Өндірістік экономика және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 09:55, доклад

Краткое описание

Нарықтық экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Содержимое работы - 1 файл

Баяндама.docx

— 29.81 Кб (Скачать файл)

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

«БИЗНЕС ТЕХНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Орындаған: АЖ-41 студенті

Рахымжанова Г.Т.

                                                                    Тексерген: э.ғ.магистрі

 Оразалина Б.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 

2012

Нарықтық экономика  жүйесі және құрылу шарттары мен нысандары

 

Нарықтық экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Экономика термині гректің  «эйкос» - шаруашылық, «номос» - заң  деген сөздерінен кұрылған, яғни шаруашылықты жүргізу деген мағынаны білдіреді. Экономика ғылымы – өзара байланыстағы мәселелердің үш тобына жауап беруге мүмкіндік тудыратын білімдер жиынтығы:

  1. Нені өндіру керек, яғни қандай тауарларды, өнімдерді, қызметтерді, жұмыстарды және қандай мөлшерде өндіру керек;
  2. Қалай өндіру керек, яғни кім, қанда ресурстар мен қандай технологиялар көмегімен өндіру керек;
  3. Кім үшін өндіру керек, өндірілетін тауарлар мен қызметтер кімге арналуы тиіс, оларды кім тұтына алады?

Осы мәселелермен қатар экономика  ғылымы қайда өндіру, қалай сату керектігін, өндіріс, сауда мен тұтыну арасындағы байланысты қалай орнату керектігін ұсынады.

Нарықтық экономика  артықшылығы

Бұл жүйенің артықшылығы  жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау  арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің  де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы  реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне  тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен  жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика  болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың  да белгілері бар. Қазіргі заманғы  нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік  рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін  экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның  пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға  тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен  ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет  етеді.

 

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

 

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

 

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

  • Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.
  • Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

 

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

 

Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерліктің  мәні және негізгі белгілері

 

Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың  құрамдас және негізгі бөлігі болып  табылады. Нарықтық экономиканы кәсіпкерліксіз, кәсіпкерлікті нарықтық экономикасыз елестету мүмкін емес.

Кәсіпкерлік іс-әрекет деп  – тұлғалардың пайда табуға немесе жеке табысына бағытталған және өзінің атынан мүліктік жауапкершілігіне немесе заңды тұлғалардың мүліктік жауапкершілігіне тәуекел негізінде жүзеге асырылатын іс-әрекетін айтамыз.

Кәсіпкерліктің мәнін  мынадай белгілері бойынша нақтырақ білуге болады:

Бірінші белгісі – шаруашылық субъектісінің тәуелсіздігі және олардың экономикалық еркіндігі. Не, қалай және кім үшін өндіру қажет деген мәселелерге қатысты өндірістік еркіндік, экономикалық тиімділікпен нарықтық жағдайға байланысты шешіледі.

Екінші белгісі – жеке экономикалық мүдде. Кәсіпкер максимал пайда табуға ұмтылады. Нарықтық экономикада шаруашылық субъектісі бір уақытта өз мүддесін көздей отырып, «көрінбейтін көз арқылы» қоғамдық мүддеге бағытталады, яғни қоғамдық мүддеге сәйкес жұмыс атқарады. Осылайша жеке және қоғамдық мүдде өзара үйлеседі.

Үшінші белгісі  - кәсіпкерлік іс –әрекет нәтижесіне жеке жауапкершілікте болу. Қаржылық және экономикалық жауапкершілік жоғары органдарға емес, нақты кәсіпкерге жүктеледі. Сондықтан шығындар мен өндіріс нәтижелерінің арасында өзара тығыз байланыс туындайды. Себебі, нарық жағдайында артық шығын шығару тоқырауға әкеліп соғатындықтан, өндіріс нәтижесі барлық шығын түрлерінің жиынтығынан көп болуы керек.

Төртінші  белгісі – жаңашылдық және ғылыми қатынас.

Бәсекелестік күресте  кәсіпкер үшін тек өнім бағасы емес, оның сапасы мен жаңартылуының маңыздылығы  жоғары. Ал бұл үшін жаңа техника  мен технология, еңбекті ұйымдастырудың, өндіріс пен басқарудың жаңа нысандары, дәстүрлі емес шешімдер, қалыптасқан  жағдайды шығармашылық тұрғыда бағалай  алу қажет. Осыған байланысты кәсіпкерлік  іс-әрекеттің екі үлгісін ұсынуға  болады.: классикалық және инновациялық(жаңашылдық). Инновациялық үлгінің болашағы зор деп бағалауға болады, себебі ол өндірісті дамытудың жаңа жолдарын іздестіруге негізделген. Бұл үлгінің негізгі белгісі – ғылыми-техникалық прогресс деңгейі, өнім сапасы мен сенімділігі.

Бесінші белгісі – шаруашылық немесе кәсіпкерлік тәуекел.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР негізгі құрылымды  заңды нормалар

Жеке кәсiпкерлiк  туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы

 

1-тарау.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР     

  1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар      

 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
      1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға; 
      2) бизнестiң әлеуметтiк жауаптылығы - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерiктi үлесi; 
      3) дара кәсiпкер - дара кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетiлген критерийлерге сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман; 
      4) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшiн және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi; 
      5) жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi; 
      6) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау - мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi; 
      7) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi;  
      8) жеке кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, коммерциялық негiзде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе жұмыс iстеп тұрған ұйымдар кешенi;  
      9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;  
      10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау қорғау үшiн құратын коммерциялық емес ұйым;  
      11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу - кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестерде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге белгiленген критерийлерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң сәйкестiгiн тиiстi мемлекеттiк органдардың тануы;  
      12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;  
      13) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган - жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;  
      14) кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес (бұдан әрi - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдар жанынан:  
      жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнен және мүдделi коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;  
      жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау, оның iшiнде әкiмшiлiк кедергiлердi жою мақсатында мемлекеттiк органдардың қызметiн жетiлдiру туралы ұсыныстарды талдап-әзiрлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн құрылатын консультативтiк-кеңесшi орган;  
      15) келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабы - мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексеру (бақылау) жүргiзу фактiсi туралы лауазымын, тегiн және тексеру нысанасын көрсете отырып, мiндеттi түрде белгi қою үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген үлгiдегi журнал;  
      16) коммерциялық құпия - жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайтын және қорғайтын, заңды негiзде еркiн қол жеткiзуге адамдардың шектеулi тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн ақпарат;  
      17) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

 

 

      2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк  
              туралы заңнамасы      

1. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 
      3. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын тексерулерге қолданылады.

 

 

      3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi      

1. Жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн. 
      2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн. 
      3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.     

     

  4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi  
              мақсаты мен принциптерi      

1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. 
      2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi: 
      жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң кепiлдiгi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; 
      кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi; 
      жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi; 
      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; 
      жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы болып табылады.


Информация о работе Өндірістік экономика және ұйымдастыру