Особливості оподаткування в вільних економічних зонах

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:45, реферат

Краткое описание

Ең көп тараған бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада:
Акция сатып ала тұрып, сіз өз бөлігіңізді акционерлік қоғамның капиталына енгізу туралы куәлік аласыз және оның қоса иеленушісі болып табыласыз.
Облигация ала тұрып, сіз компанияның немесе мемлекеттің кредит берушісі боласыз.

Содержимое работы - 1 файл

акция.doc

— 46.50 Кб (Скачать файл)


Ең көп тараған бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада:
Акция сатып ала тұрып, сіз өз бөлігіңізді акционерлік қоғамның капиталына енгізу туралы куәлік аласыз және оның қоса иеленушісі болып табыласыз.
Облигация ала тұрып, сіз компанияның немесе мемлекеттің кредит берушісі боласыз.
Соңғылары сіздің облигацияларды сатып алуға міндеттенген борышкеріңіз болып табылады.
Акция дивидент түрінде, облигациялар пайыз түріндегі пайда әкеледі.
Ең басты пайда бағалы қағаздардың құнының өсуінен түседі, ол оларды сатудан алынады.

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бір инвесторға тиесілі болып келетін қаржылық құралдардың бірлестігі. Қоржынға бір (мысалы, акциялар ғана) немесе әртүрлі үлгідегі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, кепілдік куәліктер және т.т.) кіре алады. Бағалы қағаздардың екінші реттік нарығы  — қор нарығы, онда инвесторлардың эмитент андеррайтерінен (яғни бірінші реттік нарықта) сатып алынған бағалы қағаздары бағалы қағаздар нарығының өзге субъектілеріне қайта сатылады.

Акция — бұл акционерлік қоғаммен шығарылатын және акционерлік қағамды басқаруға қатысу, яғни жалпы жиналыста дауысты куәландыратын, сол бойынша дивиденд және ол таратылған кезде қоғамның мүлкінің жартысын алуға, сонымен бірге «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңымен көзделген басқа да құқықтарды беретін бағалы қағаз. Акцияда жазылған сома оның көрсетілген кұны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық анықтайды. Нарықтағы акцияны сатып алу – сату бағасын акцияның бағамы дейді. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары не төмен болуы мүмкін. Демек, акцияның нарықтағы бағасын сондай-ақ дивидент мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны баған тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі.                                                   Акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырады.                                                                                           Сөйтіп акция:                                                                                                  - жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;                                                                                        - меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;                                                                                 - қоғамның жарғылық капиталын қосынша молайтқанда шығарылады.              Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоға кез келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.                                             Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жүмсауга болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.                                                                              Акия бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екіші жағынан, қоғамды басқару құқығы бойынша жай және артықшылықты деп те бөлінеді. Қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

Атаулы акция – иесі міндетті түрде қоғамның реестіріне тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қаша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі. Компания кітаптары иесінің атына тіркелген бағалы қағаз.                                           Қоғамға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы.Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардаң кейбір акционердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кететінін реттеп  және бақылап отыруына мүмкіндік береді.                  

Ұсынушы акциясы - онымен куәландырылған құқықтың бағалы қағазды ұсынушыға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.Иесінің аты – жөні қоғам кітабында тіркелген акция. Акционердің козқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздейтін акционерлер ұсынушы акциясын қолдайды. Себебі ешжерде тіркелмеген мұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады.

Қарапайым (жай) акция - акционерге дауыс құқығына ие болып акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, компанияда салықты төлеген соң пайда болатын болса дивиденттер алу құқығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қоғам таратылған кезде оның мүлкінің жартысын алу құқығына береді.                                                                                                           Жай акцияларды иемденушілердің қоғамның түсірген пайдасының есебіне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамда басқаруға қатысу құқығы және қоғам жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін муліктің бірбөлігін алуға құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтсе де жай акция дивидент алуға кепілдік бермейді. Себебі дивидент қоғамының шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивидент қоғамның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивидент төлеу пайданың салық төлегеннен кейін қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивиденттің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.                                             Жай акцияны иеленушілердің өкілеттіктері:                                               1. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқылы.                                                                                           2. Дивидент алу құқығы. Дивидент мөлшері қоғамның жылдық қажы айналымына байлансыты анықталады.                                                     3.Жай акция бойынша меншік құқығын басқа біреуге беруге немесе акцияны банктерден несие алғанда кепілдікке қалдыра алады.             4. Қоғамдағы акционердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру құқығы.                                                                                                                            5. Қоғамның қаржылық есебін тексеру құқығы.                                          6.Шектеулі міндет құқығы. Қоғам банкротқа ұшырағанда акция сатып алуға шығарған ақшасын қайтаруға кепілдік бермейді.                                7. Қоғам жабылған кезде оның активінің бір бөлігін алу құқығы.

Артықшылықты (преференциялды) акция – меншік туралы ерекше сертифекат. Акционерге дауыс беру құқығынсыз дивиденттер түрінде бекітілген пайданы алу құқығын береді. Кей жағдайларда артықшылықты акциялар қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді: - акционерлердің жалпы жиналысы оның шешімі бойынша артықшылықты акцияларға ие акционердің құқығын шектейтін мәселені қарайды, мұндай мәселе бойынша шешім орналастырылған (сатып алынғандарды алып тастағанда) артықшылықты акциялардың жалпы санының үштен екісі шектеуге дауыс бергенде ғана қабылданған деп есептеледі; - қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құру немесе тарату мәселесін қарайды; - артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде оны төлеу үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап үш ай ішінде төленбеген.                                                                                                       Артықшылықты акция иемденушісінің мүддесін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивиденттер басқалардан бұрын төленеді. Артықшылықты акциялар  номина құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивидент акцияның номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивиденнтің нақты ақша мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.                                                             Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше түр тармағына: қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, айырбасталатын және айырбасталмайтын болып бөлінеді. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару қоғамның жартысында қарастырылады. Акция иемденушілердің артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігі де әр түрлі болады.                          Атап айтқанда:                                                                                                        - үстеме пайданы бөлуге қатысуға;                                                                     - хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;                                                                                                                  - акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.                                             Қатысушылар артықшылықты акциясы өз иемденушісіне пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, қоғам жартысында жай акция бойынша төленетін дивиденттің көлемі белгіленген, ал пайда одан жағары болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивиденттің көлемі белгіленген, ал пайда одан жағары болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивиденттің мөлшерін жоғарлатады. Олардың арасындағы ара қатынасын қоғамның директорлар кеңесі белгілейді.


«Алтын акцияның» иесі акционерлердің, директорлар кеңесі мен атқарушы органның жалпы жиналысының шешіміне қоғамның жарғысымен белгіленген мәселелері бойынша тыйым салу құқығына ие. «Алтын акциямен» куәландырылған тыйым салу құқығы тапсыруға жатпайды. «Алтын акция» жарғылық капиталға қатыспайды, және ол бойынша дивиденттер алмайды.Онымен куәландырылған құқықтың бағалы қағазды ұсынушыға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.


Акционер — компанияның акциялары меншік құқығымен тиесілі болып келетін тұлға. Ол акционерлік қоғамға айналған белгілі бір кәсіпорынның мүлкіне ортақтаса алады. Қолында атаулы акциялары бар акционерлер “бір акция бір дауыс” деген принциппен акционерлік қоғам істерін басқаруға қатысуға құқылы. Пайдалы акция иелері белгілі бір пайыз көлемінде қолында жай акциялары барлардан бұрын таза пайданың көлеміне қарамай өз дивидендін алады. Ал жай акция иелері таза пайданы бөлген кезде ғана өз дивидендін алады. Акционер болу үшін акционерлік қоғамда қызмет істеу шарт емес, тек оның акциясын сатып алса жеткілікті.


Ірі акционер — Акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының 10 немесе одан аз пайыздарының жиынтығы тиесілі болып келетін, араларында жасалған келісімнің негізінде қызмет ететін акционер немесе бірнеше акционерлер.

 



Информация о работе Особливості оподаткування в вільних економічних зонах