Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2012 в 23:51, реферат
Әлеуметтік жүйе
Әлеуметтік жүйе – бейөндірістік аяны білдіретін салалар жүйесі. Әлеуметтік жүйе салаларының құрамы осы ая салалары жіктелімінің өзгеруіне сәйкес ауысып отырады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің жіктеліміне сәйкес бейөндірістік ая салалардың 2 тобын қамтиды:
ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын салаларды (геология және жер қойнауын барлау; су шауашылығы; басқару, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, несиелендіру, т.б.)
Әлеуметтік жүйе
Әлеуметтік жүйе – бейөндірістік аяны білдіретін салалар жүйесі. Әлеуметтік жүйе салаларының құрамы осы ая салалары жіктелімінің өзгеруіне сәйкес ауысып отырады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің жіктеліміне сәйкес бейөндірістік ая салалардың 2 тобын қамтиды:
ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын салаларды (геология және жер қойнауын барлау; су шауашылығы; басқару, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, несиелендіру, т.б.)
қызмет көрсетуі халықтың мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын салаларды (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру, мәдениет пен өнер, жолаушы көлігі мен байланыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, т.б)
БҰҰ-ның халықаралық жіктегішіне (Халықаралық стандарттық шаруашылық жіктелімі) сәйкес қызметтің барлық салалары қызметтің белгілі бір түрін қамтитын 10 салаға бөлінген, олар: кен қазу өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп, ауыл және орман шауашылығы, аңшылық пен балық аулау, электртехника, газ және су шауашылығы, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, қаржы, сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, коммерциялық қызметтер (20 түрі бар), көлік, қойма шауашылығы және байланыс (20 түрі бар), коммуналдық, қоғамдық және жеке басылық қызмет көрсету (49 түрі бар), т.б. Халықаралық және отандық жіктелім арасында елеулі айырмашылық бар. Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты, бұл қатынастар қоғамдық өндірістің сипаты мен құрылымына ықпалын тигізеді. Сондықтан қазіргі кезде басқару тәжірибесінде “әлеуметтік ая”, “бейөндірістік ая” ұғымдарымен қатар “әлеуметтік инфрақұрылым” (сауда, қоғамдық тамақтандыру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының жиынтығы) ұғымы да қолданылады. [1][2]
Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);
әлеуметтік жеңілдіктерді
қоса халықтың жекелеген санаттарына
берілетін мемлекеттік
Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.
Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады.[1][2]
Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.
Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық
игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген
және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың
бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан,
осы саясатты іске асыру механизмі
ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды
ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа
жағынан, объекті жалпы бүкіл
халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің
болу критерийлері бойынша бөлінген
жекелеген әлеуметтік топтар болып
табылатын қартайған, денсаулықты,
мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында
азаматтарды материалдық
Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе - әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы.
Әлеуметтік қамсыздандыру
еңбек ету қабілеттігін немесе оған
иелік етуден айырылған азаматтарды
қолдау үшін, яғни барлық азаматтар
үшін еңбек қызметіне олардың
қатысуына қарамастан қорлар қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты қатынастарды
білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды
қалыптастырудың бюджеттік
Әлеуметтік қамсыздандыру
және әлеуметтік сақтандыру категорияларының
іс-әрекетінің объективті қажеттігі
ұлғаймалы ұдайы өндіріс
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
1) ұрпақтар ынтымақтастығының
негізінде; жұмыс істейтін
2) әлеуметтік қорларға, көбінесе
әлеуметтік қорға азаматтардың
дербес аударымдарының
Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруга мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру
қорларына түсетін міндетті
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
90-жылдардың басы мен
ортасындағы экономиканың
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттьің іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
2) зейнетақы қорын
3) зейнетақы жинақақшасын
және әлеуметтік
4) зейнетақы қорланымдарын
қалыптастыруға еңбек етуге
5) еңбек етуге қабілетті
азаматтардың қартайғанда өзін
зейнетақымен қамсыздандыруы
6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы қорланымдарға
8) қосымша ерікті зейнетақымен
қамсыздандыруға азаматтарға
9) зейнетақы жинақақшасын
экономикаға инвестициялау,
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру - зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады.
Қорланымдардың ынтымақтастық
негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар
жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің
еңбек сіңірген зейнетақыларын алу
құқықтарын сақтау қажеттігімен, сонымен
бірге зейнеткерлік алдындағы жасы
келген азаматтардың көбінің мемлекеттік
емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті
зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен
сипатты болып отыр. Сондықтан
зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік
зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылары
мөлшерінің сақталуын мемлекет кепілдендіреді.
Зейнетақы реформасы
Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.
1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.
Әлеуметтік аударымдарды
әлеуметтік салық төлейтін жұмыс
берушілер мен өзін-өзі
2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.
Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.
3. Резервтерді қалыптастыру
- әлеуметтік сақтандыруды
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.
Қолданыстағы жүйенің бастапқы кезеңіндегі жарна мөлшері жоғары болмайды, одан әрі әлеуметтік төлемдер алушылар санының біртіндеп өсуі себебінен жарналар жылдам қарқынмен көбейеді. Сонымен бірге, алғашқы кезеңде, әсіресе, экономиканы көтеру кезеңінде осы тәсілмен қаржыландырылатын әлеуметтік сақтандыру «арзан» болып көрінуі мүмкін. Ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерді алушылар (мысалы, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар) санының өсуіне қарай экономикалық құлдырау кезеңдерінде ағымдағы жарналардың азаюы себебінен және әлеуметтік төлемдер бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің болуынан жүйенің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелер туындайды. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады, бірақ жоғарыда айтылған мәселелер қатар жүреді.