СЭҚ кедендік реттеу және оның заңдылық базасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:57, доклад

Краткое описание

Қазақстанның сыртқы экономикалык қызметі билік басқару органдары арқылы мемлекетпен, сонымен қатар меншік формасы және ведомстволық бағынуына қарамастан барлық шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы экономикалық қызметтің барлық субъектілері аталған қызметті жүзеге асыруға тең құқылы және осы қызметтің түрін, көлемін және бағытын өздері анықтайды. Екі жақтың толық теңдігі, өзара тиімділігі, серіктестіктердің кұқықтарын қатаң қадағалау, міндеттерді адал және накты орындалуына сүйеніп сыртқы экономикалық қызметті реттеуде басты рөл мемлекетке беріледі.

Содержание работы

1. СЭҚ реттейтін құқық көздері
2. СЭҚ валюталық реттеу және оның құқықтық негізі
3. СЭҚ қатысушылардың салық салудың нормативтік-құқықтық базасы
4. СЭҚ кедендік реттеу және оның заңдылық базасы

Содержимое работы - 1 файл

tema 3 UVED.doc

— 56.00 Кб (Скачать файл)

ТАҚЫРЫП 3. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

 

Дәріс жоспары  (1 сағат)

1. СЭҚ реттейтін құқық  көздері

2. СЭҚ валюталық реттеу және  оның құқықтық негізі

3. СЭҚ қатысушылардың  салық  салудың нормативтік-құқықтық базасы 

4. СЭҚ кедендік реттеу және оның заңдылық базасы

 

Қазақстанның сыртқы экономикалык қызметі билік басқару органдары  арқылы мемлекетпен, сонымен қатар меншік формасы және ведомстволық бағынуына қарамастан барлық шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы экономикалық қызметтің барлық субъектілері аталған қызметті жүзеге асыруға тең құқылы және осы қызметтің түрін, көлемін және бағытын өздері анықтайды. Екі жақтың толық теңдігі, өзара тиімділігі, серіктестіктердің кұқықтарын қатаң қадағалау, міндеттерді адал және накты орындалуына сүйеніп сыртқы экономикалық қызметті реттеуде басты рөл мемлекетке беріледі.

1991 жылы желтоқсан айының 16 жұлдызында «Қазакстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған, ал оған дейін 1991 жылы тамыздың 21 жұлдызында «Сыртқы экономикалық қызметтің дербестігін қамтамасыз ету туралы» Қазақ ССР Президентінің жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы өзінің дербес сыртқы экономикалык, қызметін бастады.

Қазақстан Республикасы өзінің сырткы экономикалық саясатын құрып, оның негізгі бағыттарын аныктайды. Оның ішінде сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға және оны жүзеге асырудағы мемлекеттік шаралар жүйесіне көп көңіл бөлінді. Заңнамаға сәйкес Қазакстан Республикасы Президенті сыртқы және ішкі саясаттың басты бағыттарын анықтайды және оған келесі функциялар жүктелген:

- сыртқы экономикалық саясатқа жалпы басқару (оның негізгі багытгары бойынша жарлықтар шығару, заңдарга қол қою);

- Қазакстан   Республикасын   халықаралық  форумдарға ұсыну, келіссөздер жүргізу және елдін халықаралық шарттарына қол қою;

- республикамен жасалған шарттардың және қабылданган міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

- әскери-техникалық қатынасты реттейді;

- асыл тастардың, металдардың экспорттау жағдайларын анықтайды.

Қазақстан Республикасының Парламенті сыртқы экономикалық қызметті айқындайтын заңдарды қарастырып бекітеді. Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқаруга тиісті комитеттер мен комиссиялар арқылы катысады, мемлекеттік займдар туралы, экономикалық және басқа да көмек көрсету туралы мәселелерді шешеді, ведомстволар басшыларының есебін тыңдайды, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі келесі функцияларды атқарады:

- елде ортақ сыртқы  экономикалық саясат жүргізеді,

- тиісті бағдарламаларды жүзеге асырады;

- халықаралық келіссөздерді ұйымдастыру және өткізуге қатысады;

- Қазақстан Республикасының басқа шетел мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасындагы шараларды жұзеге асырады;

- ұлттық экономиканың экспорттық потенциалын өсіру арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды тереңдету шараларын жүзеге асырады;

- кедеңдік тарифтер ставкаларының мөлшерін реттейді;

- жаппай импорттан ішкі нарықты қорғаудың негізгі шараларын қабылдайды;

- Ел Президентінің жарлықтарын іске асыру бойынша шараларды құрады және жузеге асырады. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің арнайы мемлекеттік органы Экономика және бюжеттік жоспарлау Ми-нистрлігі болып табылады. Одан басқа сыртқы экономикалық қызметті реттеумен өзінің құзіреті шеңберінде басқа да министрліктер мен ведомстволар айналысады (ҚР Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кеден комитеті жә-не т.б.).

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН  БЕЛГІЛЕЙТІН ЗАҢДАР

 

Сыртқы экономикалык қызметті реттеудің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының заңдары, Ел Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республика Үкіметінің қаулылары, әр түрлі министрліктер мен ведомстволарға сәйкес нормативтік актілер құрайды.

1991 жылдан бастап Қазақстанда  сыртқы экономикалық қызметтің заңдық және нормативтік негізі құрылған. Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандырудың (либерализациялау) бастапқы қадамы 1993 жылы жасалған. Қабылданған заңға сәйкес елдің барлық шаруашылық субъектілері сыртқы сауда қызметімен айналасуға құқық алды.

1993 жылы сәуір айының 2 жұлдызында «Қазақстан Республикасының сауда уәкілдіктері туралы» Президенттің Жарлығы жарық көрді, ал 1995 жылы қаңтар айының 11 жұлдызында   «Сыртқы   экономикалық   қызметті   ырықтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша  сыртқы  экономикалық  қызметті  ырықтандыруды жалғастыру жүзеге асырылады. Жарлыққа сәйкес квоталау жойылды, лицензиялауға жататын тауарлардың номенклатурасы біршама азайтылды. Лицензиялау шектелген тауарларға, соның ішінде қару-жараққа, әскери техникаға, екі айналымы бар тауарларга ғана тарады.

1995 жылғы тамыз айының 3 жұлдызынан  бастап нормативтік актілерімен  тауар экспортынан түскен түсімді  міндетті шетел валютасына сату  жойылды, маңызды стратегиялық  ресурстарды экспортпен шұ-ғылданған барлық мемлекеттік сыртқы саудалық компаниялар   демонополизацияланды,   экспорттық   келісімшарттарды тіркеу жүйесі алынып тасталды;

1995 жылдын 20 шілдесінен бартерлік операцияларды жүргізуге тыйым салынды, экспорттық тауарларға тәуелсіз инспекция жуйесі құрылды, биржа-лық тауарларды экспорттау тәртібі анықталды, қауіпсіздікке сертификацияланатын тауарлардың тізімі жасалды. Сыртқы сауда операцияларын жүргізуде біздер келесі заң актілеріне сүйенуіміз қажет:

1994 жылғы желтоқсан айының 27 жүлдызындағы «Шетел инвестициялары туралы» және осы занға 1997 жылғы шілде айының 16 жұлдызындағы «Шетел инвестияларына салықтық жеңілдік  беру бөліміндегі  толықтыруларды  енгізу туралы» Қазақстан Рсспубликасының заңы.

1995 жылғы сәуір айының 24 жұлдызындағы «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 

1996 жылғы желтоқсан айының 31 жұлдызындағы осы заңга бай-ланысты «Қосылған құн салығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» және 2001 жылғы маусым айының 12 жұлдызындағы «Салық кодексі» заңы.

1995 жылы шілде айының 20 жұлдызында  «Қазақстан Республикасындағы кеден  ісі туралы» зан күші бар  ҚР Президентінің Жарлығы шықты,  бүл заңға байланысты кеден шекарасынан отетін тауарлар мен көліктердің өту тәртібі, кедендік бақылаудың тәртібі, кедендік режимдері реттеледі, ал 1996 жылдың қараша айындағы 22 жұлдызында «Кейбір тауарларды кедендік баждардан босатумен байланысты өзгертулер енгізу туралы» заңы.

1995 жылы шілде айының 28 жұлдызында  №1035 «Биржалық тауарларының тізімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы, ал 1997 жылы маусым айының 19 жұлдызында №994 осы қаулыға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы ҚР-сы Үкіметінің қаулысы.

1995 жылғы қараша айының 7 жұлдызындағы №1479 кедендік  қызметтерге «Кеден төлемдерінің ставкалары  туралы» ҚР-сы Үкіметінің қаулысы.

1996 жылғы қараша айының 7 жұлдызындағы «Алып келінетін тауарларға кеден баждарының ставкалары туралы» және  1998 жылғы маусьтм  айының 26 жұлдызындағы ҚР укіметінің №608 қаулысымен кеден баждарының ставкалары жаңа редакцияда жарияланды.

1994 жылғы желтоқсан айының 27 жұлдызындағы «Шетел  инвестициялары  туралы»  Қазакстан  Республикасыиың заңы, ал 1997 жылы шілде айының 16 жұлдызындағы осы заңға   шетел   инвестицияларына   салықтық   жеңілдік   беру бөліміндегі толықтыруларды енгізу туралы заңы.

1995 жылғы сәуір айының 24 жұлдызындағы «Салықтар және  басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Қазақстан   Республикасының   ІІрезидентінің   Жарлығы, 1996 жылы желтоқсан айының 31 жұлдызындағы осы заңға қосылған «Құн салығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы»  заңы,  сонымен  қатар 2001   жылдың маусым айының 12 жұлдызындағы (Салык кодексі).

1996 жылы желтоқсан айының 5 жұлдызында №1492 «ҚР-нан тауар экспорттау тәртібін оңайлату және ҚР Үкі-метінің кейбір шешімдеріне толықтырулар  мен өзгертулер енгізу туралы» ҚР үкіметінің қаулысында ҚР экспорттайтын тауарлар түрлері белгіленген.

1996 жылғы желтоқсан айының 31 жұлдызындагы №712 «Қазақстан Республикасының ксден шекарасын жеке тұлгалар, соның ішінде көлік кұралдарын жөнелту тәртібі туралы»

ҚР үкіметінің қаулысы  шықты, ал 1997 жылы тамыз айының 1 жұлдызында №1204 ҚР Үкіметінің қаулысымен осы қаулыға кеден баждарын салу бөліміне өзгертулер енгізілді.

1997 жылы мамыр айының 30 жұлдызында №907 ҚР «Кеден аумағына  енгізілетін акцизді тауарларға  акциз ставкалары және акцизделуге  жатпайтын акцизді тауарларды  жеке тұлғалар мен ҚР кеден  шекарасынан өткізу нормалары туралы» ҚР қаулысы шықты. 1998 жылы маусым айының 26 жұлдызында №608 қаулымен жаңа ставкалары бекітілді. Экспорттан түскен тұсімнің толықтылығын және уақыттылығын экспортты-импортты бақылауды жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік кеден комитеті және ҚР Үлттық банкі 1997 жылы маусым айының 20 жұлдызында ҚР «Экспорттық-импорттық валюталык бақылауды ұйымдастыру туралы» қау-лыны бекітті. Бұл қаулыда кедендік тіркеу аяқталғанға дейін экспорт және импорт мәселелеріне құжаттарды жасау тәртібін және баж құжаттарының негізінде кеден органдары мен банкке мәліметтер беру анықталған.

1997 жылғы маусым айының 30 жұлдызында №1037 «ҚР-да (қызмет, тауар)  экспортты және импортгы ырықтандыру»  туралы ҚР үкіметінің қаулысы  шыкты.

1997 жылы шілде айының 15 жүлдызында №1112 «Қоршаған орта және азаматтардың мүлкін, денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да құжаттар немесе стандартқа сәйкестігін міндетті сертификациялауга жататын стандарттардың және басқа да нормативтік құжаттардың тізімін бекіту туралы» ҚР-сы Үкіметінің қаулысы.

Қазіргі таңда сыртқы экономикалық қызметті реттейтін зандардың  жұмыс істеп түрғандарының ішінде келесілерін атап кетуге болады: «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының  шетел инвестициялары туралы», «Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» (1996 жылдың желтоқсан айының 24 жұлдызындағы), «Қазақстан Республикасының Кеден кодексі» және т.б.

Жогарыда келтірілген  зандар еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыта беруіне ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы егемендік  алуына байланысты сыртқы экономикалық қызметті халықаралық-құкықтык қамтамасыз ету жүйесі құлдырай бастады. Енді үкімет пен мемлекеттік органдар осы сыртқы экономикалық қызметті халықаралық-құқықтык жүйені қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлуде. Ол ұшін тек қана жаңа халықаралық шарт-тарды жасау емес, сонымен қатар Одақ кезінде жасалған халықаралық-кұкықтык келісімдерге талдау жасап, талқылауға салу қажеттігі туындады.

Қазақстан Республикасы КСРО-ның кұқық  мирасқоры деп жариялағанымен, ол КСРО мойындаған барлық халықаралық келісімшарттар Қазақстан егемендік алған соң толығымен таралатынын айтуга болмайды. Ол орындалу үшін нақты халықаралық нормалар, дәстүрлер және ережелерді ұс-тану қажет. Белгілі бір жан-жақты халыкаралық келісімшартқа қосылу үшін ол туралы декларациямен жария ету гана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы үмтылатын келісімшарттық ережелерін орындау қажет. Мысалы, 1960 жылғы қараша айының 22 жұлдызында Одақ үшін күшіне енген арбитражды шешімдерді мойындау және жүзеге асыру туралы Конвенцияға қатысты «БҰҰ-ың Бас секретарьдағы қосылу туралы грамотаны депонирлеу арқьшы жүзеге асырылады. Нақ осындай тәртіп тауарларды сату-сатып алу халықаралық шарттар туралы БҰҰ-ң Конвенциясына қосылу (Вена конвенциясы) 1991 жылы қыркүйек айының 1 жұлдызында КСРО үшін күшіне енеді.

Қазіргі жағдайда кейбір минисірліктер, ведомстволар, үйымдар осы жоғары аталған конвенцияларға қосылудың  қажеттілігін сезіне отырып, заң шығару құқыгы бар тұлғаларды Қазақстан  Республикасы атынан соларга косылу туралы ұсынысын Қазақстан Республикасы Парламентіне кіруге ынталандыруда. Осы конвенцияларға қосылу сыртқы экономикалық қатынастың тиісті құқыктық негізін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болуы тиіс.

Мазмұны, кұрылымы, катысушылар құрамы бойынша ерекшеленетін, әлемдік шаруашылық қатынастарды реттейтін жә-пе оларды Қазақстан Республикасында жүзеге асыруға тиімді болатын көптеген халықаралық-құкықіъщ шарттар бар. Әсіре-се төлем, есеп-айырысу операцияларын реттейтін нормалар (мысалы, инкассо бойынша ережелер 1974 ж.), Жай және аудармалы вексельдер туралы заң конвенциясы (Женева, 1930 ж.), сонымен қатар, ұлттық сауда флотының пайда болуын ескерсек, Теңіз саудасында халықаралық-құқықтың келісімшарттарға қосылу қажет қақтығысу туралы конвенция 1910 ж., кемелерді тұтқындау туралы конвенция 1952 ж.

Қазақстан Республикасы алдында халықаралык шаруашылық байланыстарды құқықтық реттеу жүйесіне ақшалай кіру мәселесі тұр. Халықаралық-құқықтың бар шарттарды көп жақты зерттеп, соларға енуге республиканың дайындық дәрежесін анықтау қажет. Ұлттық заңнаманы осы халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкес келтіру қажет. Көп жақты ха-лықаралық-кұқыктық кслісімдерді дұрыс тандай білудің маңызы өте зор.

Сыртқы саудада тауарларды сатып  алу-сату келісімдері екі конвенция арқылы реттеледі: Тауарлардың халықаралық сатып алу-сату туралы бірыңғай заңдар жөніндегі Гаага конвенциясы (1964 ж.) және Вена конвенциясы (1980 ж.). Сондай-ақ жолаушыларды және жүктерді теңіз арқылы тасымалдауды екі жақты реттеуге ие болады, ал теңізде иелік етушілердің жауапкершілігін құқықтық реттеу халықаралық-құқықтық келісімдермен анықталады.

Информация о работе СЭҚ кедендік реттеу және оның заңдылық базасы