Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 21:14, курсовая работа
Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар
Инвентарлық әдісте материалдардың нақты шығысын белгіленген норма шығысымен салыстыру арқылы айлық , он күндік, бес күндік, бір ауысымдық (сменалық) ауытқуларын аныктайды. Материалдардың іс жүзіндегі шығынын анықтау үшін: ауысымның, бес күндіктің, он күндіктің басына немесе әр айдың бірінші жұмыс күніне жұмсалмаған материалдарды түгелдеу (инвентаризация) жүргізеді. Ауытқуларды анықтау, есепке алу үшін кәсіпорынның жоспарлау-диспетчерлік бюросы материалдарды жұмсау картасын жүргізеді. Онда материалдар жұмсаудың ағымдық нормасы, сол материалдан жасалған бұйымдардың (бөлшектердің) саны қерсетелеуді. Бұйымдардың (бөлшектердің) саны жұмысшылардың жасап шығарған есеп мәліметтерінің негізінде анықталады.
Есеп деректері (мәліметтері) бойынша оқтын-оқтын қолданылып жүрген нормалардан материал шығындарының ауытқуы туралы цехтар есеп беріп отырады.
Жалакыны ауытқулар есептелген норма мен нормадан ауытқу бойынша ескереді. Бухгалтерия есептелген жалақы сомасының жұмысшылардан алынған өнім саны мен сапасына сәйкестігін байқап отырады. Жұмыстың калыпты жағдайларынан ауыткығаны үшін үстеме ақы төлеу өндірістік емес шығындар және жалақы корын артық жұмсаудың басты себептерінің бірі болып табылады. Жалақы бойынша нормадан ауытқуын талдау үшін және дәл есебін шығару үшін номенклатуралык себептерін және жалақы бойынша нормадан ауыткуды, кінәлілерді табу керек. Сондықтан бухгалтерия оқтын-оқтын ауытқулар туралы, олардың себептері мен кінәлі тұлғалары көрсетілген рапорт жасап отыруы керек.
Үстеме шығындарды есептеу мен тарату нақты шығынның сомасын аныктауды, әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы артық жұмсалатын шығындардың алдын алатын қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттық кестеге және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картаның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нормасының негізінде ағымдағы жедел (оперативтік) бақылауын ұйымдастырады.
Кәсіпорында құндылықтарды сақтау мен есебінде, ендірісті ұйымдастыруында болган кемшіліктер және басқа да өндірістік емес сипаттағы шығыстар толығымен ашылып көрсетіледі. Өндірістік емес сипаттағы шығыстар өнімді шығарумен байланысты болса, онда олар оның езіндік құнына қосылады, ал егер де олар өнімді шығарумен байланысты болмаса, онда олар өнім түрлерінің арасына таратылып, үстеме шығыстардың құрамында өнімнін. өзіндік құнына қосылады.
Кәсіпорынның экономикалық қызметі тарапынан бақылау жасау материалдарды, энергияны, аспаптар мен керек-жарақтарды тұтынудың бекітілген нормалары мен лимитгерін; түрлі жұмыстар мен қызметгерді тұтыну мен олардың кұнының белгіленген лимиттерін; баскарудың белгіленген ұйымдық құрылымын, сондай-ақ қызметтердің және қызмет керсетуші адамдар жалақысының окладтарын (ставкаларын) қатаң сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.
Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды (егер үстеме шығындардың бұл тобы есепте бөліп көрсетілетін болса) өнім түрлері бойынша таратады, бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде қолданған құрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске қажет болған машина/сағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық (нормативтік) ставкасын пайдалану керек, ал олар, өдетте, бұйымды өзірлеу үшін қажет технология бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс істеген машина/сағатының саны бойынша, құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша белгіленген, шығын коэффициенті бойынша, және бір машина/сағатының жоспарлы өзіндік құны бойынша есептелінеді. Бүйымдарға (бөлшектер комплексіне) сметалық ставкаларды есептеп шығару неғұрлым оңай: жабдықтардың жұмысымен
байланысты шығындар мен механикаландырылған (станоктык) және механикаландырылмаған (колмен атқарылатын) жұмыстар бойынша бөлек-бөлек алғанда, өндірістік жұмысшыларының негізгі жалақысының аракатынастарынын негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтарды күтіп-үстау мен пайдалану жөніндегі нақты шығындар сметалык ставкалар бойынша белгіленген шығындарға тепе-тең дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасына белінеді.
Үстеме шығыстарды (егер олар жеке топқа бөлініп алынбаған болса, машиналар мен жабдықтарды күтіп-ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды қоса алғанда) бүйымдардын арасына тарату өндіріс жүмысшыларының негізгі жалақысының сомасына тепе-тең етіп бөледі.
Ірі сериялық және жаппай өндіріс жағдайында шығындардың жиынтық есебі шығындардың калькуляциялық баптары бойынша машиналардың типтері немесе бұйымдардың біртекті топтары бойынша жүргізіледі. Басқарудың цехсыз құрылымы кезінде жиынтық есеп тұтастай кәсіпорын бойынша, ал цехтық құрылымы бар болса, онда цехтар бойынша жүзеге асырылады.
Шығындардың есебін алу айдың басындағы колданылып жүрген нормалар және сол нормалардан ауытқыған сома бойынша жеке-дара жүргізіледі. Мұның өзі ауытқудың пайда болу себептерін және оған кінәлі тұлғаларды ашуға мүмкіндік береді. Нормадан тыс ауытқулардын себептері және кінәлі тұлғалар арнайы кодтар бойынша есепке алынады. Олар өнім түрлері мен шығын баптары бойынша есепке алынады, ал олардың иесізденген жағдайында ауытқудың сомасы жекелеген өнім түрлерінің өзіндік күнына пропорционалды жолмен нормативтік шығындар бойынша таратылады.
Нормадан ауытқу әртүрлі себептердің салдарынан болса, онда олардың кінәлі түлғалары мен себептері көрсетілген дабыл қағатын құжаттармен рәсімделеді.
Сонымен қоса, ауытқулар әртүрлі өзгерістермен байланысты болады, атап айтқанда, материалдық, еңбек, энергетикалық шығыстарының көтерілуінің немесе төмендеуінің, ауыстырылуынын салдарынан орын алуы мүмкін. Әдетте нормадан болатын барлық өзгерістер есеп беретін айдын бірінші күніне туралап (үштастырылып) жасалады, сондықган олар әрекететіп түрған норманың енгізілген кезеңінен бастап нормативтік калькуляцияда көрініс табуы керек.
Ай басына қалған аяқталмаған өндірісі ай барысындағы шығындары және шығарылған өнімге есептен шығатын шығыстары есептік айдағы әрекет етіп тұрган бірыңғай нормасы бойынша жасалатындықтан, ағымдағы норманың өзгеруіне байланысты есептік айдың басына аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын қайта есептеу қажетгілігі туындайды. Қайта есептеудің нәтижесі норманың өзгеруімен байланысты ауытқудың сомасын қүрайды. Аякталмаған өндірісті қайта есептеу түгелдеу кезінде тікелей шоттардың мәліметтері бойынша, ал егер де түгелдеуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда индекстің (коэффициенттің) көмегімен жасалады. Нормалардың езгеруі осы бап бойынша аякталмаған өндірістің қалдық сомасына нормативтік калькуляцияның жекелеген баптары бойынша есептелінеді.
Мысалы. Қолданылып жүрген нормалар бойынша өнімнің бір өлшем бірлігіне шаққандағы материалдардың шығындары 12300 теңге сомада қарастырылған. "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша ай басында аякталмаған өндіріс калдығы 328000 теңгені күраған. Өнімнің өлшем бірліпне жаңадан белгіленген норматив 12160 теңге құраған. Осы баптар бойынша нормалардың өзгеру индексі 1,138%
(12300-12160 )*100
12300 кұраған, ал аяқталмаған ендірістің баға айырмасы сомасы
3732 теңге болған (32800 *1,138 )
100
Жаңа нормаларды негізге алғанда аяқталмаған өндіріс кдлдығы 324267 тенге (328000 - 3732) болған.
Жанама шығындардың баптарын тікелей шығындардың жаңа нормасына көбейтіп, сосын оны 100 бөліп жанама шығындардың баптары бойынша нормативін есептейді.
Нормалар есептік айдың барысында өзгеруі мүмкін, сондықтан ол нормативтік калькуляцияда көрініс таппауы мүмкін. Бұл кезде нормалардың өзгерген жағдайы хабарланып, сол өзгерістердің көшірмесімен рәсімделеді, мысалға: өндірістік белімінде — материалдардың шығыс нормасының өзгерісі, еңбек пен жалақы бөлімінде — жұмыстың (еңбектің) кесімді бағасыныңжәне өнімділік нормасының (мөлшерінің) өзгерісі, жоспарлау бөлімінде — үстеме шығыстарының баптарының нормасының өзгерісі.
Нормалардың өзгеруі және шығыстардың жаңа нормативін белгілеу аяқталмаған өндірістің кайта бағалануьша өсер етеді. Нормадан ауыткуын аныктау үшін өндіріске кеткен шығынның есеп нормасымен де, накты жүмсалган шығынымен де есептеп шығарады, яғни беліп есептеу жолымен аньнсгайды. Есептелген нормадан ауытку және норманың өзгерістері өнімнің взіндік құнына және аякталмаған өндірістің қалдығына жатқызылады. Өнеркәсіптің жаппай өндірістік сипаттағы және қысқа өндірістік цикддағы кейбір салаларында нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауыткулар сомасы тауарлы өнім шығарымңың өзіндік құнына, ал аякталмаған ендіріс нормативтік езіндік қүны бойынша толығымен жазылады. Нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы өндіріс есебі ведомостарында көрсетілген индекстердін көмегімен тауарлы өнімді шыгару мен аякталмаған өндіріс арасында бөлінеді. Оларды нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасының калькуляциядағы баптары бойынша беліп алғандағы нормалар сомасына процентгік қатынасымен аныісгайды.
Өндірістегі шығындардык жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелеген түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері болатындығын, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үщін ведомоста осыған үксас шоттар ашылады.
Шығарылған өнімнің нормативтік езіндік құнын аныктау үшін біртектес енім өндіруге жұмсалған шығындарды топтап есепке алу кезінде, бұл топқа кіретін өнімнің әрбір түрінің нормативтік кұны және сол мәліметтің (сводкадан) жиынтығы калькуляциялық баптар бойынша өндіріс есебінің ведомосына жазылады.
Бұйымның бір түрі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеген кезде есептік (кезеңдік) норма бойынша өндірістік есеп ведомосындағы өнім шығындарының нормативтік күны шығыстың әрбір бабының нормативін шығарылған өнімнің нақты санына кебейту арқылы алынады.
Өнімнің нақты өзіндік құнын анықтаған кезде есептік айдағы ауытқуларды нормативтік өзіндік құнға қосады немесе одан ауыткуларды шегереді.
Мысал. Кәсіпорын ай ішінде 26 станок әзірлеген, ал 10 станок тиісті өндеу сатысынан өтпеген, сондықтан олар аякталмаған өндіріс ретінде ай соңына калдырылған.
Бір станоктың норматавтік өзіндік құны 853,56 мың теңге құраған, ал оның ішінде: материалдық құны - 20,0 мың теңге; еңбек ақы — 40,0 мың тенге; еңбек ақыдан аударылған аударымы — 7,56 мың теңге; үстеме шығыстары — 18,0 мың теңге кұраған.
Ай
ішінде әзірленген станоктың
аналитикалық есеп мәліметі
бойынша нақты
шығыны мынаны құраған:
Шығын баптары | Норма бойынша |
Ауытқу | Барлығы |
Материалдар
Жалақы Жалакыдан аударылған аударымдар Үстеме шыгыстары Жиыны |
720,0
1440,0 272,16 648,0 3080,16 |
-40
+80 +15,12 +36 +91,12 |
680,0
1520,0 287,28 684,0 3171,28 |
Бұл
шығындар шығарылған
өнім арасына және
аяқталмаған өндіріске
келесі түрде таратылады:
|