Шығармашылыққа жетелеудің негізі – тілі дамыту жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 19:57, реферат

Краткое описание

Тіл дамыту жұмыстары – оқушылардың ана тіліне, адебиетіне деген қызыгушылықты ояту мен артырудың ең маңызды бөлігі. Ол баланың ой – өрісінің жетілуіне шығармашылық қабілетінің артуына жол ашады. Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский «Ана тілін толық менгермеген бала тарихты, географияны жаратылыс ғылымдарын және математиканы уйренген кезде теореманы немесе математикалық есепті өз бетімен айтып бере алмайтын куйге ұшырайды. Ана тілі баска пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтежелерін өзіне жинастыратын басты өзекті пән екені тусінікті емес пе?» деген екен. Ендеше ана тілін оқыту баска пәндер негізіне жол ашу деп тусінгеніміз жөн болар.

Содержимое работы - 1 файл

Шығармашылыққа жетелеудің негізі.docx

— 19.73 Кб (Скачать файл)

           Шығармашылыққа жетелеудің негізі – тілі дамыту жұмыстары                                                                                                     

                                                                                                               

  Тіл дамыту жұмыстары – оқушылардың ана тіліне, адебиетіне деген қызыгушылықты ояту мен артырудың ең маңызды бөлігі. Ол баланың ой – өрісінің жетілуіне шығармашылық қабілетінің артуына жол ашады.  Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский «Ана тілін толық менгермеген бала тарихты, географияны жаратылыс ғылымдарын және математиканы уйренген кезде   теореманы немесе математикалық есепті өз бетімен айтып бере алмайтын куйге ұшырайды.  Ана тілі баска пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтежелерін өзіне жинастыратын басты өзекті пән екені тусінікті емес  пе?» деген  екен.  Ендеше  ана  тілін оқыту баска пәндер негізіне жол ашу  деп тусінгеніміз  жөн  болар.    

   Қазіргі  заман  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  тереңдетіп  түрлендіріп  оқытуды талап  етеді. Бұрынғы  оқыту  бағдармаларында  оқу  жылының  соңында  тіл  ұстартуға  бірнеше  сағаттар  бөлінген  болса,  қазіргі  жаңа  бағдарлама  бойынша  ол  сағаттар  жыл  ішінде  өткізіледі  және  оны  кай  тақырыптан  кейін  калай түрлендіріп  өткізуді  мұғалім  өзі  таңдауына  болады.  Сондай  –  ақ  қазіргі  жаңа буын  оқулықтарында  тақырыптан  соң  түрлі  деңгейлік  әрі  шығармашылық тапсырмалар  қоса  беріледі.  Ол  тапсырмаларды  берудегі  мақсаттың  өзі  сол жеке  тұлғаны  тәрбиелеуге  бағытталып  беріледі.  Мұғалім  мұны  басты  назарда ұстаса  деп  ойлаймын.                  

  Тіл  дамыту  жұмыстарын   жүргізгенде  қазақ  тілін  әдебиетпен,  өнер сабактарымен,  тарихпен,  қоршаған  ортамен,  т.б.  байланыстырып  өткізу  өте тиімді  болмақ.  Оқушыны  шығармашылыққа  баулуда  оны  оқушылық  деңгейден алгоритмдік,  одан  эвристикалық,  одан  барып  шығармашылық  деңгейге жеткізгенге  дейін  сатылып  жұмыс  істеу  тіл  дамыту  жұмыстарының  бәріне ортақ.  Мысалы,  5-6 - сыныпта  мәтін  бойынша  әр  түрлі  шығарма  –  сипаттама, шығарма  –  суреттеме  жазу,  мәтін  бойынша  сурет  салу,  мәтіннен  алған  әсерлерін  қағаз  бетіне  тусірту,  ертегінің  немесе  әңгіменің  тілін  талдата отырып,  өз  нұсқаларымен  аяқтату  арқылы  тіл  дамыту  жұмыстарын  жүргізсек, 7-8 – сыныптарда  шағармашылық  мүкіндіктерін  еркін  пайдаланып,  шығарма – рецензия,  оқыған  шығармасы  бойынша  пікір  жазу,  ойтолғаулар  жаздыртуға,  т.б.  болады.  Ал  жоғарғы  сыныптарда  кең  қамтылған шығармашылық жұмыс түрлерін  жүргіземіз.  10 – 11 – сыныпта тіл мәдениеті мен  шешендік  өнерге  байланысты  берілген  тапсырмалардан  өзі – шығармашылыққа  сұранып  тұрған тапсырмалар.  Оны  ойбөліс,  ойталқы,  пікірталас,  т.б.  түрлерінде  де ұйымдастыруға болады.  Бұл  оқушының сөйлесу тілін  дамытып қана қоймайды,  еркін  ойлауын,  осы  бағытта  ізденуін  қамтамасыз  етеді.  Сондай – ақ  бүгінгі  күні  жиі  қолданылып  жүрген  дебат  технологиясының  да  оқушыларды шығармашылыққа  бауылдағы  маңызы  зор  екеніне  куәміз.  Сондықтан  тіл  дамыту  сабақтарында  оның  элемменттерін  қолданып  отырсақ,  артық болмайды.

   Өз тәжірибемде  тіл  дамыту  жумыстарының  ішінде  пікір  жаздыруға  жіті  көніл  бөлемін. Пікір  жазу,  көбіне,  әдебиет  сабактарында тиемді. Психолог  ғылым  Гонобалиннің  «Пікір дегеніміз – ойлау  формасы,  мұнда  бір  нәрсе  не  мұқылданады,  не  теріске  шығарылады»  деген  сөзін  басшылыққа  аламын да,  оқушыға ерік  беремін. Мысалы,  6-сыныпта Мұқағали  өлеңдерін оқығаннан кейін оған  қосымша ақын  шығармашылығынан  мәліметтер  берімен. Ақын  поэзиясына  қызыққан  соң автормен  сырласу түрінде пікірсыр  жаздыртам,  ал оның  өлеңдерін қара  сөзге айналдыра,  өз  сөздерімен  пікір – толғау жазғызамыз. Кейбір  оқушылар  айтып бергеннен гөрі  қағаз бетіне  түсіргенді ұнатады. Мұндай  жұмыстарды  Абай  шығармашылығынан  кейін,  Мағжан  шығармашылығынан  кейін де  жаздыртқан  оқушыға әсері болады. Пікір жазып үйренген  оқушылар  кунделік  жазуға  да  оңай  жаттығады.  Сондай – ақ 7- сыныпта Баубек Бұлақышұлының « Шығыс ұлына хатын » оқығаннан  кейін  оқушыларға  қазіргі  ұрпақ  атынан  Баубек  ағаға  хат жазып  келулерін  косымша  шығармашылық  тапсырма ретінде  бердім.

    «асақадірлі баубек Бұлқышұлы!  Сіздің  бүгінгі  ұрпаққа  жазған  хатыңызды  оқи  отырып,  біз  терең  ойға  қалдық.  Сіздің  арманыңыз  орынлады...  Біз  бүгінде  Тәуелсіз  елдің  ұрпағымыз.  Біздің  болашағымызды  сақтап  қалғаныңыз  үшін  Сізге  зор  алғыс білдіреміз.  Сіздің  сеніміңізді  ақтап, еліміздіодан әрі коркейтуге,  алдыңғы  қатарлы  елдердің  қатарына  қосылуға  өз  үлесімізді  қосуға  ант етеміз. Сіздің  есіміңіз – біздің мәнгі есімізде!» деп жазған  Серікбаева  арайлымның  хатынан патриотизм  мен адамгершіліктің иісі  аңқып тұрғандай.

    Тіл  дамыту  жұмыстарының  ішінде  ең  иыны – шығарма  жазуа  төселдіру.  Шығарма азуға  төселдіру  төменгі  сыныптарда  басталады.  Оқушы өзі  көріп,  оқып  жүргенді  суреттеп  жазады,  кейін  білетін  оқиғаны  шығарма  тіліне  түсіруге,  ойтолғайға  көшеді,  келе – келе  іздене  арқылы  жазылатын  шығармаға  ойысады.

    Шығарма  жазу – еңбексүйгіштікті,  үлкен  сауаттылықты,  терең  білімді  қажет  ететін  жауапты  да  қиын  жұмыс. Сондықтан  бұл  жұмыс  ұстаздан  жан – жақты  талап  қоюды,  жете  басшылық  жазауды талап етеді. Шығармаға  қойылатын  талаптарды  оқушымның  санасына құя отырып,  әр жолы  шығарма жаздыруды  жіберген  қателіктерін  санамалап  көрсете  отырып,  келесі  жолы  сол қателікті  жібермеуін  талап етемін. Шығармаға  қажетті материалдарды  жинақтау, оны  тақырып – қа  сай іріктеу,  ой – пікірді  жүйелі   бере білу, оқиға желсін  себеп- салдарлы  байланыстықұру, бейнелі сөздерді пайдалану, өзндік  ой – пікірлерінің  анық болуы, оның шығармадағы оймен үйлесімді шығуы керек екенін оқушыдан  талап етемін. Өкінішке  қарай керек мәліметті ғаламтор  арқылы  әзірлеп, алайда  онда  не  калай жазылғаны туралы  көп ойлана бермейтін жас ұрпақтың  рухани тұрғыда таязданып бара  жатқанын  көріп қынжыламыз. Әрине шығармашылыққа  қол жеткізу үлкен еңбкті  етеді. Мектепте  сыныптан  тыс өткізілетін пікірталастар,  әдеби кештер, сайыстар, ақын – жазушылармен  кездесулер, т.б. ісшаралар  баланың әдеби, мәдени  танымын  арттырып, ойын – өрістететіні  сөзсіз. Сондай – ақ 10 – 11 – сынып  оқулығында  сөз  мәдениеті  мен  шешендік  өнерге  байланысты  берілген  мәтіндер жиынтығы  да  оқушы  шығармашылығын  ұштап. Тілін  дамытуда  маңызы  зор дегім келеді. Халқымыздың  өмірінде  сөз, сөйлеу  өнері  ең  басты, шешуші рөл  атқаратынын  аңғартып  қана  қоймайды, шешен, сенімді  сөйлеу  өнерін  меңгеру  әрбір  адамғ  қажет  екенін  танытады. Сол  арқылы  оқушыларға  шешендік  өнердің  қыр- сыры  туралы  мағлұмат  бере  отырып, тоқсан, ауыз  сөздің  түйінін  жеткізетін  терең  мағыналы  түйінді  сөздерді  үйретеді. Сондай – ақ  «Диалогты монолагқа айналдырып жазыңдар» немесе  «Пікірсайсына, ойталқыға  айналдырыңыздар»  деген тапсырмалар легі  де  оқушы тілін ұстартудың  тиімді  көзі  екені даусыз.

     Поэзиялық   шығармалардан  үзінділерді   тіл  сабақтармен  үйлестіріп  пайдаланған  қызықтырақ. Абай  қлеңдеріндегі  есімше, көсемше,  болымсыз  етістік  түріндегі   сөздердің  орнына  синонимдерін  қолдану  арқылы  өздерінше   өзгертіп  жазады. «Құс  қалай  ұшады?  / қалықтап, шалықтап, әуелеп, самғап, т.б./», «Өзен  ағысын  суреттеп  жаз  / шымырлап, жылжып, ақырын, күркілдеп, т.б.», «Әнші  әнді  қалай  салады? /шалқытып,сорғалатып, баяулатып, т.б./» деген  тапсырмаларға  жауап  алу  арқылы  көсемшелерді  толтыртсам, екінші  осындай  жағдайларға  байланысты  жазылған  көркем  шығармалардан  /Жусіпбек  Аймауытов. «Әнші»/ үзінді  келтіру арқылы  көркем әдебиеттегі қолданылу орнына  мән бергізем  Мұндай  тапсырмалар арқылыоқушының  теориялық білімі  беки  түседі  және  сөздік  қоры  дамиды.

      Сондай  – ақ  тіл  сабақтарында  сөзжұмбақ  шешкізу, әзіл  аралас  сұрақтар беру, тұрақты  тіркестерге   байланысты  ойындар  ұйымдастыру   да  тиімді. Мәселен, « Тауық  түс  көреме?» деп  сұрасақ, оқушы мақал – мәтелмен «Тауықтың  түсіне  тары  кіреді» дегендей жауап беруі керек. Бұл оқушылардың шешен сөйлеуі мен мақал – мәтелдерді  орынды  қолдануына  тиімді  болады  әрі мұңдай  мақал – мәтелдер  оқушы есінде  жиі сақталып калады.

       Қазіргі  талап  бойынша   тіл  дамыту  жұмыстарын  интерактивті  әдістер  арқылы  жүргізу   нәтижелі  әрі  оқушыға  қызықтырақ  болмақ. Сөзімді  қортындылай   келе,  шығармашылық  бағытта   жүргізілген  тіл  дамыту  жұмыстарының  тиімділігін  төмендегідей  саралап  көрсеткім келеді:

      1.Тіл  дамыту  арқылы  оқушы  білімін  алгоритмдік, одан  эвристикалық, одан  шығармашылық  деңгеге  дейін  көтеруге  жол  ашады;                                                                

      2.Тіл  дамытуда  пәнаралық  байланыс  арқылы  берілетін  білім   тереңдетіледі, дағды, іскерлік  жетіледі;                                                                              

      3.Оқушылардың   көркем  тілдері  дамиды;                                                           

      4.Жеке  тұлғалық  қасиеттері  дамиды, дарынын,  қабілетін, шығармашылық ізденістерін  қалыптастырады;                                                    

      5.Салыстыру,  қортынды  жасау, өз  бетімен   бір  нәтижеге  жету, фактілер  мен  ұғымдары  жүйелі  түрде   саралап  білуге  үйренеді;                                          

      6.Алдында   тұрған  қиындықты  жеңуге  үйренеді;                                  

      7.Модель, жоба  жасау, болжамдар  ұсыну,  оны  қорғау, дәлелдеуге  дағдыланады;                           

      8.Берілетін   білімнің  ең  негізі  түйінді   дәнін  таңдап  ала  білуге  жаттығады;

      9.Оқушылардың   дуниетанымын  кеңейтіп,  білімдерін  жан – жақты  толықтыруға   түрткі  болады.                       

      10.Сауатты,  мәдениетті, шешен сөйлеуге  үйренеді.                    

            

                                                          

                                                                       

                                                         

                                                                                                                     

                       

Информация о работе Шығармашылыққа жетелеудің негізі – тілі дамыту жұмыстары