Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 16:06, доклад
Цирроз гепатит сияқты басталады, адам әлсізденіп, тамаққа тәбеті жойылады, асқазаны бұзылады, оң жақ қабырғаның асты ауырады.Ауру қатты асқынған кезде адам күннен-күнге жүдей береді. Қан аралас құсық пайда болады. Ауыр жағдайларда табан ісінеді, іші сұйыққа толып сыртқа кернеп кетеді. Көз бен тері сарғаяды.
Ақпарат: Жақында ел Үкіметі гепатит бойынша республика аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «В» және «С» вирустық гепатитіне шалдыққандарды емдеуді бюджет есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Соған сәйкес, дертті жұқтырған медицина қызметкерлері, балалар мен студенттер тегін емделетін болды. Диагностикалық зерттеу мөлшеріне сәйкес, емдеу ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп отырады. 2011 жылдан бастап халықаралық стандарттар бойынша ересектерді де заманауи дәрі-дәрмектермен емдеу қолға алынбақ.
«В» және «С» вирусты гепатит аурушаңдығы мен алдын алу шаралары туралы
Вирустық гепатиттер жалпы жұқпалы аурулар арасында алдыңғы қатардағы дерттің бірі және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері болып табылады.
Облыста 2010 жылғы 10 айдың
қорытындысы бойынша «В» және
«С» вирусты гепатит
«В» және «С» вирусты гепатит аурушаңдығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелмеген.
Аурушаңдық көбінесе ине арқылы есірткі қабылдайтын және кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсетін адамдар арасында тіркеліп отыр.
«В» және «С» вирусты гепатитпен ауырған адамдардың күнделікті тұрмыста қолданатын заттары (жөке, орамал, сақал алғыш және тырнақ әдемілейтін заттар) арқылы да вирусты жұқтыру жоққа шығарылмайды.
«В» және «С» (парентеральды) вирусты гепатит - вирустық жұқпалы ауру, бауыр жасушаларын зақымдаумен сипатталады, жиі созылмалы бауыр циррозы мен обырдың дамуына әкеліп соқтырады.
«В» және «С» вирусты гепатиттердің ерекшелігінің бірі, олар адам ағзасында ұзақ уақыт сақталып, аурудың созылмалы түрінің дамуына әкеледі.
«В» және «С» вирусты гепатит вирустары адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышына (АҚТҚ) қарағанда, қоршаған ортада тұрақты болып келеді. Вирус жұққан адамның қан сары суы мен плазмасы бір немесе бірнеше аптадан бастап аурудың алғашқы клиникалық белгілері анықталғанға дейін қауіпті болып саналады және вирус ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Науқас пен вирус тасымалдаушы адам жұқпаның негізгі резервуары мен көзі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде вирус тасымалдаушы 350 млн-нан астам адам тіркелген.
Қан және оның препараттары, вирус жұқтырған адамның биологиялық сұйықтары жұқпаның таралу факторлары болып табылады.
«В» және «С» вирусты гепатит вирустарының биологиялық қасиеттерін және оның аса жұғымталдығын ескере отырып, аурудың алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажет:
медициналық мекемелерге
және косметологиялық қызметке
жүгінген кезде сақтау мерзімі
өтпеген, герметикалық
жеке бас гигиенасын сақтауға арналған заттарды жеке пайдаланып, оның талаптарын қатаң сақтауға;
кездейсоқ жыныстық қатынастардан сақ болуға;
жыныстық қатынасқа түскен кезде контрацептивтік заттарды пайдалануға;
нашақорлар арасында инелер мен шприцтерді жеке пайдалануға;
Бүгінгі таңда облыстың емдеу алдын алу ұйымдарында түрлі медициналық қызмет көрсетуге және қан құюға жағдай жасалып, ауруды жұқтыру қауіпін төмендетуге шаралар қолданылған.
Облыс аумағында қан құю және медициналық көмек алу кезінде «В» және «С» гепатиттерінің вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.
«В» вирусты гепатит аурушаңдығынан халықты сақтаудың ең тиімді әдісінің бірі, ол екпе егу болып табылады. Ұлттық екпе егу күнтізбесіне сәйкес, «В» вирусты гепатитке қарсы ең алғашқы екпені перзентханада жаңа туған нәрестелерге 1- 4 күндері егеді. 2 және 4 айлық сәбилерге қайталап екпе егу жасалады.
«С» вирусты гепатиттің арнайы алдын алу шаралары жоқ.
Вирусты гепатит аурушаңдығына күдіктілер анықталғанда диагностика жасап, дер кезінде ем қабылдау үшін міндетті түрде дәрігерге шағымдану қажет.
Дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгінбеудің және диагностика жасауды кешіктірудің салдарынан Сіздердің туған-туысқандарыңызға ауруды жұқтыру қауіпінің жоғарлайтынын естен шығармау керек!
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керектігін есте сақтап, берілген ұсыныстарды орындау қажет және салауатты өмір салтын ұстанған жөн!