Аймақтық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 16:45, курсовая работа

Краткое описание

Осы проблеманы өңдеу библиографиялық және экономика - статистикалық талдау негізінде жүзеге асады. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың бірқатар маңызды жұмыстарының проблемаларын талдау олардың академизмі туралы және практикалық бағыттылығының жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көптеген авторлардың пайымдауынша, бұл облыста ғылыми - методологиялық база жасау және ғылыми зерттеулер мемлекеттік басқарудың нәтижелілігін жоғарылатуда әсерлі болады.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................
2

1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........
4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде.... 4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация).....................................................
8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі................. 14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл......................... 19

2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР.....................................................................................

24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі...................................................
24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы...........................................................................
26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі.........................................................................
32

3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ....
39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………
39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................ 42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау........... 50

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
54

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................
56
ҚОСЫМША 58

Содержимое работы - 1 файл

аймактык КУРСОВАЯ.doc

— 465.50 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қазіргі уақытта экономика дифференцияциаланған территориялық даму проблемасымен сипатталады , сол себепті мемлекетке аймақтардың дамуында теңдікті қамтамасыз ету, проблемалы аумақтарды сүйемелдеу , аймақтық бәсекені жөнге салу , әлеуметтік - экономикалық дифференцацияны тегістеу үшін шаралар қабылдау қажет. Осы проблема ел үшін жеткілікті ұзақ уақыт мінездемелі , бірақ осы кезде Қазақстанның экономикалық дамуы нәтижелі аймақтық реформалар қабылдауға рұқсат етеді .

    Біршама бос аймақаралық ресурс айналымы бар бірыңғай ауылшаруашылығы кеңістігін сақтауда республика аймақтарының реформаларды өткізу екпінімен айырмашылығын, аймақтық басқару нәтижелілігі , кәсіпкерліктің  және нарық инфражүйелерінің  дамуын, сыртқы экономикалық қызметті , шетел капиталын тартуды ескеру маңызды .

    Біздің  көзқарасымыз бойынша, аймақтық басқару  құрылған шаруашылық субьектілерінің  қарым-қатынасына сәйкес келіп, нарықтың жеке, бірлестік бөліктері талабына сай болып қана қоймай, өзінің қарапайым әрекеттестігімен аймақтық өндірістің экономикалық және әлеуметтік нәтижелілігін жоғарылатудың қажетті өсімін қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс.

    Облыстың  аймақтық басқару жүйесіне кіретін  мінездемесі ретінде аймақтың әлеуметтік және экономикалық жұмыс жасауының талданған ақпараты, сонымен қатар қолданылатын заттық-техникалық, еңбек, қаржы ресурстары, берілген уақыт аралығында басқару процесінде қолданған шығындардың көлемін анықтайтын сандық және сапалық көрсеткіштер болып табылады. Біздің ойымызша, бұл аймақты басқару жүйесі элементтерінің әрекеттестігін дамытудың қажетті шарты болып табылады. Ол пайда болатын алдағы ағымдағы тенденцияны, перспективалы және стратегиялық әлеуметтік - экономикалық дамуды, ресурсты қолдану нәтижелілігін талдауды, өндіріс нәтижелілігін, тұтынылушы ресурстардың экономикалық өсу  резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

    Бірақ, аймақтық саясатты мінездемелейтін  аймақ «дискриминациясы», әлеуметтік көзқараста, азаматтардың  мекен-жайы бойынша құқықтарына шек қоюдан құтылу қажеттілігімен ақталуы мүмкін. Сәйкесінше, аймақтық басқару халық табысының, жұмыссыздық деңгейінің, әлеуметтік инфражүйенің, көлік жүйесінің, коммуникация, қоршаған орта жағдайының және т.б. аймақаралық айырмашылығын тегістеуге бағытталуы тиіс.

    Аймақтық  басқару жүйесіндегі негізгі әрекеттесуші элементтер, біздің ойымызша, басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау),функцияны мағынаға толтыру мақсатындағы нақты қабылданатын шешімдер,оларға сәйкес басқару әрекеттестігінің арнаулылығы және бағыттылығы, және де әдістер, тәсілдер және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару стратегиясы болуы керек.

    Қорыта  келе аймақтық проблемаларды зерттеуде  жүйелік талдауды қолдану зерттеушінің инструментарийін кеңейтіп, жасалынатын аймақтық экономиканы басқару үлгісінің нақтылық және барабарлық деңгейін көтеретіндігін, экономикалық кеңістіктің құрылуында жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта кеткен жөн.

    Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде жергілікті басқарудың түрлері мен формаларының кең диапазоны байқалды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз келесі бағыттарда реформалар жүргізуіміз қажет:

    - Мемлекеттік саясатты жасау әдістерін  конъюнктуралық факторларды емес, халықаралық назар мен стратегиялық мақсаттарды ескере отырып ұштау.

    - Әр түрлі әлеуметтік топтардың  назарын жақсылап бақылау арқасында  мемлекеттік қызметтерді таратуда  бағыттылықты күшейту.

    - Мемлекеттік қызметтердің сапасын  жақсарту және нәтижелілігін  жоғарылату, нновациялық жақын келуді, прогрессивті практикалық тәжірибені ендіру.

    - Азаматтардың қажеттіліктерін толық  қанағаттандыру және қызметті  электронды жүйе арқылы тарату  үшін мемлекеттік басқаруда ақпараттық  жүйелерді қолдану. 

    - Қызметкерлерді ынталандыру жүйесін  өзгерту, жұмыс көрсеткішін бағалау жүйесін жақсарту, және де осындай қызметке әйел адамның, басқа ұлт өкілдерінің, мүгедектердің кең қол жеткізе алуы арқылы мемлекттік қызметке жаңарту енгізу.

    Орта  және шағын бизнес кәсіпорындардың  кооперациясының халықаралық тәжірибесі кооперативтерді құру өнімділікті бірталай көтеретінін және оның мүшелерінің (шағын және орта бизнес кәсіпорындары) тұрақты дамуын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Қазақстанда СПК құру аймақтардың бәсеке қабілеттілігін көтеруге кластерлі даму механизмдарының енгізу, өзін-өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды мобилизациялау арқылы жағдай жасайды. Тұрақты бизнес-құрылымдарды мемлекет қатысуы арқылы біріктіру өзінде аймақтың экономикалық белсенділігін шоғырландырған және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру катализаторы болуға қабілеттілер ірі аймақтық орталықтар құру мүмкіндігін береді. Бұл мемлекеттік және жеке сектордың бірігуі арқылы аймақтардың дамуына нәтижелі көмек беруге, кластерлі әдіс негізінде бірегей экономикалық нарық құруға мүмкіндік береді. СПК аймақ инновациясының орталығы, ішкі және сыртқы нарықта өндірістік және ауылшаруашылық өнімнің ірі жабдықтаушысы болады және шағын және орта кәсіпорын өнімін өткізуге, нәтижелігі аз жеке кәсіпорындардың бірігуіне болысады. Аймақтық СПК жасау нәтижесінде жаңа бәсеке көтеретін өндіріс жасау, аймақтарда жұмыс орнының көбеюі, жұмыстағы өндіріс өнімінің көбеюі,экспортқа шақталған отандық өнімді жоғарғы бағамен өткізу, рентабельсіз мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқарту, кәсіпорын субъектілерінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру күтіледі. Бұл Қазақстанның ВТОға кіру қарсаңыда әсіресе өзекті.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық  құрылымы туралы :  Қазақстан Респ. 1993 ж. 8 желт. №2572-XII заңы// ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе /Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен :  Юринфо, 2007.
  2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару : Қазақстан Респ. 2001 ж. 23 қаңт. Заңы №148 // ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе /Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен : Юринфо, 2007.
  3. Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары /Е. Айтаханов //Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ. Сер. экон. - 2002. - №2(30). - б. 12-15.
  4. Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі /С.Алдияров, К. Кабдуалиева, Л. Елеусиз // Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.
  5. Воронин А. Г. Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы/ А. Г Воронин, В. А.Лапин, А. Н. Широков. - М. : Дело, 1998. - 128 б.
  6. Шығыс Қазақстан сан бойынша - 2005 : жыл сайынғы стат. жинақ -  Өскемен: ШҚО статистика басқармасы, 2005. - 150 б.
  7. Бердалиев К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері /К. Бердалиев. - Алматы : Экономика, 1998. - 148 б.
  8. Шығыс Қазақстан сан бойынша: стат. жинақ - Алматы : Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі, 2006. - 136 б.
  9. Гаврилов А. И. Аймақтық экономика және басқару: жоғарғы оқу орынд.оқу құралы /  А. И. Гаврилов. - М. : ЮНИТИ - ДАНА, 2002. - 239 б.
  10. Гамарник Г. Облыс экономикасын басқару жүйесін жетілдіру /Г. Гамарник,  Н.Сердюк // Поиск. - 2002. - №2. - б. 98-100.
  11. Гамарник Г. Н. Қазақстан экономикасын басқару : методология, әдістер, іске асыру жолдары : монография /Г. Н.  Гамарник. - Алматы : Экономика, 2002. - 281сб.
  12. Гранберг А. Аймақтық экономика негіздері : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы. /А. Гранберг. - 2-ші басылым. – М.: Мемл. ун-т Экономика жоғарғы мектебі, 2003. - 495 б.
  13. Дорогов Н.  Аймақтың экономикалық стратегия таңдауын негіздеу /Н.Дорогов // Басқарудың теориясы және практикасының проблемалары. - 1998. - № 3. - б. 18-21.
  14. Игнатьева А. В. Басқару жүйелерін зерттеу : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. В. Игнатьева, М. М. Максимцов. - М. : Юнити-Дана, 2001. - 184 б.
  15. Мамыров Н. К. Қазақстан жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу : оқу құралы / Н. К. Мамыров, Ж. Ихданов. - Алматы : Экономика, 1998. - 284 б.
  16. Минакир П. ФГР : федерация және жердің әрекеттесуі /П. Минакир //Басқару теориясы және практикасының проблемалары - 2001. - №2. - б. 93-97.
  17. Мухамбетов Т. Мемлекеттік басқару кризисі /Т. Мухамбетов //Транзиттік     экономика. - 2001. - № 3. - б. 53-56.
  18. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтар жағдайын гүлдендіру, қауіпсіздендіру және жақсарту : президенттің Қазақстан еліне жолдауынан //Казахстанская правда. - 1997. - 11 қазан.
  19. Назарбаев Н. Ә. Жаңа елдегі жаңа Қазақстан: 2007 ж. 28 ақп. президенттің Қазақстан еліне жолдауынан //Каз. правда. - 2007. - 4 мамыр.
  20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика Агенттігі //Қолдану режимі : http://www.kazstat.asdc.kz/
  21. Нурашева К. Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік әдіс /К. Нурашева // Қазақстан қаржысы. - 2006. - №1. - б. 83-87.
  22. Павлов К. Ресей аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдер тәжірибесі /К. Павлов //Басқару теориясы және практикасының проблемалары. - 1999. -  №5. - б. 47-50.
  23. Қазақстан аймақтары, 2003 жыл /А. Смаилов ред.. - А.: ҚР статистика агенттігі, 2003. - 394 б.
  24. Рой О. М. Мемлекеттік және муниципалдық басқару жүйесі /О. М. Рой. - М.: Дело, 2003. - 254 б.
  25. Рустемов Н. Аймақтық басқарудың функциясы мен әдісі /Н. Рустемов //Транзиттік экономика. - 2001. - №1. – б. 74-79.
  26. Садлер Д. Жергілікті басқару органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылату: Ұлыбритания тәжірибесі /Д. Садлер //Басқару теориясы мен практикасының проблемасы. -  2001. - №2. - - 82-86. б.
  27. Сапаргали Ш. Аймақтық тұрақты даму моделдерін жасудың әлемдік тәжірибесі / Ш. Сапаргали //Транзиттік экономика. - 2005. - №5-6. - 24-30. б.
  28. Қазақстанның жылдық статистикасы /Б. Т. Султанов ред. //Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі : Алматы, 2006. - 488 б Уваров В. Н.  ҚР мемлекеттік басқару теориясы /В. Н.Уваров. - Алматы : Заңгерлік  әдеб., 2000. - 312 б.
  29. Чагучиев М. Ч. Аймақтар, экономика және басқару /М.Ч.Чагучиев, М. М. Соколов. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2001. - 271 б.
  30. Шыныбекова Д. Аймақтардың жергілікті дамуының бюджеттік бағдарламасының дамуын қаржылық /Д. Шыныбекова //Қазақстан қаржысы. - 2002.- № 3. - 33-36 б.
  31. Қазақстан аймақтары бойынша халықтың экономикалық белсендігі :  стат. жинақ /Султанов Б. ред. - Алматы: ҚР статистика агенттігі, 2006. - 360 б.

Информация о работе Аймақтық