Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:33, реферат
Өткен ғасырдың басында ардақты ақынымыз Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі», – деп ұстаздар қауымына зор баға берген-ді.Неше ғасыр тарихтың езгісіне түсіп, бодандық ноқтасының түр-түрін киген халқымыздың қайта түлеп, жаңару жолында жарық күнге жол көрсетушісі болған мұғалімнің еңбегі үлкен екені анық.
Өткен ғасырдың басында ардақты ақынымыз Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі», – деп ұстаздар қауымына зор баға берген-ді.Неше ғасыр тарихтың езгісіне түсіп, бодандық ноқтасының түр-түрін киген халқымыздың қайта түлеп, жаңару жолында жарық күнге жол көрсетушісі болған мұғалімнің еңбегі үлкен екені анық. Алайда, бүгінгі күні қазақтың ұстазын сыйлау қасиеті мен мұғалімді құрметтеу әдебі санадан мүлдем жоғалып, өшіп бара жатқандай. Қазір кім жаман – мұғалім жаман, кім жалқау – ұстаз жалқау. Бір есептен ұстазды ардан бездіріп, түзу жолдан таюына себепші қылдырып отырған да уақыттың сұры сияқты. Өйткені, қазір қоғамның бүкіл жұмысын оқытушының мойнына артып қойдық. Мектеп мұғаліміне міндеттелген істі санап тауыса алмайсыз. Ең алдымен, мұғалім саясаттың қолжаулығына айналып отыр. Ел ішінде сайлау болса мұғалім үй-үйді аралап, табанынан тозып жүріп, дауыс жинап, алашапқын науқанға түседі. Егер, өзіне міндеттеп тапсырылған дауысты жиып бере алмаса басшыдан сөз естиді, сағаттан кемдік көреді, тіпті, жұмыстан айырылып қалуы да ғажап емес. Осыдан келіп, дауыс берген үй мен «кері тартқан» отбасының балаларына деген көзқарас, бағаны алалап қою түр көрсетпек. Екіншіден, қабағынан қар жауып, қаһарына мініп, мектепті тексеруге келетін комиссияға қазан көтеріп, жайылып жастық болу да мұғалімнің мойнында. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде кездесетін жайт. Кәсіби-біліктілігінің бағасын комиссия мүшелерінің асқазаны мен көңіл-күйіне тәуелді қылып қойған соң, оқытушыдан не сұрауға болады? Үшіншіден, мектеп оқытушысын қаласын, қаламасын баспасөзге күштеп жазылуға міндеттейміз. Мұғалімдік қызметті таңдаған екенсің, аудандық газеттен бастап, облыстық, республикалық басылымдардың кем дегенде 3-4-уіне жазылу сенің бұлтартпас борышың іспетті. Ол газеттер оқытушы алатын азғантай ақшаның бестен бір бөлігін жырымдап кетері сөзсіз. Төртіншіден, балаларды сенбілікке шығарып, көше сыпыру жұмысы тағы бар. «Жазған құлда шаршау жоқ». Егер оқушың жөндем болса оқа емес, ал тілазар, кержалқау шықса боқтап-боралап алып, сыпыртқыны өзің ұстауға мәжбүрсің. Бір қызығы, ондай кезде біздің құқық қорғаушылар да аса ыждаһатты болып кетеді. «Адам құқығы» деген қағиданы желеу еткен прокуратура өкілі: «Мектеп оқушысын қоғамдық жұмысқа тартуға қақыңыз жоқ», - деп ол дікеңдейді. Ал, неге ұстаздан басқа мамандарды баспасөзге жазылуға, көше тазалауға міндеттемейміз? Біз айтып отырғандар оқытушыға жүктелген негізгі жұмыстар ғана. Одан бөлек, іс-шараларды өткізу науқанының есебін қоссаңыз, мұғалімге: «Әуелгі һәм негізгі ағартушылық міндетіңе неге адал емессің?», – деп айтуға аузыңыз бармайтыны анық. Алайда, осыншама таусылып бітпейтін, ұбақ-шұбақ тірлікті мұғалімнің мойнына артқанымызбен алатын жалақысы мардымсыз. Осыдан кейін барып өлермендікпен сағатқа таласу, екі өкпесін қолына ала жүгіріп, қосымша екі-үш жерде жұмыс істеу әрекеттері басталады. Еліміздегі барлық жас маманның басындағы баспана мәселесі - мұғалімдерге де де ортақ. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алуға оқытушының айлығы жетпейді. Қалада тіркеуде болмаған соң еріксіз тамыр табу, тұрғын үй кезегіне жазылу үшін пара беру шырғалаңына түсуге тура келмек. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» дегендей әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен басы қатып жүрген мұғалім өзіне қажетті материал іздеуге, білімін жетілдіруге уақыт қайдан таппақ? Оның үстіне, соңғы жылдары орта білім ордаларында маман тапшылығы да байқалады. Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше республика бойынша 2,5 мыңдай мектеп мұғалімдеріне сұраныс бар көрінеді. Орта мектептердің бірталайы ағылшын, орыс тілдері, математика, физика, денешынықтыру, бастауыш сынып мұғалімдерінен зәрулік көруде. Бір ғана Алматы қаласының өзінде колледждерді былай қойғанда педагог мамандарды дайындайтын ірі оқу орындары бар. Сонда, жыл сайын бітіріп шығып жатқан жас мамандар қайда? Мемлекеттің оларды оқытуға бөлетін қаржысы желге ұшқаны ма? Ұстаздардың айтуынша, мектепке практикаға келетін шәкірттердің ешқайсысының мұғалім болуға құлқы жоқ. Ал, педогогика саласында оқып жүрген студенттер болса: «Егер жұмыс таппай қалсам амал жоқ, әйтпесе мұғалім болғанша бір кафеде даяшы болып істегенім мың есе артық қой!», - дегенді айтады. Даяшы демекші, жазғы демалыс кезінде ұстаздардың көбісі қаражат табу үшін кәуәп сату, ауқатты үйлерге жалданып, есік-терезе жуу, құрылысқа кіру секілді жұмыстармен шұғылданатыны да жасырын емес. Әрине, соңғы жылдары мемлекет тарапынан мұғалімдердің жалақысына пайыздап қаражат қосылып жатқанын да айтқан жөн. Дегенмен, табандап қосылатын тұтыну бағасы да жоғарыдағы «пайыздардың» басын жалмап түсері анық. Сондай-ақ, кейінгі кезде мектеп орындарына ер адамдардың келуі күрт төмендеп кетті. Әлемнің Түркия және Араб елдерінде мектепке ер адам мұғалім болып келетін болса, оған екі есе жалақы төлейді екен. Мәселен, біздің елде жұмыс істеп жатқан түрік-қазақ лицейлерін байқасаңыз кілең ер-азаматтар сабақ береді. Неге десеңіз, әйел адамның үйдегі тірлігі онсыз да жетерлік. Сондықтан, білім-ғылым іздеуге мүмкіндігі мол ер адамдар қатары білім ордаларында көбірек болуға тиіс. Бұл баланың бойына білім мен тәрбиені қатар дарытуды көздейтін мұсылман мемлекеттерінің негізгі қағидасы. Мүмкін, бұл тәжірибе бізге де керек шығар.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деген екен.
Олай болса, еліміздің ертеңін тәрбиелеуші оқытушылардың тұрмыстық мәселесін шешіп, оларды мойнына артып қойған негізсіз тірліктен босатпай, білім саласын алға бастырамыз деуіміз бекершілік-ауБІЗДЕ: елімізде бүгінгі күні 267736 ұстаз еңбек етуде. Дегенмен, кейбір пән мұғалімдеріне тапшылық бар. Мәселен, ағылшын тілінен – 275, математикадан – 293, физикадан – 218, дене шынықтырудан – 165, бастауыш сыныптан – 153 мұғалім қажет.Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин 1871 ж. шыққан «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде: «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды», — деп жазды. Бірақ, бұл анықтамада адамның пайда болуының себептеріне көңіл бөлу қарастырылмады. Дарвиннің анықтамасы адамның пайда болуы мен адам тәрізді маймылдар тегінің біртұтастығын көрсетіп, эволюциялық даму бағытына сілтеме жасады.Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады. Адам жерде шамамен осыдан 2 – 3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден (питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 – 40 мың жыл бұрын, Һомо сапіенс (латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге (кроманьондар) ие болды. Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән – табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және «мен» деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын. Нәзік болмыс табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары бар: арабша – хауас сәлим, қазақша – рух, санскритте – аура, орысша – дух, латынша – спирит, ғылымда – психоэнергетикалық жүйе, т.б. Жан – адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады. Шығыс философиясы бойынша адамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейді. Адам «микрокосм» болғандықтан, оның өмірі «макрокосм» болып табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді «пенде» деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды «адам» деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді «толық адам» деп атайды. Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі ұйтқысы. Мысалы, байырғы қауымдасудың дәрежесінде 20 ғасырға дейін сақталған Америка, Австралияның, т.б. жерлердің тайпаларын зерттеген Еуропа ғалымдары сол тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың ойлау логикасын көп уақыт түсіне алған жоқ. Оларға әуелде (Эмиль Дюркгейм, әсіресе Люсьен Леви-Брюль) қауым адамдарының ойлауында ешқандай логика жоқ сияқты көрінген. Бірақ, кейінгі кезеңдерде олардың ойлауы еуропалықтарға ұқсамайтын басқаша тәртіппен, заңдылықпен іске асатындығы айқындала бастады. Прологикалық (яғни логикалық дәрежеге дейінгі) деп есептеліп келген ойлаудың өзіндік өзгеше логикасының бар екені белгілі болды. Оның себебі ойлаудың барлық мәнін сыртқы объективтік дүниенің себеп-салдарлық байланыстары арқылы ғана көретін, сыртқы дүниені тек пайдалануға бағышталған еуропалық ойлау негізінде басқа мән жатқан ойлауды, рухани мәдениетті түсіне алмады. Байырғы қауым адамдарының мәдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа осы тұрғыдан қарау жат нәрсе. Осы қатесін Леви-Брюль кейін өзі де мойындаған. Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен анықталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат пен адамның бірін-бірі толықтыратын, жаңғыртатын үйлесімді байланысы және екіншіден, табиғатты тек пайдалануға ұмтылу. Табиғатқа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек өзінің бір мұқтаждығының тұрғысынан қатынас жасау антикалық дәуірден бастап Еуропада кең өріс алды. Онда табиғатты тек адамның бір кәдесіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, табиғи қоймасы ретінде ғана қарап, іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық өмірде басқа көзқарастар да бар, бірақ әңгіме қандай пиғылдың жетекші, басым болғандығында. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіпті баз біреулердің жан дүниесінде жалғыз ғана құмарлыққа ие болған жерде табиғаттың, басқа адамдардың, жалпы өзінен тыс құбылыстардың қайсысы болса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, оңдай жандар үшін табиғаттың кез келген заты я пайдалы, я пайдасыз, олардың өзіндік құндылығы ол үшін жоқпен тең. Сондықтан ондай адам, оңдай қоғам табиғатты тәуелсіз мағынасы үшін қастерлемейді, мәпелемейді, тіпті сақтауға да ұмтылмайды, одан тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір мәнділіктің ешбір қоспасыз «таза» анықтамасы. Бірақ өмірде ол қатынас «кіршіксіз» күйінде кездесе бермейді. Өкінішке қарай өзіміз өмір сүріп отырған дүниемізде осы қатынас басым. Соның арқасында өзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде. Бұл қатынас түбірінен өзгермесе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат қазіргісінен де зор апаттарға ұшырауы сөзсіз. Бұл тарихтағы жалған мәнділіктің бір көрінісі. Адамдарға өз құлқынан басқаның бәрін тәрік етушілік меңдеп кеткен дәуірлерде ол табиғатқа ғана емес, ең алдымен адамның адамға қатынасында ең үлкен апаттарға душар етеді. Осындай пиғыл 20 ғасырда айрықша зор алапаттар туғызды. Оның кейбір мысалдары: екі рет болған дүниежүзілік соғыс, белгілі кезеңде Еуропада бел алған фашизм, бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп, бүкіл әлемді, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған экологиялық дағдарыс. Екінші бір мәнділік: табиғатты өзгертуге, меңгеруге, үстемдік етуге, пайдалануға біршама енжарлық, бірақ оның есесіне, табиғатпен үйлесімді тіршілікке бейімділік, көбінесе, Шығыста айқынырақ көрінді. 20 ғасырға дейін осылай болды. Бірақ мұнда да мәнділіктің алғашқы үлгісі белең ала бастады. Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша анатоме – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әр түрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.
Құныпия аға, біріншіден, жақында ғана Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атануыңызбен құттықтаймыз. Ұстаз еңбегі еленгені осы емес пе?! Ұрпақ тәрбиелеуде елеулі еңбек етіп жүрген ұстаздарға жағдай жасалып, еңбегі еленіп жатса, мәртебесі биіктеп қалатыны анық. Министрлік еңбегіңізді бағалаған сәттер жиі болды ма? Нағыз ұстаздар еңбегі қалай еленуде? Тәуелсіздікке дейінгі және Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытты салыстырып айтсаңыз?
Биылғы қол жеткізген жетістігіміз үшін «құтты болсын» айтқаныңызға көп рақмет. «Министрлік еңбегіңізді бағалаған сәттер жиі болды ма?» деген мәселеге келсек, бұған біржақты қарауға болмайды деп ойлаймын. Мысалы, мен бұл конкурсқа бұрын да қатысқаныммен, өте алмай жүрдім. Оған ешкімді де кінәлағым келмейді. Ал атына лайық нағыз ұстаздар еңбегі түгел дерлік өз дәрежесінде еленіп жатыр десек, өтірік болар еді. Кей тұстарда бар қажыр-қайратын жұмсап, өзгенің уақытын аялап, өз уақытын аямай дәріс беріп, ұрпақ тәрбиесінде жүрген ұстаздардың еңбектері еленбей, керісінше, сырт көзге белсенді боп көрінуге шебер жандардың атақ, марапаттарға ие болып жататыны рас. Тәуелсіздіктің аржағы мен бержағы туралы сөз еткенде, өз халқымыз үшін шексіз бақыт Тәуелсіздік екенін түсіндірудің қажеті жоқтығы тіпті де белгілі. Бұл орайда ұстаз еңбегін бағалау жөнінде көп сөз болып, жақсы ойлардың айтылып жатқаны өтірік емес. Дей тұрғанмен, Тәуелсіздікке дейінгі уақытпен салыстырғанда жоғары оқу орындарында сабақ беретін оқытушылардың жалақысы көп төмендеп кеткенін жасыра алмаймыз. Тәуелсіздікке дейін басқа салаларға қарағанда ең жоғары жалақы алатын қызметкердің бірі осы университет, институттың профессор, доценттері болатын. Ал қазір ең аз жалақы алатындардың қатарында. Сондықтан қабілетті, талантты жастардың көбі жалақысы төмен жоғары оқу орындары мен ғылым саласына барғысы келмейді. «Жоғары оқу орындарында білім деңгейі төмендеп кетті» дейтін пікірдің шығу себебі де осындай жайларға байланысты деп ойлаймын.
Студент шағыңызда үздік оқығандықтан, студенттер алмасу бағдарламасына орай, Болгарияның София қаласындағы танысу практикасында болып, кейін Москвада 86 елдің таңдаулы университеттері қатысқан Дүниежүзілік форумға қатысыпсыз. Одан кейін оқытушы болып жүргенде де, талай шетелдегі ғылыми конференцияларға қатысып, баяндама оқыдыңыз. Қазір студенттерде мұндай мүмкіндік бар ма? Жағдай жасалған ба?
Бұл тұрғыдан келгенде қазіргі студенттің мүмкіндігі өте мол. Студент қатарында жүріп-ақ шетелдегі конференцияларға қатысуға, тіл біліп, таңдаған мамандығыңды игере алатындай қабілет деңгейіңді көрсете алсаң, қалаған еліңе барып білім алуға әбден жол ашық. Мемлекет тарапынан да жағдай жасалып жатыр. Бұл жағынан келгенде үкімет, министрлік маңызды шаралар атқарып жатыр деуге болды. Біздің студент кезімізде ондай мүмкіндік өте шектеулі болатын. Мемлекет арнайы грант бөліп, шетелде студенттер оқыту деген болмайтын.Әлемдік білім стандартына сай магистрлік, PhD докторанттық біліктілік дәрежесі жүйесіне енді көштік. Бұрынғы кеңестік жүйе кезінде ғылым докторы атанған өзіңіздей ғалымдарға, жаңа стандартқа көшу қалай әсер етті? Бұрынғы ғылым докторы, кандидатынан гөрі, магистр, PhD докторанттың мәртебесі салмақтырақ болып кеткен жоқ па, қалай,Мемлекет деңгейінде Болон процесіне қол қойылып, білім берудің әлемдік ортақ жүйесіне енуге бағыт алғандықтан, қалайық, қаламайық енді одан бас тарта алмаймыз. Кез келген жаңа жүйенің тосын көрініп, көпшіліктің оған тосырқап қарайтыны сөзсіз. Сондықтан бұрынғы кеңестік білім беру жүйесін әбден бойларына сіңірген, ғылыми маман даярлауда да ұзақ жылдар қалыптасқан үлгіде жұмыс атқарып келген адамдардың бәрі бірдей жаңа жүйені қолдау жағында болды деп айта алмаймын. Бұл жүйеге өту барысында ғалымдар тарапынан баспасөз беттерінде түрлі көзқарастағы талас-пікірлер айтылды. Әрине, мемлекеттік деңгейде ерекше мән беріліп, жаңа жүйенің тез орнығуына талап қойылып жатқанына орай, магистр, PhD докторанттың мәртебесі салмақтырақ көрінуі заңды. Алайда оның сапалық деңгейінің нәтижесі әлі толық ерекшелене қойған жоқ.Сіздердің кездеріңізде филологияға түсу үшін емтиханды ауызша тапсыратын едіңіздер. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні ұстаздарын ұрпақтың жаны қазақы болуына әсер етуші ұлт тәрбиешісі, ұлт ұстаздары десек, соларды тест арқылы таңдау ұрпақ болашағына жасалған қиянат емес пе? Бұл мәселе осыдан 20 жылға жуық уақыт бұрын емтихан алудың тестік жүйесіне көшу сәтінен бастап-ақ айтылып та, жазылып та әбден «жауыр» болған мәселе. Кезінде министрлікке қаншама ұсыныстар жасалды. Бірақ еш нәтижесі болмады. Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің ұлттық менталитет қалыптастырудағы маңызы жөнінде өзің сұрақ қойып отырған мәселе төңірегінде айтарымыз, шындығында да, тест жүйесі енгелі бері студенттер көркем шығарма оқудан қалды. Шығарманың ішіне еніп, ондағы образдардың жасалу ерекшеліктеріне, қаламгердің шеберлік қырларына, стильдік ерекшеліктеріне талдау жасауға шорқақтық танытып, жалпы әдеби шығарманың тағылымдық, танымдық қасиеттеріне бойлап түсіндіру жағы жетіспей жатады. Тестік жүйе бұл талаптарды біз айтқандай етіп орындауға мүмкіндік бермейді.Еуропаның бірқатар елінде, Қытай, Жапония мен Корея, Үндістан сынды шығыс елдерінде ең жоғары мәртебелі әрі жоғары жалақы алатын мамандық иесі – дәрігер мен мұғалім. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дейді қазақ. Ұлтты тәрбиелейтін ұстаздарды дайындауда қандай жүйеге жүгінген жөн, ұлт жанашыры ретіндегі пікіріңіз? Ал өзіңіз ұстаз ретінде, шәкірттеріңізге білім беруде ең әуелі нені басты назарда ұстайсыз? Иә, көптеген елде жоғары жалақы алатын мәртебелі мамандық иелері дәрігерлер мен ұстаздар екені рас. Ұлтты тәрбиелейтін ұстаздарды дайындау тек мына жүйеде дайындау керек деп кесіп айтуға болмас. Өйткені қандай жүйемен дайындалса да, мемлекетті құрушы ұлт өкілі ретінде ондай болашақ ұстаздардың бойында бірінші кезекте ұлттық менталитет қалыптасуы керек. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті, тарих мамандарының ғана міндеті емес, кез келген мамандық бойынша дәріс беретін қазақтың міндеті деп ойлаймын. Ал енді қай ұстаз болса да шәкіртінің білімді, мәдениетті, ұлтын сүйетін, ұлттық салт, дәстүрді бойына сіңірген парасатты азамат болып қалыптасуына ықпал етуді ойласа керек. Мен де осы бағытты назарда ұстауға тырысамын. Қазақ әдебиеті пәнінен қаншама оқулық, оқу құралы мен монографиялық еңбек жаздыңыз. 6 және 10 сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығының телавторларының бірісіз. Оқулық жазу барысында қандай да бір қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ұлт мақтаныштары мен ұлт тұлғалары, олардың туындысын оқулыққа енгізу-енгізбеу турасында келіспеушілік, дау-дамайлар болды ма? Кімдердің шығармасы төңірегінде? Болды. Мысалы, 10 сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығының бағдарламасында Сегіз сері бар болатын. Соған сәйкес, біздің авторлар тобы дайындап 2002, 2006 жылдары басылып шыққан байқау нұсқаларында Сегіз серінің шығармашылығы да қамтылған еді. Бірақ кейбір ғалымдар тарпынан ақын шығармашылығына күмән келтірілген ұсыныс, пікірлерге орай, Білім және ғылым министрлігі құрған комиссияның шешімі негізінде 2010 жылы басылған соңғы нұсқада Сегіз сері оқулықтан алынып тасталды.Мысалға, ұлттық музыкамызға «Гауһартас», «Назқоңыр», «Алқоңыр» сынды бір композитордың қолынан туғандығы анық байқалып тұрған классикалық әндерді тудырған Сегіз сері, «Балқурайдың» авторы Нияз серілер не себепті қазақ әдебиеті оқулығына енбей қалды? Кезінде өзіңіздің досыңыз, қазақтың біртуар әншісі Жәнібек Кәрменовтің өзі құрастырған антологияға Сегіз сері мен Нияз сері бабаларымызды енгізбеп пе еді? Бұрын авторлары белгілі болып жүрген бұл әндер, аяқ астынан «халықтікі» болып шыға келуінің астарында не жатуы мүмкін? Ол рас. Кезінде Жәнібек Кәрменов құрастырған қазақ әндерінің жинағына бұл екі композитор ақындардың әндері енгізілген. Бұл орайда Жәнібек аталған әндерді өзі ойынан шығарып, ән жинағына енгізген жоқ. Ол – Жүсіпбек Елебеков сияқты «ән академигінің», Ғ.Мүсірепов тәрізді көнекөз классик жазушының әңгімелерін көп тыңдау бақытына ие болған біздің буынның бірден-бір өкілі. Сегіз сері, Нияз сері әндерін Жәнібек солардан естіген әңгімелерінің негізінде ән жинағына енгізген. Ал оқулыққа енгізілмеу себебін жоғарыда айттым ғой. Кейбір ғалымдардың «Сегіз сері өмірде болмаған» деген пікірлеріне орай, Білім және ғылым министрлігі арнайы комиссия құрды да, сол комиссияның шешімімен Сегіз сері шығармашылығы жоққа шығарылды. Бұл орайда Сегіз сері туралы біздің замандастарымыздан гөрі әлдеқайда көп білетін, Сегіз серіні көрген, қатар өмір сүрген адамдардан жастайынан естіп өскен, Сегіз сері туып, өскен өңірдің тумалары Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, т.б. тұлғалардың жазбаларындағы фактілер ескерілмеді. Ал күмән келтірушілердің ұсынысына орай, авторы Сегіз сері мен Нияз сері болып келген әндердің «халықтікі» болып қайта өзгертілуінің астарында не жатқанын мен де түсінбедім. Жәнібектей марқасқа әншімен сізді таныстырып, табыстырған қазақтың әні емес пе? Жәнібек ағаның шешендігі, әншілігі, журналистігінен бөлек, ел білмейтін қандай қыры, өнері бар еді? Меніңше, Жәнібектің бір бойынан табылатын әншілік, сазгерлік, қаламгерлік, шешендік тәрізді елге белгілі өнерпаздығына қоса, қарапайым өмір, тіршілікте де, азамат ретінде де өзгелерден озық жақсы қасиеттері бар еді. Біріншіден, ол өмірде өте қарапайым, адамгершілігі мол, достыққа адал болатын. Екіншіден, қандай орта, алыс-жақын адамдар болса да тез тіл табысып, өзіне үйіріп, баурап алатын қасиеті бар еді. Үшіншіден, ол өте ізшіл, бір рет жүріп өткен жолын қанша жыл өтсе де адаспай табатын есте сақтау қабілеті ерекше еді. Қазақтың «Сегіз қырлы, бір сырлы» бағасына нағыз лайық азаматтың бірі Жәнібек еді.
Өзіңіз де әннен құралақан емессіз. Домбырамен «әу» дейтін қазақсыз. Тіпті, қаншама әннің авторысыз да. Өз елімізде өзіміздің төл дәстүрлі музыкамыздың, өнерпаздарымыздың дәріптелуіне барынша мән беріліп, жағдай жасалмай жатыр ғой. Сізді де бұл мәселе алаңдататын шығар? Әрине, алаңдатады. Рухани азықты төл өнері арқылы алмаған ұрпақ болашағы қалай болмақ?!. Ұлттық сана, ұлттық менталитет, ұлттық дәстүр қалыптастыруда өнердің орны ерекше екені белгілі. Бірақ қазір қазақтың ұлттық музыка өнерін дәріптеу, насихаттау, ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу жағы төмендеп кеткені рас. Радиода болмаса телеарналарда ұлттық дәстүрлі музыкамыз берілмейді деуге болады. Ал қазіргі жағдайда халықтың назары радио тыңдаудан гөрі, негізінен телевизор көруге аударылған. Аллаға шүкір, қазақ өнері әлемдік деңгейде ешкімнен кем емес. Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлерін, Біржан, Ақан, Мұхит әндерін тыңдап өспеген ұрпақ қазақтың рухы мен жан сезімін бойларына сіңіре алмайтыны анық.Классикалық музыка деген біздің түсінігімізде, тек еуропалық музыкаға ғана тән секілді. Шындығында, кез келген ұлттың төл музыкасы классикалық өнері деп ойламайсыз ба? Ұлттық музыкалық мұрамызды қазақтың классикалық музыкасы деп атаған жөн бе? Бұған сіздің пікіріңіз? Рас айтасың. Кез келген ұлттың төл музыкасы – классикалық өнері. Ал қазақтың дәстүрлі ән-күйі деп атау мына жайларға байланысты ғой деп ойлаймын. Қазір қазақтың халық әндері де, халық композиторларының әндері де оркестрдің немесе пианино, фортепьяноның сүйемелдеуімен айтылады, күйлер де жеке орындаушы арқылы ғана емес, оркестрмен де орындалады ғой. Яғни халықтық өнерді әлемдік формада орындау үдерісіне қосылдық. Осыған байланысты ән, күйдің алғашқы өмірге келген ұлттық үлгідегі сипатын сақтау түрін дәстүрлі өнер деп, орындалу формасын ажырату үшін айтылатын сияқты. Сондықтан ұлттық музыкалық мұрамызды қазақтың классикалық музыкасы деп атау дұрыс деп есептеймін.