Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:45, реферат
Дискриминация - [ лат. Discriminatio - алалау, болектеу ] - нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі. Дискриминацияның психологиялық алғышарты болып өзге топқа жатырқаушылықпен қарау саналады, ал ол жеке тұлға (Т. Адорноның классикалық зерттеулерінде бұл тұлға авторитарлы деп те аталады) дискриминациялық әрекеттерге тікелей қатыспауы да мүмкін.
демократиялық еркіндіктермен күрес,
адам құқының кұрт шектелуі,
шовинизм,
расизм,
экстремистік ұлтшылдық,
элитаризм, әскери агрессияға талпыну.
Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшьшығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҮСДЖП (ұлтшыл-социалистік жүмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.
Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылы күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды. Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды. Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі 6 млн. еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды (холокост).
Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бүл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан әткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні әткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн әткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.
Фашизм - ( латынша -шоғыр, байлам,
бірлестік) -барлық демократиялық бостандықтармен
прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды
басып жаншуға бағытталған
Фашизм-саяси әлеуметтік
қозғалыс, тотаритарлық үлгідегі идеологиялар
мен мемлекеттік режимдер.