Экологиялық туризмнің анықтамасы мен негізгі ұстанымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 19:38, реферат

Краткое описание

ХХ ғ 80 жылдары экологиялық туризм тұжырымдамаларының қалыптасуы мен оның негізіндегі негізгі ұстанымдарын анықтау кезеңі деп толық айта аламыз.
Экологиялық туризмнің анықтамасын бірінші болып мексикалық экономист-эколог Гектор-Цебаллас-Ласкурей ұсынған болатын.Автордың анықтамасы бойынша экологиялық туризм-өсімдіктер мен жануарлар әлемімен танысу қуанышы мен игеруіне мүмкіндік тудыратын табиғатқа сақтық қарым-қатынастағы оларға саяхат қорғаныш жағдай жасау мүмкіндіктерінің сәйкестігі.

Содержимое работы - 1 файл

реферат туризм.doc

— 78.50 Кб (Скачать файл)

                        I.Кіріспе

 

  1.Экологиялық туризмнің анықтамасы мен негізгі ұстанымдары

 

ХХ ғ 80 жылдары экологиялық туризм тұжырымдамаларының қалыптасуы мен  оның негізіндегі негізгі ұстанымдарын анықтау кезеңі деп толық айта аламыз.

    Экологиялық туризмнің анықтамасын бірінші болып мексикалық экономист-эколог Гектор-Цебаллас-Ласкурей ұсынған болатын.Автордың анықтамасы бойынша экологиялық туризм-өсімдіктер мен жануарлар әлемімен танысу қуанышы мен игеруіне мүмкіндік тудыратын табиғатқа сақтық қарым-қатынастағы оларға саяхат қорғаныш жағдай жасау мүмкіндіктерінің сәйкестігі.

   Экологиялық туризмге  қызметтің осы түрінің дамуына  қызығушылық танытып жүрген авторлар  мен ұйымдар алғашқы анықтама  бергеннен кейін көптеген жаңа  нұсқалар ұсыныла бастаған.

   БТҚ қабылдаған анықтамада: «экотуризм-туристің негізгі уәжі табиғатты қадағалау және онымен араласу болып табылатын табиғи туризмнің барлық түрлері жатады» делінген.

   Экотуризм бойынша  Германия қаржылық ынтымақтастық  пен дамуының Федералдық Министрлігінің жұмысшы тобы ұсынған анықтамада "экологиялық туризм қоршаған ортадағы қорғаудағы және қаржылай қолдайтын жергілікті бірлестіктердің негізгі орынын қарастырады" деп айтылған.

   "Экотуризм-  қоршаған ортаға жағымсыз әсерді  ең аз мөлшерде келтіруге саналы талпыныс және қаржылай көмек жасайтын, жергілікті халыққа кіріс көзін құратын туризм түрлеріне " жатады.

Табиғатты және табиғи ресурстарды  қорғаудың халықаралық Одағы  экологиялық туризм "Қоршаған орта алдында жауапкершілікпен, яғни, табиғатты  және мәдени игіліктерді игеру мен одан рахат алу мақсатында қоршаған ортаға жұмсақ әсер етіп, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық белсенді қатысуын және осы қызметтен үстемдік алуын қамтамасыз ететін саяхат" деп түсінеді.

   Жабайы табиғаттың  Бүкіләлемдік қоры өзінің мынадай анықтамасын ұсынады: "Экотуризм-табиғатты қорғауға жағдай жасайтын табиғи туризм."

   Экотуристік қоғам  экологиялық туризмді "экология жүйенің бүтіндігін сақтайтын, сонымен бірге табиғи ресурстарды қорғаудан жергілікті тұрғындарға тиімділігін арттыратын жергілікті табиғат пен табиғи ортаны тереңірек түсіну үшін табиғи аумақта жасалатын мақсатты саяхат" деп түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Байкалдағы экотуризмнің дамуы туралы Бүкіләлемдік банктің жобасында қолданылатын анықтамада: "Экотуризм-туризм мен табиғаттағы қызметтің мақсаты табиғат пен оның сұлулығын қабылдау, қоршаған ортаның мәнін түсіну, табиғат аясында демалу мен спорттық туризм деп білетін кез-келген түрі жатады " делінген.

   Ресейлік авторлар  Е.Ю.Ледковский, А.В.Дроздов, Н.В.Моралев ұсынған анықтама ауқымы кең анықтамалардың бірі болып табылады. Авторлар "Осылайша бір уақытта Ескі және жаңа дүниеде табиғат алдында жауапты, оны қорғауға әрекет ететін дәстүрлі мәдениет пен жергілікті бірлестіктерге жататын ағартушылық қызмет атқарып жүрген саяхашылардың мәдениетін арттыратын экологиялық және әлеуметтік талаптарды қамтитын туризм туралы тұжырым жасалды" дейді.

   Анықтамалардың  мұндай көптүрлілігі туристік  қызметтің бұл бағытының қалыптасу  сатысында екекніне куәлік етеді. Нақты анықтаманың жоқтығы әртүрлі баспаларда келтіріп жүрген туристе легінің бағалау көлемінің шатысуына әкеліп соқтырады.

   Біздің ойымызша, анықтама экологиялық туризмде  сақталатын және негізге алынатын  негізгі ұстанымдар көрсетілгенде  ғана барлығына ортақ және  нақты болады.

Экологиялық туризмнің  негізгі ұстанымдары;

 

   - рекрациондық  табиғи аумақтың биологиялық  түрлілігінің сақталуы;

 

   -экологилық туризм  аумағына жатқызылған аймақтардың экономикалық тұрақтылық деңгейін көтеру;

 

-экотуристік қызметтің  қатысушыларының экологиялық мәдениетін көтеру;

 

   - рекрациондық  аумақтың этнографиялық деңгейін  сақтау;

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

              II. Негізгі бөлім    

   2.1Экологиялық туризмнің дамуы

Экологиялық туризмнің  пайда болуы мен дамуы эстетикалық  және рекреациондық көзқарас бойынша аса тартымды аумақтарды ерекшелеу мен оларды қолданумен қорғаудың көрсеткішін дайындау тарихымен тығыз байланысты.

Бірінші  ұлттық парк 1872 жылы солтүстік Америка аумағындағы  Йеллоустон  елді-мекенінде  құрылған. XIX ғасырдың соңында «жабайы батыстық» керемет табиғи бұрыштарында ұлттық парктің толық сериясы пайда болған; 1885 жыл – Банф және Глейшер, 1886жыл- Йохо, 1890жыл- Йосемит, 1895жыл- Ватертон- Леетк.

Ұлттық парктердің қалыптасу  үдерісі Бүкіләлемдік  соғыстан соң қарқынды дами бастады. Егер 1950 жыл 39 елде 200-ге  жуық парк тіркелсе, 1982 жыл бұл есеп 1000-ға жетті. Дамушы елдерде Ұлттық парктердің ұйымдастырылуы жоғарғы жылдамдықпен ерекшеленді. Индонезияда екі жыл ішінде (1980-1982) жалпы көлемі 49,3 мың км2 , 16 ұлттық парк құрылғаны жарияланды.

АҚШ, Канада және солардың ізімен жүрген Мексика, Аргентина, Жаңа Зеландия, Австралия, Индонезия, Оңтүстік Африка елдерінің  ұлттық парктерінің ұйымдастырушыларының алдарына қойған негізгі міндеттері – адамдардың демалыс кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат  «туындыларын» қорғау.

Табиғатта демалыс – психологиялық  бәсеңдікті, адамның эстетикалық  қабілеттілігін, денсаулығының қалпына  келуін қамтамасыз етеді.

Американдық типтегі ұлттық парктерде  туризммен демалыстың ұйымдастырылуына күш салынған. Парктер жеделдете жарнамалана бастаған: адам немесе механикалық  көліктер жүретін жолдар, жүргізілді, демалыс орындары ұйымдастырылды, көру алаңдары, қонақ үйлер, тамақтану пунктері, туристік жабдықтарды жалға беру базасы салынған.

Осы іс-шаралар ұлттық парктерге  қызығушылық тудыруға түрткі болды. Мысалы, Йеллоустон  ұлттық паркінің жылдық адам келімі төмендегідей болып  өскен: мысалы, 1895 жылы 5,5 мың адам болса, XX ғасырда 50ж 1,5 млн адамға дейін  өскен., 60 жылы-2млн-нан  асса, ал 70ж-3млн адамға  жеткен. Бүгінгі таңда, АҚШ-тың Гранд-Титан, Йосемите, Гранд-Кальон секілді ұлттық парктері жылына 3-5 млн келушілерді қабылдайды.

1990 жылы экологиялық туризмге  жыл сайын жеке меншік халықаралық  «Annual  World Congress on Adventure Travel & Econtourizm» симпозиумын шақыруға және жеке меншік бейкомерциялық ұйымдар құру құқығына ие қылатын арнайы дәріс беріледі.

 

 

 

 

 

 

Сан алуан жариялымдардағы экологиялық  туризмнің бүгінгі көрінісі мен  даму сатысына берілген бағалары айтарлықтай  әртүрлі. Айырмашылықтардың көбі экологиялық туризмнің анықтамасына қатысты. Егер экологиялық туризмді,  табиғи ресурстарды қолдануды  негізге алатын экологиялық туризмнің барлық түрлерін біріктіреді деп қарасақ, бағалау көлемі экологиялық туризмді, экологиялық менеджменттің технологияларымен қатар жүретін табиғаттағы рекреациялық-танымдық қызмет деп қарастыратын түріне қарағанда айтарлықтай жоғары болады.

 

БТҰ-ның бағалау көрсеткіші бойынша экологиялық туризмнің  әлемдік туристік өндірістегі үлесінің көлемі жыл сайын 2-4%. Жыл сайын 55 млрд доллар туризмнің қажеттіліктерін өтеу мен оның қызметтері үшін жұмсалады. Экотуризмнің жыл сайынғы өсуі 30%-ды құрайды. Экотуризм өсуінің бұндай жоғарғы пайызы табиғатты қолданудың дәстүрлі рекреоциондық түрінің туристік маршруттарымен жобаларды ұйымдастырумен іске асырудың жаңа түрлеріне ауысуымен түсіндіріледі.

Табиғат сұлулығы ең озық елдерде туризм көбіне ұлттық парктердің құратын негізгі себеп ретінде  саналады. Мыс., Косто-Рика территориясының 30%  табиғатты қорғайтын аймақ деп жарияланды. Бұл елде туризм жылдық табысы 650 мың долларды құрайтын жетекші табыс көзіне айналды. Табыстылық бойынша экологиялық туризм ОАР-да алмаз шығарудан кейінгі 2 орынды, Аляска мұнай өңдіруден кейінгі 2 орынды алады. Ұлттық паркті қолданудан түскен жылдық Кенияда 450 мың долларды, Эквадорда Галлапогос аралы негізінді 180 млн доллар құрайды. Гуанада атты вулкан ұлттық паркінің тау гарилларын тамашалауға келген туристері онда кіру үшін 1 мың доллар және басқа басқа да қажеттіліктерін өтеу үшін 2-ден 3 млн долларға дейін ақы төлейді.

Басқа да мемлекеттерде  экологиялық туризм табысты бизнес болып табылады. Мыс., АҚШ федералдық өкіметі басқаратын ұлттық парктер 270 млн-ға жуық туристер қабылданған, ал осы өкімет басқаратын жеке штаттардың парктері дәл осы кезінде 500 млн-ға жуық келушілері қабылдаған. Канадада  - Федералдық негіздегі ұлттық парктер дәл осы жылдарда 20 млн-ға дейін әкімшілік-аумақтық туристерді қабылдаған.

Туроператорлардың жалпы  санының ішінде экотуристік өкімдерді  тасымалдаушылардың үлесі өсіп келеді. Германияда турагенттіктер мен туроператорлар қауымдастығының мәліметі бойынша  туроператорлардың саны 1500-2000 құрайды. Олардың 6-8% табиғи туризм бойынша мамандандырылуда.

Бүгінгі таңда танымдық, сауықтыру, ауыл және экология – этнографиялық  туризмда келешегі бар және сұранысқа  ие экологиялық туризмнің түрлері  болып табылады.

 

 

 

 

   2.2 Қазақстандағы экологиялық туризмнің қалыптасуы

 

Қазіргі уақытта экологиялық  туризм әлемдік деңгейдегі туризмнің  басқа түрлерінің ішінде елеулі үлесті алады (40-тан 60% дейін).               

 Экологиялық туризмді адамның тамаша, танымдық, ғылыми, өлкетану қажеттіліктерін қанағаттандыратын нысандармен және табиғаттың кескіндемелік, экзотикалық, қайталанбайтын құбылыстарымен тікелей өзара қарым-қатынасы, ең алдымен «ашық» табиғат жағдайында болуы ретінде айқындауға болады.  

 Экологиялық туризмнің негізгі  мақсаты мыналар болып табылады:

- экологиялық білім, табиғатпен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, табиғи ортада этикалық нормаларды жасау, табиғаттың және оның жеке элементтерінің тағдыры үшін жеке жауаптылық сезіміне тәрбиелеу;

- адамның рухани және  физикалық күштерін қалпына келтіру,  табиғи жағдайдағы табиғи ортада толыққанды демалысты қамтамасыз ету.         

 Әлемдік тәжірибеде экологиялық  туризм ерекше қорғалатын табиғи  аумақтарда (ЕҚТА) айрықша іске асырылады.  

 Біздің республикамызда экологиялық  туризмді дамыту жалпы туризмді  дамытуда маңызды.            

 Экологиялық туризмді жоғары  табыс көзі ретінде және экономиканың  экологиялық қауіпсіз саласы  ретінде қараса және дамытса  Қазақстанды дамытудың маңызды  элементі болуы мүмкін.             

 Атап айтқанда,ЕҚТА – штатында әкімшілік, ғылыми және орындаушылық персоналы бар, сауатты рекреациялық қызметті ұйымдастыра алатын, туристерге экологиялық сауаттылықты қамтамасыз ететін, осы аумақта мейлінше рұқсат етілетін жүктемені есептейтін, рекреациялық аумақтардың жағдайына мониторингті ұйымдастыратын аумақтық ұйымдастырылған құрылым болып саналады.             

 Қазақстанның табиғи әлеуеті  әлі шоғырлану процесі және  интенсивті ауыл шаруашылығы  өндірісі қамтылмаған әртүрлілікке,  бірегейлікке, тартымды көрініске ие болғандықтан ЕҚТА-да экотуризмді дамытуда үлкен мүмкіндіктері бар.             

 Қазіргі уақытта республикалық ЕҚТП жүйесі былайша есептелген:  

10 мемлекеттік табиғи  қорықтарға;

10 мемлекеттік ұлттық  табиғи парктерге;

3 мемлекеттік орманды  табиғи резерваттарға;

50 мемлекеттік табиғи  тапсырыс берушілерге;

26 табиғат ескерткіштеріне;

Алматы, Қарағанды, Риддер, Жезқазған қалаларындағы, Бақанас  ауылындағы 5 мемлекеттік ботаникалық  бақтарға;

5 мемлекеттік қорықтағы  аймақтарға бөлінеді.            

 

 

 

 

Экологиялық туризм ЕҚТА барлық түрлерінде дамуы мүмкін, алайда басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен салыстырғанда қорықтарға келу тәртібі өте қатаң, осыған сай қатаң түрде табиғатты қорғау тәртібі және нақты келушілердің саны белгіленіп, экологиялық туризмді ұйымдастыруға барынша шектеу қойылған. Экологиялық туризм арнайы бөлінген учаскелеріндегі аралық аймақта қатаң тіркелген бағыттар бойынша экскурсиялық маршруттармен шектелуі қажет.  Қорықтардың өзгешелігі ғылыми экологиялық туризмді пайдалануға мүмкіндік беретін көптеген ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуге арналған.              

 Экологиялық туризмді дамытудың аса маңызды әлеуетіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ерекше түрі ретінде  мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (МҰТП) ие, олардың қызмет бағыттарының бірі рекреациялық және туристік қызметті дамыту болып табылады. Осы мақсаттарда көркем ландшафтарды, табиғи ескерткіштерді және басқа тамаша нысандарды көрсету арқылы туристік және рекреациялық аймақтарда қатаң белгіленген экологиялық маршруттарды пайдалану бойынша мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде

МҰТП-дың оның

 

 ішіндегі тоғызы  Қазақстан Республикасы Ауыл  шаруашылығы министрлігі Орман  және аңшылық шаруашылығы комитетінің  иелігіне тиесілі. 

 

Мемлекеттік ұлттық парктер:

 

     

                                          

                                                                                                        1-Сурет.

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          2-Сурет.

Информация о работе Экологиялық туризмнің анықтамасы мен негізгі ұстанымдары