Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 17:52, реферат

Краткое описание

Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттiң экономикасына үш оң нәтиже бередi:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етедi және төлем теңгерiмi мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткiштерге оң ықпал жасайды.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары.docx

— 32.59 Кб (Скачать файл)

    Туристiк жағынан дамыған көпшiлiк елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейiнгi пайызын iшкi туристiк рынок құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бiр мезгiлде, қазiргi кезде iшкi туризм негiзiнен бейберекет күйде екенiн, ұйымдастырылмағандығын атап өткен жөн. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрiн дамытуға тиiстi көңiл бөлiнбей отырғандықтан, мемлекеттiң бюджетi қыруар соманы ала алмайды, инфрақұрылымның бұзылуы жалғасуда, табиғи, мәдени және тарихи ескерткiштердiң экологиялық жай-күйіне орасан зор нұқсан келтiрiлуде.

    Бұл ретте, әлемдегi демалыс түрлерi мен  туризм өндiрiсiн пайдаланушылардың  неғұрлым қарасы көп тобын құрайтын мүгедектер мен қарттардың, сондай-ақ осы бiр кеңейiп келе жатқан туризм индустриясы рыногының бiр бөлiгiне айналған балалы отбасылардың көптеген қонақ үйлерге, көлiк құралдарына  және туристiк көрiкті жерлерге қолы жете бермейдi. Сөйтiп, туристiк ресурстарға қол жеткiзу туризмдi дамытудағы неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Көптеген туроператорлар туристiк ресурстар мен қызмет көрсетулерге қол жеткiзу туристер санын көбейтуге мүмкiндiк беретiнiн бiле отырып, осыған қатысты шаралар қабылдау қажеттiлiгінiң мәнiн әзiрге түсiнген жоқ. Сондықтан, туристiк қорларға қол жеткiзудiң стратегиясы мен саясатын жiті әзiрлеу, туризм өндiрiсi қызметшiлерiнiң арнайы даярлық деңгейiн көтеру, мүгедек туристер талабы мен сұранысы туралы және әлеуметтiк-экономикалық дамудағы туризмнiң алатын маңызы жайында жұртшылықтың хабардар болуын арттыру қажет.

     Экономиканың  өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай "белсенді" жобаларды іске асыруға беріледі:

     1. Алматы қаласын  және Алматы облысын  дамыту:

     дамудың бас жоспарлары мен туристік кластер  құру мен дамытудың шебер-жоспарлары шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау;

     Қапшағай қаласында Диснейленд-парк және Лас-Вегас үлгісі бойынша туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын қамтамасыз ету үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу;

     ілеспелі қызмет көрсетулер саласын қалыптастыру мақсатында «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» АҚ жанындағы инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау.

     2. Астана қаласын  және Ақмола облысын дамыту:

     Щучинск-Бурабай  курорттық аймағындағы ойын-сауық  индустриясын қоса алғанда, ілеспелі қызмет көрсетулер саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;

     «Бурабай» ұлттық табиғи паркінде экологиялық  туризм инфрақұрылымын дамыту;

     Ақмола  облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан 30 км қашықтықта) Перғауындар ауылы (Мысыр), «От-бос» кешені (Квебек, Канада) тақылеттес сақтардың көшпелі тұрмысын, олардың өзіндік мәдениеті мен дәстүрлерін әйгілеуге бағытталған «Шеберлер сарайы» деп аталатын көрме орталығы бар «Шебер ауылы» этнографиялық кешенін салу.

     3. Жібек жолы бойында туризмді дамыту:

     Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын  Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Жібек  жолының қазақстандық бөлігінің  бірегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен  әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып келуінде.

     Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып  отыр:

     «Жібек  жолы меруерті» халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі  жобаның бірінші кезеңін Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент - Самарқанд - Үргеніш - Бішкек - Рыбачье - Алматы бағдары бойынша 2007-2008 жылдары жүзеге асыру;

     «Жібек  жолы меруерті» халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі  жобаның екінші кезеңін Алматы-Тегеран  бағдары бойынша жүзеге асыру  жөнінде мемлекетаралық келіссөздер  жүргізу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр  автономиялық округы арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейін  ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау;

     «Қорғас»  және «Достық» шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете отырып жол картасын жасау;

     Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) өңірлік бағдарламасының «Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар желісін салу және оларды дамыту;

     Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшін туристік визаларды өзара тану және одан әрі бірыңғай туристік виза енгізу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекетаралық келіссөздер процесін, оның ішінде аталған ұйымдар қызметінің шеңберінде жандандыру.

     4. Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:

     Жобаны іске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:

     Каспий теңізі бойынша Ақтау - Астрахань (Ресей) - Махачкала (Дағыстан) - Баку (Әзірбайжан) - Энзели (Иран) - Түркменбаши (Түрікменстан) - Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;

     жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясын құру жөніндегі мәселені пысықтау мақсатында Кендірлі демалыс аймағын жайластыру.

     5. «Қазақстан - ғаламшардың бірінші ғарыш айлағы» жобасының шеңберінде Байқоңыр қаласында ғарыш туризмін дамыту үшін жағдайлар жасау.

     Жобаны іске асыру 2008 жылдың соңына дейін жаңа технологияларды (планетарийлер, мұражайлар, ұшуларды басқарудың шағын орталықтары, кәдесыйлар сататын сауда орталығы және т.б. құру) пайдалана отырып Байқоңыр қаласының маңында ойын-сауық индустриясы бар туристік кешен құрылысын салу жөніндегі мәселелерді пысықтауды көздейді.  
 

 


Информация о работе Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары