  өзен  ауданы, Кашуб  және  Мазур   Польшада  көлдер , Мекленбургм көлдер  Германиядағы, Венгриядағы     Балатон   өзені . Альпыда (Австрия, Швейцария, Италия)   тау өзендерінде  демалу   танымал болып келеді. Өзен  круиз  туризмі  Дунайда , Рейнде, Эльбеде , Волгада   жақсы  дамыған .

 

Емдік  сауықтыру  курорттардың  географиясы

  • 5 Ресей. Ресейдегі   ірі минералды су  қорлары ( 100   аса құрамы  әртүрлі емдік қасиеті бар минералды сулар )  Кавказдың солтүстік бөлігінде орналасқан.  Мұнда Кавказ  Минералды   Сулары   атты  бальнеологиялық  курорттар  тобы    шоғырланған. Бұл  ресей бальнеологиялық курорттарының алғашқылары — Пятигорск , Кисловодск, Есссентуки , Железноводск . Мұнда  елдің  әр  түкпірінен  адамдар   Ставрополь  курортына  ағылады.

Ресейде   танымал  курорт  арасында  Оңтүстік  Сібір  курорттары  да  әйгілі. Алтай  аймағында радонды термалды  суларда Белокуриха   курорты   жұмыс жасауда . Бурятияда   Байкал  көліне  жақын  жерде  Аршан  курорты  орналасқан. Ресейдің   осы  бөлігінде  орналасқан   танымал  курорттарға : Дарасун (Читин облысы). Таяу  шығыстың  танымал курорты — Шмаковка  Приморск  аймағы.

Ресейдің   теңіздік  климаттық  курортының бірі  - Большие Сочи (Краснодарский край)  болып табылады. Қара теңіз   жағалауы  бойында  тізбектеліп  бірнеше  курортты  қалашықтар  қалыптасқан  Адлер, Хоста, Мацеста, Дагомыс  көптеген   санаторийлер  мен емдеу  орталықтарды  қамтиды.  Большие Сочи  курортының  солтүстігінде басқа қаратеңіздік  курорттар орналасқан   Геленджик   және  Анапа. 
Емдік   туризмінің  ең  жақсы аумағы  болып  Өлі  теңіздегі  Израиль  болып  табылады. Оның  танымалдылығы  табиғи  ерекше  қайталанбайтын  емдік  факторлармен  сипатталады — термалды  минералды сулар, емдік балшықтар, теңіз тұзы  мен климат.  Өлі теңз  айналасында көптген курорттар орналасқан, ал  Израильдегі емдік-сауықтыру туризмі діни  тіризммен ұштасып негізгі бағыттың  біріне  айналды.

Американың  көптеген  курорттары  басқа  континенттерден  келетін  туристермен  өте  сирек  қабылданады. Емдік-сауықтыру   туризм  нарығында  көшбасшы  болып  АҚШ  табылады,оған  дәлел  ретінде  денсаулық сақтау  жүйесі  жалпы мақұлданған. Бальнеологиялық  курорттар  барлық  штаттарда  қалыптасқан. Теңіздік  климатты  курорттар  арасында  Майами (Флорида), Сан-Диего   және  Санта-Круз (Калифорния)  танымал.

 

Іскерлік  және  инсентив-туризм

 

Іскерлік  туризм — бизнесмендер  мен мемлекет  құзырындағы адамдардың  іскерлік  мақсатта  саяхаттауы: келісім шарттарға  қол  қою, келіссөздер  жүргізу, тәжірибе  алмасу  және  т.б. Іскерлік  туризмге  сонымен қатар конгресстер мен жәрмеңкелерге, конференцияларға  және  көрмелерге  қатысуды  жатқызады. Турлар, іскер  адамдардың  әртүрлі  мерей  орындарына  баруы — конгресстер, семинарлар , жәрмеңкелер —интенсив-турлар  деген  атқа  ие болды. Іскерлік  туризмнің   негізгі бөлігі   Еуропаға, Солтүстік Америкаға және   Оңтүстік - Шығыс Азияға  тиесілі. Еуропа іскерлік  туризмге  кетіретін шығындар  бойынша бірінші орында. Шығындар мен келуі бойынша   іскерлік  туризмде  Германия  алғашқы орында. Іскер адамдардың  келуі бойынша Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария Бельгия  ерекшелінеді . Бірақ соңғы кезде   шығындар мен туристердің келуі және  жұмсалатын  қаржы бойынша алдыңғы орынға  АҚШ және   Шығыс ,  Оңт -Шығыс Азия  шыққан. 

Шопинг  әрқашанда туризмде  орын  алған, бірақ жеке  туризм  түрі  ретінде   анықталмаған  болатын,  екінші  дәрежелі  туристік  саяхаттарда   қолданылған. Әлемдік  социализм  жүйесінің  құлауымен,шекаралардың  ашылуымен, ұлттық  экономиканың  құлдырауына  байланысты   социалистік  кездегі  адамдар  шет  елдерге  тек  коммерциялық  мақсатта   саяхаттаған.  Шоп-туристерді   қабылдайтын  негізгі  елдер  — Польша, Ресей, ТМД  елдері , ал   тауарларды  сыртқа  шығару бойынша  — Қытай, Турция, Греция, Араб  елдері . Бірінші  айтылған  елдер  үшін  өте  күшті  туристік  ағым  болғандықтан  коммерциялық  туризм  туристік  баланстың  дефицитін  қалыптастырады, ал  екінші  елдер  үшін - үлкен  табыс.

 

Азиялық –Тынық   мұхиты  аймағы

Бұл  аймақ  өзіне   Шығыс , Оңтүстік - Шығыс  Азияны , Мұхит пен Аустралияны   біріктіреді. Бұл   әлемнің    ауқымды туристік  бөлігі  болып  табылады. Оның  жеке   бөліктері  бір  бірінен айрықша алыс  орналасқандықтан , ішкі  аймақтық туризмнің дамуына   әсерін  тигізеді. Сонымен   қатар   ШАТА  негізгі туристік   аймақтардан алыс  орналасқан олар  — Еуропа мен   Азия.  
ШАТА   әртүрлі  экономикалық  дамуымен  ерекшелінеді . Жоғары  дамыған  елдер  ішінде :  Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия  және  тез  дамитын  елдерге : Республика Корея , Сингапур, Китай, Малайзия  жатады. Камбоджа , Лаос , Вьетнам ,  Мұхит аймағы  елдері   экономиканың  төмен дамуы   байқалады, дегенмен  халықтың  саны  күрт  өсуде.  
Аймақтағы  туризмнің  дамуы    саяхаттаудың  өсуінде   орын  алды. Туризмге  жұмсайтын  қаражаты  бойынша  аймақ  3 орында , бірақ  бөлек  жылдар  бойынша  Америкадан  алда. Туризмге  жұмсайтын  қаражат бойынша  бірінші орында  Жапония, ҚХР, Корея,Тайвань, Сингапур, Малайзия. Дамыған  Аустралия  мен  Жаңа  Зеландияда  туризмге  жұмсайтын қаражат  онша  көп  емес, себебі  халықтың  аздығымен  және  сыртқа  шығатын  туристердің  аз болуымен  сипатталады.  
Жақын  қашықтыққа  саяхаттау — 76 %   аса ШАТА   елдерінен .  ШАТА   субаймақтары  арасында  келетін  орындар бойынша : Шығыс Азия — 58 %, Оңтүстік - Шығыс Азия — 34, 9 жуығы — Аустралия және Мұхит  аудандары. Ауданаралық  саяхаттарда   Еуропа  мен  Америка  туристері   ерекшелінеді.

Информация о работе Әлемнің туристік орталықтарына сипаттама