Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:13, реферат
Облыс аумағында ерекше қорғалатын 16 табиғат объектiсi, 3 000-нан астам көл бар.
Туристер үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының өмiр сүру ортасын көрсету объектiсi ретiнде бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi, борсық, қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген Согров және Мамлют қорықшалары, «Красный бор» қорығы ұсыныла алынады.
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя салады.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері
(танымдық, ойын-сауық, этника, экология,
денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық,
аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу),
т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін
Қазақстан аумағы бойынша 700-ден
астам саяхаттық маршруттар белгіленген.
Оларға Қазақстанда жиынтық
Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.
Туристік нысандар
Қазақстандағы туристік ресурстарға
– туристік қызмет көрсету нысандарын
қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің
рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш-жігерін қалпына
Қазақстандағы туристік
нысандар бірнеше топтарға бөлінеді:
"Алтынемел тау жоталары"
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік
Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс
Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік
Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс
Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады.
Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар
мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы
зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы,
Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы
шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында
туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау
тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы
9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық
туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
"Қарқаралы ұлттық паркі"
Тарихи-археологиялық
"Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі"
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.
"Арыстан баб кесенесі"
"Айша бибі кесенесі"
"Шымбұлақ тауы"
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика
аумағында көптеп кездеседі. Оларға
түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан
қаласы, Қожа
Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті,
Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б.
жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге
тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді.
Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан
баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш
ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата
мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша
бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі,
Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата,
Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ
халқының азаттық күресі жолындағы батырларға,
қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар
мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға
Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері
(Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы)
Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы
Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей
Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады.
Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы
үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар
ретінде Жошы және Алаша
хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік
монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері
қастерлі орындар санатында туристік
нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы
құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы
Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш.Уәлиханов,
Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс,
Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан,
Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров,
С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелік
орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т.б.[1].
Пайдаланылған әдебиеттер
«Ақтөберентген» зауыты озық үлгідегі үш... →
Олимпиада чемпиондары Ақтөбеде... →
Денсаулық фестивалі өтті ... →
Қазақстанда
медициналық туризм дамып келеді.
«Ұлттық медициналық
Тест сұрақтары
1. Жалпы туризм қай ғасырдың феноменомы:
A) XVIII века
B) XIV века
C) XX века
D) XXI века
E) XX-XXI век
2.Б.э.д. 4 –мың жылдықта финикицылардың саяхатқ шығыуына не түрткі болды:
А) Ақшаның пайда болуы
В) Мануфактураның пайда болуы
С) Сауда
D) Соғыстар мен басыпалушылыұтр
Е) Мәдениет
3. Океания елінің тұрғындары алғашқы саяхаттарын қай жерде жүргізді:
А) Оңтүстік Шығыс Азия, Индонезия, Малазия арқылы Тынық мұхиттан
Малайзия аралдарына.
В) Үнді мұхиты арқылы Африка жағалауы мен Мадагаскар аралына
С)Оңтүстік Қытай теңізі арқылы Филип теңізінен Жаңа Зеландия мен Тосман теңізіне
D) Бенгаль шығанағы арқылы
Е) Глински шығанағынан Норвегия жағалауына
4. Жерорта теңізінің тұрғындарын қай ежелгі грек ғалымдары арқылы саяхатқа аттандырылған:
А) Геродот б.э.д. Vғ
В) Архимед
С) Сократ
D) Аристотель
Е) Страбоном (63 ж. б.э.д.- 20 ж. б.э.д)
5. Ежелгі Рим туризмінің даму тарихына не әсер етті:
А) Жол салу және бай жаұяларының құрылуы
В) Сауда
С) Тұрақты мекен-жайлар мен ойын-сауықтар
D) Гладиаторлар шайқасы
Е) Театрлық қойылымдар
6. Еуропалықтардың жаппай көшіп-қонуы:
А) Крест жорықтары
В) Жағрафиялық танымдар
С) Ойын-сауық
D) Сауда
Е) Жаугершілік
7. Американдықтардың Солтүстік Америка контингентіне саяхаттары қашан басталды:
А) XVI ғ
В) XIV ғ
С) XVII ғ
D) XVIII ғ
Е) XII ғ
8. Америкаға саяхат жасау тарихындағы ең елеулі оқиға:
А) Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі жол жүрулер
В) Атпен саяхат жасау
С) Почта каретасымен саяхат жасау
D) Теміржолдарының салынуы
Е) Әртүрлі шараларды ұсыну
9. Ивана Федоровтың жағрафиялық ашулары:
А) 1732 ж. Принц Уэльс мысының жанындағы Алясканың ашылуы
В) 1697 ж. Камчатканың ашылуы
С) 1725 ж. Охот теңізінің, Камчатканың, Куриль аралдарының ашылуы
D) 1750 ж. Олиут аралдарының ашылуы
Е) 1913 ж. Антарктиданың ашылуы
10. Австралияға келген саяхатшы:
А) М.А. Лазерев, Ф.Ф. Беллинсгаузен
В) П.П.Семенов Тянь-Шанский
С) Н.Н. Миклухо – Маклай
D) Крузен Штернан
Е) Т. Кук
11. Азияны, Орта Азияны, Памир мен Монголияны кім зерттеген:
А) Н.М. Пржевальский
В) П.П. Семенов Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский
С) С.П. Крашенников
D) Г.И. Шелихова
Е) В. Гверинг
12.Әлемнің жеті ғажайыбының алғашқысы:
А) Вавилондағы Семирамиданың аспалы бағы, Александрия Маягы
В) Тадж Махал Индия
С) Руины Машу-Пиешу (Перу)
D) Үлкен пиктограммалар (Перу)
Е) Ұлы Қытай қабырғасы
13. КСРО-да қай кезеңде экскурсиялық қызмет дамыды:
А) XIX ғасырдың екінші жартысынд
В) XVI ғасырдың аяғында
С) XIV басында
D) XXI ғасырдың аяғында
Е) XVII ғасырдың басында
14.Тау экскурсияларын, таудағы қыдыруларды кімдер ұйымдастырған:
А) Интеллигенция
В) Натуралистер
С) Бай буржуазия
D) Жаратылыстану қоғамы
Е) Туризм құмарлатының ұйымы
15.Ежелгі дүниені орналастыру кәсіпорыны қай кезде болған:
А) Б.э.д. 50 ж
В) Б.э.д. II ғ
С) Б.э.д. II ғ
D) V ғ
Е) Б.э.д. III ғ
16. Көліктің ежелгі түрі:
А) Жылқы малы, ат арба
В) Қайықтар
С) Түйе малы
D) Пілдер
Е) Велосипедтер
17. Почтолық кареталар қай жерде ойлап табылған:
А) Венгрия XVғ
В) Чехия XIVғ
С) Англия XVIIIғ
D) Швеция XVIIғ
Е) Испания XIXғ
18. Су көлігі қай кезде жақсы дамығын
А) XIX ғ. орта тұсы
В) XIX ғ. басы
С) XIXғ. аяғы
D) XVIғ
Е) XVIIғ
19. XXғ. Жоғарғы комфортты жүзуші қоанқүйлер жасалған. Мысалы: «Титаник»,52 мың. т.Ол қай жылы шығарылған:
А) 1912ж
В) 1956ж
С) 1902ж
D) 1930ж
Е) 1915ж
20. Қай кемелер мұхитты бір аптада кесіп өткен:
А) «Лузитания»
В) «Сириус»
С) «Мавритания»
D) «Титаник»
Е) Барлық жауап дұрыс
21. Қай кеңес теңіз туризімі адам тасымалдайтын кемелерді арендаға алуды бастады:
А) «Победа из Грузии»
В) «Григорян-Ордженикидзе»
С) «Адмирале Нахимове»
D) «Интурист»
Е) «Сириус»
22. Солтүстік Америкада теміржол қашан пайда болды:
А) 1884ж
В) 1882ж
С) 1830ж
D) 1840ж
Е) 1864ж
23. Қай компания Париж бенСтамбулды, Мәскеу мен Владивостокты жалғастырған:
А) Train Bleu
В) Golden Arrow
С) Orient Express
D) Transsiberien
Е) International Company of Wagon Lit and Grand Express of Europe
24. Автомобиль көлігінің қай кезден және қай жерде дами бастады:
А) 1904ж. Англияда
В) 1914ж. Испанияда
С) 1908ж. Канадада
D) 1920ж. АҚШ-да
Е) 1923ж. Норвегияда
25. Француз А. Жиффер салған аэростатта әуеге көтерілу қашан болды:
А) 1852ж
В) 1847ж
С) 1860ж
D) 1803ж
Е) 1899ж
26. Ең алғаш рет әуеге көтерілген ұшақтың моделін жасаған кім:
А) А.С. Кудашева
В) Я.М. Ганкеля
С) И.И. Сикорского
D) Д.Ф. Можайский
Е) Н.А. Телешов
27. Турист сөзінің негізгі ұғымы:
А) Сыйластықты талап ететін адамдар
В) Әртүрлі психикалық, физикалық қажеттілікті сезінетін адамдар
С) Рекреациондық ресурстарды талап ететін адамдар
D) Саяхат жасауға құмар адамдар
Е) Еркін демалыс уақыты бар адамдар
28.Халықаралық мекемелер:
А) БҰҰ
В) ВТО
С) ЮНЕСКО
D) ИОТО турнистік ұйымдардың ресми халықаралық қоғамы
Е) Қонақүй ассоцациялары
29. Саяхат сөзіне анықтама беріңіз:
А) Адамдардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысы
В) Көшіпқонушылр мигранты
С) Қатысушылар
D) 400 км.жылжу
Е) Адамдардың бір орынна бір орынға жылжуы
30. Туризм сөзінің анықтамасы:
А) Адамдардың ұзақ уақытқа жылжуы
В) Адамдардың қысқа уақытқа жылжуы
С) Адамдардың қаржы табуға жылжуы
D) Адамдардың ләззат алуға жылжуы
Е) Адамдардың білім алуға жылжуы