Жастар арасындаға жумыссыздықты алдын алу шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:24, реферат

Краткое описание

Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт тұрақты не жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Содержимое работы - 1 файл

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу идеялары.docx

— 57.08 Кб (Скачать файл)

    Жастар  арасындағы  жұмыссыздықтың  алдын  алу  идеялары

      

        Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт тұрақты не жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

    Қазіргі таңда жастар арасында жұмыссыздықтар саны күннен-күнге өсуде. ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздықтың  зардабын  тартқан. Бұл  көрсеткіш 2007 жылғы қорытындымен  салыстырғанда  жұмыссыздар  қатарының 27,6 миллион адамға арта түскендігін білдіреді. ХЕҰ болжамы  бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы әлемдегі ең ауқымды проблемалардың бірі болып қала береді. Бұл жылы болжам бойынша 203,3 миллион адам жұмыссыз ретінде тіркеледі.

    Қазақстанның Статистика агенттігінің 2008 жылдың қараша айындағы соңғы дерегі бойынша жұмыссыздар саны 558,9 мың болған, ал Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының экономисі жұмыссыздар саны 1 миллионға жуықтады деп мәлімдейді. Осыдан 15-20 жыл бұрын 15 пен 24 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 1 млрд 15 млн болса, қазір олардың саны 1 млрд 300 млн-нан астам екен, яғни Жер шары тұрғындарының 25 пайызы – жастар. Әлем тұрғындарының 1/4-і жастар болса, жастар контингенті еліміздегі халықтың 1/3-ін құрайды екен. Олай дейтініміз – соңғы жалпыұлттық санақтың қорытындысынан белгілі болғандай, қазақстандық жастардың саны – 4 044 660. Қазіргі кезде Қазақстандағы 15-24 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 7,3 % құрап отыр.

    Қазақстанда құрылымдық жұмыссыздық етек жайып бара жатыр. Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – көп жағдайда технологиялардың өзгеруі мен дамуына байланысты болып келеді. Елге жаңа технологиялар мен еңбек қатынастарының жаңа түрлері молынан енгізілген кезде, жергілікті халық сол технологияларда бірден жұмыс істеп кете алмайды. Жұмыссыздардың арасында, шын мәнісінде мемлекеттің көмегіне зәру азаматтар бар. Ал енді біреулері бірнеше жыл көлемінде жұмыс істеуге талпынбайды да. Олар мемлекеттік салықтарды айналып өтіп, өзінің күнделікті табысын тауып жүргендер. 

    Проблема: Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуы. 

    Себептері:

  1. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалана алмауы;
  2. Жоғарғы оқу орындарында білім беру жүйесінің төмендіг;
  3. Жастардың жұмыс тәжірибесінің болмауы;
  4. Жастар арасында физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі;
  5. Жастар арасында еңбек белсенділігінің төмендігі;
  6. Өнеркәсіпорындары мен мемлекеттің жұмыссыздықтың алдын алу мәселесінде біріліп жұмыс атқармауы.
 

    Шешу жолдары:

  1. Білім беру сапасын жоғарылату;
  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығының жоғарғы білім алуына мүмкіндік жасау. Яғни жоғарғы оқу орындарының бағасын қол жетімді бағада ұстап тұру. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының студентеріне 4 жыл ішінде білім алып қана қоймай, тәжірибеде алып шығуына мүмкіндік жасау;
  3. Студенттерге шет елдерде тәжірибе алуына шара қолдану. Сонымен қатар жоғары дәрежелі мамандығы жоқ жастарға кәсіпкелікпен, шағын және орта бизнеспен айналысуға мотивациялау және жағдай жасау;
  4. Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық даму жолындағы мемлекет болғандықтан, қазіргі заманғы жаңа технологияларды жоғарғы оқу орындарында ақысыз меңгеруге жағдай жасау;
  5. Мектеп оқушыларын «мамандыққа жол» атты бағдарлама арқылы олардың болашақта қандай мамандық иесі болу керектігін оқыту қажет;
  6. Жастардың жұмысқа орналасуы кезіндегі болып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдану.
 

    Бүгінгі таңда тау-кен өндірiсі саласында, 774 мың адам жұмыс істейді. Олар шикізат өндіретін болғандықтан, өз өнімдерін шетелге жібереді. Егерде мәселен, қаржылық дағдарыстың әсерінен аталмыш өнімге сұраныс болмаса, әрине, өндіріс өзінің жұмыскерлерін азайтып, тіпті жабылып қалуы да мүмкін. Алайда, ол тек болжам ғана. Қысқартулар жалпы жұмыскерлердің 50 пайызын құрай ма, әлде 5 пайызын құрайды ма, ешкім білмейді. Жұмыссыз қалу мүмкіндігі басым салалардың ендігі кезегі: энергетика, газ, су, құрылыс, транспорт және сауда саласы. Айтып кететин болсақ, бұл салада республика бойынша 3 миллиондай адам қызмет етеді. Ал қаржы дағдарысы мүлдем әсер етпейтін салалар ретінде  мемлекеттік органдар мен ауылшаруашылық секторы танылған. Сол салаларда алыс-жақын шетелдерден келетін арзан жұмыс күшінен бас тартуымыз қажет, сонда біз өз азаматтарымызды осы салалар бойынша ынталандыру арқылы жұмыссыздықты белгілі бір пайызға азайта аламыз.

      Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі – көлеңкелі  экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.  Бұған  ең  алдымен ел экономикасы  көтерілгеннен  бері  елге  ағылған  босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды. Сонымен  бірге  Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.  Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.

    Ал  Қазақстанда жоғары білімді адамдар көп болғанымен, әлі күнге дейін техникалық, медициналық салаларды айтпағанның өзінде, барлық салаларда кәсіби, білікті мамандар  тапшылығы айқын білінеді. Мәселен еңбек нарығында, нақтырақ айтар болсақ, құрылыста – 9,9 мың адам, ауыл шаруашылығында – 9,6 мың адам, машина және жабдықтар технологиясында – 7,6 мың адам, қызмет көрсету саласында – 6,8 мың адам жетпейді. Жыл сайын 12-14 мың университет түлегі жұмыссыз қалуына қарамастан, экономика техникалық қызмет көрсету еңбегінде қосымша жүз мың жұмысшыны талап етеді.  Демек, мақсатты бағдарланған түрде сапалы білім алу бүгінгі жастар алдындағы негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.

        Қазір  көптеген  мекемелер  әлдекашан  ұмытылған  проблема жұмыс   кадрларының  кажеттігіне  ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар  жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ  немесе  өте төмен. Сонда қоғам бір-біріне  қарама-қарсы екі  түрлі ауруға шалдығып отыр:

    1. кадр дефициті

    2. жұмыссыздық

       Университеттер, колледждер мен өндіріс  орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуге болады.  Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір идеяларды қажет етеді.

    Сонымен жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу идеяларына тоқталып кететин болсақ,  
 

    Қорытынды

       Жоғарыдағы айтылғандардан екі түрлі қорытынды шығады.

    1. Бізде жұмыссыздық бар, ол мәселе шешім күтеді.

    2. Жұмыссыздық қарама қайшылықтарға толы.

       Біздегі жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық жұмыс күштерін резервациялайтын қойма рөлін атқарады. Әртүрлі структуралық өзгерістерге ұшырау салдарынан пайда болған артық жұмыс күші, әрине, белгілі бір уақыттан кейін басқа салаларды меңгеру арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет. Қарап отырсақ, біздегі жұмыссыздық екі түрлі қарама қайшылыққа кездеседі. Біріншісі кадр тапшылығы болса, екіншісі белгілі бір салаларда оның артықтығы. Осы мәселелер ең бір шешімі қиын мәселелер, дегенмен, оны да жоғарыда айтылған идеялармен шегуге болады. Арине жұмыссыздықты мүлдем жоямыз деп айта алмаймыз. Себебі ол мүмкін емес. Бірақ жұмыссыз жастардың санын қысқарта аламыз.

    

 

Численность получателей пенсий  
человек  
  2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
Республика  Казахстан 1 659 958 1 640 718 1 645 906 1 637 062 1 635 033 1 640 498 1 662 877 1 695 301
Акмолинская 98 774 97 725 97 820 96 557 95 557 94 806 95 352 96 474
Актюбинская 65 967 65 366 66 305 66 009 65 657 65 930 66 914 68 340
Алматинская 152 874 151 472 153 493 154 759 155 645 157 831 161 135 165 905
Атырауская 40 259 40 129 40 870 40 528 40 722 41 107 41 831 42 746
Западно-Казахстанская 73 274 72 257 72 509 71 743 71 045 70 640 71 158 71 864
Жамбылская 86 305 86 413 88 178 88 628 88 993 89 750 91 544 93 737
Карагандинская 181 859 178 686 177 750 175 335 173 811 174 049 175 079 177 177
Костанайская 126 949 124 940 123 839 121 634 119 849 117 999 117 895 118 948
Кызылординская 47 051 46 585 48 403 48 948 49 305 49 915 50 874 52 422
Мангистауская 23 528 24 300 25 128 25 818 26 726 28 200 29 347 31 065
Южно-Казахстанская 154 295 154 680 158 652 160 322 161 802 163 794 167 589 172 548
Павлодарская 95 975 95 282 96 276 95 406 95 626 95 735 96 977 98 436
Северо-Казахстанская 96 143 94 774 94 456 92 154 90 896 89 683 90 132 90 836
Восточно-Казахстанская 229 373 219 438 211 349 205 851 202 814 199 875 199 375 200 184
г.Астана 32 539 33 348 34 753 36 052 37 548 39 555 42 345 45 279
г.Алматы 154 793 155 323 156 125 157 318 159 037 161 629 165 330 169 340

 


Информация о работе Жастар арасындаға жумыссыздықты алдын алу шаралары