Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 13:26, курсовая работа
Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .3 - 7
1 – тарау. Модернизация процестерін зерттеудің теориялық
негіздері.
Саяси модернизация теориялары мен типтері . . . . . . . . . . . . . . . 8 - 19
Саясм дамудың негізгі шарттары мен түрлері . . . . . . . . . . . . . 19 - 29
2 – тарау. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның
ерекшеліктері.
2.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың
әлеуметтік – экономикалық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30 - 37
2.2. Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері . . . 37 - 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 43 - 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . 45 - 47
Легитимділік дағдарысы сөзсіз, ол саяси құндылықтар мен саяси жүйе арқылы тығыз өзара байланыс арқылы анықталынады. Соңғысының трансформациясы шын мәнінде біріншінің медификациясына қажеттілікті тудырады. С.Липсет легитимділік дағдарысын өзгерістер дағдарысынан көрді.
Легитимділік саяси тәртіп тиімділігіне тәуелді. Саяси жүйенің тиімді қызмет етуінің міндетті жағдайы саяси шешім қабылдау процесінің кеңеюін мойындау, оны консенсус деп атайды. Кез – келген консенсустың болуы тәртіптің легитимділігін көрсетеді. Легитимділік және консенсус саяси жүйе қызметінің тиімділігі мен нәтжелерінің негізгі көрсеткіші. Консенсус саяси жүйе құрудың фундаменталды қағидалары бойынша қоғамда келісім бар екендігін көрсетеді. Мәселен, азшылықтың көпшілік шешіміне бағынуы, қарсы болу, сынау және оппозиция құқықтарының болуы консенсус билік пен беделді трнсформациялайды және консенсус арқылы мемлекеттік басқарудың құқықтық аспектілері саяси қызметтің легитимді нормалары болады.
Легитимділік дағдарысын шешудің үш мүмкін бағыттары:
─ Легитимділікті нақты тиімділіктер арқылы иелену. Тұрғындардың негізгі тобының күткені ең алдымен экономикалық реформа табыстарына байланысты мынадай жетістікке жетуде оңай емес. Сондықтан бұл көбінесе уәделер түрінде кездеседі.
─ Өз жағына консервативтік элементтерді тарту, түрлі институттарды өз қатарына тарту, сөйтіп бірте – бірте реформа жүргізуге мүмкіндік алу.
─ Саяси билік өкілдері мен көздерін кеңейту. Демократиялық жүйеде билік көздері жалпы таныған конституцияда құқықтық бейнеленген өткізу нормасы болып табылады.
Ұқсастықтар дағдарысы. Соңғы он жылдағы өзгерістер адамзат тарихында бұрын қайталанылмаған әлеуметтік кеңістікте транзисті (өтпелі) жағдайды туғызды. Бұл дегеніміз адамдардың өмір салтына үйреншікті болып қалған дәстүрлі (кеңістік мағынасындағы) құндылықтардың күйреуі, жаңа заман ұсынған құндылықтар жүйесін адамдардың қабылдауға тиістілігі мәселесін туындатты. Сөйтіп, жағдайлар қоғамдағы азаматтардың жаңа әртүрлі әлеуметтік топтарға жіктеп, оларды жаңа критерийлер мен бағалаудан өткізе бастады. Бұрынғы етенелесудің орнына оның жаңа типтегі түрлері келе бастады. Әлеуметтік мәртебі жоғары делінген құндылықтар барынша өз маңыздылығын жойып, нарық пен байланысты туындаған жаңа түсініктер келе бастады. Бұл кезеңдегі жағдайды К.Л.Сыроежкин былай сипаттады: «... коммунистік идеялар күйреген және өзіндік идеологиялық вакуум туған кезеңде қоғамдық өмірде заңды түрде ұлттық құндылықтарға қайта оралумен байланысты этникалық аспектілер күшейе түсті»[18].
Осы тұрғыда қоғамдық даму теориясының эволюциясы: модернизация және постмодернизацияға тоқталып өтсек. Өтпелі кезеңдегі елдің саяси даму проблемасы модернизация теориясында толық бейнеленеді. Яғни ол дәстүрлі мемлекеттің артта қалушылығын жою динамикасын анықтаушы әртүрлі схемалар мен модельдер жиынтығы. Өтпелі процестерді сипаттаудың әртүрлі бағыттарын қалыптастырған. Олардың барлығы қоғам дамуының біркелкі еместігін тануға, артта қалған қоғамнан дамыған қоғамға өту жолдарын анықтауға негізделген теориялар, модельдер. Сонымен модернизация ұғымы қоғамдық қайта құру сатысын және қазіргі қоғамға өту процесін білдіреді. Біріншіден, өтпелі кезең – бұл тарихи уақыт бөлігі. Онда қоғамдық жағдайларда радикалды өзгерістер өтеді. Ескі тарихи тәртіп жаңаға өзгереді. Осыған байланысты қоғамдық өту қалай қарай қозғалатындығын білу қоғамдық дамудың балама сандық және сапалық сипатын анықтау. Өтпелі кезең қанша уақытқа созылатындығын білу маңызды.
Екіншіден, өтудің өзіндік мәселесін – ақ белгілі болып тұрған нәрсе – ол қоғамдық даму сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері ескі мен жаңаның бірдей қатар өмір сүруі. Сондықтан да уақыт пен кеңістікте ескі мен жаңаның қатынастарының динамикасын білу маңызды.
Өтпелі қоғам мыналарға қол жеткізуге талпынады:
● индустрализацияланудың белгілі бір деңгейіне;
● тұрақты экономикалық даму мен жоғарғы валдық ішкі өнім;
● қоғамдық прогресс үшін ғылыми – техникалық жетістікті пайдалану;
● тұрғындар өмірінің жоғарғы деңгейі мен сапасы;
● жоғары мобилді тұрғындардың кәсіби сапалы құрылымының дамуы;
● әлеуметтік стратефикация жүйесіндегі орта таптардың үлес салмағының артуы.
Мәселен, осы тұста Ресейлік саяси дамудың ерешеліктерін қарастырып өтсек.
Біріншіден, Ресейдегі саяси модернизация процесін эндогенді - экзогенді типке жатқызуға болады.
Екіншіден, модернизацияның бұл типі әртүрлі жеке институттар мен дәстүрлердің бірігуі болып табылады. М.В.Ильиннің пікірі толығымен әділетті және қызықты болып табылды. Оның пікірінше ресейлік шарттарға байланысты бұл институттар мен дәстүрлерді «төрт эвоюциялық әр текті блоктарға» топтастыруға болады. Бұл блоктар «белгілі эволюциялық типтері мен оның қисынын жаңалады...». бұл блоктар бір бірімен дауда болды, өйткені, бұлар түзілуі бойынша ажыратылды және әртүрлі эволюциялық уақыттарға тән болды.
Үшіншіден, В.И.Пантиннің пікірінше Ресей «басқа елдермен және иницирлеудегі мемлекеттің рөлдерінің мәдениетімен салыстырылмайды». Бұл «делдалдың» көмегімен жүзеге асады. Ол саяси жүйенің үш сатысын біріктіреді: ядро, делдалдық және сыртқы қабаттар, ортасында символдық фигура автокарта тұрады (хан, импертор, президент). Сыртқы қабат бұл барлық жағдайда халық болып табылады.
Төртіншіден, көптеген зерттеулердің, әсіресе, В.И.Пантиннің айтқанындай «мемлекеттің модернизация процесінің әртүрлі басқаруының және қоғам модернизациялануының жүзеге асуындағы периодтылығы. Азаматтық қоғамның әлсіздігінің арқасында қоғамның модернизациялау мемлекеттің жаңаруымен ауыстырылып отырады, яғни оның әскери - индустриалды күшінің, бюрократиялық аппараттарының, репресивті органдардың, экономиканың мемлекеттің секторының және т.с.с. өзгеруі».
Бесіншіден, Ресейлік модернизация өзінің табиғаты бойынша тұйық болып табылады. модернизацияның бір фазасынан екіншісіне өту әлеуметтік сілкіністермен жүзеге асады.
Ресейлік модернизацияның сараптамасының нәтижесінен Ресейдің саяси дамуы зерттеушілердің айтуы бойынша жасырын және танымайтын құрылысқа жатпайтындығын көруге болады[19].
С.Хантингтон өзінің «Өзгеруші қоғамдағы саяси тәртіп» деген еңбегінде саяси модернизацияның басты мақсаты – демократизация деңгейіне емес, мықтылықпен ұйымдастыру деңгейіне негізделген өзгеруші шарттарға саяси институттарды бейімдеу қабілеті деп жазды. Өзгеру сатысында тәртіпті қадағалайтын тек қана қатты авторитарлы режим рынокқа және ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз етіп, өзгерту үшін қажетті ресурстарды біріктіруге қабілетті. С.Хантингтон қайта қалыптастыруға қолайлы бірнеше шарттарды бөліп қарастырды. Сонымен қатар өтпелі дәуірдің авторитарлы билеушілері үшін «кеңестер» қалыптастырды. Шарттар мен «кеңестер» саяси күштердің орналасуы мен конъюктурасын ескеретін жетік саясатқа алып келеді.
«Либералды» бағытты жақтаушылар (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай және т.б.) модернизацияны тұрғындардың әлеуметтік жұмылдыруы мен интеграциясын саяси бірлікке етенелесу жолымен ашық әлеуметтік және саяси жүйені қалыптастыру деп түсіндірді.
Олар тұрғындардың саяси билікке қызығу дәрежесі саяси модернизацияның ең басты сыны деп есептеді: модернизацияның сипаты мен динамикасы бос элиталардың ашық бәсекелестігіне және қатардағы азаматтардың саяси процеске қызығу дәрежесіне тәуелді. Олардың пікірінше, тұрақтылық пен тәртіпті және бұқараның шоғырлығы модернизацияның табысты шарты болып табылады. осы бағыттың өкілдері осы оқиғалрдың дамуының келесі нұсқаларын бөліп қарастырды:
─ Қатардағы азаматтардың қатысуынан элиталардың бәсккелестік приоритетіне қоғамды демократизациялау және реформаларды жүзеге асыру үшін оптимальды алғышарттар орнайды;
─ Негізгі бұқаралық тұрғындардың төменгі белсенділігі кезінде элиталардың бәсекелестік рөлінің тереңдеу шартында авторитарлы режимдердің орнауының және қайта құрудың тежелуінің алғышарттары қалыптасады;
─ Элиталардың жарысында тұрғындардың саяси қатысуының басым болуы қай түзілуді бәсеңдетуге итермелейтін ахлократиялық тенденциялардың өсуін қамтамасыз етеді;
─ Элиталардың жарысын және тұрғындардың саяси қатысуын бір мезгілде азайту (минимизация) түсініксіздікке алып келеді, социум мен саяси жүйенің дезинтеграциясы диктатураның орнауына қабілеттендіреді[20]. Р.Даль либералды арнада протодемократиялық сипттағы саяси тәртіптерді ұйымдастырудың полиархиялық формасына жету қажеттігін негіздейтін полиархиялық теорияны ұсынды. Бір жағынан, ол демократиялық ұйымды құрудың, азаматтардың өз ойларын айтудың, сайлау құқығының кейбір шектеулерімен ерекшелінеді. Оған қоса, ол шынайы және еркін сайлауды кепілдемейді, мемлекеттің полиархияға өтуіне әсер ететін жеті шартты бөліп көрсетті: қоғамда әлеуметтік – экономикалық қайта құруды жүргізу үшін күшті атқарушы билікті орнату; саяси реформалдардың жүзеге асуының реттілігі; әлеуметтік – экономикалық дамудың белігілі деңгейіне жету; теңдік теңсіздік қатынастарды орнату; субмәдениеттіліктің әртүрлігінің болуы; интенсивті шетелдік көмек; активистер мен лидерлердің демократиялық сенімі.
Саяси жүйенің модернизациялық қабілеттілігі белгілі шарттарда қалыптасады. Әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың қызығушылықтары мен қажеттліктерінің өсуі, өз мақсатын көздеген саяси құқықтардың қызығушылығына соқтығысу интенсивтілігі мен дауластығын жоғарлатады. Дауларды реттеу үшін қоғамдық тәртіп пен әлеуметтік прогресті қамсыздандыру үшін саяси жүйе бәріне маңызды мақсатты орнату үшін материалдық және адам ресурстарын модернизациялауға қабілетті болуы керек. Осыдан саяси жүйенің модернизациялық қабілеті байқалады. Әдетте, дәстүрлі қоғамдрда модернизацияға қабілеттілік саяси күштердің көмегімен жүзеге асады[21].
Саяси жүенің өмір сүруге қабілеттілігін, оның модернизацияға ұмтылуын куәландырады. Әлде қайда күрделі саяси жүйелер өмір сүруге деген потенциалына ие, өйткені, ол коммуникация мен әлеуметтендірудің әртүрлі формасына ие. Осы каналдар арқылы саяси жүйе белгілі саяси мінез – құлықтың үлгілерін таратады және билікке сендіреді. Оның заңдылығы мен әділеттілігіне деген сенімді қолдайды.
2 – тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ
МОДЕРНИЗАЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың
әлеуметтік – экономикалық негіздері
Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана дұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт – бағдарын елеулі өзгеріске ұшырату әбден ықтимал еді. Әлеуметтік – экономикалық және саяси ахуал сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылайша бағаланды: экономикасы әлжуаз; қазынасы бос; саяси жүйесі балаң; Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық.
Енді 20 – 25 жылдардан кейін мемлекеттік басқарушылардың жаңа ұрпағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының» қорытындысын шығарып, біздің әуел бастағы әлеуетімізді және өзгерістердің нәтижесін елеп, ерекше болса: «Шынымен, солай болды ма екен», - деп таң – тамаша қалары анық[22].
Осыдан он жыл бұрын - 1997 жылы Ел Президентінің Қазақстан халқына алғашқы жолдауында еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат – мұраты баян етілді. Бұл ретте қандай қоғам орнату, дамудың самғау сызығы қандай болу керектігін анық білу, айқын түсіну маңызды болып табылды. Басым мақсатты дұрыс айқындап, стратегияны таңдап, тиісінше ерік – жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныту, алда тұрған кез – келген кедергілерді ойдағыдай еңсеру арқылы Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.
Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси қатынастардың жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды қажет етеді. Мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейін кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.
Информация о работе Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері