Әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік құрылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:00, реферат

Краткое описание

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.

Содержимое работы - 1 файл

айгуль.doc

— 114.00 Кб (Скачать файл)

Ал, американдық  әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда  әлеуметтік жіктелудің факторларын 3 топқа  топтастырған. Біріншісі – адамның  туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті. 

Екінішісіне –  қызмет түрі., мамандығы және кәсіби деңгейін жатқызған. 

Үшінші топқа  – меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды  жатқызады. 

Ғалымдардың көпшілігі  әлеуметтік стратификация процесінде осы аталған өлшемдер мен факторладың шын мәнінде орын алып  отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде келесі біреулерінің маңызы ара түседі. Мәселен, Кеңес қоғамындағы иерархиялық жіктелу процесінде саяси факторларлың маңызы зор болды. Билік саласында қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешімдерді қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды. Ал, жоғары билік адамдарының байлық пен меншікке қол жеткізуде мүмкіндіктері кең болды. 

Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдарда нарықтық экономикаға  қту барысында әлеуметтік жіктелуге  әсер ететін жаңа факторлар маңызға  ие бола бастады. 

Ресей Ғылым  Академиясының «Әлеуметтану институты» жүргізген зерттеулер нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге әсер ететін факторлардың төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік жіктелідегі басты фактор ретінде «билікті» атап көрсетсе: 

табыс көлемін - 91,2%-ы; 

меншікті – 64,8%-ы; 

көлеңкелі экономика  немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді  – 52,7%-ы; 

білімді  - 35,1%-ы;  

қабілет пен  талапты – 34,6%-ы; 

мамандық түрін  – 30,1%-ы; 

адамның шығу тегін  – 25,0%-ы; 

ұлттық тегін  – 14,5%-ы атап көрсеткен. 

Яғни зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болу сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу процесінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады.  

Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім  деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж)  деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек.  

Білім деңгейі  – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында  алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі. 

  Кәсіби шеберлік  – белгілі бір мамандық бойынша  адамның арнайы білім дәрежесі  мен шеберлігінің танылуы. 

Мәртебе – адамның  жоғары статусына қоғам тарапынан  көрсетілетін сый немесе құрмет. 

Соңғы кезде  әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар: 

жоғары тап; 

орта тап; 

жұмысшы табы; 

төменгі тап. 

Жоғары тапқа  ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік  элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды.  

Кейбір елдерде  жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл  топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.  

Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы  қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты  қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен  тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі  интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады. 

Орта тапқа  қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың  мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп  иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. 

Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар: 

а) жоғары орта тап: 

ә) орта таптың орташасы: 

в) төменгі орта тап. 

Орта тапты  осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке  қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп  отыр.  

Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.  

Төменгі тап  – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді, 

Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға  тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр. 

Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым  дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.  

Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз  байланыста, қарым-қатынаста болатын  индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.  

Бұл айтылғандарды  сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.  

Әлеуметтік құрылымның басты элементтері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

   

      

   

байланыстар мен                                                                                            байланыстар мен  

    қатынастар                                                                                                        қатынастар 
 
 

Әлеуметтік қоғадастықтар  деп, белгілі бір отақ белгілері  бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас  адамдар тобын айтамыз.  

Қоғамда адамдар  қоғамдасуының сан алуан түрлері  бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. 
 
 

І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай: 

1) қысқа мерзімдік  байланысқа негізделген, тұрақтылығы  төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар  деп е атайды. 

Мәселен, бұл  топқп театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады. 

2) тұрақтылығы  орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы,  құрылыс бригадасы, студенттер тобы) 

3) тұрақтылығы  жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар) 
 
 

ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың  мақсат-мүдделері де жақын болады. 
 
 

ІІІ. Мазмұнына  қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі. 

Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек  болады. Ол сызбанұсқа түрінде былай  көрінеді: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе  

әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. өйткені  қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор. Ол туралы алдағы тарауларда айтылады. 

Жоғарыда біз  әлеуметтік құрылымының басты элементтеріне  әлеуметтік институттар жптады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам  мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін  ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 

Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды.  

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады: 

1) Экономикалық  инстиуттар экономиканың тиімді  дамуын қамтамасыз ету мақсатында  шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды  жүзеге асырады. 

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық  және басқа да құндылықтарға ие болуына  және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар  айырбасының жалпылама эквиваленті  болып табылады.      

Еңбек ақы –  жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы. 

2) Саяси институттар  қоғамды билеу және басқару  қызметтерін жүзеге асырып отырады.  

3) Рухани саланың  институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы  моральдық  құндылықтарды қолдауға  ықпал етеді. 

4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

 

 

 
 
 

Информация о работе Әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік құрылым