Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 00:20, реферат
Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, с
Ал Қазақстанда тұлға
мәселесі Ж.И.Намазбаеваның
Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы - толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект және интеллектінің өзара байланысы туралы Л.С.Выготскийдің ой, пікірі негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады.
ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Жеке адам - индивид, субъект, тұлға, даралық
ұғымдарының бірлігінен тұрады.
Индивид - адамның белгілі текке қатысы
(адам тегі - гомосапенс), сол тектің табиғи,
өзіндік қасиеттерін іске асырушы.
Субъект – белсенді, біртұтас адам.
Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлеқайда
тұрақты, жүре пайда болатын мотивациялық
қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын
күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік
қасиеттердің жиыны.
Даралық – қайталанбас, басқа адамдарға
ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам.
Адамның онтогенетикалық уақыты:
- Жаңа туған нәресте – индивид;
- Материалды негізде сана қалыптасады,
адам субъектке айналады;
- Сана негізінде өзіндік сана, тұлға өзегі
қалыптасады;
- Даму барысында адам даралықты иеленеді.
Психологияда тұлға ұғымы көпмәнге
ие, себебі тұлға көріністері әр-түрлі,
ол қарама-қарсы, не құпия мінез-қылықтар
арқылы байқалуы ықтимал.
И.С.Кон: Тұлға – нақты бір индивидті іс-әрекет
субъектісі деп білдіреді, және қандай
да бір әлеуметтік қасиеттердің, қарым-қатынастың
еңбек арқылы дамыған қасиеті ретінде
көрінеді.
Немов – тұлға кто? (қасиеттер жиыны) ма,
әлде что (индивид) ма?
А.Н.Леонтьев: Тұлға индивидтің қарым-қатынас
кезінде иеленген ерекше қасиеттері.
А.Орлов: Тұлға – субъектінің мотивациялық
қатынастарының жүйесі, әрбір адам белгілі
бір тұлғалық құрылымдардан біртұтас
қасиеттерді жинақтайды.
Егер тұлға анықтамаларын жинақтап, саралайтын
болсақ, онда ол индивидтің ортаға байланысты
жетілген барлық қасиетттерінің жиынтығы.
Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны
бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын
саналы индивид. Тұлға индивидке қарағанда
жас, себебі, адам индивид болып туады,
ал тұлға болып қалыптасады.
Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық,
дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық
қырларының жиына. Алайда, әрбір персонолог
тұлға құрылымын түрліше сипаттайды, ал
бұл олардың методологиялық бағытын көрсетеді.
Психология ғылымы жеке адамды зерттеуде,
көмек көрсетуде белгілі бір методологияға
сүйенеді. Себебі, психология көпмәнді
ғылым болғандықтан әр ғалым өзінің ғылыми
позициясына байланысты тұлға құрылымына
түсінік береді.
Тұлға құрылымы биологиялық және әлеуметтік
қатынастар арқылы қарастылырады, сондықтан
психологияда тұлғаның эндопсихологиялық
және экзопсихологиялық құрылымдардан
жинақталған деген идея пайда болған.
Эндопсихологиялық – тұлғаның ішкі механизмі
(ойлау, есте сақтау т.б.); Экзопсихологиялық
– адамның қатынастар жүйесі, әлеуметтік
фактор (мотивация, сезім, білімі, қызығу
т.б.).
Тұлғаның табиғи және әлеуметтік ерекшеліктері
бір-біріне қарама-қарсы емес, олар біртұтастықты
құрайды.
Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің
3 қырын көрсетеді:
1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? –
Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер,
қызығушылықтар, идеалдар.
2. Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер,
дарындылықтар, таланттар.
3. Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез.
Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына
енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік.
Мясищев, Мерлин, Ананьев бұл тізімге тұлғаның
психофизиологиялық негізі ретінде темпераментті
тіркейді.
Айзенк бойынша тұлға мінез, темперамент,
интеллект, адамның дене бітімінен құралған.
Кеттел тұлғаны факторлы талдауды ұсына
отырып, өз тұжырымдамасында тұлға құрылымын
– 3 қасиеттер тобымен сипаттайды, ол темпераментті
қасиеттер – қабілеттіліктер, өзгермелі
қасиеттер, бағыттылық пен қызығушылықтарды
біріктірген мотивациялы мінез-құлық.
Петровский тұлғаның 3 құүрылым көмпонентін
көрсетеді:
1. интроиндивидті компонент – темперамент,
мінез, қабілет.
2. интероиндивид - өзара қатынас, өзара
әрекеттестік нәтижесіндегі сапа, қасиеттер.
3. метоиндивидті – субъектінің басқа
индивид бойында жалғасуы (персонализация).
Божович – бағыт-бағдара арқылы тұлға
тұтас.
А.Г.Ковалев – тұлға дамуы – жеке қасиеттерінің
интеграциясы, ол темперамент, қабілет,
бағыт-бағдар.
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979)- кеңес
психологы, 20жж Выготский және Луриямен
бірлесе отырып, психиканың қалыптасуның
тарихи-мадени тұжырымдамасын жасаған.
Кейіннен психикалық құбылыстарды іс-әрекет
тұрғысынан қарастырған. Сананың пайда
болуы мен психиканың дамуы саласындағы
зерттеулерде көп үлес қосқан. Іс-әрекет
құрылымы ретінде мақсат, мотив, іс-әрекет
жағдайын сипаттаған. Өмірінің соңғы жылдары
тұлғаны мотивациялы-мағыналық иерархия
жүйесінде қарастырған.
А.Н.Леонтьев іс-әрекет психологиясының
негізін қалаушы ретінде әйгілі. Ол жеке
адам мен іс-әрекетті ажырамас симбиоз
ретінде қарастыруды ұсынған.
Іс-әрекет иерархиясы (Леонтьев бойынша):
қажеттілік, түрткі, эмоция, мағына, мәннен
құралады.
Тек Леонтьев жеке адам блғанда ғана нәтиже
болатынын, жеке адам іс-әрекетті, ал іс-әрекет
жеке адамды дамытатынын тұжырымдаған.
{Мотив = мақсат = процесс = нәтиже} = іс-әрекет.