Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 14:41, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Бүгінгі кезеңде республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі болып жатқан нәтижелі өзгерістер, оның өсіп-өркендеуі, өркениетті елдер қатарынан орын алуы білім беру саласына да жаңа леп әкеліп жатыр.Осыған байланысты орта мектептің білім беру саясатында жас ұрпақты жаңа көзқараста оқыту мен тәрбиелеуіне көп көңіл бөлінеді. Осының бәрі ауылдық мектептеріне, соның ішінде шағын жинақталған (комплектілі) мектептеріне де байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында шағын жинақталған мектептер туралы былай айтылған: «шағын жинақталған мектеп сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысанасы бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».[1]
Кіріспе.......................................................................................................................2
1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық аспектілері).............................................................................5
2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері..........................................................................10
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері............................................................16
4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлері............................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Тәрбие мен құндылықтардың тұлға дамуына ықпалын қарастырар болсақ, М. Жағыпарованың «...Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады...» [44] деп атап өткендей, оқыту процесінде негізгі үш міндет: білім беру, тәрбиелеу, дамыту орындалады.
Білім беру міндетінде қарым-қатынас оқытушының оқушылармен шынайы психологиялық қарым-қатынасын, олардың қажетті мотивациясын қалыптастыруды, ұжымдық-танымдық ізденіс пен ортақ ойлауды психологиялық жағдай туғызуды қамтамасыз етеді.
Тәрбиелеу – қарым-қатынас міндетінің көмегімен тәрбиелеушілік және педагогикалық қатынасты және бала мен педагогтың арасындағы психологиялық байланысты орнату, тұлғаның танымдық бағыттылығы оқушы ұжымымен жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыру. Әрине, мұның бәріне оқу әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы әсер етеді.
Дамытушылық міндетінде қарым-қатынас арқылы психологиялық мәселелерді шешу, өз бетінше оқу мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері қарастырады. Осы қасиеттерді дамытуда, шағын жинақталған мектептердегі оқытушылар келесі мүмкіндіктер:
-қарым-қатынас процесінде
- тәрбиеленушінің индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік берді;
- тұлғаның негізгі
Ауылдық-селолық, шалғайдағы жерлерде балаларға музыкалық тәрбие беру ісі оңайға түспейді. Өәткені арнаулы білімі бар музыка, мамандар жоқтың қасы. Кең сахнасы, рояль мен пианиносы, баян мен аккордеоны, үрмелі аспаптары жоқ шалғайдағы елді мекендер бізде әлі де жетерлік. [46]
А.Қ. Жұбанов тәрбие, шалғайдағы мектептер жайлы, оның ішінде эстетикалық тәрбие туралы көптеген ой-тұжырымдар жазған, солардың бірі: «... Біздің Көркем әдебиет, педагогикалық баспаларымыз қазақтың халық әндерінің, композиторлардың ән, хор, фортепиано, скрипкаға арналған шығармалар жинақтарын жарыққа шығарды, баянда ойнап үйрену жинағын басып шығарады. Өнерпаздар үшін, мектептерде музыка сабағын жүргізетіндер үшін бұл үлкен көмек деуге болады. Бірақ, бір айта кететін нәрсе – осылардың көбі ауылды, ауданды жерлерге жетпейтін көрінеді...». [47] Сағаттардың жетіспеуінен көптеген шағын жинақталған мектептерде музыка сабағынан беретін мұғалімге мүлдем өзге пән мұғалімін жүктеп қояды. Ән сабағының дұрыс жүріп отыратынын бақылап отыратын орындардың өзі осындай зорлыққа барғансын артық әңгімені де айтып керегі жоқ секілді. Музыкалық тәрбие беру эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі.
Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық , этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып, олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Өскелең ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде ,бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы –музыкалық өнер .Соның ішіндегі бастауыш мектеп оқушыларының бастапқы музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оны басқару музыкалық –педагогикалық ғылымның өзекті мәселесі.Жалпы музыкалық білім беру, музыка өнері арқылы мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын ғылыми-педагогикаық тұрғыдан негіздеп, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету қажет.[48]
Эстетикалық тәрбиенің маңызды бөлігі – музыкалық тәрбие болып табылады. Ал музыкалық тәрбие балалардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін мақсатты бағыттап, жүйелі түрде дамыту және музыкаға эмоциональды қарым-қатынасын, оның мазмұнын терең толғаныспен түсіне білуге тәрбиелеу екенін ескерсек, оның бастауыш сынып оқушылары үшін маңыздылығы арта түседі. Өйткені музыкалық тәрбиенің балаларға тікелей және кешенді түрде әсер ете отырып, олардың рухани жан дүниесін байытуда, адамгершілік өркениетін қалыптастыруда, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтуге ролі зор. Музыкалық тәрбие жүргізу мүмкіндіктеріне адам жанына кешенді әсер ету барысында оқушылардың музыкалық-эстетикалық қызығушылығын, қабілеттерін, эстетикалық қарым-қатынастарының қалыптасуына септігін тигізеді. Сондай-ақ музыка адам жанын эмоциональды толғандырып, ойлау, есте сақтау, қиялдау, зейін қою, ерік күші сияқты психологиялық қасиеттерінің дамуына, тіпті дене тәрбиесінің жетілуіне де музыкалық тәрбие мен музыкалық іс-әрекеттер жан-жақты әсерін тигізеді. Оқушылардың өнерге құштарлығы мен қабілетін дамытуда эстетикалық тәрбиенің жүйелі жолға қойылып, дұрыс ұйымдастырылуының маңызы айрықша.
Эстетикалық тәрбие өнер құралдарымен (музыкада – дыбыс, суретте – бояу, әдебиетте – сөз) жасалған көкем бейне арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қабілетін дамытуға жағдай жасайды.
Музыканың әсер етушілік қабілеті музыкалық, шығарманың жазылу сапасына, қоршаған әлеуметтік жағдайға, оқушының психофизиологиялық ерекшелігіне байланысты.
1. Музыкалық шығарманың жазылу сапасы – оның қабылдауға қолайлы әрі түсінікті болып келуімен өлшенеді.
2. Әлеуметтік жағдай – оқушының
қоршаған ортадағы қарым-
Ахмет Жқбанов: Осы кездегі әрбір қалалардағы, колхоздардағы, өндірістердегі ашылып жатқан халық университетері, халықтық театрлар, музыка, сүгірет мектептері және басқа шаралар игілікті бастамалар. Ал осылармен қатар, орта, жоғары мектептердегі көркемөнер үйірмелеріне көп көңіл бөлмей болмайды, [50] - дей келе қазіргі ауылдық жерлерде көптеген клубтар, мәдениет үйлері салынып, жұмыс жасап жатқанымен, музыкалық тәрбиелік мәні бар шаралар аз орындалып отыр. Ол үшін талмай еңбек етіп, жағдай жасалынуы қажет. Мектеп балаларымен, оқушылардың ата-аналарымен, мұғалімдердің қатысуымен көптеген ансамбльдер, театрлар, ауыл өмірімен байланысты етіп қызғылықты, оқушының ой-өрісін дамытып, музыкалық тәрбие беретін кружоктар ашып, мәдениетпен сабақтастырып өркендету керек. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбиені дұрыс бағытта алып жүруші, мектеп айнасы ол – мұғалім. Тәрбие беруді ұйымдастыруы, фантазиясының кеңдігі, құзіреттілігінің биік деңгейдегі болуы мұғалім міндетіне жатады. Мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие беру үшін қарым-қатынас жасауға қажетті мұғалімнің бойындағы мәдени қасиеттері болуы шарт. Білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына вңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыруы керек. Мұғалімге: музыка пәніне бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын таңдай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншілік, т.б. қасиеттер аса қажетті. Шалғайдағы мектептерде білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Мәдениеттің прагматикалық және руханилық бөліктерінің арасында органикалық байланыс бар. Ал, еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.
Мұғалімнің шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жүргізу мүмкіндіктерін дамыту сапалары қарым-қатынас, яғни оқытушы мен оқушы арасындағы байланыста жүріп отырады. Осы тұста, Б.Б. Айсмонтастың қарым-қатынасқа қажетті мұғалімнің мәдени, оқу-тәрбие ісіндегі сапаларын:
қарым-қатынас жасай білу сапасы;
жағдайдағы қарым-қатынасты
тұлғасын, дауыс ырғағын сезімін, ойлау әрекетін басқар білу сапасы;
сапасы;
лексикалық қор, дұрыс әдіс-тәсілді таңдау сапасы;
қабілеттілік сапалары деп көрсетуге болады. [51]
Көрнекті психолог Б.М. Теплов: Музыка жаңа фактілер мен идеялық білім бере алмайды, бірақ игерілген білімді эмоциялық жағынан толықтырып, оны жоғары деңгейде тереңдетіп, сапасын көтереді, - дей келе, музыканың адамның көңіл-күйіне қатысты орнын анықтаған. Сонымен қатар белгілі ғалым-зерттеушілер, А.В. Затаевичтің «қазақ халқы .... әлемдегі ең бай халық болып есептелуі тиіс, оның әндерінің мазмұны мен ой тереңдігі, әуен әсемдігі, сымбатты түр сипаты халықтың үлкен интеллектуальды дарындылығын байқатады» десе, Б.В. Асафьевтің: «Қазақтардың әндері өзінің эмоциялық сезімталдығымен, сезімнің тазалығын, айқындығымен және көркем шынайылығымен баурап алады.... Оларда қазақ халқының өмірі, өмір мектепбі де, бастан кешкен жәнебастан кешіп отырған философиялық ой-тұжырымдары да аса нәзік лирикалық тебіреністерді де өмір құндылықтарын шаттана орнықтыру да бейнеленген. Бұл әуенде көптеген ұрпақтардың парасаты мен ойлары, сезімдерінің дүниетанымдары естіледі» - деп нақтылай түседі. Осы айтылған фактілер мен ой-тұжырымдарға сүйене келе, музыкалық тәрбиенің балалардың мәдениетті де, көркем мінезді болып өсіп-қалыптасуына ықпалы шексіз. Сондықтан музыкалық тәрбие шағын жинақталған мектептердегі мүмкіндіктерінің дамуына көптеп септігін тигізеді. Музыканың құдіреттілігі күшті және тәрбиелік мәні зор. Мектептің кілті ұстаз болғандықтан, көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: Сабақ жас өспірімдердің интеллектуальды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына аналады, - дегендей шағын жинақталған мектептерде музыка мұғалімінің музыкалық тәрбие беруде ықпалы зор.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, қоғамға, еңбекке, өмірге тәрбиелейді.
4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлері
Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жүргізу түрлерінің маңызды бөлігі сыныптан тыс мезгілде тәрбие беру. Жастарға музыкаылық-эстетикалық тәрбие беруде музыка сабағымен қатар сабақтан тыс мезгілдегі оқушылар сарайының жанындағы көркемөнер үйірмелері, мектеп жанындағы оқушылардың хоры, оркестрі, музыка сауатын үйрететін үйірме, жеке музыкалы аспаптарды ойнауды үйрететін пианино, домбыра, қобыз, баян, аккордеон, саз сырнай, шаң қобыз, т.б. үйрететін үйірмелердің маңызы өте үлкен. [52]
Мектептегi музыкалық тәрбие аптасына бiр сабақтың шеңберлерімен шектеліп қалмауы керек.Сыныптан тыс музыкалық жұмыс музыка сабағына жақсы қосымша болып табылады.Ол күн ұзағына мұқият жоспарланып, топтарды жұмысымен тығыз байлануы керек. Мектеп оқушылары өздері қызығатын ісімен сыныптан тыс уақыттағы жұмыспен айналысуы арқылы өз мүмкіншілігін ашады. Мұғалiм, қызығушылық танытқан оқушылармен жұмыс жасай келе, музыкаға көзқарасын дұрыс бағытқа қойып,белсендiлiкжәне шығармашылық дербестiгін қалыптастыруға мүдделi.
Музыка бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда келесі ережелер беріледі: сыныптан тыс музыкалық жұмыстардың барлық түрлерi мектеп оқушыларының адамгершiлiк-эстетикалық тәрбиесiне, олардың музыкалық талғамы және мүдделерінің қалыптасуы керек; ауқымды түрлi әдiстерді кең қолдану барысында қызығушылығын оятып, көркем елестетудi дамытады, мектеп оқушыларының музыкалық, шығармашылық қабiлеттiлiктерiн арттыруға мүмкiндiк туғызады; оқушылардың бойында ағартушылық жұмысқа талпынысты тәрбиелеп, музыкалық мәдениеттi насихаттау керек.
Музыкалық тәрбие бойыншакөптеген жұмыстың жетiстiгi балалар қаншалықты музыкалық қызметтiң әр түрлi түрлерiн меңгергендігінде және оны қаншалықты қажетсiнетінінде. Оқушылардың қалыптасу дағдысында қызығушылығы мен талғамдарына жанұясы, бұқаралық ақпарат құралдары, құрдастары әсер етеді және осыны жадымыздан шығармаған абзал.
Музыкалық үйірмелер. Хор үйірмесінде оқушыларды жас шамалары бойынша бiрлестiредi: кiшi мектеп оқушылары(I—IV сыныптар) және жас өспiрiмдер(V— VIII сыныптар). V—VI және VII—VIII сыныптардың оқушыларынан құрылған екі жасөспірімдер хорынан тұратын үйірмелер де болуы мүмкін.Әдетте, музыка мұғалімінің пікірінше шағын жинақталған мектептерде ән салумен ойдағыдай шұғылдана алатын балаларды тартуға тырысады, бірақ ән айтуға тілек білдіргендерге де қарсы болмайды. Өйткені, тәжірибелерде көрсетілгендей, әрбір дені сау баланың музыкалық қабілетін дамытуға, сонымен бірге ән салатын дауыс қалыптастыруға, балалардың табандылығы және ұмтылысы арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады.
Информация о работе Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі