Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 17:34, курсовая работа
Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату.</h4> Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егерде төлем қабілетсіздігін айқындап сотка борышқордың өзі арыз жазса банкроттық "ерікті" деп аталады, ат арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.
КІРІСПЕ 3
1. БӨЛІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ 5
1.1 Банкрот туралы жалпы түсініктеме 5
1.2 Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі 6
1.3 Банкротқа ұшырау жолдары 9
2. БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫН БАСҚАРУ 14
2.1Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері 14
2.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі 18
2.3 Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау 20
3. БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ 22
3.1 Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау 22
3.2 Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
Пайдаланған әдебиеттер</h3> 27
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
- банкроттықты құқықтық реттеу;
- кәсіпорынның банкроттығы жайында акті жүзеге асыруға шешім қабылдау процесте нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
- перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
- қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
- банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
- кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
Қазақстан
Республикасының «Банкроттық
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болғанда, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның
банкроттылығын болжау бойынша құралдарды
кең пайдалана отырып, кәсіпорынның
дағдарыс жағдайынан шығу шараларын
ойластыруға мүмкіндік
Қаржылық
жағдайдың динамикасының
Қаржылық
жағдайды болжау - перспективалық талдаудың
негізгі міндеті. Талдаудың бұл
түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық
нәтижесін зерттеу негізін
Талдаудың бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметтің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңімен екінші кезеңнің сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданылаты бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.
Ұзақ мерзімді болжауды құруды негізі күрделі мәселе деп есептеуге болады. Мұнда екі жағдай қарастырылады: шаруашылық қызметтің тәуекелі мен болжаудың тәуекелі. Тәуекелдің бірінші түрі іскер қызмет-керлердің, эксперттердің тартылуы есебінен төмендеуі мүмкін. Тәуекелдің екінші түрін шет елде және өзімізде жинақталған тәжірибені қолдану арқылы, сонымен қатар ЭЕМ көмегімен шаруашылық қызметті көп вариантты ұқсас есептеулер жолымен төмендетуге болады.
<h4>2.2 КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТ БОЛУ МҮМКІНДІГІ
Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
ә) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;</h4>
б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
Формалаиған жэне формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгілер жүйесін қолданады.. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады. Оған жататындар:
• негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;
• ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде мерзімді заемдарды шамадан тыс қолдану;
• мерзімі еткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;
• өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;
• айналым қаражаттарының аса тапшылығы;
қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті шектеріне дейін тұрақты өсуі;
• дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;
• инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында міндеттемелерді үнемі орындамау;
• дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;
• нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының болуы;
• банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;
• тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану (мәжбүрлі);
• пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды өндіріс процесінде қолдану;
• ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;
• тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер.
Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштер кіреді. Оған жататындар:
• басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылу;
• мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық процестердің ырғақтылығының бұзылуы;
• кәсіпорынның активті түрі, жабдықтың типі, иақты бір жобадан тәуелді болуы;
• жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігіне орынсыз сену;
• кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз ісіне араласуы;
-
тиімді контрагенттерді
• кәсіпорынды техникалық және технологиядық тұрақты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағаламау;
• тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;
• кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелерімен байланысты саяси тәуекел.
Осы ұсыныстардың құндылыңтарына жүйелілікті мүмкін болатын банкроттық тұрғысынан қарағанда көсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолмен түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгертулерсіз қолдануына болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа, қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша нақтыланады, ал оларды жасау тек қана анықталған статистикалық мәліметтер жиналғаннан кейін жүргізіледі.
<h4>2.3 ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН БОЛЖАУ
Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады.</h4> Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүйегіндегі №1002 қаулысымен бекітілген), сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпрындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.
Осы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындардың қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар» жасады, оны аталған мемлекеттік органның директоры 1995 жылы 5 қазанда бекітті. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанғысыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Баланстың құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу), ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.
2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (меншікті капитал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивін I бөлімі минус баланс активінің I бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің 2 бөлімі) қатынасымен анықталады.
<h4>3. БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ПАЙДА БОЛУ МҮМКІНДІГІН ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫН ТАЛДАУ
Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қаржы қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдер бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы қаражаттарының қозғалысын немесе кар ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған: </h4>
- кірістер;
- шығындар (немесе «төлемдер»);
- олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);
-
нақты бар болуы («өспелі
Егер болашақта 4-көрсеткіш («еспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықтың бірінші белгісі, ол - соңғы көрсеткіштің теріс болуы.
Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» тусу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәти-жесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып кедеді.