Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:19, реферат
Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді.
Ортағасырлық мұсылман философиясы.
2) Ортағасырлық мұсылман
философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен
қатар, философиялық дәстүрлерді одан
әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі
жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия
мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан
кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология,
астрономия, химия, география, медицина, т.б.
ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман
әлемінің философтары мен ғалымдарыБатыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан
зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық
Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы
мәдени мұраменъъ, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің
жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының
бастапқы негізін қалаушылар қатарында
әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық
дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес,
дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы,
қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан.
Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде
өзгереді және ақыр соңында жойылады,
ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди
жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің
ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген
филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның
идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы
мен дамуына, әсіресеБ.Спинозаның философияс
Араб философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап,
араб тілін қолданған Шығыс халықтары
ойшылдарының философиялық ілімдерінің
жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер
(“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты.
9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану
және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен
кеңінен таныса бастайды. Басты назарда
Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде
мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі
филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға
арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар
өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді.
Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр
әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда
“араб философтары” болып аталады. Сондықтан
бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда
“араб философиясы” деуден гөрі “араб
тіліндегі философия” деген шындыққа
сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13
ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай
бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі;
2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық
ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі
Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау
жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди
(9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн
Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза
ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап
жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте
жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін
жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған.
Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған
ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері:
Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының
аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби,
ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы
бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім
мен мұсылман философиясының ұқсастықтары
көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда
“фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе,
Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы
әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады.
Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі — ол
Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық
негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған
ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған.
Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе
оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи
типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи
маңызы — Ф.Бэконнон (1561 — 1626) Спинозаға
(1632 — 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа
заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді
шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін
танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне
қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы
арасындағы сабақтастық схоластар (қ.
Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер
Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А.
ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары
өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта
болса, саяси себептерге байланысты 10-11
ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара,
Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей,
Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым,
білім өріс алды. А.ф-ның 3-орталығы мұсылмандық
Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі
қарай А.ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық
сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста
тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 — 1406)
есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия
түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан
сопылық ілім орталығына айналды. Иасауи
ілімі бүкіл түркӘдеб.: Избр. произв. мыслителей
стран Ближнего и Среднего Востока 9-14
вв. М., 1961; Григорян С.Н., Средневековая
философия народов Ближнего и Среднего
Востока, М., 1966; Соколов В.В., Средневековая
философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории
философской мысли, М., 1985.і халықтары мәдениетінің
дамуына елеулі әсер етті. Ислам Философиясы –
ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік
дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен
оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып,
дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі
халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен
атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа
анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде
“араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб
философиясы”, “исламдық шығыс философиясы”
деген тәрізді атаулар жиі қолданылады.
Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және
айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей
байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалаты
Кеңестік кезең тұсындағы
Дәстүрлі Ислам философиясы-
Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі.
Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен
оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шы-ғыстағы мұсылман философиясы еді. Оны
толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда
VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты
ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан
да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге
де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен
күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика
философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл белді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауап-кершілік ісінде олар
антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне
аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы
араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін анти ка философиясың сақтап қалған араб ойшыл-дары деуге болады.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, «Таза ағайындар» (шығыстық перипатетизм); ибн Бадж, ибн
Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық перипатетизм) және тағы басқалар.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
* көпұлттылық – араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық тіл – арабтілі. Араб тілінде
философия «фалсафа» деп аталды.
* Басты мәселелер – адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) – спекулятивтік теология.
Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау
жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам – мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін
анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі
Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға «исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым» деген анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер
– құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі – мутазилизмде – (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) – рационалистік
бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны
негізін қалады.
Суфизм – «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын «алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ» қағидасымен алмастырды. Суфизм
– ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы
сүю, адамды сүю.
Юсуф ибн Исхак әл Кинди (800-870) – араб философиясының көрнекті өкілі, «фалсафа» терминінің тарихта қалуына бірден-бір себепкер. Ұмыт бола бастаған грек мәдениетін қалпына келтіріп, жарыққа шығарған осы ойшыл деуге әбден болады. Ол зерттемеген ғылым саласы жоқ, логика, математика, этика,
музыка салаларынан 240-қа жуық еңбек жазған. Ең бастылары – философия саласындағы зерттеулері- Аристотельдің ірі еңбектерін араб тіліне аударған әл Кинди оның философиясын аса құрметтеп, философияны танып-білгісі
келген адам әуелі Афистотельді зерттеуді қолға алғаны жөн дейді: «Әрбір істің басшысы алла, бірақ білім бұлағы – Аристотель». Оның пікірінше, жеке адам, ол керемет қабілетті болған күннің өзінде де ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды, сондықтан бұрынғы заманда өмір сүрген басқа халықтар қол жеткізген білімді міндетті
түрде игеру қажет. Даналыққа ие болатын адам -өзіне дейін өмір сүрген адамдардың интеллектуальдік жетістіктерін
игерген адам ғана: «Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін
алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге жеткізгендерге
жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқат-пен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше – ақиқат кез-келген адамды нұрландырады».