Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 07:34, реферат

Краткое описание

Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.

Содержание работы

1 Сот билігінің конституциялық негіздері.
2. Сот билігінің функциялары.
3. Қазақстан Республикасындағы сот жүйсі.
4. Қазақстан Республикасындағы судьялардың конституциялық –құқықтық
мәртебелері.

Содержимое работы - 1 файл

8.doc

— 53.00 Кб (Скачать файл)

      Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот  істерінің мәне жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс.

      Соттарды  қаржыландыру, судьяларды материалдық  қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі  тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.

      Судьяның  тәуелсіздігі, жоғарыда аталғандай, оған ешкімнің тиіспеуімен нақтыланады. Судьяны қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды  қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда, (оған ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру), ҚР Парламент Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық істі ҚР Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік беріледі.

     Судъялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері. Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне ықтиярсыз, бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің Конституциясы және өзге де заң актілеріне бағынады. Демек,олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігі мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:

      - судьяның сот төрелігін іске  асыру жөніндегі қызметіне араласқаны  үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды  сайламағандығы үшін заңда жауаптылық  белгілеуімен;

      - судьяның ешкімнің тиіспеуімен;

      - судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттігін тоқтату және тқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

      - судьяларға мемлекет есебінен  олардың мәртебесіне сәйкес материалдық  жағдай жасау және әлеуметтік  қамсыздандыру, сондай-ақ оны  нашарлатуға тыйым салу арқылы.

      Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қарауында болады, оның тиісті органдары судьялар мен олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, егер судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағжайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Олардың өздеріне және мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келітілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.

      Сөйтіп, соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық  қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі