Онім сапасын сынау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 20:48, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жоба «өртсөндіргішті сынау әдістемесін әзірлеу» тақырыбында жазылған.
Курстық жоба кіріспеден, жобаны әзірлеу үшін алғашқы мәліметтерден, өнімнің жалпы сипаттамасынан, бұйымға қойылатын техникалық талаптардан, бұйымды сынау әдістемесін әзірлеу бөлімдерінен тұрады.
Жобаны әзірлеу үшін алғашқы мәліметтер бөлімінде бұйымның техникалық сипаттамасы және төлқұжаты, бұйымға қойылатын техникалық шарттар және техникалық талаптар, бұйымды пайдалану шарттары, бұйымға немесе өнімге қойылатын нормативтік ақпараттар және анықтамалық ақпараттар туралы жазылған.

Содержание работы

Жобаны әзірлеу үшін алғашқы мәліметтер
Өнімнің жалпы сипаттамасы
Бұйымға техникалық талаптар. Сынауға жататын сапа параметрлері
Жалпы техникалық талаптар
Қосымша талаптар
Сынауға жататын бұйымның сапа параметрлері
Бұйымды сынау әдістемесін әзірлеу
Сынаудың жіктелінуі. Сынау бағдарламасы
Сынау үшін приборлар мен жабдықтар. Өлшеу құралдары.
Үлгіні сынауға дайындау
Бұййымды сынау әдістемесі
Сынау қортындыларын өңдеу
Қорытынды

Содержимое работы - 1 файл

Өнім сапасын сынау.docx

— 199.79 Кб (Скачать файл)

    Мазмұны 

       Кіріспе

  1. Жобаны әзірлеу үшін алғашқы мәліметтер
  2. Өнімнің жалпы сипаттамасы
  3. Бұйымға техникалық талаптар. Сынауға жататын сапа параметрлері
    1. Жалпы техникалық талаптар
    2. Қосымша талаптар
    3. Сынауға жататын бұйымның сапа параметрлері
  4. Бұйымды сынау әдістемесін әзірлеу
    1. Сынаудың жіктелінуі. Сынау бағдарламасы
    2. Сынау үшін приборлар мен жабдықтар. Өлшеу  құралдары.
    3. Үлгіні сынауға дайындау
    4. Бұййымды сынау әдістемесі
    5. Сынау қортындыларын өңдеу

        Қорытынды

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 Курстық  жоба «өртсөндіргішті сынау әдістемесін әзірлеу» тақырыбында жазылған.

 Курстық  жоба кіріспеден, жобаны әзірлеу  үшін алғашқы мәліметтерден, өнімнің  жалпы сипаттамасынан, бұйымға  қойылатын техникалық талаптардан, бұйымды сынау әдістемесін әзірлеу бөлімдерінен тұрады.

   Жобаны әзірлеу үшін алғашқы  мәліметтер бөлімінде бұйымның  техникалық сипаттамасы және  төлқұжаты, бұйымға қойылатын  техникалық шарттар және техникалық  талаптар, бұйымды пайдалану шарттары, бұйымға немесе өнімге қойылатын  нормативтік ақпараттар және  анықтамалық  ақпараттар туралы  жазылған.

   Өнімнің жалпы сипаттамасы бөлімінде  өртсөндіргіштің тағайындалуы, сипаттамасы,  өртсөндіргіш түрі, негізгі парамтетрлері,  өлшемдері, маркісі, пайдалану мерзімі пайдалануға қосымша талаптар жазылған.

   Бұйымға қойылатын техникалық  талаптар бөлімінде стандарттарға  сай бұйымға жалпы технологиялық  талаптар, қосымшалар және арнайы  талаптар келтіріледі. Осы тарау бойынша стандарттарда келтірілген ақпараттар келтіріледі.

  Бұйымды  сынау әдістемесін әзірлеу бөлімінде  өртсөндіргіш түсетін сынау түрлері:  қабылдау және өткізу, периодты, мамандандырылған типтері келтіріледі. Олардың сипаттамалар, сынау түрі және сынау бағдарламасы келтіріледі.

  Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың қорытындылары келтіріледі, өртсөндіргіш сапасының стандарт талаптарына сәйкестігі туралы шешім қабылданады,өртсөндіргіш сапасының бақыланатын параметрлерінің шекті мәндері көрсетіледі.

  Курстық  жұмысты орындау үшін дайындалған  әдістемелік нұсқауға сай орындалды.

  Курстық  жұмыс     жазба бөлімнен,  беттен тұрады. Жұмыста 8  кесте және 1 сурет бар.

Кіріспе

Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы  өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік  елдерді қосып алып нарықтық экономикаға  өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың  индустриалдыға дейінгі деңгейіннен  индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.

         Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнімнің сапа деңгейін бақылау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Сапаны   бақылау   дегеніміз - бекітілген  нормативтік құжаттар  талаптарына   сәйкестікті   тексеру. Кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы  басқаруға бағытталды.

  Сапаны басқару- техникалық мүмкіндіктердің пайдалану және барлық деңгейін қызметкерлер мен басшылардың қатысуымен  жан-жақты бағытталған және жақсы үйлестірілген жүйені қолдану және барлық деңгейде қызметкерлер мен басшылардың қатысуымен қызметтің барлық сферасына зерттеуден және сатудан кейін қызмет көрсетуді жасап, сапаны басқару әдістерін қарастыратын концепция.Сапаны басқару мәселелерімен өнімді сынау және өнімді талдау бөлімдері айналысты.

Өнімді  сынау дегеніміз-тәжірибе жүзінде  объектілердің сандық және сапалық  анықтау. Мұнда объектінің орнатылған талаптарға сәйкестігі жүргізіледі. Сынау орнатылған талапқа сәйкес объектінің бір немесе бірнеше сипаттамаларын анықтайтын техникалық операциялар жиынтығы.

Өртсөндіргіш-бұл  жану ошағын сөндіруге арналған қолды  және стационарлы құрылғы.

Қолды өртсөндіргіш әдетте трубкалы немесе түтікті қызыл  түсті цилиндр формалы баллон түрінде жасалынады. Өртсөндіргішті іске қосқан кезде оның түтігінен  үлкен қысыммен өртті сөндіруге  қабілетті зат шығады. Ол зат көбік, көміртектің диаксиді, су, ұнтақ  түрінде қандай да болмасын химиялық қоспа  болуы мүмкін. Барлық өнеркәсіп кәсіпорындарда өртсөндіргіш болуы тиіс. Жол ережесіне сәйкес автокөлік иелеріне өздерінің көліктерінде өртсөндіргішті ұстауды міндеттейді.

 Өртсөндіргіштің негізгі мақсаты-  бірінші басталған өртті таралуына  дейін жеткізбей сөндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Жобаны әзірлеу үшін алғашқы мәліметтер

ГОСТ 2.601—95 Конструкторлық құжаттаманы бiрыңғай жүйе. Қолдану кезiндегi құжаттар

ГОСТ 2.114—95 Конструкторлық құжаттаманы бiрыңғай жүйе.Техникалық шарттар

ГОСТ 9.032—74 Коррозия және қартаюдан қорғаудың  бiрыңғай жүйесi.Лак бояуға жамылғылар . Топ, техникалық талаптар және белгi

ГОСТ 9.302—88 Коррозия және қартаюдан қорғаудың  бiрыңғай жүйесi. Бейорганикалық металдық және металдық емеске жамылғылар . Бақылаудың әдiстерi

ГОСТ 9.303—84. Коррозия және қартаюдан қорғаудың  бiрыңғай жүйесi. Бейорганикалық металдық және металдық емеске жамылғылар .Таңдауға жалпы талаптар.

ГОСТ 9.308—  Коррозия және қартаюдан қорғаудың  бiрыңғай жүйесi. Бейорганикалық металдық және металдық емеске жамылғылар. Жылдамдатылған тоттану сынақтарының әдiстерi

ГОСТ 9.407—84 Коррозия және қартаюдан қорғаудың  бiрыңғай жүйесi.Лак бояуға жамылғылар . Бағаның әдiсi сыртқы көрiсті бағалау  әдісі

ГОСТ 27.410—87. Техникадағы сенiмдiлiк. Сенiмдiлiкке  сенiмдiлiктiң көрсеткiштерiнiң бақылауының  әдiстерi және бақылау сынауларының жоспарлары

ГОСТ 2405—88 Манометр, вакуум өлшеуiштер, мановакуумметрлер, екпiн өлшегiштер, шара және тартатын екпiн өлшегiш. Ортақ техникалық шарттар

ГОСТ 4234—77 Хлорлы калий. Техникалық шарттар

ГОСТ 8050—85Газ  және сұйық секілді  екі тотықты  көміртек. Техникалық шарттар

ГОСТ 8486—86 Қылқан жапырақ жыныстардың пиломатериалдары. Техникалық шарттар

ГОСТ 8510—86 Уголки құрыштан жасалған ыстықтай соғылған қабырғалары тең емес. Сортамент

ГОСТ 9293—74 (ИСО 2435—73) Газ сияқты және сұйық азот. Техникалық шарттар

ГОСТ 10157—79 Газ сияқты және сұйық аргон. Техникалық шарттар.

ГОСТ 10177—82 Өзараауыстырымдылықтың негізгі нормалары. Ою табанды. Профиль және негiзгi өлшемдер

ГОСТ 13837—79 Жалпы тағайындаудың динамометрлерi.Техникалық шарттар

ГОСТ 14192—96 Жүктердi таңбалау

ГОСТ 15150—69 Құралдар,машиналар және тағы басқа  техникалық бұйымдар. Әр түрлi климаттық  аудандар үшiн орындаулар. Сыртқы ортаның  климаттық факторларының әсердiң  бiр бөлiгiндегi пайдалану, сақтау және бiр жағынан жiберуiнiң дәреже, шарттары

ГОСТ 16588—91 (ИСО 4470—81) Ағаш өнiмi және ағаш бөлшектер. Дымқылдықтың анықтауының әдiстерi

ГОСТ 18321—73 Статистикалық сапаны бақылау. Даналанатын  өнiмнiң iрiктеулерiн кездейсоқ таңдауды әдiс

ГОСТ 23170—78 Машина жасаудың бұйымдары үшiн ораушы. Жалпы талаптар

ГОСТ 24054—80 Машина жасау және құрал жасаудың бұйымдары. Тығыз бекiтiлгенге сынау әдiстерi. Жалпы талаптар

ГОСТ 27331—87 Техниканың өрттерiнiң өрт классификациясы.

ГОСТ 28198—89 (МЭК 68—1—88) Сыртқы факторлардың әсерiне негiзгi сынау әдiстерi.1 Бөлім. Жалпы  ереже және басқару

ГОСТ  Р 12.4.026—2001 Еңбек қауiпсiздiгiнiң стандарттарының  жүйесi. Сигналдық, қауiпсiздiк белгiсi және белгiнiң түсi сигналдық. Қолданудың тағайындау және ережелерi. Жалпы техникалық талап және мiнездемелер. Сынау әдiстерi

ГОСТ  Р 15.201—2000 Өндiрiске өнiмнiң өңдеу  жүйесі және қойылулары. Өндiрiстiк-техникалық тағайындауды өнiм. Өндiрiске өңдеу  және өнiмнiң қойылуының реті

ГОСТ  Р 51105—97 Iшкi жанудың қозғаушылары үшiн  отындар. Этилденбеген жанармай. Техникалық шарттар

ГОСТ  Р 51368—99 Техникалық бұйымдар тағы басқалар машиналар, құралдардың климаттық  сыртқы әсер ететiн факторларына табандылыққа сынау әдiстерi. Температураның әсерiне орнықтылыққа сынаулар

ГОСТ  Р 51369—99 Техникалық бұйымдар тағы басқалар машиналар, құралдардың климаттық  сыртқы әсер ететiн факторларына табандылыққа сынау әдiстерi. Ылғалдылыққа әсерін сынаулар.

Информация о работе Онім сапасын сынау