Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:27, контрольная работа
Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым,қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.
Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі
түсінігінде жамағат, қауым, жұ
“Қоғам” аталатын адамдар
қауымының күрделілігі, көп қырлылығы,
сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік
жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға
тартады. Қоғам бір текті емес: оның алуан
реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік
құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын
қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы
бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері
адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер,
әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара
әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен ұйы
Қоғамның әлеуметтік құрылымы
әр алуан қырынан қарастырылады. Мәселен,
әлеуметтік құбылыстар мен процестердің
себеп-салдарлық (детерминшілдік) байланысы,
бір-біріне бағыныстылық тәртібі анықталар
кезде, қоғам, әдетте (мысалы, марксшілдік социологияда) негізгі төрт арна — экономика, әлеуметтік саяси және рухани (
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттеу ісі өзара байланысты міндеттерді: а) “қоғамды жалпы түрде” зерттеуді, яғни қоғамның жалпыға бірдей, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен жағдайларын (әлеуметтік философиямен етене байланыста әрі оның жетекшілігімен) зерделеуді; ә) қоғамның нақты-тарихи тұрпаттарын, өркениеттің даму сатыларын зерттеуді; б) жекелеген нақты қоғамдарды, яғни нақты өмір сүруші елдер мен халықтар қоғамын зерттеуді қамтиды. Әлеуметтік құрылым дегеніміз — кең мағынасында: қоғамның әрқилы, алуан сипаттағы құрылымдық бөлімшелерін және олардың арасындағы байланыстарды қамтитын ортақ түзілім. Оған қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т.б. құрылымдары жатады; ал тар мағынасында — қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін — таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді