Партиялар АК жол партиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 09:54, реферат

Краткое описание

1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

п.docx

— 22.78 Кб (Скачать файл)

Жоспар: 

1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы 

2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі 

3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы 

 Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы. 

 Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды. 

2. ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі 

 «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы 

 Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады 

 Қазақстан коммунистік партиясы 

 Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммун... истік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ. 

 Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы 

 Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады. 

 Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы 

 Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады. 

 Қазақстанның патроиоттар партиясы 

 Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың 

 денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс 

 сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. 

 Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы 

 Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады. истік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ. 

 Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы 

 Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады. 

 Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы 

 Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады. 

 Қазақстанның патроиоттар партиясы 

 Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың 

 денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс 

 сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. 

 Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы 

 Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.

Информация о работе Партиялар АК жол партиясы