Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:16, реферат
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі:
Кіріспе
Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
Қарым – қатынастың түрлері, қызметі және стратегиясы
Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi. Қарым – қатынас психологиясы
Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
Іскерлік түсінігінің мағынасы
Туризм түсінігі. Бизнес туризм
Қарым -қатынастың іскерлік туризмдегі атқаратын рөлі
Қорытынды
П.Информацияны сұрыптауға,
мазмұндауға және беру формасы жайында
өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
Психолог А.А.Леонтьевтің мұғалімнің
«нашар» оқушымен қарым- қатынасы жайлы
берген түсінігі үлгі- өнеге боларлық.
Бір қызығы, мұндай мінез- құлықты педагогтар
әрдайым мойындай бермейді.
1. Ол «жақсы» оқушыларға қарағанда, «нашар»
оқушыға жауап беруіне аз уақыт береді,
яғни оның ойлануына мүмкіндік бермейді.
2. Егер жауап дұрыс болмаса, ол сұрақты
қайталап жатпайды, көмектеспейді де,
сол мезетте басқасынан сұрайды немесе
дұырс жауабын өзі айтады.
3. Ол «ымырашылдыққа» салынады, теріс
берілген жауапты оң бағалайды.
4. Сонымен қоса ол «нашар» оқушының қате
жауабы үшін жиі ұрсып- сөгеді.
5. Тиісінше дұрыс жауабы үшін сирек мақтайды.
6. «Нашар» оқушының жауабына құлақ аспауға
тырысып, оның көтерген қолын байқамаған
болып, басқасын шақырады.
7. Сирек күледі, «жақсы» оқушыдан гөрі
«нашар» оқушыға сирек қарайды.
8. Сирек шақырады, кейде сабақта онымен
мүлде жұмыс істемейді. Қарым- қатынас
жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын
информация беруге, қарым- қатынас пен
өзара түсінісу процесінде басқа адамның
жеке басын тани білуге арналған міндеттерге
жатқызуға болады.
Қарым- қатынасты оқытудың оқу функциясын
жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:
- мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық
байланысы;
- мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін
оқу әрекетіне айналдыру;
- оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;
- ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп
ойластырудың психологиялық жағдайының
пайда болуы;
- оқу процесінде жеке адамның өз бетінше
жүзеге асыруы және өзінің творчествалық
ойын айқындауы тиіс.
Қарым- қатынасты оқытудың тәрбиелік функциясын
оқу былайша қамтамасыз етіледі:
- оқу процесінде педагог пен балалардың
психологиялық байланысы негізінде тәрбие
қарым- қатынасы жүйесін орнату;
- оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін
педагогикалық қарым- қатынас жүйесін
қалыптастыру;
- жеке адамның тұтастай танымдық бағыттаушылығын
қалыптастыру;
- оқу әрекеті процесінде (танымдық, жас
ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық, т.б.)
психологиялық кедергілерді жеңу;
- оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие
ықпалын жүзеге асырудың мүмкіндігі;
- оқушылар ұжымындағы өзара қарым- қатынасты
ойдағыдай қалыптастыру.
Қарым- қатынасты оқытудың дамушы фукнциясы
былайша жүзеге асырылады:
- оқу әрекетінде жеке адамның жан- жақты
тұтастай дамуының әлеуметтік- психологиялық
негізін орнату;
- жеке адамның дамуының қозғаушы күші
ретінде көрінетін қарама- қайшылықтың
диалектикалық жүйесін орнату;
- жеке адамның өз ойын жасырмай айтуына
және өзінше дамуына (өз бетінше білім
алуына және өзін- өзі тәрбиеленуіне) ықпал
ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық
жағдай орнату;
- қарым- қатынас процесінде жеке адамның
дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік- психологиялық
факторларды (бұйығылық, ұялшақтық, сенімсіздік
т.б) меңгеру.
Сабақты жоспарлау барысында сізде нақты
сынып, оқушылар, олармен өзара қатынас
туралы ойлар туындайды. Осының өзі педагогикалық
қарым- қатынасты моделдеу деп аталады,
әрі ол алдағы сабақтың мазмұнымен және
методикалық компоненттермен тығыз байланысты
болады.
Қарым- қатынасты меңгеру. Мұнда педагог
шартты түрде педагогикалық байланысы
бар толып жатқан коммуникативтік міндеттерді
шешеді, мәселен қарым- қатынас арқылы
зейінділікті меңгереді. Кейбіреулер
алаңдайды. Оларды оқу процесінде қалай
«оралту» қажет. Ескерту керек пе? Мұқият
көз салу, бет әлпетімен жаратпаған сыңай
білдіру, сыныпта ерсілі- қарсылы жүру,
тақтаға бормен тықылдату, мәнерлі тыныштық
орнату.
Педагогикалық қарым- қатынас процесінде
мұндай міндеттер көптеп туындайды. Оқушыларды
материалға қалайша қызықтыруға, әсерлендіруге,
сыныпта бірлескен ізденісті және ұжым
болып ойластыруды қалайша туғызуға болады?
Қарым- қатынастың үш жағы бар- интерактивті,
коммуникативті, перцептивті.
Г.М.Андреева бойынша қарым- қатынас құрылымы:
1. Коммуникативті (адам арқылы қарым-
қатынас)
2. Интерактивті (білім, оймен ғана ауысу
емес қимыл)
3. Перцептивті (өзара тіл табысу үшін,
қарым- қатынасқа қатысып отырған партнерлердің
бірін- бірі қабылдауы)
Қарым- қатынас жасаудың негізгі психологиялық
сипаттарына жатқызамыз:
а) дара адамдар арасындағы қатынас және
оның әлеуметтік бағыт- бағдары;
ә) оның психологиялық дамуы мен негізгі
тірегі;
б) қарым- қатынас жасауының белгі таңбалары
және оның қимыл қозғалысы, бет құбылысының,
ым- ишаралары мен көзқарасынан айқын
бақылау;
в) әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен
көрінетіндігі.
Ал қарым- қатынас жасау әркетінің психологиялық
құрылымына келсек, олар: қарым- қатынас
орнатуға ықылас- ынталы болу; қарым- қатынас
жасауға ұмтылып әрекеттер жасауға бағдарлану;
діттеген ойын жеткізуді жүйелі жоспарлау;
мақсат- мүддесін айтып жеткізуді жүзеге
асыру; белгіленген ісімен бағдарларының
іс жүзінде орындалуын түрліше деңгейде
бақылау.
Қарым- қатынас жасаудың әлеуметтік және
әлеуметтік психологиялық қызметі төмендегі
мақсат- міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:
адамдардың ұжымдық іс- әрекеттері мен
олардың нәтижелі болуын ұйымдастыру,
өзара қатынас орнатып байланысқа түсу,
тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайға
икемделу, адамдардың тобына, олардың
іс- әрекеттеріне орай ыңғайлануы, өздерін
топтағы адамдармен салыстыра отырып,
жеке басының ерекшеліктерін аңғарып
білу, топтар арасындағы қарым- қатынасты,
байланыстарды нығайту сияқты әртүрлі
жағдайларға төзімділік көрсетуге бейімделуге
тиіс.
Осы заманғы психологиялық зерттеулер-
әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде
болып отыратын талас- тартыстар мен дау-дамайдың
өрбуіне ерекше назар аударып, олардың
себеп салдарын анықтап отыруға ерекше
мән беріп отыруды қажет ететін өміртіршілігінің
шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында
өнеркәсіп орындары мен мекеме ұжымдары
арасындағы әр алуан ситуациялар мен шиеленісті
жағдайлардың болып отыратындығына баса
көңіл аударып, ондай жәйттерді жеңудің
жол- жосығын, әдіс- тәсілдерін нақты жағдайлар
негізінде психологиялық тұрғыдан алып
іздестіріп көрдік.
Талас- тартысты мәселелердің туындап
отыруында әлеуметтік- психологиялық
заңдылықтардан болатындығына көз жеткіздік.
Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық
негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан
тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп
тиісті шешімін келешектен күтеді.
Шәкірттер мен мұғалім арасындағы, әсіресе
мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы,
қарым- қатынаста кездесіп қалатын тартыстар-
осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе.
Міне, осы мәселені зерттеуді негізгі
объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге
байланысты.
Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне
ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді.
Олардың өміріндегі өтпелі кезең, жоғарғы
талаптар, сана- сезімі мен ақыл- ойының
өсуі мұғалімді жас өспірімдерге жаңа
қырынан келуге мәжбүр етеді.
Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс
қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды
жиі кездестіруге болады. Балалардың жас
ерекшелігін және тәлім- тәрбие жұмысында
соған сай әдіс- амалдарды қолдана білмеуден
кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген
қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер
рет көзге түсіп қалғандарды «тәрбиеленуі
қиын» балалар қатарына ой салмақтай қосып,
өз жұмыстарын да қиындатады. Енді- енді
қалыптаса бастаған жеткіншек мінез- құлқына
кері әсерін тигізеді.
Мұғаліммен осындай тартысқа душар болған
оқушының жан дүниесіне үңіліп көрелікші.
«Болса да мұғалім мені жек көреді» деген
ой санасына ұялай бастаған оның оқуға
ықыласы сөзсіз төмендейді, мектепте,
тіптен, қай жерде жүрсе де жаңағы қияли
ой соңынан қалмай, оны бәрін керісінше
жасауға жетелейді. Бұл оның мұғалім әділетсіздігіне
өзінше қарсылық білдіру шарасы екендігіне
ешбір таңдануға болмайды.
Әрине, мұндай күйге ұшыраған оқушының
сабақ үлгерімінің қаншалықты төмендеп
кететіндігін дәл айту қиын. Алайда бұл
орайда бір шындық бар. Бұндайда кейбір
оқушылар тіптен мектептегі оқуын жалғастырғысы
да келмейді. Оған қаншама жанашырлық
ақыл айтса да, ол мұғалімге сенімсіз,
көңілге күдік алып қарайды. Оқушыны осындай
тартысқа кездескен кейбір мұғалімдердің
мазасы кетеді. Өздерінің ұстаздық мамандықты
таңдағанына өкініп, оқушылармен дұрыс
қарым- қатынас жасай алмағанына қапа
болады. Ол ол ма, кейбіреулер (әрине, көбінесе
жас мұғалімдер) осындай тартыстардың
шығу төркініне үңіліп қарамай, өзіне
де, өзгеге де сенімсіздікпен қарап, әлгі
оқушы сияқты мұңлы күй кешеді.
Мұғалім қызметінің табыстарына қатысты
жәйттерді зерттеп, оларды күнделікті
тәжірибеге ендіру болашақ ұстаз кадрларды
даярлап шығаруды да маңызы айрықша екендігіне
ешқандай күмән жоқ. Ұстаз бен шәкірт арасында
тартыстың шығу себебі мен оның өрбеу
жолын педагогикалық шеберлік пен тиімді
әдістерді қолданып жеңе білу оқушының
сана- сезіміне ықпал етіп, оған дұрыс
бағдар берудің тәлім- тәрбиелік маңызы
айрықша. Осындай мақсаттарды мектеп тәжірибесіне
ендіру ниетімен мектепте бір жыл бойына
зерттеулер жүргіздік. Онда, ең алдымен,
оқушылар және мұғалімдер (бір сыныптағы
оқушылар мен онда сабақ беретін барлық
мұғалімдер қамтылады) арасындағы нақтылы
жәйттерге байланысты талас- тартыстың
сырын ашу қажет болды. Тармақтала келе
олар әрбір мұғалімнің педагогикалық
ерекшеліктерін, тартысты ситуацияларын,
оқушылармен қарым- қатынас қалпын, оқу
пәндеріне ықылас- ынтасын зерттеп, оларды
салыстыра отырып зерттеу жүргізілді.
Алға қойған міндеттерді барынша айқындай
түсу үшін жекелеген оқушылармен, пән
мұғалімдерімен әңгімелер де өткіздік.
Осындай зерттеу нәтижелері бұл мәселеде
мұғалімдерді екі жаққа бөлінетіндігін
көрсетті. Кейбіреулерінің қызметінде
тартыс ситуациялары мүлдем жоқтың қасы.
Ал басқа бір мұғалімдердің күнделікті
жұмысында ондай жәйттер жиі кездеседі.
Бұндай жәйттер өтудің орнына жылма- жыл
қайталанып, тіптен өрши түскен. Мұғалім
мен оқушылар қарым- қатынасындағы осындай
тартыстардың мазмұны, ауқымдылығы (тартысқа
түскен оқушылар санына орай), шиеленістілігі
(эмоциялық шиеленісті дәрежесіне қарай),
тұрақтылығы (тартыс ұзақтығына сәйкес)
жағынан ерекшеленеді.
Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты
туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың
жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім
мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету
стилі де әсер етуі жатады. Тәлім- тәрбие
саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін
жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар
араындағы тартыстардың туындап, олардың
етек алуының бірнеше түрлері болатындығы
байқалады:
1. Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен
жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің
білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді
әдіс- тәсілдермен жеткізе алмай, тәрбиесіздік
көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете
алмайды. Сондай- ақ мұғалім оқушыларға
қоятын талабын үнемі өзгертіп қалыпты
жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның
салдарынан шәкірттердің тәртібі де нашарлайды.
Мұндай кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың
ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ
жүргізудегі методикалық олқылығынан
пайда болып, шәкірттер сабаққа көпшілік
уақытын босқа жіберетін болады. Алайда
мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар
оқу- тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау-
дамайлардан кемдеу.
2. Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік
қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер
мен тартыстар. Баланың өз басына талап
қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге
мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын
көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың
ересек адамдармен қарым- қатына жасап,
өзінің есейгендігін байқатуы оның адами-
этикалық жағынан да талап- тілегінің
өскендігі деп санау керек. Ересек адамдармен
салыстырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы
өзара қарым- қатынас едәуір күрделі. Өйткені
мұндағы бірінші жақ- мұғалім- толық қалыптасқан,
мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез-
құлқы орныққан адам. Екінші жақ- оқушылар.
Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен
ақыл- ойына ынтыққандар ғана. Мұғалім
мен оқушының ойлану, түсіну сипаттары
да түрлі деңгейде. Ұстазға айдай анық
құбылыс шәкірттеріне нанымды бола бермейді.
Кейде мұғалім мен оқушы бір құбылысқа,
сөзге немесе қылыққа беретін бағалары
да түрліше. Тіпті қарама- қарсы мәнде
де болуы мүмкін. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы
қарым- қатынаста тартыстың туындауына
ұстаздық методикалық тұрғыдан қате жіберіп
жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты
түсіндіре алмауы да себеп болады.
3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей,
олардың құрдастарымен қарым- қатынастарының
қыры мен сырына жете мән беріп, оларды
жете бағаламау салдарынан болатын тартыстар.
Ал оқушылар тобы тарапынан мұғалімге
қойылатын талаптар олардың рухани тілектерін
қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте
мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан
өз бойын аулақ ұстап көпшілік- қоғам жұмыстарына
сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан
алуан жұмыстарына, ұжымдық, пікірлерге
жете мән бермейд. Мұндай жағдайда оқушылар
тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау
сезіміне орай тартыстың туындауына себеп
болады.
4. Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне
тән жағымсыз қасиеттері мен мінез- құлқына
орай туатын тартыстар. Оқушылар арасында
ұшқалақ мінезді, қызуқанды, айтқанынан
қайтпайтын өжет, жан дүниесінің шеңбері
тар, өзін қатар- құрбыларынан жоғары санайтын
балалар да бар. Олардың сөйлеген сөзі
істеген қылығы өзгелердің зығырданын
қайнатып тұрады.Ондай балалармен қарым-
қатынас жасау мұғалімдерге оңай тие қоймайды.
Негізгі мақсат мінезі ерекше оқушылармен
қалыпты қатынас орнатудың тиімді әдісі-
оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай
бейімдеп, олардың іс- әрекеттерімен үйлестіру.
Дегенмен мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт
арасында айырым шығатын жәйттер жиі болып
тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық
пен тапқырлық көрсетіп, қалайда шәкірттермен
тиімді қарым- қатынас орнатудың әдіс-
тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез-
құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге
күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне
баса көңіл аударады.
Ұстаздық мамандықтың өзге маман иелерінен
басты айырмашылығы- оынң адаммен жұмыс
істеп, оынң пісіп жетілуіне күш- қуаты
мен білімін жұмсауы. Соған орай бұл мамандықтың
қыры мен сыры қат- қабат болып келетіндігі
де сондықтан. Ұстаздар мен шәкірттер
арасында белең алып отыратын талас- тартыстар
бір қырынан ұстаздық мамандықтың күрделілігі
мен жауапкершілігінің мол екенін аңғартатын
болса, екінші жағынан қарастырғанда,
адамның жан дүниесінің сыры, психикасы
аса күрделі құрылым екеніне көз жеткіземіз.
Солай дегенмен, біз бұл тақырыпта ұстаз
мен шәкірттер арасындағы қарым- қатынаста
талас- тартыс пен дау- дамай тудыратын
жәйттер мен оны түзетудің, жеңудің жолдарын
психологиялық тұрғыдан қарастырдық.
Тартысты жәйттердің туындау себептерін
ашып көрсетіп, оларды ұстаздық өнер арқылы
түзетіп отырудың әдіс- тәсілдерін тәлім-
тәрбие тұрғысынан іздестірдік. Қарым-
қатынас жасаудың өзіндік жүйесі мен мән-
жайы әрқилы. Сондай мәселелердің бірі-
ұстаз бен оқушылар арасындағы реніштің
туындауы.
Қарым- қатынас психологиясының өзекті
мәселелерімен айналысқан зерттеушілер
қатарына А.А.Леонтьев, А.А.Брудный, К.К.Платонов,
Я.А.Коломинский, В.М.Сорокин, С.Елеусізова
т.б. еңбектерін талдау кезінде талқылауды
көздедік.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994. ISBN 5-625-02459-6
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9