Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 13:57, реферат
Суфизм (сопылық) — исламдағы "құпия" ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді. Суфизм – «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын «алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ» қағидасымен алмастырды.
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1 Маламийа;
2 Өзгерістер;
3 Тасаууф ілімі;
4 Сопылықтың қалыптасу кезеңдері;
5 Сопылықтың екінші кезеңі;
ІІІ. Қорытынды.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тақырыбы: « Орта Азиядағы суфизм ерекшеліктері»
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2012ж.
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
ІІІ. Қорытынды.
Суфизм (сопылық) — исламдағы
"құпия" ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл
жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы
жақтарды тарта білуді үйретеді. Суфизм
– «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын
«алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ»
қағидасымен алмастырды. Суфизм – ислам
дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан
тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің
белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды
сүю. …мәртебелі жасаған алла жолымен
жүрушілер дәл осы сопылар екен олардың
тұрмыс салты ең жақсы тұрмыс салты екені,
олардың жолы -дұрыс жол екендігі мен үшін
мейлінше айқын болды.
…Сопылардың барлық харекеттері, барлық
қүпия және жария ойла – пайғамбар хұзырынан
құйылған нұрдан, ал жер бетінде адамдар
өз бағытын түзейтін пайғамбар нұрынан
өзге еш сәуле жоқ» (Әл-Ғазали. А судан
арылдырушы. /Ғарифолла Есім. Фалсафа тарихы.
Алматы, 20 132-133 б.)
Тасаууф (араб. ”Ғ~U – тазалық) – исламның
қайнарынан бастау алатын рухани құндылық,
ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық-этикалық,
эзотерикалық қырлары көрініс беретін,
адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің
кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім.
Сопылықтың анықтамасын атақты суфилер Сарий ас-Сақати (ө. ж. м. 865) “Сопылық – көркем ахлақ (мораль)”; Абу Хафс ан-Найсабури (ө. ж. м. 883) “Сопылық – толығымен әдеп (этика)”; Абу әл Хусайн ан-Нури (ө. ж. м. 907) “Сопылық – нәпсінің құмарлықтары
мен талаптарын тәрк ету” ретінде көрсеткен. Сопылар
Сопылық философиясының негізі тікелей Құран мен Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті
деп таниды. Ал кейбір батыстық зерттеушілер
Сопылықтың исламға яїуди, христиан және
буддизмнен, әсіресе, индуизм мен зороастризм
дінінен енген деп дәлелдеуге тырысады.
Сопылықтың тарих сахнасына шығуы жалпы
ислам философиясындағы ең алғашқы диалектикалық
пікір қозғалысының басталуымен сәйкес
келеді. Бұл қозғалыстың басында Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Абу ад-Дарда, Абу зар ал-Ғифари, т.б. сахабалары болатын. Ислам
философиясы тарихында Абу Зар Ғифари сияқты сахабалардан бастап, Хасан әл-Басирге (ө. ж. м. 728) дейінгі аралықты суфизмнің
алғашқы зухд, тақуалар дәуірі деп атайды.
Бұл дәуірде Сопылық қозғалыс философиялық,
метафизиялық мәселелерді зерделеуден
гөрі парасатты, көркем ахлақты адам болуды
мақсат еткен практиклық мәндегі қозғалыс
болатын. Сопылықтың екінші кезеңі Хасан ал-Басирден Имам Ғазалиге (м. 1055 – 1111) дейінгі аралықты
қамтиды. Бұл дәуірде Сопылқ дегдарлық
пен тақуалық сияқты практик. қозғалыс
болумен қатар қалам, құқық және философия
сияқты жалпы ислам ойлау жүйесіндегі
бағыттарға параллель доктриналық деңгейге
көтерілді. Хасан әл-Басридан басталған сопылық философия
бірте-бірте қалыптасып, екі негізгі салаға:
маламийа, исбатийа мектебі болып айрылды.
Маламийа доктринасы (құрушысы Баязид Бистами (ө. ж. м. 874)) жалпы алғанда дәстүрлі түркілік
дүниетанымдық негізде қалыптасып, дамыды.
2.Адам психологиясының терең
сырларын танып, меңгеруге сүйенетін сопылық
дүниетанымның ұлы мұраты – парасаттылық
(ах-лақ) философиясы болып табылады. Маламийада
Хаққа қызмет – халыққа қызмет ету болғандықтан,
оның ең негізгі принципі адамды сүюге
негізделген. Маламийада сопылық психологиялық
халдердің бастысы маїу – адамның нәпсілік,
хайуандық сипаттарын жою;
сакр – адамның ашқ (қуатты махаббат) және
уирд (зікір) арқылы фана (еркіндік) мақамына
жету – мағынауи елту, ләззат алу;
сатр – адамның өзінің ибадаты мен амалдарын
жасыруы;
уажд – адамның “өзін” жоғалтып, Хақты
тауып – Аллаға қауышу. Философиялық сопылық
ағымының екіншісі – исбатийа, оның құрушысы Жунайд ал-Бағдади (ө. ж. м. 909) болып табылады.
Исбат – адамның ғибадаты мен тағатында
адамдық санасының сақталуы, үнемі зікірде
болу. Сопылық философиялық сипат ала
бастап, фақихтар мен сопылар арасында
қайшылықтар бас көтерді. Бұл қайшылықтардың
негізінде жатқан басты себептер:
1) суфилер жүрекке, сана-сезімге
шабыт (илїам) арқылы келетін
мағрифат пен батин (ішкі-
2) суфилер рух мен нәпсіге,
ал фақихтар сыртқы амалдық
жағына маңыз беретін. Яғни, суфи
рухани мәселеге, фақих практикаға
көңіл аударды. Міне, осындай қайшылықтар
негізінде фақихтар суфилер
Өзгерістер:Ғазали Сопылыққа философия мен қаламдық ойлау әдістерін енгізді. Үш түрлі сопылық филос. ағым пайда болды. Олар: Уахдат ул-Вужуд(болмыстың бірлігі), Уахдат уш-Шухуд (әр нәрседе тек Алланың болмысын көру) және Уахдат ул-Қусуд (Алланың ерік пен мақсат бірлігі). Уахдат ул Вужуд түсінігін жүйелі ағымдық мәнге айналдырған Мухи-уд Дин Ибн ул-Араби деп танылады. Ибн-ул Арабидің түсінігінде болмыс бір ғана ақиқаттан тұрады. Түрлену, көбею құбылыстары сыртқы сезімдердің қабылдауына қатысты көрініс беретін нәрсе. Алла ғана абсолюттік ақиқат. Оның болмысының, барлығының себебі жоқ. Алла әуелден бар, ал одан басқа “еш нәрсе” жоқ болатын. Алла бізді осы формаларда жарататынын “әуелден” білетін. Оның бұл әлемдерді жаратудағы мақсаты да Өзінің “есімдерін, істерін, сипаттарын” көрсету, яғни Өзін таныту еді. Жаратылғандар да Оны осы есім, сипат, істер арқылы тану (Мағрифатуллаї) үшін жаратылғанланды. Міне, осындай түсінікке қарсы ислам әлемінде 16 ғасырда ислам философиясы тарихында “уахдат уш-шухуд” деп аталатын Имам Раббани (1563 – 1624) тарапынан қалыптасқан сопылық философия пайда болды. Алланың “жақындығы” субстанция тұрғыдан емес, ілімі арқылы ғана мүмкін болады. Алланың ешқандай сандық (камииат) және сапалық (кайфийат) сипаты жоқ, ал әлем болса толығымен сан және сападан тұрады. Барлық жаратылған әлем Жаратушының есім және сипаттарының көріну, шағылысу құралдары. Сондықтан уажд (экстаз) және сакр (мағынауи елту) халдері кезіндегі жаратылғандар мен Алланың “Бір болып көрінуін уахдат-ул вужуд емес, уахдат уш-шухуд деген дұрыс”. Өйткені бұл хал ілімі тұрақты емес, өткінші. Ислам сопылық философия тарихында ерекше маңызы бар Уахдат ул-қусуд, яғни ерік пен мақсат бірлігіне негізделген моральдық-этикалық түсінік кең тараған. Адамның өз еркін тек Құран мен аяндағы құдайлық бұйрықтармен ғана үйлестіру емес, сонымен қатар адамның еркін Алланың еркімен үйлестіру арқылы оны кемелдендіруге бағытталған философия. Діни терминологияда шариғат – дін, тариқат – хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз. Суфидің тәжірибесі ол жеке хәл, оның басқаларға түсіндірілуі, жеткізілуі мүмкін емес. Бұл хәл-трансцендентті табиғатта болғандықтан, сөзбен айшықтау, бұл хәлді басынан өткізбеген адамға түсіндіру тағы мүмкін емес. Суфилердің “лам йазуқ уа лам йагриф”, яғни “татпаған білмейді” сөзі осы хәлді анықтау үшін айтылған. Сондықтан суфилер хәлдерін түсіндіру үшін символдарға, антропоморфты ұғымдарға, метафораға, теңеу сияқты символдық-образды терминдер қолданады. Суфидің өзін физиол. әрі психол. бақылау процестері – аз ұйқы, аз ас ішу, ораза тұту сияқты риязат-жаттығулар, адамдармен белгілі уақыт аралығында байланысын үзу, (қылует немесе узлатке түсу) бүкіл сезім мүшелерін сыртқы байланыстардан үзіп, ішкі әлеміндегі құбылыстардан, қиялдардан арылту арқылы бүкіл қиялдау-ойлау қабілетін бақылауға алып, назарын тек “Тәңірдің үйі – қалбке” аудару. Сопылықтағы зікір осы муракабаның өзіне сыни көзбен қараудың жүзеге асуына көмекші құрал. Сол арқылы дүниелік құмарлықтардан алыстап, илаїи ақиқаттарды тікелей қабылдауға дайын бір айна немесе таза рух хәліне келеді. “Мен – сен” хәлінен жеткен суфи, өзін “Ана-ал-Хақ” деп есептеу арқылы бүкіл болмыстарды “Бір” деп таниды. Өзін де сол бүтіннің сынығы ретінде көреді. Соңында суфи рухани тыныштық, кемелдік ішінде ғаламмен үйлесімділікті сезінеді, Тәңірдің жаратқан құлы екендігінің сырына, мәніне жетеді. Бұл – адамның рухани кемелдік хәлі. Қорыта айтқанда сопылық – ислам дінінің ішкі мәні, мазмұны, оның негізгі мақсаты – адамдық ар, рухани кемелдік.
Тасаууф ілімі
Тасаууф ілімінде жүрек –
иманның тұрағы, ұлы Жаратушыға деген
сүйіспеншіліктің мекені болып табылады.
Өйткені адамның өзегі, дәні, дененің
патшасы болып табылатын жүрек
немесе көкірек көзі иманмен оянып,
мағрифатпен қанағаттанып, махаббатпен
шабыттанып шекара танымай, заттың ішкі
мәніне бойлай алады, тылсымды түсініп,
ғайыпқа құлаш ұрады. Фахреддин Рази, имам Ғазали сияқты ғұлама ғалымдар мен Бейбарыс, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулат сияқты мемлекет басшылары
зуїд, яғни сопылық жолында болған. Ал Мухасиби, Келебази,Кушейри,
Қ.А. Иасауи жырларынан бастау алатын абыздар мен жыраулар поэзиясы және Қорқыттан бергі ән-күйімізде сопылықтың сарыны бар екенін айтуға болады. Ислам дінінің қазақ даласында орнығуына үлкен ықпалы болған сопылық жол – тасаууф ілімі қазақтың дәстүрлі қоғамының рухани құндылықтары қалыптасып, мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор ықпалы болды.
Сопылықтың қалыптасу кезеңдері
Сопылық ойлаудың негізгі
кезеңдері бар. Олар дегдарлық (зухд)
тасауф (суфи) және тариқат кезеңі деп
шартты түрде бөлінеді. Кезеңдер сопылықтың
тарих ішінде дамып, өзгерістерге ұшырауының
ерекшелігіне қарай жіктелген. Ислам
философия тарихында Абу Зар
әл-Гифари сияқты сахабалардан бастап
Хасан ал-Басриге (728 ж.ш.ө.) дейінгі
аралықты суфизмнің алғашқы зухд,
тақуалар дәуірі деп атайды. Бұл
дәуірле сопылық мақсаты
Сопылықтың екінші кезеңі
Хасан ал-Басридин (728 ж.ө.) басталып,Газалиге(1055
- ІНІ ) дейінгі аралықты қамтиды. Тасауф
кезеңінің ең басты ерекшелігі ғылым,
таным және экстазға ден қойды. Бұрынғы
амалды, тағатта, дегдарлық сол қалпында
сақтай алмады. Өкілдері Мағруф Кархи
(815), Бишр Хафи (841), Әбу Сүлеймен Дарани
"(НЗО)гЗуннун Мысри (859), Баязит Бистами
(874), Жунайд Бағдади (909), Әбу Саид Харраз
(885), Сарп Сақати (870), Хамдун Қассар (884),
Хаким Тирмизм (898), Сахл Тустари (886),
Әбу Хусайн Нури (907), Әбу Хафс Хаддад,
т.б. Бұл кезеңде С. дүниетаным тәжірибелік
мәндік деңгейден теориялық-филос.
және спекулятивтік доктриналарға
көтерілді деуге болады. Сопылықтың
бұл деңгейге көтерілуіне Ислам
философияның әсері күшті болды.
Сопылық философиялық Хасан әл-Басри
пікірлері негізінде бірте-
Пайдаланған әдебиет