Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 14:48, реферат

Краткое описание

«Қарқаралы қаласының балалар және жасөспірімдер орталығы» ММ қосымша білім беру педагогы Исайын Әбілқайырұлы Есеевтің Жалпы білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны» қосымша білім беру бағдарламасы 2008 оқу жылынан бастап апробациядан өтіп жатыр. Нәтижесі жаман емес. Қарқаралы қаласы басындағы №1, 44 орта мектептерінің 5-7 сынып оқушыларының аталмыш үйірмеге қызығушылықтары артып келеді.

Содержимое работы - 1 файл

лбтбл.doc

— 85.00 Кб (Скачать файл)

«ӘДІСТЕМЕЛІК  ВЕРНИСАЖ» ҮІІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ 

Номинациясы:  «Оқу үрдісін әдістемілік қамтамасыз ету» 
 
 
 
 
 

Жалпы білім беретін  мектептің 

5-7 сынып оқушыларына арналған

«Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны»

қосымша білім беру бағдарламасы 
 
 
 

Құрастырған: И.Ә.Есеев,

«Қарқаралы  қаласы балалар және

жасөспірімдер орталығы» ММ

қосымша білім беру педагогы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қарқаралы – 2011 жыл 
 

П І К І Р 

      «Қарқаралы  қаласының балалар және жасөспірімдер  орталығы» ММ қосымша білім беру педагогы Исайын Әбілқайырұлы Есеевтің Жалпы білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны» қосымша білім беру бағдарламасы 2008 оқу жылынан бастап апробациядан өтіп жатыр. Нәтижесі жаман емес. Қарқаралы қаласы басындағы №1, 44 орта мектептерінің 5-7 сынып оқушыларының аталмыш үйірмеге қызығушылықтары артып келеді. Осы үйірмеге қатысып, ұлттық ойыннан теориялық және практикалық білім алған балалар облыстық, республикалық додаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімдегі басымдықтың бірі ретінде жасөспірімдер бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсаты жүктелген еді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, яғни оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін И.Есеевтің қол жеткізген табыстары ерекше.Бағдарламаның алдағы уақытта бұдан да көтеріңкі көрсеткіштер межесінен көрінетініне сенім білдіремін. 
 
 
 

     Пікір жазған:                           Е.М.Аманбаев.

                                                               Қарқаралы қ. БжЖО директоры

                                                               19.02.2011 жыл.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ТҮСІНДІРМЕЛІК ХАТ 

            “Тоғызқұмалақ –  ұлттық ойыны” бейіндік курсының бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналып жасалған. Курс 166 сағаттан тұрады, яғни аптасына 9 сағаттан оқыту ұсынылады.

      Аталған курстың басты  мақсаты – еліміздің ертеңгі азаматтары, бүгінгі оқушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлеуге, шығармашылық-рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға бағыталған.

      Курстың негізгі міндеттері:

  • оқушыларды туған халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеуге ынтасын ояту;
  • ұлттық спорт түрі – тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;
  • тарихқа құрметпен қарауға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін берік қалыптастырған азаматты тәрбиелеу;

      Курстың басты ерекшелігі сол, орта мектептің  оқу бағдарламасында  оқытылмайды.

      Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениеттің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисындық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтыны осы ойынның өзі дәлел бола алады. Жасөспірімдердің  дене күшінің мол болуымен қатар ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.

      Бүгінгі таңда дүниежүзінде зияткерлік ойындарды  дамыту, өркендету маңызды мәнге  ие болып отыр. Өйткені, жеке тұлғаның біліктілік қасиеттері осындай ойындар  арқылы шыңдала түседі. Зияткерлік ойындар дегеніміз – ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі. Оның тағылымдық-тәрбиелік, танымдық құндылықтарының өзінде терапиялық сипаты қаншама. Тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, го,  овари секілді ойындар жасөспірімдердің бойында сабырлылық, төзімділік, есептегіштік, ойшылдық қасиеттерді қалыптастырумен қатар, кең ақыл, жүйрік қиял иесі болуына да жағдай жасайды. Мысалы, Жапонияда го зияткерлік ойынын білу – қызметке қабылдау мен көтерілудің бір шарты ретінде тіркелген. Ал Англия мен Бельгияда тоғызқұмалаққа ұқсас овари ойыны сабақ ретінде оқытылады. Тіпті африкалықтар осы овариді төл математикамыз деп мақтан тұтады. Чехия мен Англияда жыл сайын зияткерлік ойындар олимпиадасын өткізіп, ел бюджетіне қыруар қаржы түсіреді. Сондықтан болар бүгінгі күні әрбір тәуелсіз ел ұлттық спорт түрлерін қарқынды түрде насихаттап, адамзаттың игілігіне айналуы үшін аянбай тер төгуде.

      Пәнаралық байланыс. Бейіндік курстың тақырыптарын игеру барысында оқушылар тарих, валеология, дене тәрбиесі, т.б. пәндердің оқулықтарын пайдалана алады.

      Күтілетін нәтижелер:

        бағдарламаны оқыту барысында  оқушылар келесі нәтижелерге  қол жеткізуі тиіс:

  • тоғызқұмалақ ойынын толық меңгеру;
  •  осы ойын түрінен аудандық, облыстық, қалалық жарыстарда жүлделі орындар алу;
  • оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына қатысуы;

      Курстың құрылымы мен мазмұны сабақты  дәріс, жарыс, тәжірибелік т.б. түрінде  өткізумен анықталады.

      Курстың мазмұны:

      І-тарау. Тоғызқұмалақ ойынының тарихынан (18сағ).

      Қазақстандағы спорттың даму жолы. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы. Тоғызқұмалақ тақтасы. Ойынның ережесі мен ерекшеліктері. Жарыс өткізу ережелері. Спорттық жаттығуларды жоспарлау. Ойынды жазып жүрудің тәртібі. Тоғызқұмалақ ойынының мақсаты. Тоғызқұмалақ отауларының аттары.

      ІІ-тарау. Іс-тәжірибе сабақтары (65сағ).

      Ойынның басталуы – дебют. Ойынның ортасы – миттельшпиль. Ойынның аяқ шені – эндшпиль. Атсырау. Терең атсырау. Жүрістердің санын есептеу жолы. Комбинация арқылы құмалақтар ұту. Психологиялық  дайындық. Кесте арқылы жүріс санау. Тактикалық тәсілдер.

      ІІІ-тарау. Тұздық ережесінің дүниетанымдық мәні (83сағ).

      Тұздық  ережесінің дүниетанымдық мәні. Тұздықтардың атқаратын қызметі. Тұздықтар алмасуы. Амалсыз тұздық алу жолдары. Амалсыз  тұздық байлықпен алу. Амалсыз тұздық байлықсыз алу. Тұздықтар тартысы. Тұздықтар тартысына құрылған этюдтер. Күрделі позицияларды есептеу жолдары. Этюдтердің шешулері. Дене шынықтыру дайындығы, қимыл-қозғалыс ойындары. Қабылдау-көшіру сынақтары (жарыстар)

      Күнтізбелік жоспар: 

№ р/с Сабақтың  тақырыбы Сағ. саны Өтк. күні
  І-тарау. Тоғызқұмалақ ойынының тарихынан 18  
1 Қазақстандағы спорттың даму жолы. 2  
2 Тоғызқұмалақ  ойынының тарихы. 2  
3 Тоғызқұмалақ  тақтасы. 2  
4 Ойынның ережесі  мен ерекшеліктері 2  
5 Жарыс өткізу ережелері 2  
6 Спорттық жаттығуларды жоспарлау 2  
7 Ойынды жазып  жүрудің тәртібі. 2  
8 Тоғызқұмалақ  ойынының мақсаты 2  
9 Тоғызқұмалақ  отауларының аттары. 2  
  ІІ-тарау. Іс-тәжірибе сабақтары 65  
1 Ойынның басталуы – дебют 7  
2 Ойынның ортасы – миттельшпиль 7  
3 Ойынның аяқ  шені – эндшпиль 7  
4 Атсырау 7  
5 Терең атсырау 7  
6 Жүрістердің санын  есептеу жолы. 6  
7 Комбинация  арқылы құмалақтар ұту 6  
8 Психологиялық дайындық 6  
9 Кесте арқылы жүріс  санау 6  
10 Тактикалық  тәсілдер. 6  
  ІІІ-тарау. Тұздық ережесінің дүниетанымдық мәні 83  
1 Тұздық ережесінің дүниетанымдық мәні 7  
2 Тұздықтардың  атқаратын қызметі. 7  
3 Тұздықтар алмасуы 7  
4 Амалсыз тұздық алу жолдары 7  
5 Амалсыз тұздық байлықпен алу. 7  
6 Амалсыз тұздық байлықсыз алу 7  
7 Тұздықтар тартысы. 7  
8 Тұздықтар тартысына  құрылған этюдтер 7  
9 Күрделі позицияларды есептеу жолдары. 7  
10 Этюдтердің  шешулері 7  
11 Дене шынықтыру  дайындығы, қимыл-қозғалыс ойындары. 8  
12 Қабылдау-көшіру сынақтары (жарыстар) 5  

      Оқушылардың білімін және біліктілігін бағалау:

  • тоғызқұмалақ ойынын толық меңгеруімен;
  • тоғызқұмалақ ойынынан өткен аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орындар алуымен қатысуымен;
  • ғылыми жоба жарыстарында жүлделі орындарға ие болуымен;
 
 
 
 

    Әдебиеттер:

  1. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1994.
  2. Ақшораев Ә. Тоғызқұмалақ даналығы, Тараз, 2000.
  3. Тілеубаев С., Бизақов С. Тоғызқұмалақ әліппесі, Алматы, 2000,
  4. Ақшораев Ә. 60 сабақтық тоғызқұмалақ ойынының оқулығы, Тараз, 2001.
  5. Есенов Қ. Қандықақпан бастамалары. Тараз, 2000.
  6. Шотаев М., Жұмабаев Н., Ақназаров С. Таңғажайып тоғызқұмалақ. Түркістан, 2004.
  7. Ақшораев Ә. Тоғызқұмалақ. Алматы, 1979.
  8. Шотаев М., Абдужаппаров Ы. Тоғызқұмалақ ойынындағы тұздықтар тартысы, Кентау, 2006.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Қарқаралы  қаласының балалар  және

жасөспірімдер орталығы» ММ қ

осымша білім беру педагогы

Исайын  Әбілқайырұлы Есеевке 

МІНЕЗДЕМЕ 

      Исайын  Әбілқайырұлы Есеев 1977 жылы туған, Е.А.Бөкетов  атындағы ҚарМУ-дің тарих факультетін  бітірген. «Қарқаралы қаласының балалар  және жасөспірімдер орталығы» ММ-де 2007 жылдан осы уақытқа дейін «Аймақтану және кіші туризм» үйірмесінің жетекшісі (қосымша білім беру педагогы) болып жұмыс істейді.

      И.Ә.Есеев  өз жұмысын жетік біледі, балалармен, әріптестерімен қарым-қатынасы жақсы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, дайындаған оқушылары облыстық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.Атап айтқанда №1 ОМ оқушылары Санат Шыңғыс, Жұмаш Олжас, Қадыр Бағлан, Қоқыш Әлия және т.б. жыл сайын тоғызқұмалақ ойыны бойынша өткізілген облыстық, республикалық додаларда топ жарып жүр. Педагог пен оның дайындаған оқушыларының қол жеткізген межелермен шектелмейтініне сенімім мол. 
 
 

      Б.Қ.Түсіпқалиева, ________________

      Қарқаралы қ. БжЖО директорының орынбасары.

      18.02.2011ж. 
 
 
 
 
 

Информация о работе Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны