ХІХ-ХХ ғасырларда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 13:00, реферат

Краткое описание

– үлкен көл, замана – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер", - деп кемеңгер Абай айтқандай, талай су ақты, талай өзгерістер эволюциялық жолмен де, революциялық жолмен де өтті. Бәрі дағы өткен ұрпақтар үшін де немесе қазіргі жастар үшін де баяғыдай көрінбеуіне кім кепіл? Бүгіндегі сан салалы әлеуметтану ғылымы өз бастауын шын мәнінде XVII— XVIII ғасырлардан алып, ХІХ-ХХ ғасырларда оның толып жатқан бағыттары мен түрлі мектептері қалыптасты да, күрт дамыды. Қай халықтың болсын оның ақын-жазушылары, ойшыл философтары, ғалымдары өзі сүрген ортада экономикалық іліммен тура айналыспаса да, оның әртүрлі үрдістерін, үдеулерін, категорияларын жалпыхалықтық ұғым арқылы беріп отырған.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары.docx

— 43.67 Кб (Скачать файл)

Кіріспе          

"Дүние  – үлкен көл, замана – соққан  жел, алдыңғы толқын – ағалар,  артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер", - деп кемеңгер Абай айтқандай, талай су ақты, талай өзгерістер эволюциялық жолмен де, революциялық жолмен де өтті. Бәрі дағы өткен ұрпақтар үшін де немесе қазіргі жастар үшін де баяғыдай көрінбеуіне кім кепіл? Бүгіндегі сан салалы әлеуметтану ғылымы өз бастауын шын мәнінде XVII— XVIII ғасырлардан алып, ХІХ-ХХ ғасырларда оның толып жатқан бағыттары мен түрлі мектептері қалыптасты да, күрт дамыды. Қай халықтың болсын оның ақын-жазушылары, ойшыл философтары, ғалымдары өзі сүрген ортада экономикалық іліммен тура айналыспаса да, оның әртүрлі үрдістерін, үдеулерін, категорияларын жалпыхалықтық ұғым арқылы беріп отырған. Ерте замандардан қазақ жері көшпелілердің құтты мекені болып келгені рас. Дүние жүзі үлкен өзгерістерге ұшырап жатқанда біздің еліміз бірқалыпты ырғақпен ғасырдан-ғасырға шығып отырды, не бір күрт даму, не бір әлеуметтік қайшылық қазақ қоғамына тән емес еді.

        XIX ғасырдың екіншеі жартысы мен  XX ғасырдың басы Қазақстан   тарихындағы  рухани өрлеу  –мәдениет,тарих,жаратылыстану,әдебиет  ,ғылым менен білімге құштарлық,халықтың  саяси және әлеуметтік санасының  жаңа белеске көтерілуі және  басқа прогрессивтік құбылыстар  мезгілі болды.Қазақ халқының  сол кездегі өмір сүрген алып  тұлғалары А.Байтұрсынұлы,Ә.Бөкейханов,Ш.Уәлиханов  ,М.Жұмабаев тың теориялық мұраларына  бүгінгі күннің мұқтаждығы тұрғысынан  көз жіберсек,ерекше дараланып  тұрған көптеген актуалдық мәселелерге  тап боламыз.Солардың бірі –  өмірдің қым-қиғаш оқиғалары менен  әлеуметтік,бүкілхалықттық мәселелерге  социологиялық ой-сананың қазақ  тарихынан орнын табуы.

        Бәрімізге мәлім,қазақ елі XIX ғасырдың екіншеі жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды.Қазақ халқы ,бір жағынан, жергілікті феодалдардың,екінші жағынан,Ресей Патшасының зор қанауының езгісінде болды.Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды,өйткені олар әруақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды.Қанаушылар олардың құнарлы-шұрайлы жерлерін жерлерін тартып алып,өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды.

         Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде   және орыс демократиясының ,мәдениеті  мен ғылымынң игілікті әсерінің  негізінде Қазақстанда алдыңғы  қатарлы философиялық,әлеуметтік  –саяси көзқарастар қалыптаса  бастады.

         Қазақ халқы ұлттық мәдениеттің  тарихында жаңа жол ашушы бір  топ ұлы ойшылар мен прогрессивті  ағартушылар,қоғамдық-саяси қайраткерлері  шықты.Олардың қатарында А.Байтұрсынұлы,Ә.Бөкейханов,Ш.Уәлиханов  ,М.Жұмабаев т.б оқымыстылар болды. 
 

 

ХІХ-ХХ ғасырларда 

          Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. Ол күрделі тарихи, саяси және этникалық процестер аренасы болды. Ең дәуірлік оқиға – шаруашылықтағы өзгерістер, қоғамдық және саяси ұйымдағы өзгерістер ХІХ ғасырда ғана туды. Қазақ халқы өзінің мыңжылдық тарихында көптеген күрделі оқиғаларды басынан кешті, саяси әлеуметтік, экономикалық даму сатысын өтті. Қазақстан үшін ХІХ ғасырдың ерекшелігі – оның алдындағы дәуірден – қазақ халқының қоғамдық саяси мәртебесінде болды. Бұл енді құлдықтағы халық еді. Қазақтар ХІХ ғасырда шаруашылық салада, әлеуметтік қатынастарда қиындықтар көрді, сонымен бірге, бұл – ұлттық тәуелсіздігін ауыр түрде басынан өткізген халық еді.

          ХІХ ғасырда Россия империясының қазақ жерлерін жайпауы аяқталды. Бұл Қазақстан тарихындағы күрделі де қарама қайшылыққа толы процесс болды. Ол өз бойына қазақ мемлекеттігінің негізгі атрибуттарының жойылуын сыйғызды: хан билігінің институтын таратты, Игельстром 1785-86 жж реформасына сай және “Сібір қырғыздарының уставы” 1822 ж., “орынбор қырғыздарының уставы” 1824 ж., би соттарын жалпы империялық ресей сотымен алмастыру, ресей әскери сотының рөлін күшейту, қазақ даласында алым-салық жинауды ресей үкіметінің құзырына көшіру, қазақ жерін әскери отарлау, орыс казактарының, патшаның отарлау саясатындағы негізгі тірек ретінде нығаюы, жаңа казак әскерлерін – Сібір, Орынбор, Жетісу; жаңа қалалар мен бекіністер салу, қазақ қоғамының құқықтарын шектеу; хан, сұлтан, билерді ресей әкімшілігінің төменгі буындағы шенеуліктерге айналдыру.

         Қазақстанның ХІХ ғасырдың тарихы қазақ халқы үшін қайғылы болған оқиғаларға толы.

Дәстүрлік шаруашылық құрылымы Қазақстанның табиғи жағдайы оның негізгі материалдық  өндірісін, шаруашылық құрылымын, қазақтардың  көшпелі қоғамының экономикалық потенциалы анықтайды.

         Көшпелі қазақтар шаруашылығы әлеуметтік экономикалық қатынастарға тығыз байланысты. Негізгі роль – қазақ халқының тіршілігінде – көшпелі мал шаруашылығы.

Көшпелі шаруашылық малды жыл бойы аяқ  астынан жайылуға негізделген. Мал  азығының жеткіліксіздігі жайылымның өнімсіздігімен су ресурстарының жеткіліксіздігі  малды жыл бойы әр жерлерге көшіріп  отырып бағуды қажет етті. Ол үшін әрине  өте көп аумақ керек болатын.

          Номадтардың мал жайылымына пайдаланған аумақтары, өз ерекшеліктеріне ғана пайдаланды. Мысалы, қыстау, жайлау, күзеу, көктеу. Қара малды бағу үшін қардың қалыңдығы қыста 10-12 см аспау керек, бұл солтүстік шекараға сәйкес. Сондықтан қыстау негізінде оңтүстік Қазақстан аймағында орналасты.

          Жаз жайылымдар солтүстік және таулы аймақтарды. Жазғы жайылымды таңдаудың негізгі шарты - су көздерінің болуы. Олар көш жолы бойында малды сумен қамтамасыз ете алатын болуы қажет. Күзгі, көктемгі жайылымдар осы жазғы және қыстау арасындағы байланыс буыны ролін атқарған.

         Көшпелі қазақтар қатаң реттелген маршрут болған, яғни тұрақты қыстақтары және жаз кезінде белгіленген жайлауларға көшіп отырған. Орташа алғанда көшу радиусы 50-100 шақырым, кейде 1000 км- 2000 км дейін жеткен.

          Жануарлар құрамы тұрақты болған: қой, ешкі, жылқы, түйе және қарамал. Бұл жануарлар дала жағдайына бейімделген.

Жылқы өсіруді қазақтар бірнеше мақсатта пайдаланған: ет-май, сүт, көлік ретінде, қара күш ретінде, қазақ жылқысы  еңбекқор, қара жұмысқа шыдамды, жергілікті жердің табиғатына бейім, алыс көштерге жарамды. Жылқы өсірудің көшпелі  қазақтар өміріндегі мәні туралы Қасым  хан ХҮІ ғасырдың басында былай  деген: “Біз – дала тұрғындары; бізге  сирек, бай заттар жоқ ең басты  байлығымыз – жылқы, еті мен терісі бізге тамақ пен киім, ал оның сүті- қымыз ең асыл сусын; жерімізде  бау-бақша жоқ, біздің ойын сауық  құратын жеріміз – мал табыны, үйір үйір жылқы, біз осы үйірлерден ләззәт аламыз.

          Оған басты себеп - қазақ жерінің осы ғасырда Ресейдің нақты отарына айналуы деп білеміз. Ресей империясының өзінің ауқымы мен ұзақтығы жағынан дүние жүзі тарихында бұрын-соңды болмаған көлемде шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты.  
         Қазақтың солтүстік өлкесіндегі Ресей әсері алдымен кең тараған қайыршылық болды, малдан айырылу (жер тапшылығы және сауданың кесірінен), егіншілік кәсіптің кең таралуы, шөп шабу, саудаға бейімделуден сезілді. Б.Бекмахановтың жазуынша, XІX ғ. басында әр жылы қазақтар Ресейге 3 млн. қой, 150 мың жылқы сатқан, осынша малды Қытай, Бұқара, Хиуа елдеріне жөнелткен,  яғни қазақ әлі де малды ел болған.  
        Оның бір айғағы XIX ғ. бірінші жартысында ел ішінде 10-20 мың жылқысы бар байлар сирек болмаған. XIX ғ. екінші жартысында негізгі қоры орта шаруада болса, ғасырдың соңына қарай аз малдың өзі байлардың қолына жинақталғаны аян. Әрине, егіншілік және өзге кәсіптер (мұжыққа, орыс-қазаққа жалдану, жәрмеңке саудасына араласу, өндірісте жұмыс істеу) мал шаруашылығынан босаған жұмыс қолын өзіне сіңіріп жатты.

ХХ ғасырдың басында Қазақстанда аграрлық мәселе шиеленісті. Оған қоныс аудару саясаты  және жергілікті халықтың жер алуы себеп болды. Осыған байланысты “Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстарын қазына жеріне ауыстыру туралы” Қаулы шықты. Түркістан аумағына православие  дінін ұстайтындарды көшіру қарастырылды. Қоныс аударушылар салықтан жеңілдікпен 8 жылға дейін жеңілдетіліп, әскери қызметтен босатылды. 1904ж “Қоныс аударудық уақытша ережесі туралы заң шықты. Жаңа тәртіп бойынша бұрынғы  орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз  көшуге болды. Қоныс аудару стихиялық  түрде болды. Кейбір зерттеушілер, патша  үкіметінің әрқилы құжаттарына қарамастан, қоныс аударушылар саны жылдан жылға көбейе түскенін атап өтеді.

          "Ресей отаршылдығының оң нәтижесі болды ма?", - деген сұрақ қандай әлеуметтанушыны болмасын толғандырмай қоймайды. Қай ел болмасын, отар болу үлкен бақытсыздық, соның ішінде еркін көшпелі ел үшін бодандықтан асқан сорақылық жоқ. Қандай ел болмасын өз еркіндігін қолынан бермейді. Бірақ отаршыл ел де, адамзат дамуынан қол үзбейді, жақсылық пен жамандық оған да тән. Бас-аяғы 20-30 жылдың ішінде жаңа заман талабына сай зиялы қауым өсіп шықты. ХІХ-ХХ ғғ. шектескен кезде осы зиялы қауымның жанқиярлық қызметі мен қайраты қазақ елін этнос және қоғам есебінде апаттан аман алып қалды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

             АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ  ЖӘНЕ “ҚАЗАҚ”ГАЗЕТІ 

        Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) — Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар біртума алып тұлға.

       Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш ... көсемі» болған А. Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саяси - әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен Қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде ол Қарқаралы қаласында кызмет істейтін еді. Оз халқының мүддесін, болашағын ойлаған А.Байтұрсынов осы кезеңде саясатқа белсене араласты осы мәселені М.Әуезов «Қарқаралыда тұрғандағы соңғы төрт жыл Ақаңның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой көрсеткен кезі; сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден келген бірен-саран студенттері, басқа қалаларда оқып жүрген жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендердің арасында өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын» Деп атап көрсетті.

М. Әуезовтің  пікірінен А. Байтұрсыновтың саяси  көзқарасының қалыптасуы Қарқаралы  жерінен бастау алып, патша үкіметі  кемсітіп бұратана атаған казактардың  мұңын мұңдап, жоғын жоқтауды өзінің негізгі мақсаты еткенін аңғаруға болады. Осы алға қойған мұратын  іс жүзіне асыру үшін халық арасында саяси үгіт-насихат жұмысын жүргізуді  колға алады. Қоянды жәрмеңкесінде  А. Байтұрсынов казактан шыққан бірнеше  зиялылармен бірге өз халқының атынан патша өкіметіне петиция жолдап, онда казак депутаттарының сайлануы, даланы басқару ережесіне өзгерістер жасау, орыс қоныс аударушыларын  тоқтату, дінге қысым жасамау, іс қағаздарын казак тілінде жүргізу, казак балаларына арнап ана тілінде  мектептер ашу іспетті тағы да басқа да мәселелерді халықтың маңызды  мүддесі ретінде тиянақты шешуді талап етті. Қазақ зиялылары мұнымен  шектеліп қалмады. Патша өкіметінің шет аймақтар жөнінде ұстаған  саясатын әшкерелеп, сынаған кептеген мақалалар жазды.

        Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) «Қазақ» (1913) газетінің бетінде қазақ қоғамындағы келелі-келелі саяси-әлеуметтік қатынас проблемаларын көтеріп, оған ғылыми талдау жасады, түбегейлі әлеуметтік, саяси өзгерістер жасаудың қажеттігін дәлелдеп отырды. Қоғамды реформалар арқылы жетілдіру жолдарын нұсқады. «Маса» жинағында ашық көрсетті. Онда ол қазақтарды ұйқыдан оятуға, өзінің әлеуметтік күйін жақсартуға шақырды. Ол үшін оқып білім алу, адамзаттық рухани байлықтарын игеріп, дүниежүзілік өркениет деңгейіне көтеруді уағыздады. Оған жету үшін отарш 
ылдықтың бұғауын бұзып, ұлттық және әлеуметтік бостандық үшін күреске шақырады. Қазақтың ұлттық-демографиялық партиясы «Алашты» құруға белсене қатысады.  
Партия съезінде Байтұрсыновтың белсенді қатысуымен қазақ қоғамының өркендеуі, саяси-әлеуметтік қатынастарды жақсарту жөнінде құнды шешімдер қабылданды. Шешім бойынша Ресей құрамында қазақтың ұлттық-демографиялық мемлекетін құрып, онда демографиялық әлеуметтік өзгерістер жүргізу көзделді. Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен «Алаш» парт

         Қиын-қыстау кезеңде  өз халқы үшін аянбай еңбек етіп,қазақ т

ілінде  мектеп ашып,ана тілін түрлеген,жерім,елім-деп  еңіреп  қткен ұлтжанды азаматымыз Ахмт  даБайтұсынұлы жайлы зерттеу  жасайтын  әрбір адам ,оны “Қазақ”газетінен бқлек зерделей алмасы анық. “Қазақ“  газетінің  1916 жылдағы қан жылаған  қазақ  баласына  сіңіргеан еңбегі,өнер-білім , саясат жолындағы қажымас қайратын Ахмет Байтұрсынұлысыз  жеке дара қарауда мқмкін емес.

         Өзінің жарық көрген саны жағынан да(265),шығып тұрған уақыты жағынан да  (6жылға жуық) Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ  басылымдарының арасында  бәрінен озық , алда тұрған Қазақ” газеті болатын.

         “Қазақ” азаматы үшін қақазақ зетінің  әрбір қазақ азаматы үшін қаншалықты қажеттілігіне тоқтар болсақ; “әуелі, газет –халықтың көзі, құлағы  һәм тілі.Адамға көз,құлақ,тіл қандай керек болса,халыққа газет сондай керек...”

           Екінші ,газет-жұртқа қызметететін нәрсе,лай болатын мәнісі жұртты  білімді,пікірлі ,көргені көп көсемдері ,оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп,жол көрсетіп, жөн сілтеп ,айтып тұрады.

          Үшінші ,газет-халыққа білім таратушы.Олай дейтініміз ,газеттен жұрт  естімегенін естіп,білмегенін біліп,бірте-бірте білімі молайып,зейіні өсіп,пікірі ашылып парасаты жетікпекші.

          Төртінші ,газет-халықтың даушысы. “Жұртым” деп халықты арын арлап.зарын зарлап. Намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп,пайдасын ұорғап, зарарына ұарсы тұрып,қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады”,(1.10)-деген А.Байтұрсынұлының “Қазақ ” гзетінің оқырмандарына  арнауы сөздері-ақ  көп мән- жайды аңғартса керек.

           Газеттің саяси ағымы реформалық ұлттыұ партияның талаптарына сай болды: оның негізгі мақсаты қазақ халқының мәдениетін кқтеру болды,негізгі ісі ұлт тілі мен әдебиетін көтеру болды. Бұл туралы газеттің алғашқы нөмерінде  оның бас редакторы  А.Байтұрсынұлы “Ғасырлар бойы қырғыз (қазақ) халұы өз территориясында тұрып,өз бетінше өмір сүрді,бірақ қазір далаға  көшіп келушілердің көптігінен тұншығады. Болашағымыз қандай болмақ?  Тарихтан мәдениетті  халықтар  жергілікті  халықтан к.штірек  болатынын,сөйтіп күштісі  әлсізін жойып жіберетінін білеміз. Егер екі жақтың да мәдени деңгейі бірдей болса, олар тең  құқықты пайдаланып, әркім өзі ұлттық келбетін сақтай отырып дамиды... қырғыздарға экономикалық өмірін өзгерту кереутігі көрініп тұр. Шарулар біздің егіс жерлерімізді алды,жер бөліктерін мемлекет қайтарып алды,қысқаша айтқанда басқа жердікілер  біздің жер қойнауымызға енді.  Қазір қырғыз халқының өмір сүруі  деген мәселенің өзі өткір тұр.Автономиямызды сақтап қалу үшін біз бар күшімізбен білім мен мәдениетке ұмтылуымыз  бір мақалада былайша жалғасын табады: «Біздің газетіміз керек.Туған тілінде әдебиет жасай алған халықтың  ғана тәуелсіз өмір сүруге  құқығы бар...»(2.6).Газет бетінде жарияланған,қозғалған мәселелердің тынысы өте кең болды.Газет өзінің мақсаты деп мынаны санады: «қазақтардың арасына ғылым мен білім тарату, жер бетіндегі басқа халықтардың   өмірімен таныстыру,қазақ халқының тарихы туралы айту, шаруашылық өмір,дәрігерлік,әдебиет, мектептер мен медреселерде оқыту мәселелерін кеңінен талқылау» (3).Бұл идеяларды насихаттауға  баспагер Мұстафа Оразаев  пен  бас редактор  А.Байтұрсынұлы  және патриоттық рухтағы тамаша жазушылар мен ақындар күш салды.

Информация о работе ХІХ-ХХ ғасырларда