Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 12:03, реферат
Шағын кафенің ашылуы қызметке қолайлы болып табылады. Шағын кафенің ашылуы теориялық әдістердің барлық арсеналдарын қолданумен көптеген маркетингтік зертеулердің тақырыбы болып қала бермек. Халыққа қызмет көрсету бойынша нарықты зерттеудің іс-тәжірибелік талаптарының арқасында аса зор назар аударылады.
I-Т А Р А У. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТҮСІНІГІ,ТҮРЛЕРІ
1.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі мен мазмұны
1.2 Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы
1.3 Нормативтік актілердің түрлері
1.4 Әлеуметтік нормалардың түрлері
1.5 Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді
II - Т А Р А У. Қ Р ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
2.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі
2.2 Құқық-қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесінде
ІІІ - Т А Р А У. Нормативтік құқықтық актілердің турлері
ЖОСПАР:
I-Т А Р А У. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТҮСІНІГІ,ТҮРЛЕРІ
1.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі мен мазмұны
1.2 Нормативтік
актілердің заңды күшінің
1.3 Нормативтік актілердің түрлері
1.4 Әлеуметтік нормалардың түрлері
1.5 Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді
II - Т А Р А У. Қ Р ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
2.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі
2.2 Құқық-қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесінде
ІІІ - Т А Р А У. Нормативтік құқықтық актілердің турлері
Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір - біріне қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс - тәсілдері болады.
XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынастарда ұлттық заң жүйесіне әсерін тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық - құқықтық құжаттар әзірлеуге айқын бетбұрыс бара - бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып келеді. Аталған бағыттың сипаты белгісі ұлттық заңдарды демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдандыруға, мемлекеттік - саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
Әрине, халықаралық - құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен мемлекеттік құрылым нысандары әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға халықаралық құқық ықпал ете алмайды.
Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік - құқықтық құрылыс жөніндегі заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген мемлекеттерге қайтып оралады.
Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса бастады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында барынша сабақтастықпен көрініс тапты.
Халықаралық құқық нормалары өзін - өзі тану құқығына тек саяси құқықты ғана емес, сондай - ақ экономикалық құқықты да жатқызады. Аталған пактте азаматтық және саяси құқықтар туралы мынандай қағида бар: «Өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін барлық халықтар өзара тиімділік принципіне негізделген халықаралық экономикалықынтымақтастықтан және халықаралық құқықтан туындайтын міндеттемелеріне қандай да бір нұқсан келтірмейтіндей жағдайда өзінің табиғи байлықтары мен ресурстарына еркін билік жүргізе алады »(1 - бап). Халықаралық құқықтың нақты мемлекеттің құрылымдық және басқару проблемаларына араласпайтыны белгілі. Сонымен бірге мемлекет қызметін ұйымдастыруда халықаралық құқық нормаларына сүйенетін бірқатар мәселелер бар.Оның қатарына бірінші мемлекетті демократияландыру проблемасы жатады. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттік биліктің демократиялық тұрғыда ұйымдастырылуын қолдайды. Осы нормалар Қазақстан Республикасы Конститутциясында жүйелі қолданылады.
Халықаралық құқық мемлекеттің заң шығару қызметінің барынша елеулі сәттеріне айрықша назар аударады. Әр түрлі пакттерде заңдардың кері күшін белгілеуге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген. «Адам құқының жалпыға бірдей Декларациясында»: «Қайсы бір іс -әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде жасаған қылмысы үшін, оны жасаған кезде ұлттық заң бойынша да, сондай-ақ халықаралық құқық бойынша да қылмыс құрамы болмаса, ешкім сотталмауы тиіс. Сондай- ақ қылмыс жасалған кезде қолданылуы мүмкін болса да, барынша ауыр жаза қолданылмайды» деп жазылған. ҚР Конститутциясының 77-бабында: «Жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады» делінген.
Аталған нормалардан мынандай жәйттер назар аудартады. Әдетте, Конституцияда заңның кері күші көрсетілмейді. Алайда, ҚР Конституциясында мұндай құқықтық норма бар, ол адам құқығын қорғаудың жүйелілігінің жемісі. Оның үстіне халықаралық құқық нормаларына қарағанда ҚР Конститутциясы нормаларының ауқымы кең. Халықаралық құқық нормалары тек қылмыстарға қатысты болса, ҚР Конститутциясы нормалары құқық бұзушылықтың барлық түрлерін: мүліктік, еңбек, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты қамтиды. Заңның кері күшіне тыйым салуды барлық жағдайға орнықтыру немесе жауаптылықты күшейту - мейлінше, мархабатты шара.
Адам құқығы саласында ҚР Конституциясының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Адам қоғамның даму процесінде бір - бірімен байланысты миллиондаған қарым - қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективті диалектикалық процес. Осы процесті реттеп - басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала - салаға, жүйе - жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық - жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп - басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның , объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Нормативтiк
құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер
болып
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi
түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар,
кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы
Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық
Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен
оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк
қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
және Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң нормативтiк
қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi
мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар
басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк
құқықтық қаулылары;
7-1) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен.
8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық
шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық
қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық
шешiмдерi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды
түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк
орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi
қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк
құқықтық акт;
1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының
техникалық реттеу туралы заңнамасына
сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын
өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк
циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi
талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық
акт;
1-2) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
1-3) мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты
- мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң,
нысанының, мазмұны мен нәтижесiнiң сипаттамасын
қамтитын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметке
қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк
құқықтық акт;
1-4) мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi
– мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының
сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын
талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттiк
және жергiлiктi атқарушы органдардың,
олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының,
лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке
және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет
көрсету жөнiндегi қызмет тәртiбiн айқындайтын
нормативтiк құқықтық акт.
Мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi
мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне
қатысатын орталық мемлекеттiк және жергiлiктi
атқарушы органдардың, олардың ведомстволық
бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке
және заңды тұлғалардың iс-қимылының (өзара
iс-қимылының) сипаттамасын да белгiлейдi;
1-5) мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi
– көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi
алушылар, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз
ететiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi
атқарушы органдар мен ұйымдар көрсетiле
отырып, республикалық және жергiлiктi
деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк
қызметтердiң үнемi жаңартылып отыратын
тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды
қамтитын нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның
мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк
құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру
және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн
нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың
қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi
көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының заңдарында
туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң
өзге де нысандары көзделуi мүмкiн.
4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық
актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк
құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе
бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды.
Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң
нормативтiк құқықтық актiлер сатысында
алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен
анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан
Республикасының Президентiне тiкелей
бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк
органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ
жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын,
әкiм уәкiлеттiк берген жергiлiктi атқарушы
органдардың нормативтiк құқықтық актiлер
шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды
адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын
құқықтық актiлер нормативтiк құқықтық
актiлер болып табылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерiс
енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне
енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2007.06.18 N 262, 2007.06.29
N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.04 N 97-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз),
2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған
күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi),
2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
Сулейман Демирель Университеті
Заң факультеті
Р Е Ф Е Р А Т
Нормативтік құқықтық актілер және түрлері
2012-2013 оқу жылдары