Европадағы туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 07:05, реферат

Краткое описание

Б.э. II ғасырда адамдар ұзақ жерлерге және жиі саяхаттады. Тіпті жәй туристтік мақсаттармен: көпшілігіне басқа қалалар мен мемлекеттерді көру өуаныш сыйлады. Бірақ саяхаттар мен жорықтар туризмнен бастау алған жоқ. Антикалық заманда жолдар қол жетімді және қауіпсіз болды. Байланыс құралдары барлық қажеттіліктерге және туристтердің қызығушылығына жауап берді, ал мәдениет деңгейі белгілі бір жаңа нәрсені іздеп, таныпбілуге кең талпыныс жасады.
«TOURIST» сөзі ағылшын тілінде XIX ғасырдың басында пайда болды, және ағылшын тілінен аударылғанда: Турист – ол өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында немесе мәдени дүниетанымын кеңейту үшін саяхаттаушы тұлға; БҰҰ анықтамасы бойынша турист – ол белгілі бір орында бір күннен көп емес және бір жылдан аз тұрақтанушы тұлға.

Содержание работы

I Кіріспе.
II Халықаралық туризмнің даму этаптары.
III Туризмнің түрлері.
IV Европадағы туризмнің дамуы:
1 Греция
2 Италия
3 Испания
4 Португалия
V Қорытынды.
VI Қолданылған әдебиеттер.

Содержимое работы - 1 файл

Европадағы туризмнің дамуы.doc

— 81.00 Кб (Скачать файл)

Италияда ауыл шаруашылығы  жақсы дамыған, соның ішінде вино өндіру. Италияның солтүстігінің  экономикасы жақсы дамыған. Мұнда  өндірістің үш түрі Милан – Турин  – Генуя, ал артта қалған ауданы оңтүстік.

Пьемонт облысы мынандай мағына береді: «Таудың төменгі бөлігі». Бұл аудан Франциямен шекаралас  және өзінің таулы куррорттарымен атақты. Оның орталығы – Турин қаласы. Мұнда көптеген өндіріс орындары, соның ішінде: машина жасау, электрохимиялық өндіріс және заводтар мен «Фиат» фирмасы орналасқан. Мұнда туризмнің таушаңғы, тауда жаяу жүру, велосипедті, атпен серуендеу түрлері жақсы дамыған.

Лигурия облысының орталығы – Генус қаласы. Бұл жерде туризмнің дамуы теңізбен байланысты. Мұнда Европадағы ең атақты курорттар орналасқан: Портофинно, Рапалло, Сан-Ремо. Бұл жерде жыл сайын ән фестивалі өтіп тұрады.

Ломбардия облысынң орталығы – Милан қаласы, Европаның үлкен  финанстық, өндірістік, транспорттық орталығы. Милан опералық ән айту өнерінің орталығы. Мұнда әлемге әйгілі «Ла Скала» опера театры орналасқан. Милан сәндік орталығы. Және мұнда футбол жақсы дамыған. Милан қаласында Италиядағы ең үлкен «Сан Сиро» футбол стадионы орналасқан.

Венетто облысының орталығы - Венеция қаласы. Бірнеше жылдар бойы Венеция Республика орталығы болған.

Тоскана облысынң орталығы Флоренция қаласы. Флоренция –  қайта өрлеу дәуірінің бесігі, ұлы суретшілердің отаны.  
 Умбрия облысынң орталығы Перуджа қаласы. Бұл аймағы теңізбен шектеспейді. Жабайы табиғаттың арқасында Умбрия «Италияның жасыл жүрегі» атағына ие болған. Мұнда агротуризм кең жайылған.

Марка облысының орталығы Анкона қаласы. Бұл ауданда ауыл шаруашылығымен қатар, тарихи ескерткіштерге бай және халық өнері жақсы  дамыған. Орта ғасырларда бұл жерде қағаз өндірісі жасы дамыған. Және қағаздарға деген сұраныс өте жоғары болған. Теңіз жағалауында көптеген кішігірім курорттар бар.

 

 

Испания

 

         Испаниядағы фашисттік диктатураның  құлауы мемлекеттің Ресеймен  туристік байланыстарының өсуіне жол ашты. Жылдан- жылға Ресейге барушы испандық туристердің саны арта түсті. Ресейге саяхаттау олар үшін осы уақытқа дейін қол жетімсіз болатын. Испаниядағы Ресей туризмі де тез дамыды. Қазіргі таңда көптеген тур операторлар Жерорта теңізі мемлекеттерімен жұмыс жасауда. Осы арада Испанияның теңіз жағалауындағы курорттарын айтуға болады.

        Испания келбеті әр түрлі мемлекет. Оның аралдық және құрлықтық  бөліктері, провинциялары мен  жағалаулары әр түрлі бейнеге  ие. Тіпті жақын орналасқан курорттық  зонлары да бір – бірімен ерекшеленеді: бірі шығанақ жағалауында орналасқан, өзінің пальмалы жағалаулары мен кең саяжайларымен қуантса; келесісі өзінің яхта – клубтарымен, отельдері және ресторандарымен епекшеленеді. Сондықтан Испаияға кез келген талғамға сай келетін саяхаттар жасауға болады.

       1998 жылы алғаш рет туризмнің тарихында Испанияға келуші туристердің саны 4.774.200 адамға жетті. Мемлекет дүниежүзі бойынша Франциядан кейін екінші орында тұрды. Көптеген жылдар бойы «күмісті» қолдан жіьермей келе жатқан АҚШ үшінші сатыға түсуге мәжбүр болды.

1997жылы Испанияда болған  туристердің  91% Еуропа мемлекеттерінің  тұрғындары құрады.

        Испания – Еуропаның оңтүстік  – батысындағы мемлекет. Шығысында  Франция және Андорромен, батысында Партугалиямен шектеседі. Жерінің көлемі 504.782,4 шаршы километр. Астанасы Мадрид қаласы. Испанияда әр түрлі тілде сөйлеседі, бірақ мемлекеттік тіл  испан тілі. Каталония автономды облысында сонымен қатар Канар және Балеар аралдарында каталон тілімен және оның диалекттерімен сөйлеседі. Мемлекет 17 автономды облысқа бөлінген, олардың өзі өз келзегінде 50 провинциаға бқлінген. Испанияның Жерорта теңізі жағалауында 4 автономды облыс: Каталония, Валенсия, Мурсия, Андалусия орналасқан.

         Коста Брава – бұл Испанияның  жерортатеңіздік жағалауының солтүстік бөлігі. Барселонадан француз шекарасына дейін 40км қашықтықта орналасқан. Коста Брава «Батыл, Жабайы жағалау» деген мағнаны білдіреді. Таулар теңізге дейін төселіп  жатыр, ал теңіз жіңішке бухталармен шығанаққа енуде. Қарағайлар мен жасыл судың арсына кішкене саяжайлар жасырылған. Керемет курорттары ескі балық аулайтын аймақтарға ұласып жатыр. Ал жағажайда түрлі түсті қайықтар көздің жауын алады. Француз шекарасына жақындаған сайын табиғат суреттері одан да қызықты бола түседі. Коста Брава жағалауындағы туристік астана - бүкіл Европаға әйгілі Льорет де Мар курорты. Түнде қала әр түрлі алауларымен ерекшеленеді.   Қала көшелерінен топ-туристерді көруге болады, көптеген түнгі клубтар, ресторан және барлар қызметін бастап, таңға дейін жабылмайды. Курорттан он минуттық жерде «Маринеленд» аквопаркі орналасқан. Ол өзінің қонақтарына балалар атракционын және теңіз жануарларымен өтетін шоуларын ұсынады.   Льорет де Мар кез-келген адамға демалысын қызықты және естен кетпес, әсерге толы етіп өткізуіне көмектеседі. Коста Бравадан оңтүстікте, Тардер өзенінің бойында Коста дель Марсеме жағажайы басталады. Үлкен құмды және таза жағажайлары, көгілдір Жерорта теңізі кез-келген жастағылар үшін таптырмас демалыс орны.        Жағалаудың басты қаласы – Калельа. Қала статусына 1925жылы ие болған және оған дейін балық аулайтын аймақ ретінде танымал болды. Қаланың көрікті жерлеріне Иглесия де Санта Мария шіркеуін және Municipial Dulmau -  жасыл желекті паркін айтуға болады.

Пинеда де Мар –  теңіз жағалауындағы ескі қалашық. Осы күнге дейін көне ауыл шаруашылығын сақтап қалған, және қазіргі таңда Коста дель Мерсеме жағалауындағы ең керем туристтік орталыққа айналуда. Туризмнің жылдам дамуы мұнда заманға сай отельдердің, пансионаттардың, кемпингтердің салынуына, сауда және ойын-сауық инфрақұрылымдарының өсуіне алып келді.

 

 

 

Португалия

 

Ұлы империя – XV-XVI ғасырлардың колонизаторы. Франция және Англия сияқты ұлы державалардың қарсыласы. Еуропаның батысындағы мемлекет. Португалия Иберии түбегінің оңт. бат. жағалауында орналасқан. Б.э.д. IV-III ғасырларда Португалияның көп бөлігінде лузиаттар қоныстанды. Б.з.д. I ғасырдың соңында мемлекетті Рим жаулап алды. Сол кездегі Римдіктер құрған қалашықты Сера де Эштрелла тауларынан көруге болады, ал бірнеше жылдар бұрын Сан Мамеде көшесінде қазба жұмыстары басталды. Б.з. V-VI ғасырларының II жартысында Португалияны вестготтар, ал 713-718 жылдары арабтар жаулап алды.

Елдегі ең атақты куроттың аты – Алгарве, ол араб тілінен  аударғанда «батыс» деген мағнаны  білдіреді. Португалияның географиялық жағдайы тек қана Европамен ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Американың шығыс жағалауларымен және Африкамен қарым-қатынасын жолға қойды.

XII ғасырдың басында  Португалия тәуелсіз патшалық  болып жарияланды, және шекарасы сақталып қалынды. Түбекте жалғыз Испаниямен көршілес. Мемлекеттердің тарихи және мәдени байланыстарының нәтижесінде қазіргі таңда бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінде 200млн астам адам португал тілінде сойлейді. Бүгінгі таңда Португалия халқының саны 10 млн адам. Мемлекет астанасы – Лиссабон қаласы.  XVI ғасырдың басында Португалия жетекші теңіз державасы ролінен түсіп қалды. Экономикалық және саяси дамуда Европаның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда артта қалды, және XX ғасырдың басында терең дағдарысқа ұшырады. 1926жылы жарты ғасырға созылған фашистік диктатура орнады. 1974жылы 25 сәуірде әскерилер бірігіп, «қарулы күштер қозғалысы» атты көтеріліске шықты. Нәтижесінде фашистік режим құлады. 1986 жылы Португалия Еуропалық қоғамдастықтың мүшесі болды. 

Португалия ұзақ жылдар бойы туристердің қызығушылығын тудырып келеді. Соңғы уақыттары ел экономикасында туризм табыс жағынан өте жоғары орынға ие. Мемлекеттің ең атақты аудандары: Алфама – Лиссабонның жүрегі қаланың ең ескі бөлігі. Елдің оңт. жағалауында Сагреш, Портимауо, Форо, Албуфейра сияқты курорт қалашықтары орналасқан.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде Еуропадағы туризм даму барысында бірнеше кезеңдерді бастан кешірді. Туризмнің даму тенденциясында демографиялық, туристік потенциял, әлеуметтік, саяси  факторлар  маңызды роль атқарады. Осының ішінде саяси факторды ерекше атап өтуге болады. XX ғасырдың  80-90 жылдарындағы Шығыс Еуропа мемлекеттерінде орын алған демократиялық өзгерістер «суық соғыстың» аяқталуы, әлемде нарықтық қарым қатынастардың орнауы туризмнің дамуы мен кеңейуінде өте елеулі орынға ие.

Европа мемлекеттері әлемдегі ең дамыған мемлекеттер  қатарына жатыды. Еуропада барлық туризм түрі дамыған. Олар өздерінің бір  бірінен ерекшеленетін курорттық  аймақтарымен, қонақ үйлерімен, орналастыру, тамақтандыру орындарымен және басқару персоналымен, туристік қызмет көрсетуімен, тауарларды өндіруімен, бөлумен, материалдық туризм базасын жасаумен, туристік ресурстарды игеруімен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Биржанов М.Б. «Введение в туризм»
  2. Ерамов Р.А. «Физическая география зарубежной Европы»
  3. Кравтальков В.А. «Иностранный туризм»
  4. Немоляева М.Э., Хадорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Европадағы туризмнің дамуы