Тұлғамен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:05, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігінің қалыптасуына әсер ететін жағдайлар мен ахуалдарды талдау, тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. ТҰЛҒА - ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1.1 Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі..................................................................5

1.2 Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы...................................................................6

1.3 Тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар....................................................................................13
2. ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ

2.1 Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері..............................................18

2.2 Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі салауатты өмір сүру дағдысының әсері..................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

Содержимое работы - 1 файл

Тулга-курс.doc

— 195.00 Кб (Скачать файл)

Зерттеу пәні ретінде адам көпқырлы табиғатты танып білу кілті болып табылады. Соңғы жылдары өндіріс пен қызмет көрсету саласының қарқынын арттыру мен оңтайландыруға көп көңіл бөлінгенімен, адамның болашақтағы тағдыры туралы аз айтылып жүр. Көпшілік демографиялық проблемалар, дүние жүзіндегі жылыну туралы жазғанымен, адам денсаулығына, әлеуметтік және моральдік бет-бейнесіне аз назар аударып келеді. Бірақ адамның «санасы», оның гендік күш-қуаты, әлеуметтік салада қабылдап алған денсаулығы болашақ адамзат қоғамы үшін теңдеусіз үлкен маңызға ие. Егер практикалық тұрғыдан дені сау адамдардың тең жартысы «үшінші күй» деп аталатын күйде, яғни анық байқала қоймаған жүйке сырқатымен жүретін болса, онда денсаулық дәрежесін арттыру мен салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасының келіп шығуы өз-өзінен белгілі.

А.Ақанов салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасының Ұлттық Орталығын басқара отырып, «Валеология» пәнінің -«Денсаулыққа қалай қол жеткізуге болады» бағдарламасын жасау барысында оқушының дамуын ескеру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру түсінігі, дағдысы мен уәжі мақсатына жету болып табылатынын айтады [2]. Адамзат қазірше өзіндік биологиялық өмір сүру жағдайларына жеткілікті дәрежеде ие емес, сондықтан да қоғамның әлеуметтік дамуының үздіксіздігі қажет-ақ. «Адам мәнінің проблемасы, оның табиғатының проблемасы іспетті «мәңгілік» ғылыми және философиялық міндеттер қатарына жатады. Олар «мәңгілік» және әрқашан да жаңа, себебі, адам болмысының табиғи жағдайлары мен оның өмір сүру қызметінің әлеуметтік факторлары өзгеріп отырады».

Ешқандай әлеуметтілік биологиялық субстраттың қатысуынсыз іске аспайды.

Осылайша, дара тұлғаның өзіндік биологиялық және әлеуметтік қызметтерін атқаруын денсаулықтың көрінісі деп баяндауға болады.

Дара тұлғаның өзіндік биологиялық және әлеуметтік қызметтерін іске асыру қабілеті жоғарылаған сайын, оның денсаулық деңгейі де жоғары болады. Өзінің денсаулығын көрсету қабілетіне немесе басқаша айтқанда, өзіндік биологиялық және әлеуметтік қызметтерін іске асыру қабілетіне тұлғаның психикалық және рухани сапалары үлкен әсер етеді. Бір жағынан өмірлік қондырғылар мен дара тұлға қажеттілігінің сәйкес келуі, екінші жағынан денсаулық көрінісі - дене бітімі, рухани және әлеуметтіктің белгілі бір «аман-саулық» дәрежесін қалыптастырады.

Едәуір дәрежеде ауылдық және қалалық өмір талабының және бірнеше ұрпақтан тұратын отбасылар мен ата-аналардан және балалардан құралатын заманауи отбасылардың өмірінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Бұл категория тұрақты және тарихи шарттасқан, мұнда қоғамдық, ұлттық және ішкі отбасылық дұрыс жағдайлардың белгілері болады.

Бүгінгі күні экологтарды, валеологтарды, педагогтарды отбасылық дұрыс жағдайда өмір сүріп отырған олардың табиғаттан алшақтауы толғандырады: егер адам бұрындары табиғаттың тұтынушысы болса, бүгінгі таңда адамдар ойланбастан тек тұтынуды ғана біледі; егер бұрын бірнеше ұрпақтан тұратын отбасылар ортақ еңбекпен және қамқорлық жасаумен, соның ішінде денсаулыққа қамқорлық жасаумен байланысты болса қазір отбасындағы дұрыс жағдай өте ұзақ қалыптасады, ал тұтынушылық келіс пен денсаулық тәрбиесі дәрігерлер мен мұғалімдерге тиесілі.

Салауатты өмір салты мәнін зерттеуде айтыс-тартысты мәселелер де  кездеседі. Негізінен олар адамдардың қызметін анықтайтын жағдайларға қатысты.

Алайда көптеген ғалымдардың пікірінше, салауатты өмір салтына жаппай өту жағдайы бұлыңғырлық танытып отыр, яғни, өз бетінше өмір салтын ұстауға өту тиісті дәрежеде бағаланбай отыр.

Мұндай бағаланбау жеке тұлғаны тәрбиелеуде келеңсіздікке ұшыратуы мүмкін. Бұқаралық санада адамды қажетті материалдармен, рухани байлықпен  қамтамасыз ету адамгершілікті жетілдіруге жетелейді деген пікір сақталған.

Бүгінгі күні авторлардың перспективалық деп саналатын пікірлері – бұл субьектінің өмір салты мен оның ой-пікірі болып табылады. Ю.А.Савин өмір салтын субьектінің қызметі мен ой-пікірінің обьективті бірігіп істелген қызметінің  белгілі бір түрлерін белгілеудің ғылыми категориясы деп анықтайды [3].

Оқушы - тәрбие субьектісі ретінде қоғамдық сананы реттеуші, өз мінез-құлқының сарыны мен стимулын қалыптастырушы, мінез-құлқы мен қылықтарын саналы жасайтын жеке тұлғаны білдіреді [4]. Бірте-бірте жеке тұлғалық қасиеттер, қажеттіліктер мен өз бетінше әсерлерге, қарым-қатынасқа, өзара әрекетке талдау жасайтын белсенді өмір ұстанымы қалыптасады. Өзінің алдына саналы түрде өзін-өзі жетілдіру үшін, өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мақсат қоя білудің мүмкіндігі туады. Мектеп жасында баланың өзін-өзі тиянақтауы, сондай-ақ, бірте-бірте, қоғамдық қатынастарға саналы түрде еніп, шығармашылықтық, әлеуметтік, интеллектуалдық және эмоционалдық белсенділігін арттыру жолымен жүзеге асады. Тап осы кезеңде - оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы мен дамуы кезеңінде денсаулықты сақтау мен нығайтудың, салауатты өмір сүру дағдысының өмір бойы сақталатын олардың мөлшерлері мен қағидаларын сақтаудың қажеттіліктері қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.

Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.

Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы деп атады.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Баба С. Б. Жалпы психология: Жантану негіздері: 2002 – 27 б

2. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім, 1993 – 272 б

3. Гоноболин Ф. Н. Психология. Алматы: Мектеп, 1976 – 232 б

4. Оразбекова К. А. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. Алматы: «Дәуір», 2000 – 554 б

5. Андреева Г. М. Психология социального познания: Учебник для вузов. Ведущий ред. Л. Н. Шипова. М: Аспект – пресс, 2000 – 288 с

6. Андриенко Е. В. Социальная психология: Учеб.пособ.для студ.пед вузов/под.ред. В. А. Сластенина. М: Академия, 2000 – 264 с

7. Асмолов А. Г. Психологияличности: Принципы общепсихологического анализа. Учеб.для студ высш.учеб.заведений. М:Смысль, 2001 – 416 с

8. Социальная психология: Учеб.пособие для студ.высш.учеб.заведений/под.ред. А. Н. Сукова, А. А. Дергеча. М: Академия, 2001 – 600 с

9. Богословский В. В. Жалпы психология. Алматы: Мектеп, 1979-350 б

10. Рубинштейн С. Д. Жалпы психологияның негіздері, 2 басылуы, Москва, 1946 – 302 б

11. Елікбаев Н. Ұлттық психология: көмекші оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 1992 – 96 б

12. Жүкешев Қ. М. Ұлттық психологияның мәдени - әлеуметтік негізделуі. Алматы, 1999 – 251 б

13. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: Білім, 1991 – 281 б

14. Немов Р. С. Психология книга1. М: 2000-608 с

15. Дубровина И. В. Данилова Е. Е. Психология. Москва: 2001-460 с

16. Крылова А. А. Психология. Москва: 2000 – 584 с

17. Климова Е. А. Общая психология. М: 1999 – 511 с

18. Ілешева Р. Психология. Алматы: Санат, 1994 – 88 б

19. Жантикеев С. Психология: Учебное пособе. Астана: Елорда, 2001 – 256с

20. Выготский Л. С. Психология. М: Апрель Пресс, 2000 – 1008 с

21. Рубинштейн С. Д. Жалпы психолгия негіздері, 2 – басылуы. М: 1946 – 302 б

22. Жаңабеков Ж. Психология. Алматы: Қазақ университеті, 2002 – 132 б

23. Реан А. А., Коломинский Я. Л. Социальная педогогическая психология. СПб:Издательство «Питер», 2000 – 416 с

24. Андреева Г. М. Социальная психология. М: Аспект Пресс, 1998 – 376 с

25. Майерс Д. Социальная психология. СПб.:Издательство «Питер», 2000 – 688 с

30

 



Информация о работе Тұлғамен әлеуметтік жұмыс